
- •Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы
- •Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
- •Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
- •Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары
- •Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.
- •Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары
- •Сабақ№14.Қр мен Пәкістан қарым-қатынастары
- •Сабақ№15. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар
- •Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
- •Сабақ №17. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
- •Сабақ№18. Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
- •Сабақ №20. Қытай-қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы
- •Сабақ№21. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастары
- •Сабақ№22. Қазақстанның Беларусиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №23. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
- •Сабақ №24. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- •Сабақ№25. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси ынтымақтастығы.
- •Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары
- •Сабақ №27.Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы саяси қатынастар.
- •Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
Осы екі мемлекет арасындағы тағы бір байланысы ол-дін.
Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дәрбісәлі хазрет Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Құрбан Сейфи мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады. Елші Дінбасын мұсылман әлеміне танымал, көрнекті исламтанушы-шығыстанушы ғалым, дипломат, оның жауапкершілігі мол қызметті жемісті атқарып отырғандығын, өз елінде ҚР мүфтиін үлкен діни тұлға , белгілі де беделді дін қайраткері деп білетіндігін, өткен жұмалардың бірінде Астанадағы «Нұр-Астана» мешітінде Дінбасының уағызына тәнті болғанын, сол себепті Бас мүфтимен арнайы кездескісі келгенін, Иран елшісі ретінде өзінің бұған дейін Ресейде қызмет еткенін айтты.
Елші мырза өз сөзінде: «Қазіргі таңда Орталық Азияда Қазақстан мен Иран мемлекеттері, қандай тұрғыда болмасын, ерекше рөл атқарады. Иран Қазақстанның тату көршісі. Екі елде ежелден достық пен сыйластық, мәдениет пен ғылым байланыстырған. Болашақта да солай бола беретініне кәміл сенемін», - деді.
Өз тарапынан Бас мүфти Қазақстандағы жиырмадан астам ұлттың діні мен рухани тірегі болып табылатын Исламның бүгінгі даму қарқыны және сол жолда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарып жатқан ізгі істерін айта келіп, мұсылман дінінің біздің елімізде тиісті деңгейде дамуымен қоғамда тиісті орын алуына Елбасымыздың қолдау көрсетіп отырғанына ерекше тоқталып өтті.
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
Төтенше және өкілетті елшісі – чрезвычайный и уполномоченный посол
беделді – авторитетный
рухани – духовный
даму қарқыны – темп развития
уағыз – наставление, поучение
тұлға-личность
жауапкершілік-ответственность
деңгей-уровень
өтініш-просьба
тату-дружный
тірек-опора
беделді-авторитетный
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қазақстан мен Иранды жақындастыратын байланыс
2.Иран Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі
3.Астанадағы «Нұр-Астана» мешітінде кімдердің кездесуі болды?
4.Елші мырза өз сөзінде неге тоқталды?
5.Қазақстанда қанша ұлттың діні бар?
Тапсырма №4. Ілік септік пен тәуелдік жалғауының тіркесін еске түсіріңіз. Мәтіннен теріп жазыңыздар.
СӨЖ. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
СОӨЖ. «Қайда?» деген сұрақтың Барыс және жатыс септіктерінде қолданылуы.
Сабақ №6. Қазақстанның ШЫҰ – дағы рөлі.
Әлемдік қоғамдық пікір 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) белсенді жұмыс істей бастағанына назар аударуда.
Бұл-шынында да Азия елдері арасындағы сенім және іс–қимыл шараларынан кейінгі мақсаты айқын, мүмкіндігі мол жаңа халықаралық ұйым.
Ол БҰҰ–дан қолдау алып, халықаралық ұйым ретінде тіркеліп, мойындалған. Бұл ұйым әуел баста Қытаймен шекаралас ТМД–ның төрт мемлекеті және Қытай арасында шекарадағы сенім шаралары туралы келісімге келуден басталған. Кейін осы форматта бірлесіп, лаңкестікке қарсы күрес ұйымдастыра алатын, сондай–ақ экономикалық қарым–қатынасты дамытуға ықпал ететін ұйымның қажеттілігі туындады. Әуелгі бес мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстанға енді. Өзбекстан қосылуға қызығушылық білдіріп, ШЫҰ– ға құрылтайшылары алты мемлекет болды. Қазір ШЫҰ жұмысында Азиядағы басқа мемлекеттер де зейін қойып, қызығушылық білдіре бастады. ШЫҰ– ға кіретін мемлекет басшыларының Қазақстанда өткен саммитіне Үндістан, Монғолия, Пәкістан, Түркия, Грузия мемлекеттері бақылаушы статусымен қатынасты. Яғни, болашақта бұл халықаралық ұйымның да жұмысы жандана түспек. Қазақстан осы Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі ұйытқысы, оның ұйымдастырылуына алғашқы болып ұсыныс берген мемлекет.
Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен қарым–қатынасы тек қана ылғи жеңістерден тұрады, халықаралық жағдайы да ешқандай проблемасыз деп біржақты банға бейімделу мақсатымыз жоқ. Сондай –ақ «біз керемет болдық, әлем бізді танып, мойындап болды, біз қайда барсақ та бізді қусырып күтіп отыр» деген жаңсақ пікірден де аулақпыз.
Біз шетелдерге өз еліміз туралы шынайы ақпарат берілу ісін де жаңа жолға қоюымыз керек. Ол да үлкен білгірлікпен ұйымдастырылуы тиіс. Шетелдерде әртүрлі қоғамдық орталар, саяси партиялар, БАҚ, жастар ұйымдарымен тығыз байланысты жұмыс жүргізіп Қазақстанның бейбітсүйгіш, ізгілікті бейнесін қалыптастыруға жұмыс жасауымыз қажет. Қорыта айтқанда – біздің мемлекетіміз дүниеде болып жатқан құбылыстарға сырттан бақылаушы болып, тағдыр не сыйлар екен деп қол қусырып отырған жоқ. Қазақстан әлемге өзінің ізгілікті, бейбіт ниеті, өркендеуге, дамуға әзірлігі, тиянақты бағыты, бағдарламасы бар, бәсекелестікке қабілетті ел екендігін дәлелдеп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі ретінде танылып, әлем елдерімен жіті қатынасын кеңейтіп отырған жаңа сипаттағы болашағы мол ірі мемлекет.
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
белсенді – активный
қажеттілік–необходимость
қызығушылық–интерес
құрылтайшы–учредитель
бейімделу–приспособиться
бәсеке–конкуренция
ақпарат–информация
білдіру-выражать
ірі-крупный
құбылыс-явление
бақылаушы-наблюдатель
қабілет-способность
Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Шанхай ынтымақтастық ұйымы қай жылы құрылды?
2.ШЫҰ-бұл қандай ұйым?
3.ШЫҰ-дың құрамына қандай мемлекеттер кіреді?
4.Қазір ШЫҰ жұмысына кімдер қызығушылық танытады?
5.ШЫҰ-ның ұйымдастырылуына алғашқы болып ұсыныс берген мемлекет?
Тапсырма №4. Қысқарған сөздер деп қандай сөздерді айтамыз. Мәтіннен қысқарған сөздерді теріп жазыңыздар.
СӨЖ. Қысқарған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
СОӨЖ. Мәтінді әңгімелеу.