Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ.-16 БОЛМЫС. К.Ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.02 Кб
Скачать

2012-2013 ҚазБсқа Философия Жамалов к..

Казақ Басқару сәулет-құрылыс академиясы

Жалпы гуманитарлық дайындық факультеті

Активті үлестірмелі материал

«Философия » ЖГПФ барлық мамандықтарға

3 кредит 4 семестр

Лекция № 11 «Болмыс» 2012-13 оқу жылы

Ассоц. профессор Жамалов К.Ж.

Болмыс (онтология) проблемасы Болмыс категориясы

Болмыс категориясы философиялық категориялардың ішіндегі ең бастысы. Болмысты философияның саласы онтологияны (грекше ontos - мән, мәніс (сущее); logos - ілім деген сөздер) жан-жақты түрде зерттейді.

Болмыс ұғымының анықтамасы - дүниеде барлық нәрсенің өмір сүріп отырғанын және олардың ең маңызды қасиетін - бар болуды, нақты өмір сүруді білдіретін категория. Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория - «болмыс емес» немесе «болмау», «бейболмыс» ұғымдары.

Болмыс ұғымы руханилықты және материалдылықты қамтиды. Яғни болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты - мән деп атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, үдерістердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмысы деп таниды.

2. Философия тарихындағы болмыс мәселесі

Болмыс ұғымын алғаш рет философияға енгізген антикалық Элеаттар мектебінің өкілі Парменид (б.з.д. V-IV ғғ.) еді. Болмысты ол тұрақты, өзгермейтін және өзіне тең болмыс деп; қажеттілік, заңдылық, детерминация сияқты сипаттамалармен ерекшеленетін мәнділік ретінде түсіндіреді. Болмыстың түп-негізін негіздеудің мұңдай тәсілі хаосты (бейберекетсіздікті) себеп-салдарлық байланыс жағдайынан түсіндіруге мүмкіндік береді. Парменид әлемнің өзімен қатар, адамның да субстанциялық-заттық болмысын іздестірді.

Философия тарихында болмыс категориясы әртүрлі мазмұнға ие болды. Алдымен болмыс - мәңділіктің өзі ретінде (Парменид), болмысты, яғни дүниені шын мәнінде мәңгі үдеріс, жанып тұрған от деп қараған (Гераклит). Орта ғасыр философиясында - жоғары және абсолюттік негіз Құдай ретінде, неміс классикалық философиясында болмыс - трансцендентальдық негіз немесе тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде (И. Кант), ғылымның (логиканың) бастамасы ретінде, Абсолюттік Рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде қарастырылды (Г. Гегель). К. Маркс болмысты қоғамның экономикалық негізі ретінде немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде (материалистер сияқты) санап, Ф. Ницше оны билікке деген ерік ретінде қарастырды.

Болмысты әсіресе экзистенциализм философиялық мектебі жете қарастырды. Оның өкілдері әлемдегі адам болмысының негізін нигилизм құрайды деді. Ж.-П. Сартрдың айтуынша, өз болмысындағы адамның нақтылығы қасірет нақтылығына айналады, өйткені ойдың «рационалдануы» мен «этикалануы» адамды болмыстан алшақтатудың бастамасы болып табылады. М. Хайдеггер болмыс мәселесін философиялық рефлексия саласына қайтару тақырыбын талдаумен айналысты. Өз болмысының ешнәрсеге бағытталғанын терең сезініп, ойға батқанда, өзіңнің ақырыңды толық сезгеніңде, өлімге тура қараған сәтте ғана адам Болмыс туралы сұрақты айқын қоя алады деді. Хайдеггердің ойынша, болмыс мәселесі өлім табалдырығында тұрған, ешнәрсеге бағытталған өзінің шарасыздығын сезген адамға қатысты ғана маңызды. Бұл болмыс мәселесін сұрауды Хайдеггер терминологиялық тұрғыда «Осы арадағы болмыс» (Dasein) немесе «фундаментальдық онтология» деп белгілейді. Сондықтан адам болмысты қасиетті несібе ретінде қабылдап және аялай сақтауы тиіс. Демек, М. Хайдеггер мен Ж.-П. Сартр «нағыз болмыс» пен «жалған болмыстың» шекараларын айқындайды.

Болмыстың «жаңа» стратегиясын постмодернизм философиясы енгізді. Олар болмыс ретінде мәтіннің философиялық пайымдаудын, тұрақсыздықты, өзгермелілікті, ағымдылықты, әлем үлгілері өміріндегі эклектизмді мойындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]