- •58 Қазақстан – соғыс арсеналы. Қазақстандықтардың майданға көмегі.
- •6 Ғұндар
- •36.Жанқожа Нұрмұхамед ұлы бастаған көтеріліс:.
- •1960 Жылдарда –ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады.
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қ-н халықтарының м-ті мен оның көршілес елдер м-тімен өзара қатынасы.
- •73Қазақстан Республикасының Конституциясы. (1993ж). Жаңа Конституцияның қабылдануы.(1995ж)
- •20 Қазақ халқының қалыптасуының.Қазақ этнонимі.
- •1.2 Жаңа экономикалық саясат кезіндегі қ-нның халық шаруашылығын қалпына келтіру.
1.2 Жаңа экономикалық саясат кезіндегі қ-нның халық шаруашылығын қалпына келтіру.
Партияның Х съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті. Мал өсірумен айналысатын алты және одан да кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Күш көлік салығы мен ақшалай түтін салығының орнына бірыңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері ауыр болған жоқ. Егер 1924-1925 жылдарда бірыңғай ауылшаруашылық салығы ретінде тауарлы өнімнің сегізден бір бөлігі алынған болса, 1927-1928 жылдарда он үштен бір бөлігі ғана алынды. Рыноктық қатынастардың нығаюына қарай салық төлеудің заттай және ақшалай аралас түрі, ал 1924 жылғы 1 қаңтардан бастап тек қана ақшалай түрі ғана ақшалай түрі енгізілді. Салық үдемелі салық болып, оның негізгі ауыртпалығы кулактар мен байлардың мойнына түсті. Мәселен, 1926-1927 жылдарда көшпенді және жартылай көшпенді аудандарда бай қожалықтардың 8 проценті салықтың 54,8 процентін төледі. Салықтан жиналған қаражат қорғаныс ісіне, халық ағартуды дамытуға жұмсалды.
Ауыл шарушылығын қалпына келтіру ісін ұйымдастыру үшін ауылшаруашылық кредит қоғамы құрылды. Көшпенді халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берілді. Кредит кооперациясының қызметін көбінесе кедейлер мен орташалар, совхоздар, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері пайдаланды. Мемлекет тұқым беруді жүзеге асырды. Кеңестер кедейлердің мүдделерін байлар мен кулактардың қол сұғуынан қорғады.
Орыс деревняларындағы «Қосшы» одағы, шаруалар комитеттері өздерінің қауымдасып жыртқан жерлерімен, жарналарымен, ақшалай және материалдық қорларымен , ұжымдық басқару нысандарымен кооперацияның бастапқы нысанын құрады.
Олар шаруаларға егістіктерді өңдеуге, ауылшаруашылық машиналарын, сондай – ақ ұсақ кәсіпорындарды (диірмендерді, наубайханаларды, асханаларды, май шайқайтын, мал соятын орындарды, кірпіш заводтарын және т.б.) сатып алуға көмектесті.
Олар серіктестіктер мен колхоздар құруға бастама жасап отырды.
Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға кредит түрінде зор көмек көрсетті. 1924 – 1925 жылдарда республикада 415 троктор әкелінді, оларды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Кредит, қаызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен деревня еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.
Соның нәтижесінде Қазақ АКСР – інің егіс көлемі 1924 жылғы 2,1 миллион гектардан 1928 жылы 4 миллион гектарға дейін артты. Шынына келгенде республикадағы егіс көлемі 1928 жылы 1913 жылғы деңгейіне (4,4 милион га) жеткен еді.
Мал шарушылығы ауылшаруашылығы одан да жоғарғы қарқынмен дамыды. 1924-1928 жылдары мал саны 24,8 миллионнан 41 миллионға жетті. Осы жылдар ішінде шаруа шаруашылықтарының саны 737 мыңнан 1 миллион 333 мыңға дейін көбейді. Астық өндіру артып 1928-1929 жылдары Қ-н1920 жылы азық – түлік салғырты бойынша ел көлемінде жиналған астықтың бүкіл мөлшерінің 4/1 бөлігінен астамын берді. Осы уақытқа қарай Қ-н да 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қ-нда мақта өсіретін «Пахтарал» совхозы ұйымдастырылды.
Сөйтіп жаңа экономикалық саясат шарулар мен қоныс аударған шаруалардың потенциалды мүмкіндігін соғыс , аштық, күйзеліс артқа шегіндіріп тастаған ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіру үшін жұмылдыруға мүмкіндік берген «керемет» болып шықты.
Эконоикалық өрлеу негізінде шаруалар одан әрі жіктеліп жатты: батырақ – кедей шаруашылықтарының проценті екі есе азайды. 1928 жылы ауыл мен деревняның ¾ бөлігі орташалар болды. Кулак бай шаруаларының саны екі еседен астам көбейді.
1.3 Жер-су реформасы..
Қазақ республикасы еңбекшілерінің өмірінде үкімттің патша өкіметінің жер мәселесі жөніндегі саясатының ауыр зардаптарын жою шараларымаңызды роль атқарды.
1921 жылғы сәуір айында патша өкіметі Сібір мен Орал казак әскерлеріне берген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет шығарылды. Осы декрет бойынша қазақ шаруалары Ертіс жағалауы өңірінен 177 мың десятинадан астам және Жайықтың сол жақ жағалауынан 208 десятинадан астам жер алды.
1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, ол қазақ , қырғыз және ұйғыр еңбекшілеріне олардан 1916 жылғы көтерілісті басып жаныштау кезіндегі тартып алынған 460 мың десятинадан астам жерді қайтарып берді. Сонымен бірге бұрынғы офицерлер жері мен еркін қоныстану учаскілерінен Жетісу мен Оңтүстік Қ-нның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 миллион десятинадан астам жер қоры құрылды.
Аграрлық өзгерістер 1916 жылы Қытайға эмиграцияға кеткен 300 мың босқынның қайтып оралуына және әлеуметтік – экономикалық жағдайын нығайтуға себепші болды. Алайда реформаны жүзеге асыру кезінде жергілікті жерлерде қателіктер мен асыра сілтеуге жол берілді. Мәселен, кейде қара шекпенді кедейлер шаруашылықтары жерден айырылды. Көбінесе олардың бәрі отаршы – кулактар қатарына жатқызылып, мұның өзі қарашекпенді мен байырғы халық арасында ұлт араздығын туғызды.
Ауылдарда Кеңес өкіметінің нығаюы мен еңбекшілерді мемлекеттік және шаруашылық құрылысқа тарту ісінде 1921 жылы құрылған «Қосшы» одағы (кедейлер одағы) зор роль атқарды. «Қосшы» одағына қазақ кедейлерімен қатар қоныстанушылар деревнияларының кедей шаруалары да тартылды. «Қосшы» одағы кедейлерге еңбек артельдерін құруға көмектесті, жер беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтерді. «Қосшы» одағының мүшелері жер реформасын жүргізуге қатысты. А.Асылбеков,Ә.Жангелдин, Г.Коростелов, С.Меңдешов, Д.Бәрібаев, А.Розыбақиев және басқалар күрделі аграрлық мәселелерді шешуге рух беріктігін, принциптілік көрсетті.
