Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
semserdegi_sert-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

(Пауза)

Жәнібектің қара қосының алды. Хан көмекшісі қатуланып, түнеріп алған. Жәнібекке бұйыра сөйлеп тұр. Қастарында Аққайрақ, Наршолақ, Ереке, Қалмақ қыз, тағы бірнеше сарбаздың қарасы көрінеді.

Хан көмекшісі: Батырлығың бір басқа, ал, мына бассыздығың туралы ертең қанға не дейміз?

Жәнібек: (қысылыңқырап, ұялған сыңай танытады) Өздеріңіздің алдыңыздан өтуге бір реті келмеді. Десе де игіліктің ерте-кеші болмайды ғой… (сөзді Аққайрақ бөліп)

Аққайрақ: (қасақана тисе сөйлеп) Қайдан мұрсаң болады, қызыл түлкідей құлпырып қалмақ қыз құшағыңа құлағанда…ха,ха,ха…(шалқалап күледі, басқалары да қосыла күледі.)

Наршолақ: Ханнан қызыл түлкіні қызғанып жаттым десейші…ха, ха, ха.(топтық күлкі жалғасады)

Ереке: «Сұңқар шашып жейді, жапалақ басып жейді» деуші еді, қалмақ қызды өзің ғана басып алғаныңнан, жапалақ мінез батыр екеніңді байқадық.(сөзді Наршолақ іліп алып)

Наршолақ: Көптен көрген қызылы емес пе, сол үшін қызғанады да…(Наршолақ пен аққайрақ қоса күледі, Абылайлар күлмейді.)

Хан көмекшісі: (күлімсіреп, кекесін шыраймен) Жәке, шынымен де қалмақ қыздың қызығы жорық даярлығының қызуын бәсеңдетіп жіберген жоқ па?

Жәнібек: Ол не дегеніңіз... сарбаздар сақадай сай тұр.

Ереке: Бір кездегі бала Жәнібек, міне бүгін ер Жәнібек атанды. Ел көріп есейді, өзі білер деп едік, олжа туралы ауыз ашпайды ғой…(Аққайрақ пен Наршолақ жарыса )

Аққайрақ,Наршолақ: Ия, Жәкеңнің қалмақ қызын көргенде ханды ұмытып кеткені жөн болмады.

Ереке: «Қалмақ қызын ханға сыйладым» деп айтуына мұрса бермедіңдер ғой... Жәнібек сендер ойлағандай жөн білмейтін жігіт емес…

Наршолақ: Батыр басымен қайдағы бір қалмақ қыз үшін ханның бетін түсіре қоймас...

(Жәнібек мыналар рас айта ма деген кісіше хан көмекшісіне қарайды. Хан көмекшісі үнсіз күлімсіреп тұрады. Жәнібек сәл ыңғайсызданып.)

Жәнібек: Сауғамды ханға сыйласам, шынымен де қабылдай қояр ма?

(хан көмекшісінің қасындағылар бір ауыздан шу ете түседі)

Дауыстар: Әрине, батыр-ау, «Сұрап бергенше ұрып бер» деген. Хан да ет жүректі пенде емес пе, неге алмасқа.

(Жәнібек хан көмекшісіне қарайды. Хан көмекшісі жанындағыларға қарап күліп алып)

Хан көмекшісі: Әрине, «жібекті кімнің кигісі, сұлуды кімнің сүйгісі келмейді» дейсің…

(хан көмекшісінің қасындағылар «табылған сөз болды» десіп, шуласады.)

Жәнібек: (терең ойға шомып тұрып, тез есін жинап) Ханның қызды сұратқаны рас болса, бұқара басыммен қолын тартпаймын. Ол кісі қалмақ қызы түгілі, қара басыңды бер десе де даярмын.

(қалмақ қыз бере сала ма дегендей, жылап келіп Жәнібектің аяғын құшақтап)

Қалмақ қыз: Батыр, уәдең қайда?!!

Жәнібек: (қызға қарап) Уәдем, уәде! Қорықпа да, саспа!

Ереке: Жә, батыр, бізді көп күттірмей жолға сал…

Жәнібек: Хан мен қара бір қызға талассақ арымыз ашылып, арамыз алыстар. Елімізді бір ту астына біріктірер тұста, өз өзімді сыйлай алмасақ, қай жатты жанынан түңілдіре аламыз… Мен бұл қызға Қасейін батырдың аруағын атап тұрып серт берген едім… Сол үшін былай тартсам өгіз өліп, былай тартсам арба сынатын қиын жағдайда тұрмын. Түнімен кеңірек ойлануыма рұхсат беріңіздер?! Сұрауларыңыздың жауабын ертең берейін… Бүгінше ат-көліктеріңізді тынықтырып, қонағым болыңыздар…

(бәрі бет-бетіне тарап, сахнадан түсіп кетеді.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]