Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MO-Prof_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.13 Кб
Скачать

Сабақ№1. Украина мен Қазақстан Республикасының экономикалық ынтымақтастығы

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шеңберінде қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеру жөнінде бірескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін зерттеу туралы, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жобалық зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Украина Қазақстан аумағында жеке мұнай ресурстарын алуға, біздің елімізге диаметрі үлкен құбырларды жеткізуге мүдделі. Тараптар Украина аумағы арқылы еуропалық нарығына Қазақстан мұнайын кедергісіз тасымалдау, сондай-ақ оны украиндық мұнай өңдеу зауыттарында ұқсату туралы принципті уағдаластықтарға қол жеткізді. Босфор бұғазы арқылы танкерлер өтуінің кейбір қиындықтарына байланысты мұнай терминалдарын пайдалану ықтималдылығы күрт өсуі мүмкін.

Украина Қазақстанға жоғары сапасымен және салыстырмалы түрде төмен бағасымен ерекшеленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі бар (қант, өсімдік майы, жүгерінің сорттық тұқымдары). Қазақстан өз кезегінде Украинаға бидайдың қатты сорттарын жеткізуге дайын екенін білдірді. Біздің елімізде украиндық «Лан» комбайдарын шығару қолға алынды. Көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықтың да болашағы зор. Мұнай өнімдерін тасымалдау үшін лизинг шартымен Украинаның теміржол цистерналары мен теңіз танкерлерін пайдалану туралы келіссөздер жүргізілуде. Екі елдің үкіметтері бірқатар басқа да жобаларды қарауы керек, олардың ішінде мыналар бар:

-Қазақстанның сауда және жолаушылар флотын дамытуға Украина флотының қатысуы;

-Екі ел арасындағы теміржол және авиация қатынастарын дамыту;

-Екі елдің жүктерді өзара тиімділікпен тасымалдау;

-Украинаның Қара және Азов теңіздеріндегі айлақтарын тиімді пайдалану. Киев Азия нарығына шығу үшін Қазақстанның көлік жүйесін пайдалануға ниет білдірді.

Украина мен Қазақстан металлургия және машина жасау саласында

әріптестер бола алады. Ол үшін осы салаларда ынтымақтастықтың жаңа ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасау қажет.

Мұндай құжат Қазақстан экономикасын шикізат бағытынан түпкі өңдетуге және шығаруға қайта бейімдеу процессінде пайдалы екені сөзсіз.

Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.

Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.

Бірлескен-совместный

Кәсіпорын-предприятие

Зерттеу-исследование

Сапа-качество

Жоба-проект

Тасымалдау-перевозка

Әріптес-коллега

Бағдарлама-программа

Шикізат-сырье

Өнім-продукция

Өңдеу-обработка,обрабатывать

Сөзсіз-безусловно

Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қай саладағы ынтымақтастықтың болашағы зор?

2.Украина қандай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді?

3. Мұнай өнімдерін тасымалдау үшін нелер жүргізілді?

4.Киев Азия нарығына шығу үшін Қазақстанның несін пайдалануға ниет білдірді?

5.Украина мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін не істеу керек?

СӨЖ. Мәтінді әңгімелеу

СОӨЖ. Украина мен Қазақстан Республикасының арасындағы мәдени қарым-қатынастар.

Сабақ№2. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.

Қазақстан Европа мен Азия жерінде болып, оның дербес болуы Еуразия құрылғының геосаяси жағдайының өзгеруінің туындатты.

Егемен Қазақстанның сыртқы стратегиялық бағыты Қытай мен қандай қатынас орнату жөніндегі көзқарасы Қытай үшін өте маңызды болып есептеледі. Сонымен бірге Қытайдың да істерге болған көзқарасы Қазақстан үшін де маңызды. Қытай мен Қазақстан қатынасы екі жақ үшін ғана маңызды болып қалмай, осы аймақтағы тіпті бүкіл әлем қауымдастығына да тигізетін әсері өте зор болып отыр.

Қытай мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстар тарихы сонау көне замандар қойнауынан бастау алатыны мәлім. Тағдыр екі елдің халықтарының маңдайына қатарласа өмір сүріп, көршілік байланыста болуды жазған.

Қытай мен Қазақстан мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан кейінгі, он жылдан астам уақыттан бері дамып келе жатқан ынтымақтастық байланыстардың орасан зор және ұзақ мерзімдік маңызын айқындап беруде.

Қытай мен Қазақстан арасында бірқатар үкіметтік маңызды құжаттарға «Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы Келісімге», «Терроризммен күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге», «қауіпті әскери қимылдарын алдын алу туралы келісімге» қол қойылды. Қазіргі кезде Қытай мен Қазақстан арасында өкіметтік мекемелер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғалымдар арасындағы әртүрлі деңгейдегі тәжірибе алмасулар мен ынтымақтасу мен шаралары жалғасуда.

Қытай-Қазақстан екі халқының ұзақ тарихи достық қатынасы бар. Әлемге әйгілі «Жібек жолы» екі ел халқының қоян-қолтық қатынасын жалғап келді. Реформа жүргізіп экономиканы дамыту- Қытайдың қазіргі алға қойып отырған басты міндеті. Бұл міндетті орындау үшін бейбіт, тұрақты халықаралық орта қажет. Сол үшін Қазақстан мен бейбіт тепе-тең тұру бес принциптің негізінде қарым-қатынас дамыту Қытай сыртқы саясатының басты бір құралы. Қытай Қазақстанмен қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, оны сыртқы қатынастарындағы ең басты орынның біріне қойып отыр.

Тапсырма №1. Мәтінді оқып, танысыңыздар.

Тапсырма №2. Сөздікке назар аударыңыздар.

Дербес –отдельный, персональный

Бағыт-направление

Көзқарас-взгляд

Тәжірибе-опыт

Тату-дружный

Шара-мера

Байланыс-связь

Мерзім-срок

Маңызды-важный

Құжат-документ

Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақстан Еуропа мен Азия жерінде дербес болуы нені туындатты?

2.Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстар неден басталады?

3.Қытай мен Қазақстан арасында қандай құжаттарға қол қойылды?

4.Қазір Қазақстан мен Қытай арасында қандай шаралар өтуде?

5.Қытайдың қазіргі алға қойып отырған басты міндеті қандай?

6.Қытай мен Қазақстанды жақындастыратын не?

СӨЖ. Мәтінді әңгімелеу

СОӨЖ. «Астам», «үшін» шылауларының қолданылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]