1921-1922 жылдардағы жер реформасы қазақ және орыс еңбекшілерін социалистік құрылысқа тарту ісіне жәрдемдесіп, патша өкіметінің аграрлық қатынастар саласындағы отаршылдық саясатына соққы берді, клімсек кулактардың экономикалық күш қуатын барынша нашарлатып, қазақ аулындағы патриархалдық – феодалдық негізді әлсіретті. Реформа жұмысшы табы мен қазақ шаруалары, өзбек, дүнген, ұйғыр диқандары одағының нығаюына, ұлттық келісімнің орнығуына жәрдемдеседі.
2 ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ТАБЫСТАРЫ.
2.1 Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының жағдайы.
Өнеркәсіптегі өзгерістер де одан кем болған жоқ. Халық шаруашылығының қазақ орталық кеңесі сегіз тесті – «Қожмехтрест», «Казрыбтрест», «Илецксоль», «Повлодарсоль», «Акжал – золото», «Каззап – золото», «Казахсаксаултрест», «Казспирт» трестері мен екі кәсіпорынды – сантонин заводын, Қарғалы шұға фабрикасын біріктірді. Жергілікті маңызы бар кәсіпорындар губерниялық кеңестердің қарауында болды. Олардың бір бөлігі жалға берілді.
Сонымен бірге одақтық маңызы бар трестер жұмыс істей бастады. КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1923 жылы 12 қарашадағы декретімен «...Одақтың қорғанысы үшін, дүниежүзілік рынокта оның мүдделерін қорғау үшін және өнеркәсіпті, тасымалды қалпына келтірудің біртұтас жоспарын жалпы Одақ көлемінде жүргізу үшін бірінші дәрежелі маңызы» бар кәсіпорындар соларға жатқызылды. Қазақ АКСР – інде одақтық маңызы бар «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет» трестері құрылды. «Алтай полиметалл» Риддер полиметалл кәсіпорындарын, Екібастұз көмір кен орындарын, Солтүстік Балқаш өңірінің полиметалл кеніштерін біріктірді. «Атбасцветмет» тресіне Жезқазған мыс кеніштері, Қарағанды және Байқоңыр көмір кен орындары, Успенск мыс кеніші, Спасск пен Қарсақбайдың мыс балқыту заводтары енді. Жалпыодақтық трестер республиканың бюджетіне өз табыстарының едәуір бөлігін аударып отырды. Мәселен, Ембі мұнай кәсіпшіліктері өндірген мұндайдан алынған табыстың 5 проценті Қазақ АКСР – інің өлкелік бюджетіне аударылды. Өнеркәсіпті қалпына келтіру, елдің қорғаныс қуатын қалыптастыру кезеңінде мейілінше қажет болған өнеркәсіпті осылайша шамадан тыс шоғырландыру мен одақтық трестердің, ал кейіннен халық комиссариаттары мен ведомостволардың монополиялық өктемдігі қалыптасты. «Бас басқармашылық» - орталықтандырушылық – идеологиясына сәйкес басшылықтың әміршілдік стилі өмірге енді. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру ісіне теріс әсер етті, Қ-н экономикасы дамуының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипатын анықтап берді.
Республика өнеркәсібі біртіндеп еңсе көтере бастады. Оны қалпына келтіруге РКФСР үкіметі шамасы келгенше көмек көрсетті. Ресейдің орталық аудандарынан Қ-нға бірқатар өнекәсіп орындары көшірілді. Мәселен, Орынборда – Орталық Ресейден көшірілген тоқыма фабрикасы, Қостанайда «Стойкость» шұға фабрикасы жұмыс істей бастады. Қарғалы шұға фабрикасы, Петропавл ет – консерв заводы мен Солтүстік Қ-нның май шайқау заводтары қайтадан жұмыс істеуге көшті. Былғары заводтарының, жүн жуатын орындардың, балық кәсіпшіліктерінің жұмыс істеуге көшті. Былғары заводтарының, жүн жуатын орындардың, балық кәсіпшіліктерінің жұмысы жолға қойылды. Алматыда «Орыс – мұсылман темір ұсталарының еңбек артелі» жұмыс істей бастады.
Қ-нның кен – завод өнеркәсібін, әсіресе түсті металдар өндіруге зор көңіл бөлінді. Кенді Алтай республика түсті металлургиясының басты ауданы болды.
1922 жылы ағылшын кәсіпкері Лесли Урквартпен Риддер мен Екібастұзды оған концессияға беру туралы Кеңес мемлекеті үшін тиімсіз жағдайда шарт жасалды. Тиімсіз болып табылғандықтан бұл шарт жасалды. Тиімсіз болып табылғандықтан бұл шарт қабылданбай тасталды.
Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндірілетін қорғасынның 40 процентін бере бастады.
Орал – Ембі мұнай кәсіпшіліктерін мұнай кәсіпшіліктерін қалпына келтіретін кез де келді. Әуелі Доссор мұнай кәсіпшілігі , содан соң Мақат кәсіпшілігі жұмыс істей бастады. Гурьевті осы мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастырған тар табанды жол салынды. Одан бұрын (1920ж ) Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілген болатын. Қарсақбай комбинаты жоғарғы қарқынмен қалпына келтірілді. Мұнда 1927 жылы мыс өндіріле бастады.
Қ-нда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды.
Жаңа экономикалық саясат кезеңінде тауар айырбасы мен тауар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы 24 мамырдағы «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Губернияларда кездемелердің, галантерия және бакалея товарларының, ыдыстардың , керамиканың, ауылшаруашылық құрал – саймандарының астыққа айырбастауға арналған қорлары құрылды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Қалаларда алуан түрлі жекеше ет, өнеркәсіп товарлары дүкеншілері, асханалар, наубайханалар, шұжық сататын орындар, шайханалар, моншалар, түнемелік орындар, жеке капиталистік фирмалар пайда болды. Мемлекеттік және кооперативтік сауда орындары солармен бәсекеге түсті. Мамандандырылған сауда орындары пайда болды. Мемлекеттік және кооперативтік секторлар жекешелерді көтерме және бөлшек саудадан біртіндеп ығыстырып шығара берді.
Қоянды мен Баянауылда (Семей губерниясы), Атбасарда (Ақмола), Ойыл мен Темірде (Ақтөбе) және Ордада (Бөкей) жәрмеңке саудасы жаңғыртылды. 1927 жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, олардың сауда айналымы 30 миллион сом болды. Оларға Қытайдан, Моңғолиядан келген көпестер қатысты.
Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.
Тарихтың сол бір тарихи кезеңінде жаңа экономикалық саясат - өркениетті кооператорлар құрылысы – Қ-н экономикасының барлық саласына дем берді.
2.2 Ашаршылыққа қарсы күрес.
Қ-нда жаңа экономикалық саясатқа көшу орасан зор қиыншылықтарға ұшырады. 1921 жылдың жазында республиканың едәуір бөлігін қуаңшылық жайлады. Оның алдында қатты жұт болып, ол кей жерлерде малдың 80% дейін қырылуына әкелді. Ашығушылар саны республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды, олар 1921 жылы қарашада – 1 миллион 508 мың, 1922 жылдың наурыз айында – 2 миллион 303200 адам болды, мамыр – маусым айларында бұл сан едәуір азая бастады.
1921 жылдың жазында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің декретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары ашығушылар қатарына жатқызылды.Аштыққа індет қосылды. 1922 жылдың маусым айына қарай Батыс Қ-нда ашығушылар мен аурулар саны халықтың жалпы санының 82 процентіне дейін жетті.
Қ-нның солтүстік – батыс аудандарында аштық дүлей апаттардың салдарынан ғана болып қана қойған жоқ. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында орталықтардың азық – түлік отрядтары ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық артығының 80 процентіне дейінгісін алып кетті. Маусым айына қарай Семей мен Ақмола губернияларының шаруаларының азық – түлік салығы бойынша 4 миллион пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Астық, май, ет және басқа да тартып алынған өнімдер ең алдымен елдің пролетарлық орталықтары – Москваға, Петроградқа, Самараға, Казанға, Саратовқа жіберілді. Соның нәтижесінде «аман – сау» аудандардың халқы ашыға бастады. Еділ бойынан аш халықтың Қ-нның батыс губерниялары арқылы Түркістанға үздіксіз ағылып келуі де жағдайды қиындата түсті. Егер 1920 жылдың аяғында өлкенің ауылшаруашылығы ХІХ ғасырдың аяғындағы деңгейінде болса, 1923 жылы ол тағы бір ғасырға шегеріліп тасталды.
Кеңес өкіметі Қ-нның ашыққан көмектесу шараларын бірсыпыра кшігіп қолданды. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің декретімен республиканыңегін шықпаған аудандарының халқы азық – түлік салығынан босатылды. 1922 жылы егіс көлемінің 60 процентіне жуығына Кеңес өкіметі берген дән себілді.
1921 жылы 14 маусымда В.И.Ленин «Нақты ет салығы туралы» декретке қол қойды, ол бойынша көшпенді және жартылай көшпенді қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. 1922 жылғы 4 тамызда Еңбк және Қорғаныс Кеңесінің қаулысына сәйкес Қазақ АКСР – іне ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 миллион сом бөлінді. Нақ сол жылы Кеңес үкіметі Қ-нға егін шықпауынан зардап шеккен шаруаларының мал сатып алуы үшін 2131 мың сом бөлді.
Азамат соғысы және 1921 жылы егіннің шықпауынан туған қайыршылық пен аштық Кеңес өкіметі органдарынан өлкенің 2 миллионнан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қолдануды талап етті. Мысалы, «Известияда» 575 балалар үйлері, 9 балалар баспанасы ұйымдастырылып, 18,5 мыңдай баланың РКФСР – ге апарылғаны хабарланған. Кедей шаруалары әлеуметтік қамсыздандырудың шектеулі болуы себепті ҚАКСР Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссариаты шаруалардың өзара көмек комитеттерін ұйымдастыруға бастама көтерді. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмк көрсетті. Көп ұлтты өлкенің еңбекшілері өздерінің бауырларына 2 миллион пұттай астық берді.
1921-1922 жылдардағы аштықтың салдарынан республиканың көшпенді жән жартылай көшпенді аудандарындағы 1916-1920 жылдарда қатты нашарлап кеткен демографиялық жағдай одан сайын асқына түсті. Апат аймағында аштықтан тұтас ауылдар мен аудандар қырылып қалды.
24-билет
24 Тәуке ханның саясаты. «Жеті Жарғы» заңы жинағы. Тәуке хан (1680-1718) билігінің ерекшелігі: хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады.Мем-к құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «Жеті Жарғы» заңын жасады.Көрщі елдермен достық қатынаста болуды көздеді:қырғыз,қарақалпақ,орыс елдері. Тәуке ханның нег.мақсаты- хан билігін нығайту.17-18 ғ басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шығарылды: Ақсүйектер-ң артықшылық жағдайын қорғау көзделді.Күн төлеу-адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілдіЕр кісі үшін -1000 қой,әйел үшін-500 қой төлеу.Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адмның құнын төлеу.Ұрлық үшін 3 тоыз (27) төлеттіріп,дүре соғу.Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.Тәуке хан 1686-1693 ж Сібірге 5 рет елшілік жіберіп,орыс-қазақ қатынастарын дамытты.
Біріншіден, хан барлық рулардың бірлестігінің бірден-бір басшысы; қазақ хандығының барлықт қарамағындағы жерді билеуге еркі бар жерді бөлісу, қайта қарап рулар арасындағы жерді бөліп беруде ханның шешімі ақырғы шешім болды. Хан өзіне қарасты жердің күшімен елді қорғауға міндетті.
Екіншіден, хан басқа елдермен бітім, келісім жасауға немесе бөтен елге соғыс жариялауға құқы бар, ол барлық әскердің қолбасшысы болып есептеледі.
Үшіншіден, хан басқа мемлекеттермен дипломатиялық байланыс жасауға, хандықтың барлықь сыртқы саясатын белгілеуге құқы бар.
Төртіншіден, хан өзіне қарасты ел ішіндегі тәртіпсіздікті болдырмау үшін, қылмысы ауыр адамға өлім жазасын беруге құқы бар.
Бесіншіден, халық хан билігін мойындай отырып, жүзеге асыруға тиісті, заңға қосымша өзгерісті кіргізуге құқы бар.
Бірінші, һәм негізгі сала - жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық – мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдырған еншісі. Өйткені жер – атамекен, кіндік – жұрт, отан. Жер – тіршілік етер отбасы, баба молдасы, кіндікбайлар қасиетті тұрағы. Сондықтан, көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ.
Екінші сала – үйшілік тірліктегі сыйластық, байланыстылық, әкуе мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, жастарды тәрбиелеу, баулу сықылды инабаттылық, имандылық шаралары.
Үшіншісі –ұрлық пен қорлыққа, барымта-сырымтаға кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды.
Төртіншісі – ел мен ел, халық пе халық, ру мен ру арсындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды бірлоікпен емес,білікпен тындыруды көздегені ақиқат.
Бесіншісі – ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар.
Алтыншы тармақ – түгелдей құн дауына бағышталған.
