- •Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы
- •Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
- •Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
- •Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары
- •Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.
- •Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары
- •Сабақ№14.Қр мен Пәкістан қарым-қатынастары
- •Сабақ№15. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар
- •Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
- •Сабақ №17. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
- •Сабақ№18. Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
- •Сабақ №20. Қытай-қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы
- •Сабақ№21. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастары
- •Сабақ№22. Қазақстанның Беларусиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №23. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
- •Сабақ №24. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- •Сабақ№25. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси ынтымақтастығы.
- •Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары
- •Сабақ №27.Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы саяси қатынастар.
- •Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
Жиырма жылдық достықтың көпірлері.
Мемлекеттік егемендіктің маңызды элементтерінің бірі мемлекеттің сыртқы саясаты екендігі мәлім. Қазақстан сыртқы саясатының еуропалық бағытын атағанда, оның екі деңгейдегі саясаты сөз болады, атап айтсақ, бірі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен, екіншісі, еуропалық мемлекеттермен екі жақты негіздегі қарым-қатынасы.
Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және бірегей орынға ие. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында болған мемлекет-жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі. Әрі ракета-ядролық әлеуетке ие және батыс еуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы.
Сонымен қатар Франция-Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық серіктесі және Қазақстан экономикасының ірі инвесторы.
Әрі бұл ел-Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бірі. Франциясыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. Өз жағынан Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі.
Қазақстан-Франция қарым-қатынасының тарихы 1992 жылдан басталды. 1992 жылдың 7 қаңтарында Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады. Ал 1992 жылдың 25 қаңтарында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстан-Франция қарым-қатынасының негізгі принциптері 1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың Францияға сапары барысында қол қойылған «Қазақстан мен Францияның достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімі» мазмұнында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы саяси, экономикалық, мәдени салаларда белсенді ынтымақтастық орнатқан.
1993 жылдан бастап Қазақстан мен Франция арасындағы парламентаралық байланыстар белсенді дамуда. Оның дәлелі-«Франция -Орталық Азия» достық тобының құрылуы.
Бүгінгі таңда Француз Республикасы Орталық Азияның аймақтық локомотиві және халықаралық аренадағы перспективті серіктес ретінде Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда және жаңа ұстанымдар қалыптастыруда. Қазір Қазақстан нарығында мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетикалық, транспорттық салаларда және қызмет көрсету саласында 40-тан астам француз компаниялары жұмыс істейді. Қазақстан үшін Франция -маңыздылығы жөнінен бесінші сауда серіктесі.
Франция мемлекеті Қазақстан Республикасымен жан-жақты қарым-қатынасты ұстауға , дамытуға мүдделі.
Қазақтанда болып жатқан өзгерістер туралы хабардар, қызығушылық танытып, қолдау білдіреді
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақстан экономикасының ірі инвесторы?
2.1993 жылдан бастап Қазақстан мен Франция арасындағы қандай байланыстар белсенді дамуда?
3.Парламентаралық байланыстардың дәлелі ретінде қандай достық тобын құрды?
4.Қай жылы Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады?
5.Қазіргі таңда Қазақстанда қандай француз компаниялары жұмыс істейді?
Сөздікке назар аударыңыз.
1.ерекше-особо,особый
2.тұрақты-постоянный, выдержанный,стойкий,необратимый
3.ұстанымы-позиция
4.нығайту-укрепить
5.мүдделі-запросы,намерения
6.белсенді-активно,усердно
7.серіктес-партнер
8.мойындады-признавать
9.-зара түсіністік-взаимопонимание между собой
10.қауымдастық-общество, народ, масса
11.дәлел-доказательство
12.ұстаным-позиция, принцип
