
- •Инженерлік графика бойынша әдістемелік нұсқау (сызба геометрия бөлімі)
- •Мазмұны
- •1 Проекциялау тәсілі
- •2 Нүктенің ортогональ проекциялануы
- •3 Түзу сызықты проекциялау. Түзулердің өзара орналасуы.
- •3.1 Түзулердің өзара орналасуы
- •4 Жазықтық, түзу және нүкте. Жазық фигураларды тұрғызу
- •6 Өзара параллель және перпендикуляр түзулер мен жазықтықтар, екі жазықтық
- •7 Сызбаларды түрлендіру тәсілдері. Жазықтық проекциясын ауыстыру тәсілдері. Айналдыру тәсілі. Жазықпараллель жылжыту тәсілдері
- •8 Көпжақтар, көпжақтардың қиылысуы, жайма
- •10 Аксонометрия
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Федоров Андрей Кузьмич
Махметова Сая Аманжолқызы
Инженерлік графика бойынша әдістемелік нұсқау (сызба геометрия бөлімі)
5В0703-«Ақпараттық жүйелер», 5В0704 –«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының күндізгі бөлім студенттеріне арналған зертханалық жұмыстар жүргізудің типтік тапсырмалар жиынтығы
АСТАНА 2011
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми әдістемелік кеңесінде қаралып мақұлданды. Хаттама №___ « » _2011 ж.
|
«БЕКІТЕМІН» С.Сейффулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ӘК төрағасы _____________ Әбдіров А. М. «_____» ____________20__ ж
|
Әзірлеген: доцент А. К. Федоров, ассистент С.А. Махметова
Жұмыс дәптері «Инженерлік және компьютерлік графика, сызба геометрия бөлімі» жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған және 5В0703 «Ақпараттық жүйелер», 5В0704 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының күндізгі бөлім студенттеріне арналған.
Жұмыс дәптері: Негізгі курс бөлімі бойынша сызбаларды, тапсырмалар мен тапсырманың мәтіндік шартын, бақылау сұрақтарын қамтиды. Геометриялық тұрғызуларды өздігінен және оқытушы жетекшілігімен орындауы үшін арнайы орын қарастырылған.
Рецензент: ЕТжАЖ кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к Р.З. Сүлейменова
«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының отырысында қаралып, ұсынылды. Хаттама № « » 20__ ж.
«КЖжКББ» факультетінің әдістемелік комиссиясы отырысында қаралып, мақұлданды. Хаттама № «____» ____________20___ж.
Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
4 |
1 Проекциялау тәсілдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
5 |
2 Нүктенің ортогональ проекциялануы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
7 |
3 Түзулердің проекциялануы.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
12 |
3.1 Түзулердің өзара орналасуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
17 |
4 Жазықтыққа жататын жазық, түзу және нүкте. Жазық фигураларды тұрғызу.. . . . .. . . . . . . . . |
21 |
5 Орналасу есебі. Түзудің жазықтықпен қиылысуы. Екі жазықтықтың қиылысуы. |
25 |
6 Өзара параллель және перпендикуляр түзулер мен жазықтықтар, екі жазықтық. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
31 |
7 Сызбаларды түрлендіру тәсілдері. Проекция жазықтықтарын ауыстыру тәсілдері. Айналдыру тәсілі. Жазықпараллельдік жылжыту тәсілдері . . . |
35 |
8 Көпжақтар, көпжақтардың қиылысуы, жайма . . . . . . . . . . . . . . . |
39 |
9Айналу беті. Бет анықтауышы, түрлендіру, жазықтықтағы сызық пен нүкте. Беттің жазықтық пен түзумен қиылысуы, беттердің өзара қиылысуы . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . |
45 |
10 Аксонометрия. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
53 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . |
58 |
Кіріспе
Жұмыс дәптері оқу материалына сәйкес құрастырылған және пәннің жұмыс бағдарламасымен берілген практикум көлемін қамтиды. Аудиториялық тәжірибелік сабақтарды оқытушы жетекшілігімен және студенттің өздік жұмыстарын жүргізуге арналған.
Мұндай сабақтың негізі болып теориялық материалды бекітуге арналған графикалық есептерді шешу ғана емес, сонымен қатар теорияны тәжірибеде қолдана білу, студенттің ой өрісін жетілдіру, логикалық ойлау, кеңістіктік бейнелеуді дамыту және оларды жүйеге енгізу саналады. Нәтижесінде студенттің сызба геометрия және инженерлік графика бойынша өздігінен графикалық жұмысты орындауға дайындығы байқалады.
Оқу үрдісінің жоғары деңгейде болуы үшін, әрбір тәжірибелік сабаққа студент оқулықтағы дәрістік материалды қайталап, бақылау сұрақтарына жауап беруі тиіс. Студент теоремаларды, анықтамаларды және ережелерді білуі тиіс. Студенттер графикалық тапсырмалар шешімін осы жұмыс дәптерінің тәжірибелік сабақтарға арналған бөлігінде орындайды. Графикалық тұрғызуларды сызба құралдары қара немесе түрлі-түсті қарындашпен ұқыпты орындауы керек.
Геометриялық тұрғызулар жіңішке сызықтармен орындалады және сызба құралдарынсыз орындалған тұрғызулар қабылданбайды.
Сонымен қатар мынадай сызық типтері мен қалыңдықтар ұсынылады: көрінетін контур - қалыңдығы 0,6-0,8 мм, көрінбейтін контур – штрихтік қалыңдық 0,3-0,4 мм, тұрғызу сызығы мен байланыс сызығы – қалыңдығы 0,2 мм және кем. Проекция осі – қалыңдығы 0,2 мм. Қалыңдығы 0,2 мм тең немесе 0,2мм аспайтын ось пен центр сызығын пунктирлі штрихпен белгілеу.
Ізделетін сызық түрлі-түсті қарындашпен жүргізіледі.
Барлық әріптік және сандық мәндерді сызба қаріптермен орындау керек.