Жетінші тармақ – жесір дауынан құралады.
Енді баптарына тоқталсақ, негізгі мазмұны:
- қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адам үшін – 1000 қой, әйел үшін – 500);
- ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
- денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ -20 қой);
- егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кшірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
- төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артықтөленеді;
- егер ері әйелін өлтірсе, әйелдің құнын төлейді;
- ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
- өзіне-өзі қол жұмсағандар бөлек жерленеді;
- егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса,: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға - әр айына 1 түйеден;
- әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі қорлаған қызға қалың төлеп үйленсе жазадан босатылады;
- егер ері әйелінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, өлтіруге қақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуі тиіс, әйелінің көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
51. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты: ерекшеліктері, жетістіктері.
20ж аяғына қарай елдің экономикалық стратегиясы ауысты. Жаңа экон-қ саясат орнына индус-у саясаты енгізілді.БК(б)П-ның ХІV
съезі елімізде социалистік индустрияландыруды іске асыру, яғни аграрлық республикадан дамыған өнеркәсіпті республикаға
айналдыру міндетін қойды. Идус-у қарсаңында Қаз-ның жалпы өнімінің 84,5% ауыл шаруашылық өнімдері құрады, халықтың 90%
ауылда тұрды. Инус-у Қаз-н еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ.Оның дамуы біріншіден, ұлттық жұмысшы
табының қалыптасуына, екіншіден жұмысшылардың өндірістік-тех-қ дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қаз-ның өнеркәсіптік деңгейін
көтеруге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын тех-қ негізде қайта құруға сөйтіп халықтың материядық жағдайын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.Қаз-ның индус-қ дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық- шовинистік,
ұлтшылдық психологияның бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету іске аспайды, өйткені артта
қалған көшпелі халық индус-дың дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар айтылды.Голощекин рес-да индус-у
идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп орнына, ауылшаруашылығымен байланысты ұсақ, орта кәсіпорындарды
дамыту жоспарын ұсынды.Интилигенция өкілдері оған қарсы шықты. Олар республикада қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар
салу талаптарын қойды. Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды.1927ж басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, істелінген шаралар негізінде ол мерзімінен бұрын 1930ж 25 сәуірде іке қосылып, Орт,. Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде үлкен рөл атқарды.ұрылысқа Рысқұлов,Тынышбаев елеулі үлес қосты.Идус-дың негізгі кемшілігінің бірі -Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты болды. Сондықтан республика қажетті заттарды -құрал жабдықтарды, цемент, ағаш, тұрмысқа қажетті заттарды сырттан әкелуге мәжбүр болды. Идус-дың дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі өзгерістерге әкеп соқтырды. Жұмысшылардың көбі орыстар, украиндар еді. Ал қазақтар көшпелі мал шаруаш-ғы салтын сақтады. Жаңа экон-қ саясаттан ауытқу, ауыл шаруашылығын ұжымдас тыруда жіберген қателіктер қазақ ауылына қатты әсер тигізді, аштық тудырды, қазақтардың миграцялық үрдісін күшейтті. Қазақстанға басқа республикадан көшіп келгендер саны артып отырды. Миграция
қарқынының өсуі волюнтаристік, тіпті қылмыстық шешімдерден туындады.Қаз-ң 1926-1940ж индус-қ дамуы ірі нәтижелерге жеткізді.Республика шарруаш-да өнеркәсіп басым салаға айналды.Оның өнімінің үлесі 30ж ортасында басым бола бастады,939ж 58,9% жетті, ауылшаруаш-қ өнімі 41,1% болды.Қазақстан Кеңес Одағындағы алдыңғы қатарға шықты.Алайда осы жетістіктерге жету ү/н халықтың шамадан
тыс көп тер төгуіне тура келді.Индус-ң жоғарғы қарқынына халықтың есебінен қол жетті, олардың тұрмыс жағдайы күрт нашарлады. Осы жылдары ауыл шаруаш-ң даму қарқыны төмендеп кетті.1928ж деңгейіне ауыл шаруашылығы тек 1940ж шыға алды, мал шаруа-ында бұл көрсеткіштерге тек 50ж басында ғана қол жетті
25-билет
2515ғ ортасы -17ғ. Қазақ хандығының сыртқы. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында соғыстарға, өзара қырқыстарға байланысты Қазақ хандығы қатты әлсіреп кетті. Хақназар хан билік еткен кезеңде бұ мемлекеттің ішкі сыртқы саяси өмірінде белглі бір өрлеу байқалып, ол кейіннен тағы құлдырауме алмасты.
ХҮІ ғ. 50-жыл-ң аяғынан бастап Қазақ хандығы ноағйларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді.
Хасан бек Румлу «Ахсан ат-таварихта» 963/1556 жылы Барақ хан өлгеннен кейін Хақназар Ташкентті шапты дейді.
1560 жылы Моғостан билеушілерімен ерекше табан тірескен күрес өріс алды. Алайда Тәуекел хан тұсында қазақ хандары мен Моғолстанның Шағатай ұрпақтары арасында одақтастық қатынастар жолға қойылды. Осыған байланысты Шах-Махмұд Шорастың Моғостанда, атасақ, Шалыш пен Турфандағы саяси істеріне Тәуеклдің қатысуы туралы, онда Тәуекел ханның бұл иелік тағына кімнің отыруы жөніндегі мәселені шешуі назар аударарлық.
Москваға қазақтар туралы ноғай мырзаларының өздері де жазған. 1537 жылы ноғай мырзасы Жүсіп ІҮ иванға жолдаған грамотасында: «Ал егер Қазақ ордасымен соғысу керек болса, мен қазір де Жавйывқтың арғы жағындағы Елек өзенінде көшіп жүрмін», - деп хабарлаған. Ноғай мырзалары ұлыстардың Ноғай ордасынан бқлініп, олардың қазақұтарға қосылып жатқанын хабарлап отырды.
Сол кезде Шайбани ұрпағы, Сібір ханы Көшіммен күрес жүргізіп жатты, онда Хақназар әрқашан жеңіске жете берген жоқ. Бұл кезде Көшім хан өз билігін исламның рөлін күшейту арқылы идеологиялық жағынан негіздеуге ұмтылған еді. Алайда Көшім ханның Орта Азиямен жақын қатынастар орнатуға бағытталған саясатына бұл ғана себеп болған жоқ, оның үстіне Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Сібір хандығы олардан оқшауланып қалған еді. Сондықтан Көшім хан Орта Азияның Билеуші топтарының қолдауы мен көмегіне бағдар ұстады.
Башқұрт аңыздарында Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады. Осы аңыздарды негізге ала отырып, Рычков былай деп жазған: « Осы Ақназар хан болған соң, қатты күшейіп алды да, бір ғана ноғайлар мен Башқұрстанға ие болып қана қоймай, Қазан, Сібір, Астрахан патшалықтарын, Бухарияны, Хиуаны, Ташкентті өз қоластына бағындырып, алым жинады».
