Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
programma_GE_doc_doc_kaz13-14.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280.06 Кб
Скачать

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ

С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Жалпы медицина мамандығы бойынша бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестацияның (мқа) бағдарламасы

Оқу жылы __2013-2014___________

Мемлекеттік емтихан профессор м.ғ.д Тұрланов Қ.М құрастырған жұмыс бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сактау Министрлігімен бекітілген.(2011ж)

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша ЖМЖБ ти к бағдарламасына сәйкес құрылған.

Бағдарлама кафедра отырысында талқыланған 29 тамыз 2013

Каф. меңгерушісі ____________________________проф. Тұрланов Қ.М.

Бағдарлама ІА ОД ББК отырысында талқыланды.

«_ » қазан 2013 ж, № хаттама

ІА ОД ББК төрайымы ________________________м.ғ.к.,доцент Бейсебаева У.Т.

С.Д.Асфендияров атындағы Қаз.ҰМУ ӘДІСТЕМЕЛІК кеңесінде бекітілді.

«___»______________2013

Төраға, ОӘЖ бойынша проректор________________________ профессор Тулебаев К.А.

Қорытынды Мемлекеттік аттестация бағдарламасы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес «051301-Жалпы медицина» мамандығы бойынша құрастырылды және жалпы медицина бакалаврын дайындауға арналған негізгі талаптар қарастырылған.

Бағдарлама мақсаты- бітіруші-студенттің оқу үрдісі барысында негізгі білім беру пәні бойынша меңгерген білім кешенін, дағдыларын: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, балалар аурулары, неврология және психиатрия, акушерия және гинекология, амбулаторлы-емханалық терапия, жедел медициналық жәрдем бойынша бағалау.

Мемлекеттік аттестациялық емтихан ағымдық үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестация Ережелеріне сәйкес өткізіледі.

ҚМА кешенді түрде 2 кезең бойынша өткізіледі.

1 кезең-«тестілеу». Мақсаты: студенттің теориялық білімін, дағдыларды меңгеруін және кәсіби дайындығын тексеру.

2 кезең-«құрылымдық практикалық емтихан». Мақсаты: квалификациялық мамандық талаптарына сай тәжірибелік және коммуникативтік дағдыларды көрсету.

ҚМА-ға мына пәндер бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттер жіберіледі: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, балалар аурулары, неврология және психиатрия, акушерия және гинекология, амбулаторлы-емханалық терапия, жедел медициналық жәрдем.

  1. Бакалаврдың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар:

«Жалпы медицина» бакалавры келесі компетенцияларды меңгеруі қажет:

Ішкі аурулар, жедел медициналық жәрдем, неврология, психиатрия және наркология дисциплиналары бойынша жиі кездесетін ауруларды білу.

Тәжірибелік дағдылар

  1. ЖТД тәжірибесінде жиі кездесетін ауруларды тексеру және емдеу;

  2. Ересектер мен балалардағы неврологиялық аурулардың диагностикасы мен емінің негізгі принциптері;

  3. Ересектер мен балалардағы психикалық және наркологиялық аурулардың диагностикасы мен емінің негізгі принциптері.

  4. ЖТЖ синдромы, ОЖЖ қан айналым жеткіліксіздігімен жүретін бұзылыстарын(естен тану, ГК, бронхообструктивті синдром, ауырулық синдром) диагностикалау алгоритмі мен жедел медициналық жәрдем беру хаттамаларын меңгеру;

  5. Қайғылы оқиғалар кезінде(суға бату, электрожарақат, үсу, ыстық және күн өту,жәндіктер шағу, травматикалық шок) ересектерге және балаларға жедел медициналық жәрдем көрсете білу.

Коммуникативті дағдылар

  1. Науқаспен және оның туыстарымен, медперсоналмен сөйлесе білу;

  2. Өзара түсіністік пен сенімділікті орнату;

  3. ЖМЖБ кезінде өзінің іс-әрекеттерін түсіндіре алу;

  4. ЖМЖБ кезінде шұғыл көмек бере алу.

Құқықтық дағдылар

  1. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы негізгі құқықтық сұрақтар

Өзін-өзі дамыту

  1. Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға қатысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]