Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
semserdegi_sert-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

Жәнібек батырдың қосы. Қарапайым киіз үйдің төрінде ақ сақалы кеудесіне түскен Барақ батыр отыр. Қасында Жәнібек батыр және бес-алты сарбаз бар.

Барақ батыр: (Жәнібекке қарап, сақалын сылап отырып) Ал, Жәнібек батыр болып қол бастадың, ай мен күндей аруды да олжаладың, жарайсың!..

Жәнібек: Батыреке, не айтарымды да білмей отырмын. Садырбайынның жеңілісі жаратқанның жазғаны болар... Ал, қызды Қасейіннің өсиеті бойынша, досымның аруағы разы болсын деген ниетпен қызғыштай қорғап отырмын…

Барақ батыр: Жас жағынан айтқанда жолымды қуған баламсың, «бақытың баянды болсыннан» басқа не айтам саған. Бірақ, осы сарбаздардың кейбірі «Жәнібек орданың рұхсатынсыз олжаға түскен қызды тоқалдыққа алды…» дейтін алып-қашпа сөз бар көрінеді.

Жәнібек: (кеңкілдеп күліп) Ел емес пе; жұртқа жағу қиын ғой... Әйтепесе, осы сарбаздардың көбі әлі некемізді оқытып, келініңізге мсылманша ат қойдырмағанымызды әбден біледі…

Сізді бүгін шақыртқан себебім – ханның ордаға оралуын күтпей-ақ, Қасаейін өсиетінен орындалмай қалған соңғы екі шартын өтесем бе деп едім.

Барақ батыр: Оның жөн балам, шариғатта «бір дінсізді дінге кіргізу үлкен сауап» дейді екен. Дінге кіргізіп, қазақша ат қойдырғаның өте орынды. Бірақ, бүгін-ертең оған асықпаңдар. Бас-аяғымыз жиылсын... Өзің де айтып отырсың «жұртқа жағу қиын» деп. Ертеңгі күні қосындағы сарбаздар сені сылтау етіп өз беттерімен олжа иемденіп, ордаға бағынбай қойғаннан ерінбейді… «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді» дейді бұрынғылар… Жақсылыққа асыққаның жөн. Дегенмен де әлі де ақсақтың аялына баға тұр… (ойланып отырып, есіне бірдеңе түскендей елең етіп) Келіннің аты кім?

Жәнібек: «Некеміз қиылған күні өзің ат қой, оған дейін атсыз ару деп атай бер…» деп, әке-шешесі қойған атын айтпай қойды.

Барақ батыр: Жәрәйді, Алла қаласа ол күн де алыс емес. «Баталы құл арымайды, батасыз құл жарымайды» деген. Келінді шақырыңдар, екеуіңе батамды берейін»…

(бір қанша қостағы жігіт жүгіріп шығып кетеді де, «оң аяғыңмен аттай ғой әке, біздің қазақта келін босағадан оң аяғымен аттап кіреді», - деп қалжың дап мәз болысып, қалмақ қызды үйге кігізеді.)

Барақ батыр: Е, айналайын, біздің қазақ «қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деп ырымдайды. Қалмақ қызы болсаң да қадамың қазаққа құт-береке әкелсін… Жәнібек балам қолдарыңды жайыңдар (бәрі алақандарын жаяды, Барақ батыр сөзін жалғастырып) Бақыттарың баянды болсын, қадамдарыңа нұр жаусын, оң жағыңа қарасаң алтыннан діңгек орнасын, сол жағыңа қарасаң күмістен діңгек орнасын…

(осы кезде сырттан аттың кісінеген үнімен қоса, «ордадан адамдар келе жатыр!» деген айғай естіліп батаны бөліп жібереді, бірі «Әумин» деп үлгеріп, бірі үлгерместен қостағы жігіттер сыртқа лап қояды. Барақ батыр да үнсіз аңырып отырып, бетін сыйпай салып, сыртқа құлақ түреді.)

Қостың алдында андайтын жерде қасында Наршолақ, Аққайрақ, Ереке бастаған нөкерлерімен хан көмекшісі келе жатады.

Наршолақ: (хан көмекшісіне қутыңдай қарап) Қызық болсын. Жәнібекті бір сынап алмайсыз ба?

Хан көмекшісі: Қалай?

Наршолақ: Сіз бірден суық жүзіңізді сыртыңызға салыңыз да, «Жәнібек сенің бассыздығыңа хан қатты ашуланды. Тез ордаға жүр!» деңіз. Не дер екен…

Хан көмекшісі: Жәнібек көзсіз батыр ғана емес, сөзге сөз табатын, қиыннан жол табатын ақылгой… Оны хан әлдеқашан сынап, бағасын беріп болған.

(осы кезде сахнада артқы көрініс іске қосылады)

Абылай: (Наршолақты шақырып алып) Наршолақ, ана жаңа келген жас баланың сыртқы бітімі мен көзінің оты жаман емес екен. Көзсіз батыр болғандай бейнесі бар. Бүгін бір сынап көрейік…

Наршолақ: Қалай сынамақсыз.

Абылай: Сен қосыннан сенімді екі жігітті маған жібер.

Наршолақ: Құп тақсыр. Қазір…(наршолақ шығып кетеді де, екі сарбаз келеді)

Екі сарбаз: (жарыса сәлем беріп, кіреді)Ассалаумағалайкум! Ханеке.

Абылай: Уағалайкумассалам! Келіңдер…

Екі сарбаз: Хан сіз шақыртып жатыр дегесін…(екуі кібіртіктейді)

Абылай: Ия, мен сендерді маңызды бір жұмысты тындыруға жұмсайын деп шақырттым… (аз-кем тыныстап алып) Бағанағы жол үстіндегі моланы көрдіңдер ғой…

Екісарбаз:(жарыса) Ия, көрдік.