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында, Қазан(1552) мен Астраханды(1556) қосып алғаннан кейңн, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланыстары жолға қойылды, атап айтқанда, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия орыс саудасы орнығады. Хақөназар хан тұсында Қазақ хандығы Москвамен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады.
Орта Азиядағы саяси жағдай қазақтарды сенімді де күшті одақтас іздестіруге мәжбүр етті. Олар Реснейдің осындай одақтас бола алатынына көз жеткізді.
ХҮІ ғасырдың 90-жыл-н ХҮІІ ғ.басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 ж. Қазақ-орыс келіссөздері, 1598-99 ж. Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты оқиғалармен толы болды.
Қазақ-жоңғар қатынастары тарихи әдебиетте. Орыс тарихнамасында қазақ-ң жоңғар-р басшылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресебұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр (қалмаққырылған) деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғ,ар қатынастарын ХІХ ғ.яғы – ХХғ. Басында М.Ж.Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышпаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың күш-жігері салуы арқасында ғана егжей-тегдейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақ-ң жоңғар-ға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-26 жыл-ғы жеңіске жету себептері, қазақ-ң саяси және экон-қ жағдайы, басқа да мәселе-р ХХ ғ. 70-80 жыл-ғы тарихнамада: И.Я.Златкиннің, Н.Г. Апполованың, В.Я.Басиннің, В.А.Моисеевтің монография-да ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.
Атап айтқанда, В.А. Моисеев жоңғар-ң қазақ-н арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынас-ң, оның даму барысын, сипатын ашып берді. Ол жоңғар-ң қазақ-ға және Орта Азия халық-на қарсы күрес-гі уақытша жеңіс-ң басты себеп-н ашып көрсетіп, Ресей-ң қазақ-п мен жоңғар-р жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себеп-н түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынас-ң бүкіл жүцесін айқындай бастаған жаң а күш-ң саяси аренаға шығу беолгі-н де анықтап берді. Р.Б.Сүлейменов пен В:А:Моисеев-ң «ХҮІІІ ғ-ғы Қ-н тарихынан» деген бірлескен еңбегңінде осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қ-н-ң Ресеймен, Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» - ХҮІІІ ғ-ғы Жоңғар хандығы-н өзара қатынас-ң тарихы түйінді проблема-ң бірі болып қалуда.
Кеңестік кезеңде Қ-н тарихшы-ң бұл проблемаға Қ-н-ң Ресейге қосылуы-ң пргресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім. әлбетте тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қ-н тарихшылары жариялаған деректеме-р мен еңбек-ге сүйене отырып, қазақ-р қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде. Ел басына күн туған зобалаң жыл-да Ресей имприясы Етіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп, доңғар-р басып алған қазақ жер-не бекініс-р салғанын, өзінің тым әріде жатқан жоспар-н дипломатия-қ әрекет-н, әскери экспедиция-н нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді. В.А.Моисеев өзінің соңғы еңбек-де бұрынғы көзқарас-н дәір өзгертті. Оның пікірінше: «Қазақ тарихзшы-ры мен публийис-рі еңбек-де Орыс мемленкеті «солтүстіктегі қанішер жыртқыш», қазақ-ң Жоңғария сияқты тарихи жауы етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақ соғысына арандатып, ойраттарды қару-н жабдықтаған және олпрды қазақ-ға айдап салған сияқты». В.А.Моисеевтің пікірінше: «Ресей қазақ халқын ойрат-ң басып кіруінн қорғап. Шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң көзқарас ұстанған».
Алайда ресей-ойрат қатынас-ң тарихын мұқият зерделеуХҮІІІ ғ. 30-жыл-да Ресей дипломатиясы-ң отаршылдық саясатты жалғастыра бергенін дәлелдейді.
Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақ-ры ханы-ң Жоңғар хандығына қарчсы соғыс ашуына тыйым салды. иТек 1742-43 ж. Сенат, одан соң орынбор комиссиясы-ң бастығы И.Неплюев-ң ойрат әміршісі-ң ордасына жіберген К.Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақ-н сол кезде-ақ Ресей бодан-ры деп қпрап, Жоңғария хан-н оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Басқаша айтқанда, Ресейпериясы Кіші жүз бен Орта жүх қазақ-ры Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін 11-12 жыл өткен соң ғана қазақ-ды қолдаған.
52.Қазақ-ғы ұжымдастыру саласы,оның салдары. ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар К.Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.
Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді. 1928 жылдың маусым айында болып өткен колхозшылардың Бүкілодақтық 1-съезі жоғарыдағы сталиншілдер бағытын өмірге енгізуге жол ашып, ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жолымен әміршіл-әкімшіл басқару арнасына түсіріп, жекеменшіктің орнына қоғамдық меншікті орнықтыруға күш салды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылықтар (олардың 9,3 проценті) ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің Пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды. Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі мал ш-на, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Жаппай ұжымдастыру кезінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты да жағдайды одан әрі ауырлата түсті (Кулак кәмпеске). Осындай қатал шаралар және ет, астық дайындау науқандарындағы асыра сілтеушілік, қазақтарды дәстүрлі даму жолынан күшпен тайдыру әрекеті халықтың жаппай қарулы наразылықтарын туғызды. Ресми мәліметтер бойынша 1929 - 1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты (Ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысы).
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).
