Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Inzh_gr_rab_tetradKaz_2012-2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

6 Өзара параллель және перпендикуляр түзулер мен жазықтықтар, екі жазықтық

Тақырып бойынша тапсырманы орындау үшін келесілерді

білу керек:

1 Тікбұрышты проекциялау теоремасы;

2 Тікбұрыштың берілген проекция жазықтығының нақты шамасына проекциялануы үшін қандай шарттар қажет;

3 Жазықтық ең үлкен көлбеуінің сызығы қалай аталады?

4 Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгілері;

5 Екі жазықтықтың параллельдік белгісі;

6 Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі.

7 Екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі.

8Тік перпендикуляр жазықтықты сызбада кескіндеу кезінде қандай шарттарды орындау қажет, перпендикуляр проекцияның орналасуы жазықтық деңгей сызықтарына қатысты.

Істей білу керек:

9 Берілуі әртүрлі болатын жазықтық горизонтальдары мен фронтальдарын тұрғыза білу;

10 Тікбұрыштың проекциясын тұрғызу;

11 Жазықтық ең үлкен көлбеуінің сызық проекциясын тұрғыза білу;

12Сызбада түзуді, түзуге параллель жазықтықты және басқа да жазықтық тұрғызу;

13 Жазықтыққа әртүрлі тәсілмен берілген перпендикуляр проекцияны тұрғызу;

14 Жалпы жағдайдағы түзуге перпендикуляр жазықтық тұрғызу;

15 Өзара перпендикуляр жазықтық тұрғызу.

Сұрақтар:

16 Жазықтықтың ең үлкен көлбеу сызығы осы жазықтықтың проекция жазықтығына қатысты көлбеу бұрышын анықтауда үлесі бар ма?

17 Деңгейлік түзуге перпендикуляр болатын жазықтық неліктен проекциялаушы болады, ал проекциялаушы түзуге перпендикуляр болатын жазықтық неліктен деңгейлік болады?

Тапсырма 6.1 Параллельдік белгісі бойынша төмендегі берілгендер параллель бола ма? а) түзу және жазықтық, б)екі жазықтық

а)

б)

Тапсырма 6.2 K нүктесі арқылы MN түзуіне параллель және АВС үшбұрышқа перпендикуляр болатын жазықтық жүргізіңіз.

Т апсырма 6.3 A нүктесінен жазықтығына дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

Тапсырма 6.4 а) a(DАВС) жазықтығында горизонталь және фронталь проекция жүргізіңіз; б) DL түзуінің a(DАВС) жазықтықпен қиылысу нүктесін тұрғызыңыз; в) DK кесінді ұзындығын тікбұрышты үшбұрыш әдісімен анықтаңыз; г) D нүктесінен a(DАВС) жазықтыққа дейінгі қашықтықты анықтаңыз .

Тапсырма 6.5 биіктігі 40 мм ге тең болатын SABC пирамидасын тұрғызыңыз.

Тапсырма 6.6 Берілген жазықтыққа параллель және бастапқы берілгеннен 40 мм қашықта орналасқан жазықтық тұрғызыңыз.

7 Сызбаларды түрлендіру тәсілдері. Жазықтық проекциясын ауыстыру тәсілдері. Айналдыру тәсілі. Жазықпараллель жылжыту тәсілдері

Тақырып бойынша тапсырманы орындау үшін келеслерді

білу керек:

1.Түрлендіру тәсілі мен мақсаты;

2.Тәсілдердің артықшылығы неде: проекция жазықтығын алмастыру; проекциялаушы түзу аумағында айналу; жазықпараллельдік орын ауыстыру;

3. Тәсілдердің түрлену аппаратының элементі;

4. Әртүрлі әдіспен нүкте проекциясын тұрғызудың ережелері;

5. Айналу тәсілінің проекция жазықтығын ауыстыру тәсілінен ерекшелігі неде; айналу тәсілінің жазықпараллельдік айналу тәсілінен ерекшілігі;

Істей білу керек:

6 Геометриялық элементтер проекциясын әртүрлі түрлендіру тәсілімен тұрғыза білу.

Сұрақтар:

7 Екі проекция жазықтығын неліктен бір мезетте ауыстыруға болмайды;

8 1 проекция жазықтығына перпендикуляр болатын кесіндіні ось бойында айналдырса, оның горизонталь ұзындығы өзгере ме?

Тапсырма 7.1 Проекция жазықтығын алмастыру тәсілі. Нүктенің қосымша проекцияларын тұрғызыңыз.

Тапсырма 7.2 Проекция жазықтығын алмастыру тәсілімен үшбұрыштың нақты шамасын анықтаңыз.

а)

б)

Тапсырма 7.3 Ось бойында айналу тәсілімен В нүктесі арқылы өтетін АВ кесіндісінің нақты шамасын және оның проекция жазықтығына көлбеу бұрышын табыңыз. а) фронталь проекциялаушы; б) горизонталь проекциялаушы.

а)

б)

Тапсырма 7.4 Берілген үшбұрыш жазықтығының проекция жазықтығына қатысты көлбеу бұрышын сызбада белгілеу және жазықпараллельді жылжыту тәсілі көмегімен нақты шаманы табыңыз: а) 1проекция жазықтығына параллель; б) 2 проекция жазықтығына параллель.

а)

б)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]