
- •1.Метрология және оның мақсаттары
- •2.Физикалық шаманы өлшеу. Өлшеудің түрлері. . Өлшеуді классификациялау
- •3.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері. Шама бірліктерінің эталондары.
- •4. Прибор шкаласын градуирлеу. Приборды градуирлеу. Термоқосақты градуирлеу.
- •5.Өлшеу нәтижелерін графиктік әдіспен өңдеу
- •6)Берілген шаманың шкаласы.Негізгі реперлер және негізгі интервалдар.Фарангейт шкаласы.Цельсий шкаласы. Өлшенетін шаманың мәндерінің айырымдары
- •8. Халықаралық бірліктер жүйесі (Си жүйесі).
- •9. Өлшеу құралдары және оның түрлері. Өлшегіш прибор оның принципиалдық ж/е құрылымдық схемалары.
- •10. Жүйелік қателік. Туындау себептері бойынша жүйелік қателіктің түрлері.
- •11. Гаусс таралуы. Математикалық күтілу. Дисперсия.
- •15 Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23.Ең кіші квадраттар әдісі
- •24. Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
- •26.Физ. Шамалар арасындағы байланыс теңдеуі
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29.Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар.
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін есептеп шығар.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34. Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •36. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •38. Өлшеудің қателігі. Қателіктің түрлері. Абсолют және салыстырмалы кателіктер. Жүйелік ,кездейсоқ және дөрекі қателіктер.
- •39. Өлшемділік. Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •42.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
- •43. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар
- •44.Кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың байқалу ықтималдылықтарының таралу заңдылықтары:бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы
- •46. Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •49.Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50. Сгс, мкс, мкгсс, мкса, мсс, мтс бірліктер жүйелері
- •51.Көлбеу трубкалы микроманометр. Микроманометрдi тарировкалау.
- •52. Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
51.Көлбеу трубкалы микроманометр. Микроманометрдi тарировкалау.
Тəжірибелік аэродинамикадағы негізгі өлшенетіндердің бірі ауадағы артық қысымның өлшенуі болып табылады, яғни ағындағы статистикалық қысым мен атмосфералық қысымның арасындағы айырмашылық. Сонымен қатар, ағынның толық жəне статистикалық қысымдар арасындағы айырмашылықты өлшеу маңызды болып табылады. Барлық бұл өлшемдер микроманометрдің көмегімен орындалады. Микроманометрлер тасымалданатын құралдар болып табылады. Бұл құралдағы өлшеуіш түтікшенің көлбеу тұру себебі, қателіктің аз болуы үшін.Микроманометрде жұмыс жасау үшін этил спиртін қолданамыз. Сұйықтың көлбеу түтіктегі деңгейі нөлдік шкаланың тұсында тұратындай, сұйықты кең ыдысқа құйамыз. Көлбеу түтігі бар микроманометрдің шкаласының ұзындығы əдетте 250 мм болады.Тəжірибе кезінде əрбір құралдың өзінің ерекшеліктері болады, ол өндірістің техникалық шарттарынан тəуелді. Барлық осы ерекшеліктерді түзету үшін, əрбір өндірістен шыққан құралға тарировка жасалады. Мұндай тарировканы құралды қолданған кезде де жасау керек. Əрбір микроамперметрге p = ρn(sinα + S1/ S2) = nk немесе P = nρsinα – nk1формулаларының оң бөлігіне қажетті түзеткіш коэфициенттерді анықтау үшін тарировка жасалады. Бұл коэфициенттер, əртүрлі құралдарда өлшенетін сол бір қысымның бірдей сандық мəнге ие болу шартынан анықталады. Осы түрдегі құралдар 0,1 жəне 0,5 дəлдіктегі класстарда шығарылады. Көлбеу манометрдің тарировкасы эталонды құрал бойынша жүргізіледі.Эталонды және тарировка жасалатын манометрлердің көрсеткіштерінің арасындағы тәуелділіктің сызықты сипаты болғандықтан,онда кт тарировка коэфицентінің жақсы бағасын ең аз квадраттар әдісі береді.
Термоэлектрлік термометр әртекті екі материалдан дәнекерленген,бір өткізгіштің үзілісіне милливольтметр енгізілген тізбекті құрайды.Жаңадан жасалған термоэлектрлік термометрді температураны өлшеуге қолдану үшін алдымен оны градуирлеу керек,яғни екі түйін температураларының айырмасы мен түйіндер арасында туындайтын термоэлектрлік қозғаушы күш(т.э.қ.к.) арасындағы тәуелділікті табу керек.Градуирлеу кезінде температура мәні күні бұрын белгілі реперлік нүктелер:мұздың еру,судың қайнау,таза металлдардың балқу температуралары т.б қолданылады.Градуирлеу кезінде термометрдің бір түйіні еріп жатқан мұз салынған Дьюар ыдысында термостатталады да,екінші түйін кезегімен температуралары белгілі ортаға салынады.Ыстық түйін температурасының өзгеру интервалы кіші болғанда т.э.қ.к-тің температурадан тәуелділігің сызықтық функция деп алуға болады:Е1=αT Дәлірек градуирлеу үшін бұл қатынасты квадраттық функция деп қарастырады: Е2=αT+βТ2
Мәселе эксперимент жүзінде алынған т.э.қ.к-тіңтемператураға тәуелділігін осы өрнектерімен салыстырып,тәжірибеге жуықтау келетін өрнекті анықтауда жатыр.
52. Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
Өлшеу құралдарының негізгі сипаттамалары
1)Прибор шкаласының бөлік құны-С- сандық жағынан, сілтеменің бір бөлікке ауытқуына әкелетін, өлшенетін шаманың мәніне тең болады; С өлшенетін шама бірлігінің бөлікке бөліндісімен көрсетіледі (А/бөл, мА/бөл, В/бөл және т.б.). 2) Өлшеу диапазоны – деп прибор көрсеткішін бүкіл шкала бойынша бойына ауытқыта алатын өлшенетін шаманың мәнін айтады. (1), мұндағы N – шкала бөліктерінің жалпы саны.Берілген прибордың өлшеу шегі не шкалада (біршекті приборлар үшін), не прибордың желіге қосылу клеммалары жанында, не диапазондардың ауыстырғышы жанында (көп шекті приборлар үшін) көрсетіледі. Кейде көпшекті приборлар әр түрлі шкалалармен қамтамасыз етіледі. Санау (отсчет) прибордың қосылғышына сәйкес болатын шкалада жасалады.Көп жағдайда көпшекті приборлардың тек бір шкаласы болады. Мынаны есте сақтаған жөн: мұндай приборлармен әр түрлі шектерде өлшеу жүргізгенде, шкаланың бөлік құны әр түрлі болады.Өлшенетін шамасының мәнін сипаттайтын прибор көрсеткіші, саналған бөлік санының шкаланың С бөлік құнына көбейтіндісімен анықталады: (2)
3) Бөлік құнына кері болатын S шамасы прибордың сезімталдығы (чувствительность) деп аталады: (3).
4) Өлшеу приборының дәлдігі (точность) оның көрсеткіштерінің достоверность дәрежесімен, яғни өлшеу нәтижелері қаншалықты өлшенетін шаманың шын мәндерінен ерекшеленетінімен, анықталады. 5) Өлшеу нәтижелерін қателіктермен: абсолют ( ) және салыстырмалы (ε %) қателіктерімен сипаттау қалыптасқан.Тілшелі өлшеу құралдарының өздерінің дәлдігін бағалау үшін олардың келтірілген қателігі, γ – пайызбен берілген, ΔX көрсеткіштерінің абсолютті қателігінің прибордың ең үлкен көрсеткішіне (номиналды мәніне немесе прибор шкаласының жоғары шегіне) сәйкес мәніне қатынасы, қызмет етеді: (4)Қалыпты жұмыстық жағдайларда анықталған және прибордың өзінің кемшіліктері ғана себепші болатын келтірілген қателік негізгі қателік деп аталады. Әрбір приборға, оның қолданысына, сапасы мен көрсеткіштер диапазонына байланысты, нормалармен жіберілетін негізгі қателік тағайындалады.Жіберілетін келтірілген негізгі қателік бойынша, приборлар дәлдік кластарына бөлінеді. КСРО-да электрөлшеуіш приборлар үшін келесі дәлдік кластары енгізілген: 0,02; 0,05; 0,1; 0,2; 0,5; 1; 1,5; 2,5; 4,0.Дәлдік класының белгіленуі ретінде (4)-формуламен анықталатын жіберілетін келтірілген негізгі қателік қызмет етеді.
Прибордың белгілі бір класқа жатуы, мысалы 0,2, келтірілген негізгі қателік шкаланың жұмыстық бөлігінің барлық бөліктерінде 0,2 % мәнінен аспайтынын көрсетеді. Қандай да бір Х шамасының белгілі дәлдік класының приборымен өлшенуі кезінде, ΔX абсолютті негізгі қателік (4)-формуладан былай табылады: (4.1),
Ал көрсеткіштің салыстырмалы қателігі былай табылады: (5)
Кернеуді өлшеу үшін екі вольтметр қолдансын делік: біреуінің дәлдік класы 0,5, басқасы -2,5, бірдей 0+200 В өлшеу шегі бар. Сонда, (4.1)-формуладан шығатындай, өлшеудің ΔX абсолютті қателігі шкаланың кез келген нүктесінде бірінші прибор үшін мына шамадан аспау керек: , Ал екіншісі үшін - болады.
Осылай, негізінен прибор шкаласында көрсетілетін, прибордың дәлдік класын біле отырып, көрсеткіштердің аболютті қателігін анықтауға болады, және сол арқылы кез келген өлшеудің салыстырмалы қателігін де анықтауға болады.