Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
semserdegi_sert-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

(Пауза)

Хан көмекшісі: (орда ішінде арлы-берлі ойға шомып жүріп жүр. Өз-өзімен күбірлеп) Қалмақ қашты дегенімізбен алдымызда шүршіттер тағы бар… Әлі де сауысқандай сақтық керек… сақтық керек…(сырттан Аққайрақ кіріп сөзін бөліп жібереді)

Аққайрақ: Тақсыр сарбаздардың құлағы түрік, сауыт-сайманы сайлаулы. Барлық жерде жеңісіміз тойланып жатыр… Сарбаздар ішінде Жәнібектің ерлігі ерекше ауызға алынуда… (кідіріп, көзінің жағымсыз қырымен қылыйлана қарап) дегенмен, аздап өкпе назда етек алған көрінеді…

Хан көмекшісі: (елең етіп) Қандай өкпе-наз?

Аққайрақ: (кібіртіктеп) Жәй… әншейін… біздің қазақ бірін-бірі шұқыламаса отыра ала ма?.. Хор қызындай Садырбайынның сұлуын ханға тарту етпей, Жәнібек өзі иемденіп алды дейтін көрінеді…

Хан көмекшісі: Пай-пай, шіркін, Аққайрақ-ау, сенің аузыңа Наршолақ түкіріп жібергеннен сау мА өзі? Әлде қыз көрмеп пе едіңдер!.. Жәнібек қалмақтың бір қызын олжалады екен деп алашапқын болып жүрсіңдер. Содан басқа айтарға әңгіме табылмады ма?

Аққайрақ: Байдың асын байқұс қызғанғандай болып біздің неміз бар еді. Біздікі әншейін айтқан ғой... дегенмен жорық әлі аяқтаған жоқ. Сарбаздар арасында ықпалы жаман болып жүрмесе игі еді.

Хан көмекшісі: (жақтырмаған сыңайда қарап) Сол қалмақ қызы туралы әңгімені осымен доғарсаңдар қайтеді!..

Аққайрақ: Сарбаздардың іс-әрекетіне осы бастан сақ болмасақ, соғыстан кейін өз беттерімен олжа іздеп, көрінген қыз-келіншектің соңынан кететін әдепсіздік шыға ма дегенім ғой...

Хан көмекшісі: (қолымен шығуға ишәра жасап) Ер бірлігі – ел бірлігі. Сол үшін өсек-аяңды өршітпей, сарбаздарды сабырға, бірлікке келтіріңдер... Маған Ерекені шақырып жібер...(Аққайрақ шығып кетіп, Іле-шала Ереке кіреді)

Ереке: (есіктен кіре кеудесін басып иіле) Ассалаумағалайкүм!

Хан көмекшісі: Уағалейкумассалам! (қасындағы орынды нұсқайды, Ереке ишара жасай келіп жайғасады) Ел іші тыныштық па?

Ереке: Құдайға шүкір, тыныштық…

Хан көмекшісі: (кең тыныстап алып) Қалмақты қуып Алатау бауырын тазарттық. Десе де алда болатын жорықтар жеткілікті. Сарбаздар сақадай сайлаулы, аттар күйімен кермеде байлаулы ма?

Ереке: Қазірше жаман емес, алайда кемді күн тынығып алсақ артық болмас еді.

Хан көмекшісі: Қазақтар қалжырады, шамалы күн тынығып алсын деп қалмақтар қарап жата ма? (кекесінді кейіппен)

Ереке: Бізден қашқан жоңғарлардың алдынан шүршіттер шығып, жығылғанға жұдырық жұмсағандай, олардың есін жиғызбастан сілейте соққылаған көрінеді.

Хан көмекшісі: Онда бізге құдай берді деген сөз, Қаракерей Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Шапырашты Наурызбай батыр, Керей Жәнібек батыр, Матай Шөңкей батыр, Бура Ақпантай батыр, Ақтамберді батыр, Еспембет батыр, Малайсары батыр қостарына сәлем айт. Менің атымнан емс, хан бұйрығы деп хабарла… Жорыққа дайындалсын.

Ереке: Сіз өзіңіз де уақыт шығарып аралап шықсаңыз жөн болар еді. Оның үстіне Қосына қыз әкеліп алып, қызыққа батып жатқандар да бар көрінеді...

Хан көмекшісі: Сен де Айналып-айналып келіп Жәнібек олжалаған қалмақ қыздың құйына батайын дедің бе?!

Ереке: Тақсыр, қате түсінбеңіз. Қалай болғанда да, мың естігеннен бір көрген артық, сенімді сарбазыңыздың құсын көріп, құттықтап қайту оғаш бола қоймас…

Хан көмекшісі: (ойланып сәл тұрғасын) Жарайді, барсақ барып қайтайық. Құсың құтты болсын айтып арнайы баратын да жөнім бар еді…

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]