
- •1.Метрология және оның мақсаттары
- •2.Физикалық шаманы өлшеу. Өлшеудің түрлері. . Өлшеуді классификациялау
- •3.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етудің техникалық негіздері. Шама бірліктерінің эталондары.
- •4. Прибор шкаласын градуирлеу. Приборды градуирлеу. Термоқосақты градуирлеу.
- •5.Өлшеу нәтижелерін графиктік әдіспен өңдеу
- •6)Берілген шаманың шкаласы.Негізгі реперлер және негізгі интервалдар.Фарангейт шкаласы.Цельсий шкаласы. Өлшенетін шаманың мәндерінің айырымдары
- •8. Халықаралық бірліктер жүйесі (Си жүйесі).
- •9. Өлшеу құралдары және оның түрлері. Өлшегіш прибор оның принципиалдық ж/е құрылымдық схемалары.
- •10. Жүйелік қателік. Туындау себептері бойынша жүйелік қателіктің түрлері.
- •11. Гаусс таралуы. Математикалық күтілу. Дисперсия.
- •15 Өлшеу нəтижелеріне түзету енгізу.
- •21. Си бірліктерімен тең қолданылатын бірліктер
- •22Кездейсоқ қателіктер ұғымы. Кездейсоқ қателіктердің байқалу ықтималдылықтарының таралуы.
- •23.Ең кіші квадраттар әдісі
- •24. Қазақстанның эталондық базасы Эталондар-бірліктің размерін өлшеу құралдарына беру мақсатында оны сақтап және қайта жаңғырта алатын өлшеу құралдары.
- •25.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
- •26.Физ. Шамалар арасындағы байланыс теңдеуі
- •28.Си Халықаралық бірліктер жүйесі, оның кезінде ссСр-ға кіргізілу тарихи этаптары
- •29.Халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық эталондар.
- •30.Өлшеудің негізгі теңдеуін есептеп шығар.
- •31.Метрологияның аксиомалары(постулаттары).
- •32. Гауус функциясының қасиеттері.
- •33.Өлшеу. Өлшеудің құрылымдық элементтері.
- •34. Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •36. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •38. Өлшеудің қателігі. Қателіктің түрлері. Абсолют және салыстырмалы кателіктер. Жүйелік ,кездейсоқ және дөрекі қателіктер.
- •39. Өлшемділік. Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
- •42.Си жүйесінің негізгі бірліктері және олардың анықтамалары
- •43. Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз ету. Метрологияға қатысты негізгі ұғымдар
- •44.Кездейсоқ оқиғалар мен шамалардың байқалу ықтималдылықтарының таралу заңдылықтары:бірқалыпты таралу, үшбұрышты таралу заңы, трапециялық таралу заңы
- •46. Түзусызықты функцияның параметрлерін «ең кіші квадраттың əдіспен» есептеу.
- •49.Фаренгейт шкаласынан Цельсий шкаласына өту.
- •50. Сгс, мкс, мкгсс, мкса, мсс, мтс бірліктер жүйелері
- •51.Көлбеу трубкалы микроманометр. Микроманометрдi тарировкалау.
- •52. Өлшеу құралдарының (өлшегіш прибор) метрологиялық сипаттамалары
1.Метрология және оның мақсаттары
Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».
Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.
Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.
Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.
Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара түсіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.
Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.
Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.
Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.
Метрология-өлшемдердің, амалдардың, тәсілдердің нақтылығын қамтамасыз ететін ғылым.Метрологияның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1)ҚР азаматтарының мүддесін және экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау;
2)Отандық және импортталатын өнімдердің, процесстердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3)Материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебін қамтамасыз ету;
4)Ілгері зерттеулерде және ғылыми таңдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету;
5)Диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны кезінде сенімді өлшеу нәтижелерін қамтамасыз ету.