Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uldan OTI wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.44 Mб
Скачать

8. Халықаралық бірліктер жүйесі (Си жүйесі).

Өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесі (Си жүйесі) өлшемдердің халықаралық қалпы, метрлік жүйенің заманауи нұсқасы. Си күнделікті өмірмен қатар ғылым мен техникада әлемде ең көп пайдаланылатын бірліктер жүйесі болып табылады.Си жүйесі мына өлшемдерге негізделген. Ұзындық- метр, масса- килограмм, уақыт- секунд, температура- кельвин, ток күші- ампер, жарық күші- кандела, зат мөлшері- моль.Халықаралық бірліктер жүйесінің мынадай артықшылықтары бар:

• Әмбебаптығы -ғылым мен техниканың, өндірістің барлық аумақтарын қамтиды.

• Бірліктердің унификациялануы. Мысалы, бұрын қолданылып келген қысымның бірнеше бірліктерінің (атм, ат, мм.сын.бағ, мм.су.бағ т.б) орнына Халықаралық жүйеде жалғыз паскаль ғана , ал жұмыс пен энергияның бұрынғы бірліктерінің(кг*с, эрг, кал, ккал, эв, кВт*сағ т.б) орнына тек бір ғана Джоуль қолданылатын болды.

• Қолдануға ыңғайлылығы

• Когеренттілігі. Туынды шамалардың бірліктерін анықтайтын физикалық теңдеулердегі пропорционалдық коэффициенттің өлшемсіз бірге тең болуы.

• Массаның өлшем бірлігі мен күштің өлшем бірлігінің айырмашылығының айқындалуы.

• Теңдеу мен формулаларды жазудың жеңілдеуі

• Әр түрлі елдер арасында ғылыми техникалық және экономикалық байланыстар кезінде өзара түсіністіктің жақсаруы.

9. Өлшеу құралдары және оның түрлері. Өлшегіш прибор оның принципиалдық ж/е құрылымдық схемалары.

Метрологияда өлшеу құралдары деп- нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие, белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгермейтін физикалық шаманы сақтап және оны қайта жаңғыртатын техникалық құрылғыны айтамыз.

Өлшеу құралдары ғылым мен техниканың барлық саласында, өндірісте, зауыттар мен фабрикаларда, тіпті қарапайым тұрмыста да қолданылады. Ұзындықты өлшеуге кәдімгі сызғыштан бастап, одан күрделірек, штангерциркуль, микрометр пайдаланылады. Кейде адамның дене мүшелері өлшеу құралдары бола алады. Мысалы: саусақтың ені- бір елі, бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасы – бір қарыс т.б.

Функциялық қызметі жағынын өлшеу құралдарын 2-ге бөледі:

1. Берілген өлшемді жаңғыртушы өлшеу құралдары. Мысылы: кір тасы – берілген массаны, кедергілер магазині – кедергінің әр түрлә диапазонындағы мәндерін жаңғыртады.

2. Өлшеуші шаманың мәні туралы мәлімет беретін өлшеу құралдары. Мысалы: стрелкалы н/е цифрлы өлшеу құралдары.

Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында қолданылатын өлшеу құралдары өте көп. Оларды қасиеттеріне байланысты әр түрлі топқа бөлуге болады.

Өлшеу құралдары олардың жұмыс істеу принципіне байланысты былай бөлінеді:

Мералар

Өлшеу түрлендіргіштері

Өлшегіш приборлар

Компораторлар.

Мера деп- шаманың берілген мәнін қажетті дәлдікпен жаңғыртатын өлшеу құралын айтады. Мералар бір мәнді жіне көп мәнді болып бөлінеді. Аттестациялық қателігіне байл. Мералар разрядтарға бөлінеді. Дәлдік класы берілген мералар жұмыс мералары болып табылады, олар техникада өлшеулер үшін қолд.

Өлшеу түрлендіргіштер 16263-70 ГОСТ б/ша өлшеу түрлендіргіштердің анықтамасы: өлшеу түрлендіргіш деп- беруге әрі қарай түрлендіруге, өңдеуге ж/е сақтауға ыңғайлы, бірақ бақылаушыға тікелей білінбейтін пішіндегі өлшеу мәліметін шығаратын өлшеу құралдарын айтады. Өлшегіш приборлардың ең көп қолданылатын түрі тікелей әсер етуші приборлар. Оларға микроманометрлердің кейбір түрлері: термометрлер, амперметрлер, вольтметрлер т.б. жатады.

Өлшегіш приборлар- бақылаушымен тікелей қабылдай алатын түріндегі, өлшеу –ақпарат сапсын жасауға арналған өлшеу құралы. Өлшеу приборлары ұқсастықты ж/е санды көрсететін ж/е жазушы болуы мүмкін.

Компараторлар- біртекті шамалар мен мераларын н/е бірнеше приборларының көрсеткішін өзара салыстыру мақсатында қолданылатын өлшеу құралдары бол. таб. Мұндай өлшеулер кезінде негізгі өлшеуіш құралдарына бақылағыш өлшеу құралдары қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]