Абылай: Олай болса, екеуің тамақтарыңа тойып алып, сонда аруақ болып киініп алып жасырынып жатасыңдар!

Екі сарбаз: (таң-тамаша болып)Неге?

Абылай: Мен түнге қарай, қосынға жаңа келген жас бала Жәнібекті моланы бұзып отын әкелуге жалғыз жұмсаймын.

Екі сарбаз: Біз не істейміз сонда?

Абылай: Сен екеуің ол қабірден ағаш ала бергенде аруақ болып қорқытасыңдар.

Екі сарбаз: Қалай?

Абылай: Үстеріңе ақ мата оранып алып, қабірде жасырынып жатып, Жәнібек моланың ағашын ала берген де, дауыстарыңды күңіренте, «Ей, күнәкәр пенде біздің үйімізді неге бүлдіресің?!» деп шыға келесіңдер.

Екі сарбаз: (бір-біріне қарап күліп алып, сосын Абылайға қарап) Өзі түн болса. Оның үстіне бала болса жүрегі жарылып өліп кетіп жүрмесін?!

Абылай: Мен дам танысам ол оңакй-оспақ қорқа қоятын адамға ұқсамайды. Неде болса көрелік. Кешікпей жөнеліңдер!

Түн. Ағаштан салынған молалардың арасына аппақ киім киіп, аруақтарша жасанған екі сарбаз барып тығынады. Іле-шала ыңырсып ән сала келіп, Жәнібек моланың қасына атын байлап қойып, аруақтарға арнап құран оқиды. Құран оқып болған соң бетін сыйпап орнынан тұрады да, моладан отын ала бастайды...Жәнібек бірнеше ағашты моладан алып атының қасына апара бергенде алдын-ала тығынып жатқан екеуі дауыстарын күңіренте:

- «Ей, күнәкәр пенде, біздің үйімізді неге бүлдіресің; біз тоңамыз ғой…тастап кет!!!», - деп ағаштан ұстай алады. Сонда Жәнібек еш тіксінбестен:

- «Айтып, кешірім сұрадым ғой мен сендерден. Өлі аруақ сендер түгілі, тірі Абылай аштан өлгелі жатыр, аруақ болсаңдар жайларыңа жатыңдар, ал, ал адам болсаңдар жайратамын қазір!», - деп әлгі екеуін қолындағы ағашты ала жүгіреді. Екеуі қашып, қабірге тығылады да, Жәнібек алған отынын қолтықтап кете береді.

Жәнібек кете бере екі сарбаз бастарын көтеріп, бір-біріне қарап « жас болғанда неткен жүрек жұтқан бала еді» десіп таңдай қағысады. Бірі:

– «Жә, не қарап тұрмыз. Көрген-білгенімізді ханға жеткізейік...», - дейді. (Екеуі асығыс сахнадан шығып кетеді.)

Сахнаның бір бұрышынан хан көмекшісі шығады. Қасында жағымпаздана сөйлеп, алды-артын орап Наршолақ жүр.

Наршолақ: Көрдіңіз ғой, нағыз қас сұлудың өзі... Жәнібектің мұндай сұлуды атсыз-атақсыз иемденіп алуы барып тұрған бассыздық. (Жанындағылар Наршолақты қоштап):

  • Расында да, Жәнібектің мұнысы бассыздық қой!

Хан көмекшісі ойланып тұрып қалады. Наршолақ тіптен жылпылдай жөнеледі.

Наршолақ: Ану қалмақ болса да ханға лайық жаралған жан екен. Көзі, қасы қандай, шіркіннің?! Сіз қазірден-ақ Жәнібекті бұлай өз бетімен жіберсеңіз ертең-ақ басыңызға шығары сөзсіз. Көрдіңіз ғой, жаңаның өзінде сізді бойына тоғытып тұрған жоқ...

Қасындағы бір сарбаз: Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмаған соң өзі билеп өзі төстейді де...

Хан көмекшісі: Бұл қалмақ қызды Жәнібек атсыз-атақсыз иемденіп отырған жоқ. Басын өлімге тігіп, жекпе-жекке түсіп жеңіп алды...

Наршолақ: Сіз де айтасыз-ау, сонда Жәнібек ел мүддесі үшін емес, осы қызға бола қалмақтармен қырқысып жүр ме сонда?

Сарбаздар: (бір ауыздан) Рас-ау!..

Аққайрақ: Әркім жеңіп алғанын орданың рұқсатынсыз жеке меншігіне ала берсе мына елдің ертеңгі берекесі не болмақ?

Хан көмекшісі: Несіне даурығасыңдар?! Бір жөні болар... (ойланып біраз тұрып) тек ертеңгі сарбаздарға өз олжасын өзі иемдену жол болып кетеді демесек...(тағы ойға батып, ширығып жүре жөнеледі).

Аққайрақ: (қармағымды қабуға аз қалдың-ау, деген сыңаймен қуана қутыңдап) Сіздің хан көңілінен шығатын бір мүмкіндігіңіз табылып тұр...

Хан көмекшісі: (таңданыспен аққайраққа қарап) Аққайрақ...

Аққайрақ хан көмекшісінің құлағына сыбырлап, басқаларына бір көз қысады да, хан көмекшісін ертіп ала жөнеледі.

Наршолақ: (қасында қалған сарбаздарға сыбырлай сөйлеп) Бәріміз бір ауыздан қалмақ қызды алып кетіп ханға тарту етуді өтінейік... хан көмекшісін бұған қалайда көндіруіміз керек... Жүріңдер! (хан көмекшісі мен Аққайрақтың артынан кетеді)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]