- •Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы
- •Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
- •Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
- •Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары
- •Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.
- •Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары
- •Сабақ№14.Қр мен Пәкістан қарым-қатынастары
- •Сабақ№15. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар
- •Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
- •Сабақ №17. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
- •Сабақ№18. Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
- •Сабақ №20. Қытай-қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы
- •Сабақ№21. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастары
- •Сабақ№22. Қазақстанның Беларусиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №23. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
- •Сабақ №24. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- •Сабақ№25. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси ынтымақтастығы.
- •Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары
- •Сабақ №27.Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы саяси қатынастар.
- •Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы дипломатиялық қарым–қатынастары 1992 жылдың 23 қарашасынан бастап бекітілді. ҚР–ның елшілігі ӨР–да 1993 жылдың қарашасынан, ал ӨР–дің Елшілігі ҚР–да 1993 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді.
Екі мемлекет арасындағы қарым–қатынаста негізге алынатын принциптер Қазақстан Республикасы мен Өзбекістан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шартта белгіленген.
Құжатқа 1992 жылдың 24 маусымында қол қойылды. Шартта екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айырықша көңіл бөлінеді. Осы мақсаттарда Тараптар сауда–саттықта, бір–біріне анағұрлым қолайлы режим беруге, сондай–ақ барлық деңгейлерде өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамытуда көтермелеуге тікелей инвестицияларға арналған жағдайды жақсартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға міндеттеді.
Президент Н.А.Назарбаевтың 1994 жылғы 10–12 қаңтар аралығындағы Ташкентке сапар барысында қол қойылған, біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы шарт Қазақстан мен Өзбекістан аралығындағы жан–жақты, әсіресе экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жәрдемдесті. Осы келісімге сәйкес мыналар ұсынылады:
Капитал және жұмыс күшімен тауардың еркін айналымы үшін құқықтық қызмет көрсету экономикалық және ұжымдық жағдай құру
-Көлік және коммуникация салаларында саясатты келісіп жүргізу
-Тиімді бәсекелестік үшін жағдайлар тудыру: монополияға қарсы тетіктерді реттеу
-Осы мемлекеттердің нарығында өзара сауданың еркін бағасын қолдану, тауар өтімділігінің шектеуінің бір жақты әрекеттерін болдырмау.
Бұнда басқа осы шартта: несиелік есеп айырысу, салық, бюджет, баға,
кеден және валюта саясатын жүргізген кезде өзара іс–қимыл жасау туралы айтылады.
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
бекіту–утверждать
елшілік–посольства
құжат–документ
айырықша–особенное
айналым–оборот
тиімді–эффективный
нарық–рынок
салық–налог
кеден–таможня
саясат–политика
ұжымдық-коллективный
біртұтас-целостный
бекіту-утвердить
несие-кредит
Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы дипломатиялық
қарым-қатынастар қашан басталды?
2.Өзбекістан Республикасының Елшілігі ҚР-да қашаннан бастап жұмыс
істейді?
3.Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын принцип?
4.1992 жылдың 24 маусымында қандай құжатқа қол қойылды?
5.1994 жылдың 10-12 қаңтарында қандай құжатқа қол қойылды?
Тапсырма №4. Қос сөздердің түрлерін еске түсіріңіздер. Мәтіндегі қос сөздерге назар аударыңыздар.
СӨЖ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
СОӨЖ. Мәтінді әңгімелеу
Сабақ №8. Қазақстан–дүниежүзілік қауымдастықта.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді.
Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46–сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47–сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы бойынша БҰҰ–ның бітімгершілік күш–жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қаржы бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шакыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай–ақ БҰҰ–дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқаруда.
1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге ондай өзінің лайықты орнын таба білді.
Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік–саяси, экономикалық және қоғамның т.б салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР–ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым–қатынастарды үйлестіруді көздейді.
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
ұйым –организация
маңызды–важный
қор–фонд, запас
пайыз–процент
тарап–сторона
лайықты–достойное
жүйе–система
қауымдастық–сообщество
әлеуметтік–социальный
қауіпсіздік–безопасность
мүдде-интерес
өзекті-актуальный
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы немен
ерекшеленеді?
2.БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында мемлекет басшысы қандай
маңызды ұсынысты алға тартты?
3.Бірінші ұсыныстың маңызы
4.Екінші ұсыныстың маңызы
5.Қазақстанның БҰҰ жүйесіндегі басты бағыттардың бірі
СӨЖ. Мәтінді әңгімелеу
СОӨЖ. Сын есім туынды сын есімнің жұрнақтарын еске түсіру.
