Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MO-Prof_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.13 Кб
Скачать

Сабақ №26. Қазақстан мен Ұлыбританияның саяси-экономикалық қарым-қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 19 қаңтарда орнатылды және Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші 1996 жылы маусымда Қазақстанмен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси мәселелердің жоқтығымен және экономикалық факторлармен байланысты. Бұл орайда Қазақстан-Британ қатынастарының дамуына Президент Н.Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылы қазан айында жұмыс сапарының барысында белгілі болды. Сол кезде Еуропаның қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бритиш Газ", "Бритиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығымен маңызды байланыстар орнатылды. Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамып келе жатыр.

Президент Н.Назарбаевтың 1994 жылы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара қарым-қатынас тереңдетуде жаңа жолды ашты. Қазақстан Ұлыбританияның ынтымақтастыққа негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; әуе қатынасы туралы келісімдер; екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтақтауды болдырмау туралы конвенция.

Қазақстан Президентінің 2000 жылы қарашада Лондонға ресми сапары екі елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға болып саналды. Сапар барысында Королева II Елизавета Н.Ә. Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияны орнатуға, сондай-ақ ядролық қаруға тыйым салу ісіне жұмсалған еңбегі үшін Біріккен Корольдіктің жоғары марапатты Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттады. Сапар кезінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Британ кеңесі арасындағы Қазақстан-Британ университетті құру туралы меморандумға қол қойылды.

2000 жылы Астанада және Лондонда сауда-экономикалық байланыстарды үйлестіретін Кеңестің мәжілістері өткізілді.

Біздің мелекетіміз екіжақты ынтымақтастықты тек қана сауда-экономикалық саласында ғана емес, авиатасымалдау және аймақтық қаіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырып жүр. Президентіміз Ұлыбритания және т.б.дамыған елдермен жақсы қарымқатынаста болуын біздің мемлекетіміздің үрдіс дамуы үшін өте маңызды екенін көрсетіп тұр. Н.Ә. Назарбаев көпұлтты көпдінді елде ынтымақтастықтың үстемдігін тұрғыза біліп қана қоймай, мемлекетті жемісті бағытта ұстағаны айқын көрініс табады.

Сөздікке назар аударыңыздар.

Серіктестік-товарищество

Мүдделі-заинтересованный

Бағдар-направление

Сапар барысында-во время визита

Құжат-документ

Келісім-соглашение

Үстемдік-превосходство

Жетекші-ведущий

Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қатынастар қашан орнатылды?

2.Қазақстанда қандай белсене жұмыс істеп жатқан британ компаниялар бар?

3.Қазақстан Ұлыбританияның қандай ынтымақтастық құжаттарға қол қойылды?

4.Ұлыбританияда қазақстандық валютаның теңгенің алғашқы банкноттары қашан басылды?

5.Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға сапар барысының мақсаттары қандай?

6.Біздің мемлекет қай салада тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырып жүр?

7.Қай жылы серіктестік туралы келісім бекітті?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]