Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gigiena_ekzamen (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.9 Кб
Скачать

23 Билет

1.Бөлмеде адамдар үнемі болғандықтан ол жердің ауасының физикалық қасиеттері өзгереді:ауа темп.сымен ылғалдылығы көтеріледі.Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де өзгереді.Ауада адамның терлеуінен,бөлменің қабырғасында зәк болса,бөлмеде жағымсыз иіс пайда болады.көптеген елді мекендерде тұрмыстатабиғи және жасанды газ қолданады,егер турғын бөлмелерге газ шығатын болса газбен жедел улану болады.Тұрғын үйледе ауа газбен тамақ жасау кезінде ластанады.Жабық бөлмеде егер ауру немесе бактериа тасымалдаушы адам болса,ол жердің ауасында патогенді бактериалар болуы мүмкін.Бұл кезде бөлме эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.Бөлменің ауасы арқылы мына аурулар таралады:Туберкулез ,тымау,қызамық ,қызылша,коклюш,дифтериа,желшешек.

2. Ғимараттар мен үй-жайлардың құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жабдықтауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. . Корпустар мен басқа ғимараттар арасындағы арақашықтық күн сәулесінің түсуінің, жарықтандырудың, желдетудің және шудан қорғаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда мыналарды: пациенттер тәулік бойы болатын стационарды, микробиологиялық (вирусологиялық, паразитологиялық) зертханаларды, магнитті-резонанстық томография бөлімшелерін орналастыруға жол берілмейді.Тұрғын үйдің микроклиматы қалыпты дәрежеде болуы.Үй ішінде жумыс істеуге, демалуға,ұйықтауға толық жағдайы сәйкес келуі керек.

3.Акселерация д-з – балалық кезде немесе жасөспірім кезде психикалық дамудың жылдам дамуы.Физиологиялық тұрғыда акселерация организмнің жылдам дамуы және өсуі ,психиологияда – психологиялық дамып жетілу болып табылады.Децелерация – акселерацияға қарама қарсы процес болып табылады,яғни организмнің немесе органдардың биологиялық,физиологиялық пісіп жетілуінің баяулауы.Бұл процесте 20жастан асқан адамдардың салмағының, кеуде қуысының, бұлшықеттерінің күшінің төмендегенін байқауға болады.Бұл өзгерістер белгілі бір фактордың әсерінен болуы мүмкін:экологиялық фоктор, гендік мутация,әлеуметтік жағдайдың немесе тамақтанудың төмендеуі т.б.Әр баланы медициналық тексеруден кейін 5 топқа бөліп ,біреуіне жатқызып қарастырады:1-топ-сау балалар;2-топ-сау бала, бірақ аурудан кейін функционалды өзгерістері бар балалар;3-топ-созылмалы аурумен ауыратын,өмір сүруге және еңбек етууге бейімделген балалар;4-топ- созылмалы аурумен ауыратын,өмір сүруге және еңбек етууге бейімділігі жоқ балалар;5- топ-декомпенсация- ағза қызметінің бұзылуы анықталған ,1-2- топтағы мүгедектер.

10 Билет

1.Микроклимат- шектелген территориялық климаттық ерекшелігін сипаттайды .М:қала,курортты,бөлменің микроклиматы. Жайлы микроклиматта адам жылуды жақсы сезінеді,ОЖЖ оптималді жумыс істейді,дене еңбегі мен оймен жумыс істеу қабілеті жоғары болады. Ауа райының қолайсыздығы адамның денесінің қызуын немесе салқындауына , яғни адамның ағзасында әр түрлі жедел және созылмалы аурулар тудырады. Акклиматизация д-з жаңа климаттық жағдайға қалыптасуы.Бұл басқа климаттық жерге көшкенде немесе уақытша барғанда пайда болады.Акклиматизация процесі кезінде жеке бас гигиенасын сақтаудың, шынығу,спортпен шұғылданудың және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Бөлменің температурасын термометрмен өлшейді. Бөлменің орташа темп-сын 6 нүктеден анықтайды:тігінен 3нүктеде – биіктігі еденнен 0,1;1,5м және бөлменің төбесінен 0,15 м жетпей.6 нуктеде анықталған темп-ны бір-біріне қосып,6 бөледі.

