- •Естайдың әні
- •Біржан сахнаның арғы жағынан
- •Сахнаға Біржан шығады. Біржанның әні
- •(Үйден Жанбота, Жиенқұл нөкерлерімен шығады. Олар көрінікті жерге отырып Біржан мен Сараның айтысын тыңдайды.)
- •Жанботаның нөкерлері
- •Ашу кернеген Жанбота Біржанға ұмтылады
- •(Халық Жанботаны келемеж қылады. Келемежге ренжіген Жанбота шығып кетеді)
- •(Бурабай көлінің жағасында Біржанның ауылы. Көлдің жағасында ойға шомып Біржан отыр.) Біржан Ариозасы және дуэт
- •(Үйден Аналық шығады) Аналық пен Біржан сценасы
- •(Қожағұл, молдалар, олармен бірге Алтынай келеді)
- •Алтынай мен Біржан сценасы
- •Алтынай кетеді
- •Жастардың Біржанға келген сценасы
- •Сара мен Біржан дуэты Жастар үйге кіреді. Біржан Сараның даусын естіп, кідіріп қалады. Қайықпен Сара келеді.
- •(Жанбота, Жиенқұл мен молдалар келеді, жастардың ойыны тоқтатылады.)
- •Жанботаның ариясы
- •(Жанбота және оның нөкерлері топты қуады. Сара қайықта жасырынады. Біржан жалғыз қалады.) Біржанның қортынды ариясы
- •(Жиенқұлдың ауылы. Қыздар үй тігіп, тойға дайындалып жатыр.)
- •Серік келеді
- •(Серік пен қыздар кетеді. Алтынай Сараны тосып үйдің артында тасаланады.) Алтынайға
- •Сараның Ариозасы
- •Сараның ариясы
- •(Той. Сахнаға халық тола бастайды.)
- •Қортынды сцена
- •(Жиенқұл мен сараны оңаша қалдырып, жұрт тарқайды.) Жиенқұл мен Сараның сценасы
- •Сара мен Біржанның сценасы (Біржан кіреді. Жиенқұл қорқып шығып кетеді.)
- •(Жиенқұл, Жанбота жігіттерімен кіреді. Біржанның қолын байлайды.)
- •(Жанбота мен Жиенқұлдың ауылы. Біржан зыңданда. Серік жігіттерімен зыңдан қасыңда ойын бастайды.)
- •(Күзетші жігіттерімен шығып кетеді) Біржан сценасы (зыңданда)
- •(Жанбота, Жиенқұл және олардың адамдары кетеді.) (Біржанның достары, олармен бірге Естай, Сара және Біржанның анасы Аналық келеді. Олар зынданнан өлім халінде жатқан Біржанды алып шығады.)
- •Біржан ариясы.
- •Ананың жоқтауы
Алтынай мен Біржан сценасы
Алтынай: Кешіріңіз, ақын аға, күтпеген жерден болдым кез,
Асуында тар жолдың, айтпақшымын бірер сөз!
Достықпен келдім, сал аға, кіс(і)едің жанға балаған.
Ор қазулы алдыңда, безбесең мәңгі Сарадан.
Болыстың қатал кесімі, асырмай іске тынбайды.
Белгілі қазақ рәсімі, батаны әр кез бұзбайды.
Ойлан Біржан!
Біржан. Болма тентек, Алтынай, мені көрсең досындай.
өнерге талпын, шынды сүй, ел еркесі Сарадай!
Алтынай: Алдыңда жар, сал Біржан, артыңда ор,
Айналдырған адамсың қырсық пен сор,
Тайғақ кешу, тар жерде ашып жаным,
Шын жүректен достыққа созып ем қол.
өртеніп жалыныңа күйген жаным,
елжіреп, емірене сүйген жаным,
мұз болды, мені мәңгі дұшпан сана, болмасаң,
ақын Біржан, а, игі жарым, қош бол!
Алтынай кетеді
Сахна сыртындағы хор: Жанбота осы емес пе өлген жерім-ай
Жанбота! Көкшетау боқтығына көмген жерің-ай!
Жанбота! Қамшымен ән айтқанды ұрсын деген-ай
Көзіңмен заңды бар ма, ұлық көрсе Жанбота, көрген жерің, а
Алға түсіп жортады, өзі жұрты қорқытып, Жанбота, Жанбота,
өзі ұлықтан қорқады Жанбота, жанботасы қай бота?
Жан ботасы қай бота, ай!жанботасы қай бота?
Жастардың Біржанға келген сценасы
Біржан: Қош келдіңдер, құрбылар!