26-билет
26 Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
1726ж Шымкентке таяу Одабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, жиын өткізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан ж/е бөгенбай батыр сайланды. 1727ж халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып,қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс жүргізген !Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ ж/е оның жиені ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Санрық батыр Ырғыз уезінің оңтүстік -шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айрылды.Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ызы мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін көріп қунды.Жеңіс туралы хабар қазақ арасына лезде тарап кетті.Алты алаштың руын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер кейін "Қалмақ қырылған"деп аталды. 1729ж көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бірқатты қырғын соғыс жүрді.Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек,Бөгенбай,Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты.Көбіқырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерлерініңаңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді.Бұл жер кейін "Аңырақай"деп аталып кетті.Сөйтіп,Аңырақайда аяусы соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен орда иесі Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен орданың басында отырған Болат хан жігерсіз хан болды. Үлкен орданың иелігіне екінші үміткер - Кіші жүздің ханы Әбілқайыр. Үлкен орда билігі оған бұйырмады.Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феоалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады.Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы өз алдында ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды.Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады.Сонымен қазақ қауымының ортақ жауы -жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.1711ж "қан ішер"Абылайдың немересі Әбілмансұр дүниеге келеді. Қалмақтар Түркістанды алып
Әбілмансұрдың әкесі Уәлиді өлтіріп,оның 13 жасар ұлын тұтқынға алып,Сатпақшы болады. Ол тұтқынан еліне қашып келіп, ауқатты адамдардың малын бағуға жалданады.Ұйпа-тұйпа болып жүрген оны жұрт Сабалақ деп атаған. 1731ж Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасып, өзінің асқан ерлігімен көзге түседі.Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді.Абылай деген ат беріп, хандық тағын ұсынады.Хандық биліктен бас тартқан Абылай Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесіне дейін кеңесшісі болады. Абылай қазақ жерін жоңғарлардан тазарту мақсатында үш жүздің жасақтарын жинап,Түркістан,Сыр бойындағықалаларды азат ету жорығына аттанады.Осы жорықта көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай Қаракерей Қабанбай.Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөледі.Бірінші тобын Бөгенбай, екінші қолды Жәнфібек, Үшінші негізгі қолды Абылай өзі басқарады.Жоңғар қаруы-мылтық, найза, қылыш, түйе үстіне орнатылған 15 зеңбірек болды.Ал қазақтардың жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, найзамен қаруланған.Соғыс 2 айға созылды. Қалмақтар Сырдың жоғарғы сағасына шегіндіАмалы таусылған Цевен Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Шымкент қалаларыҚазақтың қармағында қалды.Абылай бұл жолғы күресті жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745ж соғыс бітті.
53 XIX ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да өзгерістер Ресейдің құрамындағы шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және оның көзі ретінде сақтау саясаты Қ-нды да қамтыды.Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының , 1824 жылғы Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді.Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министірлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. Оның құрамына Бас штабтан-полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді.
1865 жылы 5 маусымдағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу мәселелері дайындалды. Әкімшілік басқарудың жаңа жүйесіне сай келетін жағдайлардың көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауырпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, алым-салық діни мәселелер, т.б.
Ғалым Шоқан Уалиханов Қ-нды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.
Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек, Л.Мейер, А.П.Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады.
1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
РЕФОРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ, МӘНІ.
Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір.Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді.Орынбор және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді.1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан тКавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери әне азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867-1868 жылдардағы реформаның бір түйінді жері болды.
Облыс басында тұрған әскери губернатор сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған (наказной) атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшілер тағайындалатын болды.
Облыстар уездерге бөлінді. Сырдария облысында:Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент және Жизақ;Батыс Қ-н облысында: Орал, Атырау, Калмыков, Жем (Темір); Торғай облысында: Елек, Қостанай, Ырғыз және Торғай; Ақмола облысында: Көкшетау, Омбы, Петропавл; реформа қабылдағаннан кейін бір жылдан соң орталығы Атбасар болған Сарысу уезі; Семей облысында: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейінен Павлодар, Өскемен уездері); Жетісу облысында: Сергиополь,Қапал, Верный, Ыстықкөл және Тоқмақ уездері құрылды.
Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдері де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағындырылды.Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Ірі ақсүйектерден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің Қ-ндағы отаршылдық саясатына тірек болды. Шыңғыс тұқымдары-сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамассыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Рефоманың таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады.
Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарында үш жылға сайланатын.Ауылдық және болыстық старшындар сияқты ақсақалдарға да олардың билік көрінісі ретінде қоладан құйылған арнайы белгі және мөр тапсырылатын.Ақсақалдарды сайлау болыс сайлауы сияқты күреспен, руаралық жанжал, шиеленіскен тартыспен өтетін.
1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналды. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі әсері басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістер-ол ескі шариғаттық патриархаттық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойды.Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайланатын еді.
Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қ-ндағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды.Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті.Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды.Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қ-нда да өз күшіне енді.
«Ереже-реформа» Қ-нның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады. Көшпелі мал шарушылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті. Ауыл тұрғындарының арасында таптық жіктелудің салдарынан жатақшылықтың қалыптаса бастағаны, яғни кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы үйреншікті жайға айнала бастады.
Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдық езгісі тереңдетті.Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді.Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге «Уақытша Ереженің» жерді пайдаланудағы жаңа қағидалары тіпті қолайсыз еді.Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине,ауқаттыларды қоспағанда)шаңырақ салығы енгізілді.1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік қорғансыз жандарға тіпті ауыр еді.Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек,шаруалар халінің мүшкіл болғанына көз жеткізу қиын емес.
Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды.Қыстау мен жаздық қоныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді.Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын, 1870 жылы маңғыстауды қамтыған қазақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.
1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығында Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды.Қаруланған қазақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді.Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырды.Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді.Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.АА-веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады.Нашар қаруланған, араларында ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал,Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске ұшырады.Маңғыстау түбегіндегі көтерілістің басты себебі де Орал, Торғай облыстарындағы қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» қатал отаршыл талаптарымен байланысты еді.Көтеріліске түрткі болған-патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды.Көтеріліс аяусыз жанышталды.Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан кетпеді.Біріншіден,ішкі губерниялардағы әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуды ұйғарды.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған әкімшілік, сот, басқару реформалары бірден іске аса қойған жоқ.. Қазақ шаруалары көтерілістерінің салдарынан бұл «Ережелерді» заңдастыру жирма жылдан артық уақытқа созылды.1886 жылы маусым айының 2-күні «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу туралы», ал 1891 жылы наурыз айының 25-інде «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ережелер бекітілді.Бұл жаңа заңға сай Қ-нды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды:Сырдария, Ферғана және Самарқан.Бұрынғы облыстарды уездерге бөлу жүйесі сақталды.Ферғана облысы-бес, Самарқан-төрт уезден,Сырдария-Әмудария бөлімінен және бес уезден құралды.Өлкенің негізгі басқару орталығы Ташкент қаласы болды.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды.Ақмола,Семей және Жетісу облыстары Дала генерал-губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде ) Омбы қаласы болды.Бұл өзгерістер отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті,генерал-губернаторларға шексіз билік берді.Қ-ндағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді.Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді.
Отаршылдық басқармасының еңбекшілерге қысым көрсететін аппаратының қызметі күшейтілді. Верный, Орал; Петропавл және Семей сияқты ірі облыстық орталықтарда қалалық полицич басқармалары, ал басты уездік қалаларда полицейлік приставтық тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс басқаруларушылары мен ауыл старшындарын бекіту не бекітпеу де облыстық әскери губернатордың қолында болды.
Сот құрылымындағы өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы уақытша сыннан өткізу үшін іске асырыла бастаған әкімшілік –сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді. 1891 жылғы патшаның жарлығында сотқа қатысты қағидалар «Ережеге» екінші дара бөлім ретінде енгізілген.
