Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uldan OTI wpor.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.44 Mб
Скачать

10. Жүйелік қателік. Туындау себептері бойынша жүйелік қателіктің түрлері.

Жүйелік қателік деп—бір шаманы қайталап өлшегенде тұрақты болып қалатын немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеретін қателіктін бөлігін айтамыз. Систематикалық қателікті эксперимент арқылы анықтауға болады. Ол үшін берілген нәтижені басқа әдіспен алынған өлшеулер нәтижесімен салыстыру керек. Өлшеу аспаптардың дәл еместігі нәтижесінде пайда болатың жүйелік қателікті құралдық қателік деп атайды. Таңдалған өлшеу әдісінің жетілмегендігі нәтижесінде пайда болатын жүйелік қателікті әдіс қателік деп атайды.

11. Гаусс таралуы. Математикалық күтілу. Дисперсия.

Өлшеудің кездейсоқ қатесін анықтау үшін, өлшеуді бірнеше рет қайталау керек. Өлшеу қорытындылары үнемі өзгерир отырса, бул кездейсоқ қатенің өлшеу қорытындысына тікелей ықпал жасағандығы деп түсінуге болады. Өлшеніп отырған физикалық шаманың ақиқат мәнін үлкен дәлдікпен сипаттайтын шаманы табу ушін өлшеу саны қанша болу керектігін талқыламас бұрын, кездейсоқ шамалардың ақиқат мәнінің маңында таралып бөліну заңдылығы қарастырылады. Өлшеу саны өте көп болғанда өлшеу қорытындыларының қездейсоқ таралып бөлінуі Гаусс ашқан қателердің қалыпты таралу заңына бағынады. Бұл заң төмендегідей алғы шарттарға негізделген.

Өлшеу қателері үздіксіз қатар құрайтын мәндерге ие бола алады.2. Бақылау саны шексіз артқан сайын мөлшері бірдей , бірақ таңбалары қарама-қарсы қателердің орын алу жиілігі бірдей болады.3. Мөлшері белгілі бір мәнге ие болатын қатенің қайталыну жиілігі қатенің мөлшері артқан сайын азая береді немесе үлкен қате мөлшері аз қатеге қарағанда сиректеу кездеседі. Кездейсоқ шаманың ықтималдық арқылы табылған арифметикалық ортасын математикалық күтім деп атайды. Дисперсия-- ықтималдығын ескере отырып алынған кездейсоқ шаманың математикалық күтімнен ауытқуларының квадраттарының орташа мәні.

12. Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу. Орташа арифметикалық шама. Орташа квадраттық қателіктер. Дәлдіктің артуының абсолюттік заңы. Сенімділік ықтималдылығы жене сенімділік интервалы.

Тура өлшеулер – бұл ізделінді шаманы бірлік ретінде алынған шамамен тікелей салыстыру процесі. Мысалы, ұзындықты штангенциркульмен, температураны – термометрмен өлшеу және т.б.Қателіктердің сипаттамаларын нүктелі және интервалды деп бөлу қабылданған. Нүктеліге кездейсоқ қателіктің ОКА-сы (СКО) мен жүйелі қателіктің модулінің жоғарғы шегі жатады, интервалдыға - өлшеу нәтижесінің анықталмаған шегі жатады. Егер осы шекаралар кейбір ықтималдылықтың жауабы ретінде анықталса, онда олар сенімді интервалдар деп аталады. Егер де қателіктің минималды мүмкін шегін, нақты жағдайда, сондай қателіктерді кездестіре алмасақ, онда олар шекті (шартсыз) интервалдар деп аталады.

Дәлділік сипаттамасы бойынша өлшеулер тең дәлдікте және тең емес дәлдікте деп бөлінеді.

Тең дәлдікте деп СИ дәлдігі бойынша бірдей және бірдей жағдайларда орындалатын қандай да бір ФШ-ды өлшеуді айтады. Сәйкесінше, тең емес дәлдікте деп СИ ділдігі бойынша әртүрлі (немесе) әртүрлі жағдайларда орындалатын ФШ-ды өлшеуді айтады. Тең дәлдіктегі және тең емес дәлдіктегі өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемелері әртүрлі болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]