Хор: есенбісіз сал Біржан?
Біржан: Қарс(ы)алуға мен дайын.
Сара: Құрметіңде біз, сал Біржан! Сал Біржан! Сал Біржан!
Хор: Ақын сал Біржан!
Естай: Ай! Сал Біржан, ән асқары, ел ардағы,
Аспандар түптен тартып салған әні. Балап ат, қалы кілем,
Қара нарға, қалап ән жеткіншегің келді тағы.
Хор: Тән өлсе де ән өлмейді, шырқа Біржан, ақын сал.
Шығарушы сен Біржан, шырқататын біздер бар.
Естай: А! Болғанда ел ағадан, тон жағадан,
Соғады алғыр бүркіт тау сағадан.
Өкшеңді баса шыққан ақын Естай,
әдем(і) ән іздеп келді Қарқарадан!
Ай! Тән өлсе де, ән өлмейді, шырқа,
Сара-Хор: Біржан, сара, Біржан ақын, сал.
Шығарушы сен болжан сал. Сара сен болсаң,
Шырқататын біздер бар. Сара сең болсаң.
Шығарушы сен болсаң, шырқататын біздер бар!
Біржан: Арқаның ардагері Біржан салмын,
Болғанда қыздар қарта, жая жалмын.
Сұлудың ақ торғындай тамағынан,
Нәр алып, салдық құрып өскен жанмын,
өскен жанмын-ай.
Хор: Тән өлседе ән өлмейді, шығарушы шырқа Біржан ақын, сал.
Сен болсаң, шырқататын біздер бар, біздер бар, біздер бар!
Біржан: тәңірі сұлулықтың ақын сара
Үйректің сұқсұрындай тудың дара!
Түссең де талай саңлақ шаршы топқа, есітуші ем салмайды деп алға қара,
Алға қара, алға қара
Хор. Алға қара, алға қара!
Аналық: Ал, балалар, ризамын көп жасаңдар!
Ендігі әнің Біржанның, үйге кіріп тыңдаңдар!
Ойнаңдар, күліңдер, шіркін жастық десеңші!
Сара мен Біржан дуэты Жастар үйге кіреді. Біржан Сараның даусын естіп, кідіріп қалады. Қайықпен Сара келеді.
Сара: Серпінді, төңкерілер салған әнің,
Сүйеді сұлу әнді менің жаным, а.
Асқақ ән аспандаған өз аузынан,
Естісем, ақын Біржан, жоқ арманым.
Сал Біржан, туып едің жеке дара,
Көзде жас, көңіл қаяу, жаным жара.
Тереңге кеттім ақын, бер қол ұшын,
Бір сендеп іздеп келдім басқа пана.
Бір сендеп іздеп келдім басқа пана
Кел, сәулем шын жүректен серт берелік,
Шын жүректен серт берелік екеуміз
Екеуміз бір көрелік не көрсек те бір көрелік
Махаббат әнін сала жастар үшін.
Махаббат әнін сала жастра үшін.
Жүректің туын көкке көтерелік.
Сал Біржан, туып едің жеке дара
Біржан: Бір сен деп Саражан, саражан
Іздеп келдім басқа пана сәулем
Сүйдік деп шын жүректен серт берелік,
Сүйдік деп шын жүректен серт берелік
Арнаулы махаббаттың әнін сала
Арнаулы махаббаттың әнін сала
Хор. Ақын Сара, сал Біржан, сарыарқада қос қылаң.
Екі саңлақ бас қосты, көрген жұртта жоқ арман.
Бас, гармоньды, гүжілдет, шырқат әнді, жігіттет!
Құрметіне жастардың сал Біржан, Саражан.
Ақын сал Біржан!
Естай: Болғанда ел ағадан, тон жағадан,
Соғады алғыр бүркіт тау сағадан
Хор: Алғыр бүркіт тау сағадан
Естай. өкшеңді баса шыққан ақын Естай,
әдемі ән іздеп келді Қарқарадан
ай! Тән өлсе де ән өлмейді, шырқа Біржан ақын,
тән өлсе өлмейді ән, Біржан ақын,
тән өлсе де, ән өлмейді шырқа Біржан ақын,
Сара, Біржан, Сара, Сал
Шығарушы сен болсаң, шырқататын біздер бар
Сал сара, сен болсаң шырқататын біздер бар.
Салдар сен болсаң жан сара, сен болсаң,
шырқататын біздер бар, шығарушы сең болсаң
шырқататыңдар біздер бар.