2.Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу ,су тазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырады.Суды тазарту үшін келесі сатылардан өткізеді:мөлждірлендіру,судың коагуляциясы,суды тұндыру,суды сүзу. Ал суды залалсыздандыру арқылы судың құрамындағы микроорганизмді жою болып табылады.суды залалсыздандыру 3 ке бөлінеді: хим-қ, физ-қ, аралас түрі.Хим-қ әдіске-хлорлау, озондау, ауыр металдардың иондарымен өңдеу жатады. Хлорлау – су тазалау стансаларында арнайы қондырғыда хлораторларда жүргізіледі .Ірі су құбырларына газ тәрізді хлор қолданылады,ол қолданылатын жеріне сұйытылған түрде баллондарда жеткізіледі. Хлорлаудың 2 турі қолданылады:нормадағы дозамен хлорлау, суперхлорлау.Хлорды жұту дегеніміз 1дм. куб судың 30 минут хлормен қатынаста болған кезде,органикалық заттардыңтотығуына кеткен хлордың мөлшерін айтамыз. Судың арнайы өңдеу әдістеріне – суды жумсарты, тұщыландыру,фторлау,дефторлау,темірлеу,темірсіздендіру жатады.

3.Өндірістік процестің көбі шумен байланысты.Шу дауыстың жиілігіне байланысты есту қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.Санитарлық нормалар мен ережеге сай оймен атқарылатын жумыс бөлмеде шудың мөлшері50дБ,басқару бөлмесінде 60 дБ,шу шығаратын қондырғылар бар бөлмеде 80-85 дБ көп болмауы керек.Шудың кері әсері ретінде “шумен жарақаттану” есту қабілетінің төмендеуі,кәсіптік кереңдік байқалады.Ол жоғары дәрежелі дыбыстық қысымның әсерінен болады,бұл кезде құлақтың барабан пердесі жарылып кетуі мүмкін.Құлақта ауырлық сезіледі,бас айналады,есту мүшесі зақымдалады.Шудың алдын алу шаралары:технологиялық процесті жақсарту,бөлменің ішінде шудың таралуын азайту,жеке қорғану құралдарын қолдану,гигиеналық нормалау,жұмысшыларды медициналық тексеру.Ультрадыбыс-естілетін жиіліктен 20 кгц жоғары дыбыстардың теңселіп қозғалуы.Ол ауада ,суда ,темірлерде жақсы таралады,таралу жылдамдығы темперадураға байл. Инфрадыбыс – 20 гц-тен төмен диапазондағы дыбыстар.Инфрадыбыс әсерінен адамдарда жумыс қабілеті нашарлайды,жүйке жүйесі,жүрек қан тамыр, тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Шудың деңгейін анықтау үшін ИШВ -1аспабы қолд.Шудың күштілігі 115 ДБ асса шудан қорғайтын шлемдер қолданылады

