Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uldan OTI wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.44 Mб
Скачать

28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары

1956 жылы қазанда Халықаралық салмақ пен өлшем комитетінде Халықаралық бірліктер жүйесіне арналған алғашқы ашылуы болды. Бірақ, физикалық бірліктердің унификациясы негізінде КСРО да 1955 ж Халықаралық бірліктер жүйесі құрылды.Стандарт және өлшеу құралдары бойынша комитет КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен физикалық бірліктердің өлшемдеріне арналған стандартты бекітті (1955 ж механикалық бірліктерге, 1956 ж электрлік,жарықтық және магниттік бірліктерге, 1957 ж жылулық бірліктерге , 1958 ж акустикалық бірліктерге).

Бірліктердің Халықаралық жүйесі 1961 жылдан бастап КСРО да енгізілді. Ғылым саласында, техникада, халық шаруашылығында және білім саласында да қолданыла бастады.1964 ж физикалық өлшемдердің бірліктеріне арналған Мемлекеттік стандарт жасала бастады,қабылданғанды ГОСТ9867-61 ге ауыстыру және өлшеудің әр саласындағы бірліктерге 7 мемлекеттік стандарт қабылданды. Бұл стандарттың негізіне Халықаралық бірліктер жүйесі алынды.

29.Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар.

Эталондар жалпылама 3-ке бөлінеді: халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық.

1. Халықаралық эталондар халықаралық келісімдер бойынша ұлттық эталондарды олармен түйістіріп салыстыру (сличение) үшін қолданылады. Халықаралық эталондар Мөлшерлер мен салмақтардың Халықаралық бюросында сақталады (Париж қаласы). Жоғарыда айтылған түйістіріп салыстыруды халықаралық деңгейде ұйымдастыратын осы бюро.Түйістіріп салыстырылатын СИ жүйесінің негізгі бірліктері және сонымен қатар туынды бірліктер. Түйістіріп салыстыру периодты түрде жүргізіледі. Мысалы электр шамаларының эталондары 3 жылды бир рет.

2. Мемлекетаралық эталондар белгілі тәртіппен бекітілген ТМД-ның ( Тәуелсіз Мемлекет Достастығы) эталондары, ТМД-ға кіретін елдердің сұраныстарын қанағаттандырады. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Кеңес (Москва) бекітеді. Негізінен мемлекетаралық эталондар Россияда сақталады. Бұл эталондардың сапасы өте жоғары.

3. Ұлттық эталондар-мемлекет деңгейінде ресми түрде қабылданған эталон.Ұлттық деңгейде өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету осы елде қабылданған мемлекеттік эталондармен тікелей байланысты.

Мемлекеттік эталондар сол елдің ұлттық мақтанышы болып табылады, оның ғылыми техникалық және мәдени даму деңгейін көрсетеді. Мемлекеттік эталондар бірінші реттік, екінші реттік және жұмысшы болып бөлінеді:

Бірінші реттік эталон-елімізде ең жоғарғы дәлдікті қамтамасыз етеді, өте жақсы шарттарда сақталады.

Арнайы эталон-ерекше шарттарда бірліктердің жаңғыртылуын қамтамасыз етеді және осы шарттар үшін бірінші реттік эталондарды алмастырады.

Бұл эталондардың 2 түрі Мемлекеттік эталондар деп аталады.

Екінші реттік эталондар:

Көшірме эталон –жұмысшы эталондарға өлшемді беруге арналған Мемлекеттік эталондардың тастық, үлестік таразылар, гірлер және т.б аспаптар.

Күш және қаттылық. Динамометр, пресс, маятникті конустар орнына қолданылады.

Салыстыру эталоны-эталондарды салыстыру үшін қолданылады.

Жұмысшы эталон-бірліктерді сақтау және оның өлшемдерін үлгілік ӨҚ-на беру үшін қолданылады.

Ұлттық эталондардан басқа халықаралық эталондар бар, ол эталондар Парижге жақын Севр қаласындағы Халықаралық өлшем және салмақ бюросында (ХӨСБ) сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]