1886 жылғы «Ережег» сай Түркістан өлкесінде Ресейдегі үлгімен жаңа сот жүйесі құрылды. Сонымен қатар «халық соты» деген атпен мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буынын ұйымдастыру көзделді.Шын мәнінде, халықтық құқық негіздері империялық сотқа қосалқы, дербес мәселе шеше алмайтын, тәуелді буын болып қалды.
Соттардың төтенше съезі деп аталып кеткен уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсаты бойынша шақырылатын.
Билердің соттары да облыстық дәрежедегі сияқты тек үстем таптар мен отарлаушы басқарманың мүддесін қорғайтын еді. Бітістіруші сот облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғаса, билердің соттары күні кетіп бара жатқан жеңілдіктерін әлі де болса сақтап қалуға тырысқан билеуші топтар мүддесін қорғаштады.
Сот, полициялық жазалаушы мекемелердің қазақ, орыс және басқа еңбекшілерге зорлығын күшейтуі жәбірленгендердің наразылығын тудырды. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде патша өкіметінің езу, қанау саясатына қарсы бағытталған алғашқы ереуілдер де болып өтті.
27-билет
81 Қазақстан - 2030. 1997 жылы қазанда Назарбаев Республика халқына "Қазақстан - 2030"деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығуды және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың сондай-ақ алдыңғықатарлы мемлекеттіңғ қатарына қосылудың немесе "Қазақстан барысын қалыптастырудың жаңа бағдарламасын" ұсынды. Ондаеліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық даму жолдары мен мүмкіндіктері мен жан-жақты көрсетілді. Елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттіңдамуындағы ұзақ мерзімді 7 басымдықты іске асыру көзделген. Олар: ұлттық қауіпсіздікті сақтау, ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамның топтасуын нығайту, нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу Қаз-н азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру, энергетика ресурстарын жете пайдалану, инфра құрылым, көлік және байланысты дамыту, демократиялық кәсіби мемлекетті құру. "Қаз-н 2030" бағдар-сының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігімен тәуелсіз-гін нығайту, әлемдік станд-тарға сай түзілген заңнамалық құқықтық базаны жетілдіру орасан зор жұмыстар жүргізілді. атап айтқанда биліктің, сот, құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының құрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді."Қаз-н - 2030"стратегиясында көрсет-дей соңғы жылдары республикадан тұрақты эконо-лық өрлеу, өндіріс өсуі байқалып отыр.Тек 2000-2002жж жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5% құрады. Сауатты макроэконом-лық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қаз-н ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарату жөнінен көш бастады.Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық саласында әсіресе ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік сеторы басым бола түсті. "Қаз-н 2030" бағдарламасынжүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері- мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болғанын айтқан жөн. бұл барлық Қаз-дықтардың өсіп-өркендеуінде, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. қазір біздің республикада нарықтық экономикамен демократиялық мемлекеттің іргесі қаланып қойған жоқ, сонымен қатар барлық Қаз- дықтардың игілігі үшін кәделі, әрі ішкі ресурстары мол әлеуметті-экономикалы дамудың үлгісінің нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде бүкіл әлемдегі ең күшті мемлекет - АҚШ-тың Қаз-ға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесі беру туралы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Сөйтіп, Қаз-нның ТМД елдерінің арасында осы мәртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бұл шешім Қаз-ға АҚШ және т.б дамыған елдер тарапынан түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде дүниежүзілік сауда ұйымының кіруінің алғы шарты болып табылады."Қаз-н 2030" стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттарын 7 бағыт ерекше көрсетілді.Олар:
Ұлттық қауіпсіздік
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы
Экономикалық өрлеу
Қаз-н азаматтарынның денсаулығы, білімі,әл-ауқаты
Энергетика ресурстары
Инфра құрылым, Көлік және байланыс
кәсіпқой мемлекет
Бұл ұлы мақсатты жүзеге асыруға Қазақстанда жеткілікті атап айтқанда артықшылық бар:
Бізде тәуелсіз мемлекеттің негізі қаланды
Бүгін мүлде өзге саяси және экономикалық жұмыс істеуде
Қазіргі кезеңде барлығында біздің игіміз үшін ғана емес, ең
алдымен балаларымызбен немерелеріміз үшін жасауда
Қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі
Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Н.Ә.Н 2000 жылды мәдениетті қолдау жылы деп жариялайды. Бұл жыл мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығатуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 329 клуб, 5 театр бар.Теартлар Астанада, Петропавлда, Өскеменде, Түркістан қаласында ашылды.2003 ж. кітапхана қорындағы кітаптардың жалпы саны 67,7 млн.данаға 8,4 млн. газет-журналдар, ондағы оқушылардың қатары 4 млн-ға жетті.Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2001ж. жарық көрген 198 кітаптың 96700 данасын ауыл кітапханасына тегін таратты. 1992-1995 жыл аралығыда мың-ға жуық кітапханалар жабылса, 2003 жылы 3312 кітапхана ашылды. Оның 2742 ауылдық жерлерде жұмыс іст
54
Қазақ-нң XX ғ-ң 30 ж қоғамдық саяси өмірі.Қазақ-ғы саяси репрессиялар. Социализмнің тоталитарлық,казармалық сипатының көрінісі:1. Мемлекеттік меншік нығайып,өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап,шаруалар жерден шеттелілді.2. Бюрократиялық орт-қ нығайып,республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.3. Респуб-ң заң шығару басқармасы болмады.Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып,жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары: ату жазасы,жер аудару,еңбекпен түзеу лагерьлерінде қамау,КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу. Жеке адам құқығы аяққа басылып,балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып,қудаланды. . 1927-1929 жж әр түрлі сылтаулар мен көрнекті мемлекет қайраткерларі: Рысқұлов, Нұрмақов,Қожанов,Мырзағалиев республикадан аластатылды Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы: Мыңбаев, Ағарту халық комиссары: Сәдуақасов, Жер халық комиссары: Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды.1928 ж Қызылордада «Қызыл астананы»салушылардың қаскүнемдігі ашылды.Талантты сәулетшілер мен инженерлер – М.Тынышпаев, П.Т.Буддаси,С.Б. Голдгор,С.А.Баграков т.б сотқа тартылды.1930 ж 4 сәуір-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты атуға үкім шығарды.1937-1938 ж террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «Халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шараларының құрбандары: Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А:Байтұрсынұлы;Тілші ғалым,профессор-Қ.Жұбанов; Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы: С.Асфендияров; КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі –М.Төлепов. Қаз-да лагерьлер жүйесі құрылды: Карлаг-ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.ЧСИР-Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.Алжир-Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар,мемлекет қайраткерлері т.б болды. Социалистік құрылысты бұрмаланған жеке адамға табыну идеологиясының зардаптары: Сталинизм-ң идеолог-қ аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды.Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды. 101 мың қаз-қ ГУЛАГ-қа жабылып,27 мыңы атылды.Халық жауларының 40 мыңы ақталды.
