
- •58 Қазақстан – соғыс арсеналы. Қазақстандықтардың майданға көмегі.
- •6 Ғұндар
- •36.Жанқожа Нұрмұхамед ұлы бастаған көтеріліс:.
- •1960 Жылдарда –ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі айқын сезіле бастады.
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қ-н халықтарының м-ті мен оның көршілес елдер м-тімен өзара қатынасы.
- •73Қазақстан Республикасының Конституциясы. (1993ж). Жаңа Конституцияның қабылдануы.(1995ж)
- •20 Қазақ халқының қалыптасуының.Қазақ этнонимі.
- •1.2 Жаңа экономикалық саясат кезіндегі қ-нның халық шаруашылығын қалпына келтіру.
20 Қазақ халқының қалыптасуының.Қазақ этнонимі.
Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б. 2-1 мыңжылдықтан басталады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі – б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдыйды өзгертті. Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі – 10-12 ғ-да өмір сүрген Қарахан ж/е Қыпшақ хандықтарымен байланысты. 13ғ-дың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керкейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды. 13-14ғ-да Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді. 15ғ-да Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті. 16ғ-дың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі – түркі тілі, антропологиялық типі – монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы. Шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы ж/е егіншілік.
“Қазақ” терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы бар:1. Тарихшы Бартольд: “өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам”. 2. М.Ақынжанов: “қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан”. 3. 12-15ғ-да түркі тілінде жазылған деректерде: “еркіндік аңсаушы, батыл” мағынасын білдіреді. 4. Түркологтардың пікірінше, “қазақ” терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ. 5. Жазба әдебиетте “қазақ” термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде араб-қыпшақ сөздігінде бірнеше рет қолданылған
.Қазақ жүздерінің қалыптасуы.. Жүз- тарихи-шарушылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз- бөлік,тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз географиялық орны мен климаты айырмашылығымен ерекшеленеді. XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан,Ақ Орда,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан,халықтар арасында өзара бірігу,топтасуға ұмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқшауланудың тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтыла отырып ,3 негізгі этникалық –шаруашылық топқа бөлінді. Қазақ халқы 3 жүзге бөлінеді: Ұлы жүз. Территориясы- Жетісу мен Оңт. Қазақ-н. Рулары-үйсін,дулат,албан,суан,жалайыр т.б. Орта жүз. Территориясы-Орт. және Солт-к Қазақстан. Рулары-қыпшақ,арғын,найман,керей,қонырат,уақ. Кіші жүз. Терри-сы – Батыс Қазақс-н. Рулары-алшын,адай, төртқара,жағалбайлы, табын, тама. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жетіру,Әлімұлы, Байұлы
47 Қазақ-н азамат соғысы жыл-да. Жұмысшы-шарулар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуды алғашқы күндерден бастап құлатылған таптапрдың қарулы қарсылығын тудырды.Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды,сол себебті революция мен азаматсоғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.Қазақ-ғы азамат соғысы-ң алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж қарашасында Торғай обл-ң әкішілік орталғы Орынборда қалыптасты,Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып,Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты Цвиллинг бастаған революц-қ комитеті тұтқынға алады.1917 ж қарашасында революц. Қарсы ошақ Оралда құрылады.Осында көп ұзамай обл-қ әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып,өкіметті басып алады.1918 ж қаңтарда қуылған атаман Дутов,1918 ж 3 шілдеде тағы бүлік шығарып,Орынборды басып алады да,кеңестік Түркістанды Орт-қ Ресейге бөліп тастайды.Азамат соғысы жағ-да Қызыл Армияны құру ісі ойдағыдай жүзеге асырылды.Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілеріде бара бастайды.Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 ж мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылады.1918 ж жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды.Қаз-н жеріндегі ірі-ірі соғыс операциялары Фрунзе,Тухачевский,Чапаев сияқты белгілі қолбасшылар,Белов,Кутяков,Иманов т.б секілді талантты командирлер басшылығымен жүзеге асырылды.1920 ж 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Респуб-сы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
