- •1.Метрология және оның мақсаттары
- •2.Физикалық шаманы өлшеу. Өлшеудің түрлері. . Өлшеуді классификациялау
- •3.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері. Шама бірліктерінің эталондары.
- •4. Прибор шкаласын градуирлеу. Приборды градуирлеу. Термоқосақты градуирлеу.
- •5.Өлшеу нәтижелерін графиктік әдіспен өңдеу
- •6)Берілген шаманың шкаласы.Негізгі реперлер және негізгі интервалдар.Фарангейт шкаласы.Цельсий шкаласы. Өлшенетін шаманың мәндерінің айырымдары
- •8. Халықаралық бірліктер жүйесі (Си жүйесі).
- •9. Өлшеу құралдары және оның түрлері. Өлшегіш прибор оның принципиалдық ж/е құрылымдық схемалары.
- •10. Жүйелік қателік. Туындау себептері бойынша жүйелік қателіктің түрлері.
- •11. Гаусс таралуы. Математикалық күтілу. Дисперсия.
- •15 Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23.Ең кіші квадраттар әдісі
- •24. Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
- •26.Физ. Шамалар арасындағы байланыс теңдеуі
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29.Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар.
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін есептеп шығар.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34. Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •36. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •38. Өлшеудің қателігі. Қателіктің түрлері. Абсолют және салыстырмалы кателіктер. Жүйелік ,кездейсоқ және дөрекі қателіктер.
- •39. Өлшемділік. Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •42.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
- •43. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар
- •44.Кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың байқалу ықтималдылықтарының таралу заңдылықтары:бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы
- •46. Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •49.Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50. Сгс, мкс, мкгсс, мкса, мсс, мтс бірліктер жүйелері
- •51.Көлбеу трубкалы микроманометр. Микроманометрдi тарировкалау.
- •52. Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
42.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
Си жүйесінің негізгі бірліктері 7-еу.
• Ұзындық- метр
• Масса- килограмм
• Уақыт- секунд
• Ток күші- Ампер
• Жарық интенсивтілігі- кандела
• Термодинамикалық температура- Кельвин
• Зат мөлшері- моль
1 метр - бұл вакуумде 1/299792458 секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы.
1 К- судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 273,16 бөлігіне тең.
1А - азотқышқылды күмістің судағы ерітіндісі арқылы ток жүргенде 1с ішінде 0,0011180 г күміс бөліп шығаратын өзгермейтін ток.
1 Кандела – толық жарық көзінің көлденең қимасы 1/600000 м тең ауданынан осы қимаға перпендикуляр бағытта шыққан жарық күші.
1 секунд - Cs атомының аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.Си жүйесінің қосымша бірліктері және олардың анықтамалары Си Халықаралық бірліктер жүйесіне 7 негізгі және 2 қосымша бірлік енеді. Қосымша 2 бірлік – жазық және денелік бұрыштардың бірліктері – радиан және стерадиан. Бұл бірліктердің қосымша аталу себебі оларды негізгі бірліктер қатарына жатқызуға болмайды, себебі бұрышпен қозғалуды сипаттайтын шамалардың өлшемділіктерін сипаттауда қиындықтар туындайды. Сонымен оларды туынды бірліктер қатарына жатқызуға да болмайды, себебі, негізгі бірліктерден құралмайды. Жазық бұрыштың өлшем бірлігі - радиан (рад), доғасының ұзындығы радиуске тең екі радиустың арасындағы бұрышқа тең шама.
Денелік бұрыштың бірлігі - стерадиан (ср) - төбесі сфераның центрінде орналасқан, сфера бетінде ауданы қабырғасы сфера радиусына тең квадраттың ауданына тең аудан кесетін денелік бұрышқа тең шама. Халықаралық жүйенің қосымша бірліктері бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу секілді шамаларды сипаттауда қолданылады. Радиан мен стерадиан теориялық есептерде кеңінен қолданылғанымен тәжірибеде сирек кездеседі. Мысалы, стерадиан көбінесе жарық техникасында ғана қолданылады.
43. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар
Өлшеу тұтастығы – нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдылықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай – күйі.
Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе. Оның құрылымына:
1)ұйымдық негізді құраған ҚР-ның метрологиялық қызметі;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және техникалық негізді құратын өлшем құралдары;
3) өлшем тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оларды өткізу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
Шама бірліктері, шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының өлшем құралдыры, өлшем құралдарына,әдістеріне өойылатын талаптар және өлшемдерді орындау әдістемелері мен нормативтік құжаттар өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ететін жүйенің негізгі объектілері болып табылады.
Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар:
Шама бірлігінің мемлекеттік эталоны – уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында негізгі деп танылған шама бірлігінң эталоны.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемл органның өлшем құралдары шығарылуын, олардың жай – күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелері қолданылуы, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай–ақ тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез–келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.
Заңдық метрология – метрологияның стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемл орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемл талаптары бар бөлігі.
Өлшем құралдарын калибрлеу – өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасының шын мәнінің және мемл метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын өлгем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы.
Метрологиялық қызмет – қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы
