Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Inzh_gr_rab_tetradKaz_2012-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

8 Көпжақтар, көпжақтардың қиылысуы, жайма

Тақырып бойынша есепті шешу үшін келесілерді

білу керек:

1 Көпжақтар деп нені айтамыз?

2 Көпжақтар бетін қандай геометриялық элементтер құрайды?

3 Көпжақ пен жазықтықтың айқасында қандай фигура пайда болады?

4 Жазықтықта орналасқан пирзма мен пирамида айқас фигурасын тұрғызуда «қыр тәсілі» және «жақ тәсілі» түсінігі;

5 Тік сызық пирамидасын немесе призма қиылысу нүктесін қалай тұрғызады (кіріс және шығыс нүктесі)?

6 Бет жаймасы деп нені айтады?

7 Призма жаймасының қандай түрлері бар?

8 Пирамида жаймасын қалай тұрғызады?

9 Жайманың метрикалық қасиеті;

10 Ортоганаль сызбамен салыстырғанда сызбадағы жаймалау қандай масштабта орындалады?

Істей білу керек:

11 Түзудің көпжақпен қиылысу нүктесін тұрғызу;

12 Көпжақтың жазықтықпен қимасы;

13 Көпжақтар қиылысуын тұрғызу;

14 Көпжақтар жаймасын тұрғызып, жаймада бетке тиісті нүктелерді табу;

15 Өздігінен қандай да бір бетте жайма тұрғызу және оның тәсілін таңдау.

Тапсырма 8.1 m және n түзулердің пирамидамен қиылысу нүктесін тұрғызыңыз. Барлық нүктелерді белгілеңіз.

Тапсырма 8.2 АВ түзуінің призмамен қиылысу нүктесін тұрғызыңыз.Көрінісін анықтаңыз.

Тапсырма 8.3 Берілген жазықтықтардың қиылысқан түзуін тұрғызыңыз. Көрінісін анықтаңыз. Келесі тапсырмада қолданылады.

Тапсырма 8.4 Пирамида мен призманың қиылысу түзуін тұрғызыңыз. Шешімді келесі тапсырмада қолданыңыз.

Тапсырма 8.5 8.4- тапсырмадан призма сызбасына қиылысу сызығын көшіру және оның толық жаймасын тұрғызыңыз. Көріністі түзетіңіз. Жайманы жеке парақта орындаңыз.

Тапсырма 8.6 8.4- тапсырмадан пирамида сызбасына қиылысу сызығын көшіріп, оның толық жаймасын тұрғызу керек. Көріністі түзету. Жайманы жеке парақта орындау керек.

9 Айналу беті. Бет анықтауышы, түрлендіру, жазықтықтағы сызық пен нүкте. Беттің жазықтық пен түзумен қиылысуы,беттердің өзара қиылысуы.

Тақырып бойынша есепті шешу үшін келесілерді

білу керек:

1 Бет жасалудың кинематикалық тәсілінің бар болуы;

2 Бет берілуінің тәсілі. Бет анықтауышы;

3 Бет очеркі дегеніміз не?

4 Бет классификациясы;

5 Айналу беті қалай жасалады?

6 Айналу бетінің меридианы мен параллелі деп нені айтамыз;

7 Бет нүктесі мен түзудің тиесілі шарты;

8 сызбада бет берілуінің толықтық критерийі;

9 түзудің бетпен қиылысу есебін шешу алгоритмі;

10 Түзудің әртүрлі геометриялық денелермен қиылысу нүктесінің көрінісін қалай анықтауға болады ;

11 жазықтықтың бетпен қиылысында тапсырманы шешудің жалпы алгоритмі;

12қосымша қиюшы жазықтықты рационал таңдау;

13 қандай қиылысу нүктелері тіреуші болады?

Екі беттің қиылысқан түзуін тұрғызуда жалпы тәсілдің мәні неде?

15Қандай беттер проекциялаушы қасиетімен ерекшеленеді және оның мәні неде?

16 Көмекші жазықтық тәсілін қолдану шарты

17 Центрлес сфера тәсілін қолдануда қиылысатын беттер қандай шартпен қамтуы тиіс?

18 Көмекші сфераның максимал және минимал радиусы қалай анықталады?

Істей білу керек:

19 Беттің кез келген берілу тәсілін сызбада тану;

20 Айналу бетінде беттің қаңқасы сызығын белгілеу және бет анықтауышын құру;

21 Айналу бетінің очеркін тұрғызу;

22 Айналу бетіне тиісті нүкте мен сызық проекциясын анықтау;

23Жалпы және дербес жағдай жазықтық бетіндегі қима проекциясын тұрғызу;

24 Берілген сызықты бекіту үшін тиімді рационал көмекші жазықтық таңдау;

25 Өзара қиылысу сызығын анықтау тәсілін анықтауды рационал түрде таңдау үшін берілген беттерді зерттеу

26. Тірек нүктелерін анықтау үшін көмекші жазықтықтарды дұрыс енгізу керек;

Тапсырма 9.1 Берілген осьтің фронталь проекциясы және жасалатын айналу беті бойынша оның фронталь және горизонталь проекциясын тұрғызуды аяқтау. Экватор, кез келген аралық параллель және кез келген меридиогональды қима проекциясын тұрғызу. Тұрғызылған сызбада айналу бет элементі атауын жазу.

Тапсырма 9.2 Бетке тиесілі көріну нүктелердің жетіспейтін проекцияларын тұрғызу. Нүктелерді белгілеу.

Тапсырма 9.3 АВ түзуінің конуспен қиылысу нүктесін тұрғызыңыз.

Тапсырма 9.4 АВ түзуінің көлбеу цилиндрмен қиылысу нүктесін тұрғызыңыз.

Тапсырма 9.5 Көлбеу цилиндрдің , , жазықтығымен қиылысу сызығын тұрғызыңыз. Алынған сызық түрінің атауын жазыңыз.

Тапсырма 9.6 Толық қима әдісімен конус қимасының проекциясын тұрғызыңыз. Сызбадағы 2'' нүктесі 1'' және 5'' аралығында орта.

Тапсырма 9.7 Шар қимасының проекциясын тұрғызыңыз. Қолданылған нүктелерді белгілеңіз.

Тапсырма 9.8 Беттердің қиылысу сызығын тұрғызыңыз. Қиюшы жазықтық әдісі.

Қосымша тапсырма:

а) конустың горизонталь жазықтықпен қиылысу сызығын тұрғызыңыз

б) Цилиндрдің горизонталь жазықтықпен қиылысу сызығы

Тапсырма 9.9 Конустардың қиылысу сызығын тұрғызу. Қиюшы сфера тәсілі

.

Қосымша тапсырма:

а) Біросьті конус пен сфераның қиылысу түзуінің проекциясын тұрғызыңыз.

а) Біросьті конус пен сфераның қиылысу түзуінің проекциясын тұрғызыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]