Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Birzhan_-_Sara.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.38 Кб
Скачать

(Күзетші жігіттерімен шығып кетеді) Біржан сценасы (зыңданда)

Біржан: тар заман, көрсетің-ау,

Көр азабын, арыды адуын күш,

Асау жаным.

Аңсаған алтын таңым атар қашан?

Амал не, іште кетті-ау бар арманым?

Салынды қолға кісен, тілге ауыздық,

Не пайда қайнағаннан ыстық қаным.

Мұңымды келешекке кім жеткізер, асыл сөз,

Сен болмасаң асқақ әнім! Опық емес ит елім,

өкінбеймін өлімге.

Мен өлгенмен, ел өлмес,

Туар бір ұл өзімдей,

Қуар менің жолымды!

әттең, дүние!

Домбырам, жан серігім, сүйген Сара,

әлпештеп аялатқан қамқор ана.

өмірдің бізге деген нұр сәулесің,

өшірмек мылқау заман бұғау сала.

Асқақ ән, арпалыстың адуынмен, мақсатқа

Жете алмадым, бар ма шара, Сара?

САРА. Сал, Біржан, есеибісің, сүйген жарым,

Жатысң ба тар қапаста қайнап қаның.

Мойыма, мің ерлікке, өмір үміт,

Кешікпес, атар әлі ақ алтын таңың.

Сен үшін қайғы руда ардақты елің,

Аузында асыл жырың, ән өленің.

Ар үшін атқа мінді босатуға,

Жан досың ақын Естай сал

Мен серің. Жанбота жатсадағы

Сотын құрып, тұрса да таудай бөгет:

әдет-ғұрып, белін бу, ақын Біржан,

ел ардағы, өлелік ерлікпенен қарсы тұрып.

Белің бу, бекін ақын, ел ардағы, өлелік

Ерлікпенен қарсы тұрып, ерлікпенен

Қарсы тұрып. Белің бу, бекін, ақын, ел ардағы,

өлелік ерлікпенен қарсы тұрып.

Біржан. Сара, жан сәулем! Қайрат

Шіркін қажыды ау» үнсіз жым-жырт айнала,

Қараңғы көр саңырау! Саражан! Қайран арман!

Дуэт

Сара: қызыл гүлім солдырып,

Ақшыл жүзімді ондырып.

Қараңғы шыңырауда жатсаңдағы,

Тұрғандай құлағымда нәзік үнің.

О, жалғанай.

Табынып сүйюге бас иген сәулем,

Суырып бал тілінен сүйген сәулем.

Баурында оқжетпес пен Көкшетаудың

Жазғы таң, тәтті ләззат етті ау дәурен, жалған дүние

өтті ау дәурен, сал, Біржан!

Біржан: алыстан аңсап қалқам келген күні,

Шығармас естен жаздың майда түні?

О, жалған ай!

Аялаған өмірден тартқан сыйым осы ма?

Табынып сүюге бас иген сәулем,

Суырып бал тілінен сүйген сәулем.

Бауырында оқжетпес пен Көкшетаудың

Жазғы таң, тәтті ләззат өтті ау дәурен,

Жалған дүние а, өтті ау дәурен, сара жан!

(Сара кетеді. Осы кезде Серік, оның жігіттері қайтып келеді. Олар кетіп бара жатқан Сараны көреді.)

Серік. Кеттің алыс!

(Жиенқұл келеді)

Жиенқұл: қазайын ба көріңді? Сілкейін бе теріңді?

Қара жерге қазық қып, қағайын ба өзіңді?

Серік: о, тақсыр –ау, мен не жаздым?

Жиенқұл: не қарап сен отырсың?

Жаңа келіп зынданға, жәдігөймен сөйлесіп,

Кеткен жоқ па біздің жар, а?

Серік. Тақсыр еке ау,

әдейі шыққан едік байқауға.

Көріп қалдық тап қазір,

Келеді екен Біржанға.

Жиенқұл. А?

Жиенқұлдың әні және сот сценасы

Жиенқұл: ел бұзғандық жазасын тартып міне,

Жатсын солай, мекені зындан түбі.

Жер астында аз болса тартқан азап,

Айдартармын жер Сібір ертең күні.

Сотпен болсын байлауы, не жер Сібір,

Не өлім, түбінен зындан шығарма?

Шақыр жұртты, болысқа хабар бер жылдам!

(Сахнаға халық тола бастайды.)

Жанбота. О, халайық, тыңдаңдар, келелі іс бүгін алдыңда.

Неке, дін, ғұрып бұзғандар, жаза алу ел салтында,

Шариғат жолы бізге жол, оқылад үкім халқыма!

Аш, молдалар, құранды! Көтер көкке азанды!

Ата-бабам ақ жолын таптағанға не шара?

Не шара? Атам қазақ аруағын даттағанға не шара!

Шариғат жолы сол заң!

Молдалар: илаһи пәрмені зор,зұл жалали!

Пән зұл жалали денің берілмеген ықтияри,

Тамұқтың жеті ықтияри қабат отлари бар,

Сол отқа ғашықлардың жан бақ бәри,

Отлари бар и жан бақ бәри.

Иляһи пәрмені зор зұл жалали.

Иляһи.

Мұқтың жеті қара бат отлари бар,

сол отқа ғашықлардың жан бақ бәри.

Тамұқтың жеті қабат отлари бар,

Отқа ғашықлардың жанбақ бәри.

Илаһи пауар деғар!

Илапһи паруар деғар!

Зынданның түбі көр болсын, көр болсын.

Зынданның түбі көр болсын, көр болсын!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]