Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ ГП Каз.13-14 ж..rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836 Кб
Скачать
☆

Қоғамдық тамақтану орындарының санитарлық-эпидемиологиялық тексеруі

«Шығыс» дәмхананы жоспарлы санитарлық-эпидемиологиялық тексеруде келесi айқындалған: дәмхана бөлек тұрған ғимаратта орналасқан, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Сумен жабдықтау, канализация, жылыту, жарық, желдету жүелері санитарлық ережелерге сәйкес келедi. Персонал медициналық тексерістен уақытында өткен. Сатылатын тағамдардың қауіпсіздігін және сапасын куәландыратын құжаттары бар.    Бір тоназытқышта даярланылған шикi күйiнде фарш, жартылай сүрленген және піскен шұжықтардың сақталуы анықталған. Шикі және дайын азық-түлікке арналған таңбаланған мукаммал өндiрiстiк үстелдерде бiр бiрінің үстінде сақталады. Асханалық ыдысты жуу үш секциялы ваннада iске асады, ас үйлік - екi секциялы. Асханалық ыдыс күннiң соңында дезинфекцияланады. Таратуда бiрiншi тағамдар температурасы + 65єС құрады, екiншi +60 єС, компот және киселі +14 єС. Барлық тағамдарды таратуға рұқсат берілген. Қызыметшiлердiң тексеруi күнделікті өтеді.

  1. Дәмхананың жоспарлы тексерілуі қандай нормативті құжаттарға сәйкестілігі бақыланады?

  2. Жоспарлы тексеру жүргізілетіні туралы алдын ала хабарлаудың уақытын анықтаңыз.

  3. Тексеруді жүргізу алдында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының лауазымды тұлғалардың толтыратын құжаттарын анықтаңыз.

  4. Тәуекел дәрежесіне байланысты тексерілетін нысанның тобын анықтаңыз және базалық тексеру еселігін көрсетіңіз.

  5. Азық-түлiк өнiмдерiнiң сақтаулуының шарттары бойынша бұзушылықтарды көрсетіңіз.

  6. Тексеріс барысында тағы да қандай бұзушылықтар анықталды?

  7. Бұзушылықтарға әкiмшiлiк жаза қолданылуды анықтайтын заңдылық құжатты көрсетіңіз.

  8. Нысанның тәуекел дәресесін анықтап және келесі жылға жоспарлы тексерудің жиілігін анықтаңыз.

8 дағды

Тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарының санитарлық-эпидемиологиялық тексеруі

Кондитер-крем бұйымдарын шығаратын цехтың санитарлық-эпидемиологиялық тексеруде келесi айқындалған: аз қуатты цех (тәулігіне 230 кг крем бұйымдарын шығарады), санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Тексеру кезінде цехта кондитер-стажер жұмыс істейді, жеке медициналық кітапшасы жоқ. Тексерістен 1 күн бұрын әкелінген жұмыртқадан басқа барлық азық-түлік және өнімдерге сапасын растайтын сертификаттары бар. Тексеру барысында келесі анықталды: өңдеу үшiн ұштар, торт және пирожныйға қолданылатын ұсақ мукаммалын жуу келесi кезекпен өтедi:1) крем толық кеткенше 65°С суға 1 сағат жібіту; 2) жуғыш затта жуу (қолмен жуу судың температурысы 35°С); 3) сумен шаю (судың температурысы 25°С) 4) кептіргіш шкафтарда кептіру; 5) 30 минут қайнатумен зарарсыздандыру. Дезинфекциялық ережелердің бұзушылығы анықталған жоқ. Шайындылардың, өнімдердің және дайын бұйымдардың сынамасының қорытындылары теріс.

  1. Дәмхананың жоспарлы тексерілуі қандай нормативті құжаттарға сәйкес сәйкестілігі бақыланады?

  2. Тексеру жүргізу алдында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының лауазымды тұлғалары толтыратын құжаттарды атаңыз.

  3. Тәуекел дәрежесіне байланысты тексерілетін нысанның тобын анықтаңыз және базалық тексеру еселігін көрсетіңіз.

  4. Қызметшілерге қойылатын талаптардың бұзушылығын анықтаңдар, бағалаңдар.

  5. Өнімді қабылдауға қойылатын талаптардың бұзушылығын анықтаңдар, тәуекел дәрежесiнiң бағалау белгiлерi бойынша оларды бағалаңыз.

  6. Жабдықтарды жуу және дезинфекциялау шарттың көрсетiңiз және белгiлерi бойынша бағалаңыз.

  7. Бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама жазыңыз.

  8. Нысанның тәуекел дәрижесін анықтап келесі жылға жоспарлы тексерудің жиілігін анықтаңыз.

9 дағды