Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
programma_GE_doc_doc_kaz13-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.06 Кб
Скачать

4.Бағалау рубрикалары Этап 1 « Жүрек-өкпелік реанимация»

Ситуациялық шарттары

60 жастағы ер кісі көшеде кенеттен есін жоғалтты. Қасында өтіп бара жатқан адамдар жедел медициналық көмек бригадасын шақырды. 4 мин кейін келген реанимация бригадасы науқастың ауыр жағдайда екенін анықтады, ес түссіз, ұйқы артериясында пульсі жоғалған және тынысы жоқ. Жүрек-өкпелік реанимациясын жүргізу керек.

Жабдықталуы: жүрек-өкпелік реанимациясын жүргізуге арналған муляж, Амбу қапшығы, дефибриллятор, электродтарға жағуға арналған гель, дәкелік орамал

Жүрек- өкпе реанимациясын жүргізу әрекетіңізді түсініктеме беру арқылы орындаңыз.

Тәжірибелік дағдыларды қадамдап орындау кезінде емтихан қабылдаушының балл қойып бағалау критериі

Бағалау критерииі

Толық жауап

Толық емес жауап

Дұрыс емес жауап

Жүрек-өкпелік реанимация жүргізудің көрсеткіштерін бағалау: есінің жоғалуы, ұйқы аретриясында пульстің болмауы және тыныстың тоқтауы.

Науқасты тегіс, қатты жерге жатқызып, кеудесін киімдерден босату керек.

10

5

0

Жоғарғы тыныс жолдарын тазалауды жүргізу (саусақпен, катетермен кез келген сорушы құрылғымен). Сафардың үштік әдісін қолданады:

а) науқастың басын шалқайтады;

б) аузын ашады;

в) төменгі жақты алдына және жоғарыға тартады.

Ауа шығарғыш түтік қою.

10

5

0

«Ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» беру әдістері арқылы ӨЖЖ жүргізу кезінде науқастың ауызына (немесе мұрнына) дәкені қояды. Үрлегенде мұрынды (ауызды) жауып істейді. ӨЖЖ-ді Амбу қапшығының көмегімен жүргізген кезде масканы ауызға және мұрынға жақсылап қояды. Әрбір үрлеу 1 сек құрайды (ұзақ форсирленген үрлеу кезінде ауа асқазанға түсуі мүмкін). Үрлеуді бірден науқастың кеудесі айқын көтерілгенге дейін жүргізеді.

Тыныс алу жиілігі 10 мин құрайды. Жасанды дем берудің дұрыстығын кеуденің кезеңдік кеңеюімен және пассивті дем шығарумен бағаланады.

10

5

0

Төстің ұшын сипалау арқылы табамыз және семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары алақанның негізін қоямыз (төстің төменгі бөлігі)

Бір қолды алақанмен төске қойып, екіншісін оның үстіне қиғаш қоямыз. Қолды шынтақ буынында имей, тік ұстап, қолдың күшімен емес, дене салмағы және арқа бұлшықеттерінің күшімен жасайды. Төс пен дәрігердің иық буынының аралығындағы бұрыш 90˚ құрайды. Кеуденің эластикалығын тексеру үшін бірінші жаншу баяу жасалады.

10

5

0

Төстің омыртқаға қарай ығысуы 5см аспауы керек, ұзақтығы 0,5 секунд, ал жиілігі 1минутта 100 кем емес Төстің төменгі бөлігіне күштірек басады, сол қалыпта қолды бір мезет ұстап тұрып бірден босатамыз. Басу және босату уақыты 1 сек аспайды, ал компрессия арасындағы интервал – 0,5-1,0с құрайды.

Тікелей емес жүрек массажын жүргізіп жатқанда алақанды науқастың төсінен алмауы тиіс.

Бір уақытта ӨЖЖ және жүрекке тікелей емес массаж жасау кезінде бір немесе екі реаниматор үшін де оптимальды қатынас 30:2, ӨЖЖ жүргізілуі үзіліспен орындалады ( аспирацияның алдын алу мақсатында!)

10

5

0

Дефибриллятордың кардиоманиторында қарыншалардың фибрилляциясы/ пульссіз қарыншалар тахикардиясы анықталған жағдайда дефибрилляция жүргізу керек.

Дефибрилляторды қосып, керекті разряд қуаттылығын қою. (200,300,360ДЖ).

Дефибриллятор электродтарына арнайы гельді жағады немесе науқастың терісіне сулы дәкені қояды.

10

5

0

Дефибриллятор электродтарын науқастың терісіне қояды (біреуін-жүректің жоғарғы бөлігіне, ал екіншісін оң бұғана астына). Жүрек ырғағын дефибриллятор экранынан бақылайды.

Дефибриллятор электродындағы «заряд» батырмасына басады және айналадағы адамдарға науқастан ары тұруын өтінеді.

10

5

0

Заряд қабылданғаны туралы дыбысты белгіден кейін, электродтарды науқастың терісіне қатты қысып, бірмезгілде дефибриллятор электродындағы «разряд» батырмасын басады. Жүрек ырғағын дефибриллятор экранынан бақылайды.

10

5

0

Жүргізілген жүрек-өкпе реанимациясын бағалайды : ұйқы артериясында пульстің пайда болуы, тыныстың пайда болуы, есінің оралуы тері жабындысының қалпына келуі.

10

5

0

Коммуникативті дағды. Тыныштық сақтай отырып жағдайды жылдам және дұрыс бағалады. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу барысында өзінің әрекетіне түсініктеме берді.

10

5

0

Этап бойынша ең жоғары балл - 100,0

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]