Билет№25

1.Кун радиациясы дегеніміз-куннен шығатын сәулелі энергия. Күн радиациясы күннен шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2-мен есептеледі.Оны корпускулярлы және электромагніттік толқындар құрайды. Иондық сәулеленудің барлық түрлерін екі топқа бөлуге болады: электромагниттік сәулелену және корпускулярлық сәулелену.Электромагниттік сәулеленуге рентген және гамма – сәулелері жатады, ал корпускулярлық сәулеленуге әр түрлі ядролық бөлшектер жатады. Күн – рентген сәулелерін шығарып отыратын бұлақ. Бұл сәулелер Жердің үстіңгі қабатындағы атмосферада ұсталынып тұратындығынан тірі жәндіктерге, жануарларға және адамдарға оның зиянды әсері жетпейді.Гамма – кванты ядролық реакциялар жүргенде және көпшілік радиоактивтік заттар ыдырауға түскен кезде бөлініп отырады.Рентген сәулелерінің және гамма – квантының физикалық қасиеттері ұқсас (заттардан өту қабілеті анағұрлым жоғары),  сондықтан тірі организмге олардың биологиялық әсерлері бірдей.Корпускулярлық сәулеленуге ядролық бөлшектерден тұратын иондық радиацияның барлық түрлері жатады: бета бөлшегі (электрондар), протондар (сутегінің ядросы), альфа бөлшегі (гелийдің ядросы). Нейтрондар тікелей емес жолмен бөлшектерді иондандыра алатын болғандықтан, олар өздері зарядталмаған болса да сәулеленудің осы тобына жатады.Зарядталған ядролық бөлшектер сәулеленген заттан өткенде өзінің энергиясын жұмсап, энергиясы таусылғанша сол заттың атомдарын және молекулаларын ионды түрге айналдыра береді.Сәулелену ядро бөлшектерін тек ионды түрге айналдырып қана қоймайды, ол сәулеленуге түскен заттың атомдарын және молекулаларын өзінің энергиясын соларға беру арқылы қоздырады. Сөйтіп, иондану және қозу – сәулеленген зарядтан өтетін иондық радиациясының энергиясын жұмсайтын негізгі құбылыс. Бета – бөлшегі өзінің физикалық жағынан атомдардың қабығындағы электрондардан айырмашылығы жоқ. Электрондар сияқты олар теріс зарядталған. Бета – бөлшегі атом ядросының радиоактивтік ыдырау кезінде пайда болады да, сәуле түрінде одан өте жылдам бөлінеді.Альфа – бөлшегі бета – бөлшегіне қарағанда 7300 есе ауыр. Альфа – бөлшегі атомдық номері үлкен кейбір элементтерден радиоактивті ыдырау кезінде бөлінеді.

