
11 Билет
1.Микроклиматка температурадан баска ауа ылғалдылығы нормада 40-60 % болуы керек . Қоршаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдығына байланысты. Ауа жылдамдығы өскен сайын конвекция жолымен жылу бөлу өседі. Тұрғын ұйлерде микроклиматтық жағдай нашарлаған кезде,мысалы, ылғалдың мөлшерден тыс көп болуы бөлмелерде жылу алмасу процесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Тұрғын үйдің ауа ылғалдылығын анықтау ушін Август және Ассман психрометрлері мен гигрометрлер колданылады. Бөлменің ауа ылғалдылығы 1,5 м биіктікте екі нүктеден анықталады; бөлменін ортасында және сыркы кабырғадан 20 см қашыктыкта. Аспап штативке бекітілген екі бірдей сынапты термометрден турады.Онын біреуі кебу, ал екіншісі ылғалды.
2.Cудың сынамасын зерттеуге дұрыс алу зерттеудегі манызды және жауапты кезен болып саналады. Судың сынамасын зертеудің қорытындысы сынамасы дұрыс алғанға байланысты болады. Судың сынамасын зерттеу толық және қысқаша схема бойынша жүргізіледі. Судың сынамасын толық анализге алған кезде мына қөрсеткіштер анықталады.1.Органолептикалық ; Иісі, дәмі , түсі, түстілігі, мөлдірлігі, лайлығы, қалқып журген заттар, тунбалар. 2.Химиялық: Қышқылдығы ,еріген оттегі, аммонилы азот, нитриттер, хлоридтер, кепкен калдык, микроэлементтер, фтор, йод.3. Бактериологиялық: микробтар саны, коли- индекс, коли титр, және эпидемиологиялык, көрсетімдер,Судың сынамасын қысқаша анализге алған кезде мына көрсеткіштер анықталады:1.Органолептикалық: Иісі, дәмі, түсі,түстілігі, мөлдірлігі, лайлылығы, тұнбалар;2.Химиялық: Қышқылдығы,еріген оттегі, Аммонилық зат. 3.Бактерилогиялық: Микробтар саны, коли индекс.Ашық су қөзінен судың сынамасын алу. Ашық су көзінен судың сынамасы әр түрлі батометрлердің көмегімен алынады. Ашық су көзінен орталықтандырылған сумен қамту үшін алынатын судың сынамасын суды соратын жердің денгейінен алады. Егер ашық су көзінің суы орталықтандырылмаған сумен қамту үшін қолданылса ,онда судың сынамасы 30-40 см терендіктен,екі жактын жағасынан 5-10 см қашыктыкта алынады. Су көзінің суының сапасына баға беру үшін әр маусымда судың сынамасын 3 реттен кем емес алу қажет.
3.Діріл – жұмысшының бүкіл денесіне немесе тек бір бөлігіне механикалық тербелгіш қозғалудың әсер етуі . Қазіргі кезде өндірістік зиянды факторлардың Ішінде діріл өте жиі кездеседі., кәсіптік өте жиі кездеседі, кәсіптік діріл ауруы кеңінен таралған.Діріл деп 1 Гц тен жоғары жиіліктегі серпілмелі заттардың механикалық тербелісін айтады. Дірілдің физикалық гигиеналық сипаттамасы.Діріл теңселу жиілігімен және амплитудасымен сипатталады,діріл ұлпалар арқылы таралып , бүкіл денеге қозгалуды туындатады. Дірілдің жиілігі герцпен өлшенеді.,бірак көбіне децибелл қолданады. Дірілдің амплитудасы миллиметрмен өлшенеді. Діріл ауруы пайда болуда аса қауіпті 16-250 ГЦ.Дірілдің жергілікті әсері машина ұшақ, кеме құрастыру зауыттарында ,кен казу өндірісінде ,пневматикалық құралдармен,уру бургылау,,егеу құралдарымен қолмен жұмыс істегенде кездеседі.