Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MO-Prof_kaz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.13 Кб
Скачать

Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары

Иран – ерте тарихпен және ұлы мәдениетпен ел. Үш мың жыл өте тағы маңызды өркениет орталықтарының бірі болып есептеледі. Ол ғылымның дамуына және адамзат мәдениеттеріне үлкен үлес қосты. Иранның көне мәдениеттің көптеген іздері жазбаша негізінде және сәулеттің біртумасын мен қолөнердің шығармаларында сақталған.

Қазақстан мен Иран арасында достық қатынастар белгіленген.

Екі елдің арасында терең тарихи тамырлары бар. Мәдени салада өте жақын қатынастар дамиды. Сана саласында адамның өмір өнімдері мәдениетке қатысады. Олар: жазу, ауыз шығармашылығы және әдебиет, ғылым және өнер, дін.

Екі елдің мәдениеті өте ұқсас; ішкі рухани дүниелері өте жақын. Мысалы: көктемнің басталуымен, көнеден келе жатқан наурыз мейрамы. Наурыз – өмірдің, татулық пен достастықтың жаршысы. Наурыз мерекесін Қазақстан да, Иран мемлекеті де ұлықтайды. Бұл халықтар арасындағы қарым–қатынастардың тарихы терең екендігін көрсетеді.

Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.

Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.

өркениет – цивилизация

сәулет–архитектура

қолөнер–рукоделие

рухани–духовный

жаршы-вестник

сала-сфера, отрасль, область

дін-религия

үлес қосу-внести вклад

даму-развитие,развивать

Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Иран қандай ел?

2.Иран неге үлкен үлес қосты?

3.Иранның көне мәдениеті неде сақталған?

4.Екі елдің арасындағы байланыс қандай салаларда дамуда?

5.Екі елдің мәдениетінің ұқсастығы неде?

Тапсырма №4. Барыс септіктің сұрақтарын, жалғауларын еске түсіріңіздер. Мәтіннен Барыс септігінің жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар.

СӨЖ. Наурыз мейрамы туралы әңгімелеу.

СОӨЖ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жасаған ресми сапарында жиырма үш іскерлік келісімдерге қол қойды. Ол жобалардың жалпы құны –8млрд доллар. Олардың ішінде мұнай –газ және мұнай–химия өнеркәсібі, машина жасау, атом энергетикасы және уран іс –қимылы туралы уағдаластықтың маңызы зор. Кореяның компаниялары Каспийдегі жағалау инфрақұрылымдардың құрылысына қатысатын болды. Егер де аталмыш мәселелер жүзеге аса бастаса, Каспий теңізінің қазақстандақ бөлігінде мұнай өндіру жылына 130 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Сондай –ақ екі жақты келісімнің таза бір нәтижесі 2011 жылы Қазақстанды Корея Республикасының жылы өткендігі.

90 жылдардан бастау алатын корей халқының техника саласындағы жетістіктері қазір көптеген алдыңғы қатарлы елдердің қолданысына енген. Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінде бүгінгі таңда корей өндірісінен шыққан автокөліктер үлкен сұранысқа ие болып үлгерген. Сондай-ақ жаңа өзгерістер мен жаңаша дамудың жолына түскен Қазақстанның алыс-жақын әлем елдері мен кез келген салада достық, әріптестік, ынтымақтастық орнатқаны, бұл іскерлік байланыстардың халық игілігі үшін елеулі игіліктер әкелетіні сөзсіз.

Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.

Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.

іскерлік –деловой

келісім–соглашение,договор

өндіру–производить

жетістік–достижение

сұраныс–опрос

ынтымақтастық–сотрудничество

игілік–благо

Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Елбасы Н.Назарбаев неше келісімге қол қойды?

2.Ол жобалардың жалпы құны қанша?

3.Қол қойылған келісіидер қандай салаларда?

4.Екі жақты келісімнің нәтижесі

5.Қазақстанда бүгінгі таңда нелер үлкен сұранысқа ие?

Тапсырма №4. Сан есімнің түрлерін, жасалу жолдарын еске түсіріңіздер. Мәтіндегі сан есімдерге назар аударыңыздар.

СӨЖ. Мәтіннің мазмұнын айту.

СОӨЖ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]