Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ОМ каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

3. Пәннің міндеттері:

  • студенттерге қалыпты және иммунды патологиялық жағдайлар кезіндегі иммунды жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы қазіргі көзқарасты беру;

  • ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын сақтауда, сонымен қатар иммунологиялық тану механизмдер мен иммунды жауаптың жасушалық және молекулалық деңгейлерде реттелудегі иммунды жүйесінің маңызын зерттеу;

  • иммунитет реттелуінде цитокиндердің, гормондардың және нейропептидтердің маңызы жөніндегі көзқарастармен таныстыру;

  • аутоиммунды патологияның, жоғары сезімталдықтың, трансплантаттың кері қайту, қатерлі ісіктер патогенезі негізіндегі иммунологиялық механизмдерін зерттеу;

  • иммунды жетіспеушілік жағдайлардың себептері мен даму механизмдерін зерттеу;

  • адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін зерттеу;

  • адам денсаулығының сақталуында иммунды жүйенің маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.

4. Білім берудің соңғы нәтижелері:

Студент білу керек:

Жалпы иммунологиянын пәні, мақсаттары мен міндеттерін;

  • иммунитеттің түрлері мен негізгі теорияларын

  • иммунды жүйесінің мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейдегі құрылысын; оның негізгі қызмет ету принциптерін;

  • иммунды жауап туралы түсінікті, иммунды хабарлы жасушалар кооперациясын, иммунды жауаптағы жасушалық және гуморалдық механизмдердің маңызын;

  • комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметтерін, активацияның негізгі жолдарын, комплементтің қалыпты жағдай мен патологиядағы маңызын;

  • арнайы иммунды жауаптағы антигентаныстырушы жасушалардың негізгі түрлерін; антигендердің өңделуі мен таныстырылуын;

  • гуморалды және жасушалық иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметтерін; жасанды және табиғи төзімділік түсініктерін;

  • иммунды жетіспеушілік жағдайлар (ИЖЖ) туралы түсінік пен олардың жіктелуін; біріншілік және екіншілік ИЖЖ клиникалық белгілері мен лабораторлық диагностика принциптерін;

  • адамның иммунды статусына лабораторлық баға беру әдістерін;

  • адамның негізгі гистосәйкестік комплексінің құрылысын, локустардың қызметтерін; HLA-антигендің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділіктің генетикалық маркері ретіндегі маңызын;

  • трансплантацияның иммунологиялық проблемалары мен ісікке қарсы иммунитеттің негізін, қатерлі ісіктердің иммунды терапия мен иммунды диагностика әдістерін;

  • Кумбс пен Джелл бойынша жоғары сезімталдық механизмдерінің жіктелуін, жоғары сезімталдықтың негізгі түрлерінің патогенезі мен клиникалық мысалдарын; аутоиммунды аурулардың патогенезін;

  • вакцинды профилактика принциптерін, жаңа вакциналардың жіктелуін, вакцинация кезіндегі асқынулар мен оларды алдын алу шараларын.

Істей алуы керек:

  • лейкограмма мен иммунограмма көрсеткіштерін талдау;

  • шеткері қандағы лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының салыстырмалы және абсолютті санын анықтау;

  • иммунды ферментті талдау (ИФТ) әдісімен анықталған негізгі цитокиндер мен сарысулық иммуноглобулиндердің концентрациясын талдау;

  • фагоциттердің жұту қабілетін, сонымен қатар, спонтанды және индукцияланған НКТ-тестінде олардың тотығу-тотоқсыздану потенциалын анықтау;

  • трансплантациялау үшін лайық донор мен рецепиенттің HLA-антигендерін іріктеу;

  • ғылыми, медициналық әдебиеттермен және интернет-ресурстармен өзіндік жұмыс істей алуы керек.