27
XVIII ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайы. Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңгар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі басты себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде кала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башкұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен карым-қатынасын ұшықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең кұкықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башқұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Өбілхайыр үшін қазақ даласында тыныштық орнаудың кепілі сиякты көрінді. Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекеттермен жалғастырғьш көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерінен шығыстагы елдерге жөне одан кері қарай құрлық пен суға төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Ресейден Орта Азияға, Ауғанстанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа шығыс елдеріне баруға болатын еді. Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық жөне саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі - подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және басқа жерлерден жинап алынды. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде И. Д. Бухгольц отряды жорықка шықты. 1715 жылгы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы ықпал ету аймағын кеңейту болып табылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды -Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей камалының, ал 1720 жылы И. М. Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін калады.XVIII ғасырдың 20-шы жылдарында Бірінші Петр өкіметі Орта Азия және Қазақстан билеушілерімен елшілік арқылы байланыс жасап тұрды. Қара теңіз бен Балтық теңізі арқылы Еуропаға терезе ашқан Бірінші Петр енді Азия елдеріне төте баратын жолды іздестіре бастады және бұл жолдың қазақ даласы аркылы өтетінін жақсы түсінді.Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші жүзден баска қазақтың Орта жөне Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра бастаған еді. Өйткені ондаган жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып әлсіреткен болатын.XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ хандары орыс патша-сынан жоңғар қалмақтарына қарсы көмек сұрап елші жіберді. 1730 жылы 8 кыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейіткүл Қойдағүлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келді. Олар өйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. 1731 жылы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға жөне «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамота жіберді. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А. И. Тевкелев бастаған елшілік келді. 1731 жылы 10-шы қазанда қазақ сұлтандары мен ру басыларының жиналысында Кіші жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім кабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, «өзінің мөрін басты». Бірак, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін ғана жүзеге асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді кол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр патша өйел Анна Иоановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бүл хатты Петроградқа Хангелді батыр жеткізді.1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа кол қойды.Қазақтар Қазақстанның Ресеймен бірігуі елдің экономикалық өркендеуіне, саяси, мәдени жағдайының жақсаруына игі ықпал жасайды деп үміт етсе, патша өкіметі өзінің отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдасы бар деп санады.
1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И. К. Кириллов пен А. И. Тевкелевті жіберді.Патшаның әмірімен қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынып, олар біртіндеп ірі қалаларға айнала бастады. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII гасырдың 50-ші жылдарында Ертіс өзенінің жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар қалаларға айналды. Мұндай әскери бекіністер салу отарлау саясатын жүргізуге кең мүмкіндіктер ашты.Жайық бойында тұрғызылып жатқан қалалар мен бек-іністердің маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды. Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендерінің бойындағы кұнарлы жерлерінен айрылып, оңтүстікке карай ығыскан Орта жүздің қазақтары Бұқара мен Ташкент түбіне келіп коныстануға мөжбүр болды.1740 жылы Орынбор экспедициясынъң бастығы генерал-лейтенант князь В. А. Урусов Орынборға елшілік тап-сырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 кыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай жөне Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет жөне Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Оның барысында Кіші жүз бен Орта жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Осы шарттан кейін патша өкіметінің отарлау саясаты жаңа карқын алды. 1740-1743 жылдардың өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін манда қазақтардың қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Мұндай жаппай әскери тірек базаларын салуға қарсы болған Әбілқайырмен оның төңірегіндегілердің пікірі ескерусіз қалды.Бұл кезде кең-байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И. И. Неплюев Ресейдің Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 жылы тамыз айында Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында «Қосалкы жоспар» әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылгы 1 наурызда бекітті. Осы жоспарға сәйкес барлық ағымдагы істер И. И. Неплюевтің өзіне жүктелді. Әбілқайыр ханның билігін әлсірету үшін Неплюев қарақалпақтар мен башқұрттарды Кіші жүз қазақтарына айдап салды, сөйтіп ұлтаралық кайшылықты қоздырды.1744 жылы Орынбор губерниясы құрылып, оның бірінші губернаторы болып генерал И. И. Неплюев тағайындалғаннан кейін, онымен Әбілқайыр арасында араздық басталды. Неплюев Әбілқайыр ханды саяси аренадан кетіру үшін, небір жымысқа әдістерді қолданды. Ол Орынбор өлкесінде отарлау шараларын адам айтқысыз катыгездікпен жүргізді, орыстардың Кіші жүз жеріне қоныс аударуына барынша қамқорлық жасадьі.Әбілқайыр хан патша өкіметі мен Орынбор губернаторының түпкі максаты бүкіл Қазакстанды империяның отарына айналдыру, өздеріне ұнамайтын ыкпалды сұлтандар мен ру басыларын әр түрлі әдістермен жоюды көздейтінін бірден аңғарды. Олар Әбілқайыр ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы деңгейіне дейін төмендетуге тырысты. Ол үшін И. И. Неплюев ханға қарсы Орта жүздің атақты шонжары Барақ сұлтанды айдап салып, бұлардың арасындағы феодалдық топтық қырқысты шиеленістіруге себепші болды. Бұл қырқыс 1848 жылы 1 тамызда Үлкияк жөне Торғай өзендерінің арасында болған кактығыс кезінде Барақ сүлтан тобының Әбілқайыр ханды өлтірумен аякталды. Барақ сүлтан Әбілқайыр ханды зорлыкпен өлтіру өзінің даңкы мен билікке жетуіне даңғыл жол салып береді деп есептеді. Алайда, ол қатты кателесті, өз тайпаластарының көпшілік бөлігін өзіне карсы қойып алды. Қазыбек бидің жетекшілігімен өткізілген билер соты оны ақтағанымен, халық одан теріс айналып кетті, сөйтіп көп ұзамай Баракты саяси қарсыластары улап өлтірді. Ал Кіші жүзде 1749 жылы хан болып Әбілкайырдың баласы Нуралы сұлтан сайланды. Ол алгашқы жылдардан бастап ақ патша өкіметінің айткандарын орындайтын тәуелді билеуші екендігін көрсетті.Сонымен XVIII ғасырдың орта кезінде Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта жүздің тек аз бөлігі кірді. Ал, Солтүстік-шығыс жөне Орталык Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек XIX ғасырдың 20-40 жылдарьінда ғана, патша өкіметінің әскери-саяси күш көрсету нөтижесінде қосылды.Патша өкіметі Қазакстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 казандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының камалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алкаптарындағы Орта жуздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ырыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер кұрылысын тездетіп салу жөне тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайык, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін кұру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі кұру, басқарудың дистанциялык жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата косу, ал Орта Азия хандыктармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлык билікті ресейлік әкімшіліктің колына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік кызметіне катыстырмауга тырысты.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу ушін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалык ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды.