2 Тамақтану- ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы. Ол негізгі функциялары: өсу, жетілу және жұмыс қабілеттілігінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталған. Тиімді тамақтанудың негізгі элементі болып үйлесімді тамақтану мен тамақтану режимі жатады.т тиімді тамақтану тәуліктік тамақтанудың каллория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы. Үйлесімді тамақтану деп адамның тағамының құрамындағы барлық тамақтық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді ара қатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғарғы пайдалы әсерін тигізуін айтады.үйлесімді тамақтану тамақтық заттар мен биологиялық белсенді заттар мен саны мен сапасы жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу мен витамин, минералды элементтер.тамақ ішу тәртібі тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігіне жатады. Тамақ ішу тәртібіне адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тамақтардың каллориясы бойынша әр мезгілге бөлуі жатады,ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақтану. Күніне 4 рет тамақтанған кезде тағамның каллориясы бөлінеді: 1 таңғы ас 18%, 1-ші таңғы ас 12% , түскі ас-45%, кешкі ас-25% құрайды,ал егер күніне 3 рет тамақтану болса, таңертеңгі ас 30%, түскі ас 45%, кешкі ас25%. Ақуыздар ауыстыруға болмайтын тағамдық заттарға жатады.олар ағзаның өсуіне,өмір сүруіне,жетілуіне әсер етеді. Ақуыздар жасушалар мен ұлпалардың, гармондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады, құрылыс материалы ретінде, зат алмасу процессінің жетілуіне,әсіресе минералды заттар мен витаминдердің алмасуына, тұз алмасу процессіне өте қажетті болып табылады. Адамның ақуызға деген қажеттілігі,сұранысы оның жасына, жынысына, істейтін жұмыс түріне, климаттық жағдайына байланысты. Жұмыстың ауырлығына байланысты, ақуыздың нормадағы көлемі 1 күнде 110-130 гр деп ұсынылады.майлар адам ағзасындағы энергетикалық және пластикалық роль атқарады және жасушалар құрамына кіреді, жасушаның құрылымдық бөлігі болып табылады.майлар энергия көзі. Көп қанықпаған май қышқылдарына қажесек адамда 5-7 , балаларда 3-4 гр. Май қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін күніне 25-30 гр күнбағыс майын қолдану қажет.Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады.Көмірсудың физиологиялық маңызды негізінен оның энергетикалық қасиетіне байланысты анықталады.Көмірсулар жасушалардың биологиялық түзілуінде пластикалық материал ретінде қолданылады.Нан мен жармалардың жасалған өнімдердің көмірсулардың сіңу көрсеткіші 94-96,көкөністер 85, картоп95 кондитерлік өнімдер 95,қант 99, сүт және сүт өнімдері 98. Қант пен крахмалдың рационды арақатынасы 1/3-4 ұсынылады. Тағам рационындағы көмірсулар көлемі адамның энергия ждұмсауына, жасына, жынысына байланысты 250-440 гр дейін болады. Минералды заттар ағзада өте маңызды рөл атқарады минералды элементтердің физиологиялық маңызы ферменттік жүйенің құрамына және олардың жұмысына, ағзаның тканьдарын түзуге, әсіресе сүйек ткандарын түзуге, пластикалық процестерге, ағзаның қышқылдық-негіздік жағдайын тұрақты ұстауға, қанның құрамындағы тұздың нормада болуын, ағзадағы тұз және су алмасу процесстерінің нормада болуын жүруіне әсерін тигізеді. Кальций адам ағзасындағы 1500 гр мөлшерде кездеседі,99 сүйек құрамында болады, магний ересек адамда тәулігіне 400 мг, балалардың жасына байланысты тәулігіне 250-350 мг магний қабылдау қажет,натрий ересек адамда 4-6 гр қолдану керек, яғни ол натрий хлоридінің 10-15 гр сай.темір ересектер үшін 10мг,әйелдер үшін 18мг қажет.мыс ересектерде-150мг,мысқа деген қажеттілік -2,0мг.маргенецке деген қажеттілік тәулігіне-5мг. Витаминдер аз молекулалы органикалық қосылыстар, химиялық табиғаты әр түрлі зат алмасу процесіне қатысады, денсаулықтың мықты болуна әсет тигізеді, адамның бейімделуіне және еңбекке деген қабілеттілін арттырады. А витамині ересек адам тәуліктік қажеттілігі 1000 мкг, жүкті әйелдерде 1250 мкг, 1 жасқа дейінгі балаларда 400 мкг. Е витамині ересектер үшін 12, жүкті әйелдер мен емізулі әйелдер үшін 15, балалар мен жасөспірімдер 5-12 мг. К витамині ересек үшін 0,2-0,3мг.

3. Оқушылар арасында медициналық тексеру жүргізгеннен кейін олардың денсаулығына, физикалық жетілуіне және дайындығына қарап 3 топқа бөледі: негізгі, дайындық, арнайы. Негізгі топқа денсаулығы,дайындығы жақсы балалар алынады. Дайындық тобына денсаулығы жақсы, дайындығы нашар балалар алынады, және денсаулығында аз ғана ауытқулары бар балалар алынады. Оларға уақытша ауыр физикалық жаттығулар жауға болмайды. Ол балаларда медициналық қадағалау үнемі жүргізіледі, дене бітімінің ауытқулары бар және омыртқа сүйектері қисайған балаларда арнайы гимнастикалық жаттығулар жасатады. Дене шынықтыру сабақтарына қатысқан кезде сабақ өтетін залдың гигиеналық талаптарын: тазалығын, жарықтануын, микроклиматын және жұмыс жарамдылығын қарауы керек.сабақтың тығыздылығы дегеніміз оқушылардың қимылдауға, жылжуға кеткен уақытқа қатынасын айтамыз, ол кемінде 60-65 болуы керек, сабақ әдетте 3 бөлімнен тұрады,1-ші кіріспеде 5-8 мин,негізгі бөлім 30-30мин,қорытынды бөлім 5-7 мин.Дене бітімінің дұрыстығын сақтауы үшін дене шынықтырудың маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]