- •Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы
- •Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
- •Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №5. Қазақстан мен Иранның мәдени, достық қатынасы өрби береді.
- •Сабақ №7. Қазақстан мен Өзбекістан арасындағы қарым-қатынастар.
- •Сабақ №9. Қазақстан – Иран мәдени қарым–қатынастары
- •Сабақ №10. Қазақстан мен Кореяның арасындағы 8млрд–тық жоба.
- •Сабақ №11. Қазақстанның Франциямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №12. Қазақстанның Беларуссиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №13. Қазақстан мен ресей қарым-қатынастары
- •Сабақ№14.Қр мен Пәкістан қарым-қатынастары
- •Сабақ№15. Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар
- •Мәдениет, білім және спорт салаларындағы ынтымақтастық
- •Сабақ №17. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас.
- •Сабақ№18. Қазақстан Республикасымен Жапония арасындағы қатынастар.
- •Сабақ №19. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар
- •Сабақ №20. Қытай-қазақстан: өткені, бүгіні мен болашағы
- •Сабақ№21. Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қарым-қатынастары
- •Сабақ№22. Қазақстанның Беларусиямен қарым-қатынасы
- •Сабақ №23. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас
- •Сабақ №24. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- •Сабақ№25. Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының саяси ынтымақтастығы.
- •Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары
- •Сабақ №27.Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы саяси қатынастар.
- •Сабақ №28. Қазақстанның Франциямен қарым – қатынасы
Сабақ№3. Украина халқының мәдениеті Қазақстанда.
Бүгінде Алматы облысында шамамен 30 мың украиналық тұрады, олардың 20 мыңы Алматы қаласында және 10 мыңы Алматы облысы аумағында орын тепкен. Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Ескелді ауданының Қарабұлақ және Іле ауданындағы Үтеген батыр кенттерінде қоғамдық негізінде украин мәдени орталығының филиалдары бар.
2004 жылы облыстық украин мәдени орталығы құрылды, оның міндеті украин халқының қоғамдық санасының, шығармашылық және рухани әлеуетінің дамуына, украина диаспорасының мәдениеті, дәстүрі мен салттарының жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау мен көмек көрсету және де Алматы облысында тұратын украиндықтардың әлеуметтік, рухани тағы басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Украин мәдени орталығында украин халқының бай мұрасы-тілі, әдебиеті және өнерін сақтау мен дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Украинаның тарихи күндері, көрнекті әдебиет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойлары, Украина тәуелсіздігінің Күні, Рождество, Пасха мерекелі түрде тойланады. Өнер қайраткерлерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіліп, украина тілін оқу сабақтары, көрмелер ұйымдастырылады. Алматы қаласындағы украин жексембілік мектебінде украин тілі мен әдебиетті оқытылады.
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
қоғамдық–общественный
орталық –центр
сана–сознание
шығармашылық–творчество
қанағаттандыру–удовлетворять
мерейтой–юбилей
ұйымдастыру–организовать
көрме–выставка
мұра-наследие
әлеует- потенциал
қажеттілік-необходимость
тойлау-праздновать
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қазір Алматы облысында қандай ұлт өкілдері тұрады?
2.Украина ұлт өкілдері тағы қай жерлерде қоныстанған?
3.Облыстық украина мәдени орталығы қай жылы ашылды?
4.Мәдени орталықтың міндеті
5.Қазақстан жерінде қандай мәдени іс-шаралар жүргізілуде?
6.Қандай мәдени іс шараларды атай аласыз?
СӨЖ. Мәтінді әңгімелеу
СОӨЖ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Сабақ№4. Қазақстан Республикасы мен Иран Республикасы арасындағы қатынастар.
Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 29 қаңтарда орнатылған болатын.
Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы (ИИР) Елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді.
2011 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанның ИИР–дағы Елшісі қызметін Б.Амреев атқарады.
Иранның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі 1992 жылы ашылды.
2010 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасындағы Иран Елшісі Горбан Сейфи болып тағайындалды.
Қазақстан және Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Конференциясы ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындайтын арнайы жұмыс тобының аясында өзара іс-қимыл жасайды.
Қазақстан және Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі өкіметаралық бірлескен комиссиясының (ӨБК) отырыстары тұрақты түрде өткізіледі.
Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.
Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.
елшілік-посольство
тағайындау-назначать
тағайындалу-назначаться
ынтымақтастық-сотудничество
құқықтық-правовой
мәртебе-статус
отырыс-заседание
аймақтық-региональный
ұйым-организация
бірлескен-совместный
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Қазақстан мен Иран арасында дипломатиялық қатынастар қашан орнатылды?
2.Иран Республикасының елшілігі қай жылдан басталды?
3.Қазақстанның ИИР-дағы Елшісі қызметін кім атқарды?
4.Қазақстан Республикасындағы Иран Елшісі болып кім тағайындалды?
5.Қазақстан және Иран ынтымақтастығы қандай салаларда дамуда?
СӨЖ. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республика арасындағы мәдени қарым-қатынас туралы материал дайындау.
СОӨЖ. Мәтіннен «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтау.
Әдебиет:
А.Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі» А, 2003 ж.
Қазақстан дипломатиясының дамуы. А, 2007ж
