Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ ГП Каз.13-14 ж..rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.04 Кб
Скачать

2. Ұйымдастырылған ұжымдардың нақты қоректенуiн санитарлық-гигиеналық бағалау

Студентке тапсырма: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында балалардың нақты қоректенуiнiң санитарлық-гигиеналық бағалау бойынша өзініздің жаттығу дағдыларыңызды көрсетіңіз. Барлық орындалатын іс-әрекеттеріңізді түсiндiру керек.

Емтихан алушы үшiн мәлiмет: студенттi төменде келтiрiлген әрбiр қадам бойынша бағалаңыз.

Қажеттi жабдықтау: негiзгi алмасуды есептеу үшiн кестелер, негізгі азық-түлiк заттарындағы және энергиядағы физиологиялық қажеттiліктер нормалары.

Қадамдарды бағалау критерийлері

Дұрыс орындалды

Ескертулермен орындалды

Орындалған жоқ

1.

Емтихан тапсырушы химиялық құрамын және калорийлігін есептеу үшiн, ұйымдастырылған ұжымның нақты қоректенуiн зерттеу үшiн қажетті, мәзір-сұрыптама ерекшелiктерiнің көлемін дұрыс бағалады. Жылына талқылануға 72-80 мәзір-сұрыптама алыну қажет (бір маусымда 18-20). Осы жағдайда меню - сұрыптама әр маусымда 15, бір жылда 60 алынған, ол нәтижелердiң ақиқаттықтары үшiн жеткiлiксiз.

0,5

0,25

0

2.

Азықты еселiлiк және уақыт бойынша қабылдаудын тәртiбiн талқылап, азықтың қабылдану аралығындағы интервал бойынша қоректенудiң тәртiбiн дұрыс бағалады. Қоректену 4 уақыт, ұсынылатын еселiлiкке сәйкес келедi. Тамақтану уақыты, қабылдаулардың арасындағы интервалдар нормаларға сай.

0,5

0,25

3.

Физиологиялық нормалармен салыстырып балалардың осы жас (3-7 жас) шамасына байланысты тобы үшiн рационның тәулiктiк қоректiлiгiн бағалады және дұрыс есептедi. Рационның тәуліктік калориялылығы 2607 ккал ↑ N-1970.

0,5

0,25

0

4.

Ұсынылатын көрсеткіштерімен салыстырып жеке қабылдаулар бойынша азықтың қоректiлiгiнiң пайыздық үлестiрiлуiн дұрыс есептеп бағалады: таңғы ас – 27%, түскі ас -33% , түстік ас – 16,4%, кешкі ас - 23,6, N-ға сәйкес келмейді (20-25%, 35-40%, 10-15%, 25%).

0,5

0,25

0

5.

Макронутриенттер (ақуыз, май, көмірсу) санын есептеп тәулiктiк рационда олардың физиологиялық тұтынудың бiрыңғай нормаларымен салыстырды және рационда олардың нақты мөлшеріне гигиеналық баға бердi. Б – 75 гр ↑ (N - 68), Ж- 83 гр↑ (N 68), У- 385 гр ↑ (N 258).

0,25

0,125

0

6.

Дәрумен және минералды құрамы бойынша қоректенудiң адекваттылығын дұрыс бағалады: А дәрумені – 520 мкг ретин.экв = N (500), С дәрумені – 35 мг ↓ N (50), кальций – 800 мг. ↓N (900), фосфор – 900 мг↓N (1350), йод-0,04 мг↓N (0,06-0,07). Са,Р,йод жеткіліксіз.

0,25

0,125

0

7.

Қоректенудiң ұтымдылығы туралы негiзгі шешiмдi дұрыс құрады. Балалардың қоректенуi сапалық және сандық толыққұндылық жағынан да ұтымсыз.

0,25

0,125

0

8.

Ұйымдастырылған ұжымның қоректенуiнiң жақсартуы бойынша ұсынысты қарастырды.

Рационның жалпы калориялылығын майлар және көмiрсу сандарын рационда азайту есебiнен 600 ккал азайту,.

Са, Р, йод көздері болып табылатын азық-түлiк өнiмдерiн рационға қосу есебiнен (сүт, сүт тағамдары, балық, бұршақ, теңiз өнiмдерi), осы заттектердің квотасын көбейту.

Дайын тағамдарында тиімді С-витаминизациялауды жүргізу.

0,25

0,125

0

Барлық балдар

4,0

2,0

0

Нәтижелердiң бағасы:

Өте жақсы: А «4,0» (95-100%)- 4,0 балл

А-«3,67» (90-94%)- 3,75 – 3,50 балл

Жақсы: В+ «3,33» (85-89%)- 3,25 балл

В «3,0» (80-84%)- 3,0 балл

В - «2,67» (75-79%)-2 ,75 - 2,5 балл

Қанағаттанарлық: С+ «2,33» (70-74%)- 2,25 балл

С «2,0» (65-69%)- 2,0 балл

С- «1,67» (60-64%)- 1,75 балл

D+ «1,33» (55-59%)- 1,5 – 1,25 балл

D «1,0» (50-54%)- 1,0 балл

Қанағаттандырарлықсыз: F «0»- 1 баллдан төмен

Максималды балл: 4,0

Дағдыны орындау уақыты – 10 минут.