74 Қазақ-ң қоғмдық-саяси өмірі. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.Ұлтаралық қатынастар.(20ғ 90ж). Әлемдегі ең үлкен мемлекет-КСРО-ң ыдырауы ж/е оның құрамындағы респуб-ң саяси,эконом-қ ж/е мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1993 ж Президент Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қаз-н ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.1992 ж қырқүйек қазан Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарына үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан мен Ресейден келушілер көп болды.Барлық қатысушылар-800 адам. Құрылтайда Қаз-н Жоғарғы кеңесінің 1992 ж 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу тур.» Заң негізінде қандастарымызды елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.Қазақ-ң егемендік алуы,КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық өрістеуіне жол ашты. 1993 ж соңы 4 саяси партия тіркелді- Қаз-ң социалистік партиясы,ҚР-қ партиясы,Қаз-ң халық конгресі партиясы,Қаз-ң коммунисттік партиясы.1995 ж басы «Қаз-ң аграрлық партиясы» құрылды.1995 ж жаз «Қаз-ң демократиялық партиясы» құрылды.1998 ж қараша «Ақ жол» партиясы құрылды.Жетекшісі-Н.Оразалин.1999 ж қаңтар «Отан» партиясы құрылды.Төрағасы –Терещенко.2000 ж қарша «Қаз-ң демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік құрылды.2000 ж респуб-ғы ресми тіркелген партиялар саны-15.Елімізде саяси партия-ң ж/е партиялық жүйелердің орнығуына,тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.Бұл жағдай респуб-ң өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, эконом-ң ж/е халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
21-билет
75.Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты,әдістері,нәтижесі. Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйелерінен нарықтық жүйеге өтуді іске асыруда.Өтпелі кезеңнің 3 кезеңі бөліп көрсетіледі.1кезең . Дағдарыстың даму кезеңі, өндірісітің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция,инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады.2кезең.макро-экономикалық тұрақтандыру. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарыстан өтеді. 3кезең.Экономикалық өсудің жандану кезеңі ,төмен инфляция іскерлік белсенділіктің артуы.Материалдық өндіріс көрсеткішінің өсуі ,дамуымен сипатталады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қ.Р.-дағы жүиелік-экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады. 1.1992-1993 жылдағы қарашасына дейінгі өз валютасын жоқ жағдайындағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды.Осы кезеңде республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданған шешімдерге тәуелді болып , Қазақстан макро экономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. 2.1993 қараша ұлттық валютаны енгізу,макро-экономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты.Ол салық салу облысында бюджеттік ,банктік сферадағы қатынастарды, соның ішінде шетелдік капиталды тарту,кеден ісін құрумен 2 кезеңнің басты нәтижесі жаңа экономикалық жағдай болды.3. 1997-2000.негізгі макро –экономикалық көрсеткіштің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.Село –таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Қазақс-ң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
48
.«Әскери комунизм саясаты»:мәні,әдісі,түрі.. “әскери коммунизм ” саясаты. Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. «Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақсатандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды. [1]. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».
Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.
Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.
Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын. [4]. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.
Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.
Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді. Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді. *Большевиктік насихат қоғамды әр түрлі әлеуметтік жікке бөліп, оларды арасындағы алауыздықты өршітгі. Мәселен, «орақ пен балғанын біртұтас және мызғымас одағы» ретінде өзінің таптық көзқарасының дұрыстығына берік сенген жұмысшы, солдат және еңбекші шаруалар мемлекеті отындық ағаш дайындауға және басқа да ауыр қара жұмыстарға «буржуазиялық» интеллигенцияны салып қойды. Соның нәтижесінде оның көптеген өкілдері моральдық террорға шыдай алмай Отанын тастап кетті.
«Кедей-бай», «Кеңес өкіметіне шын берілген немесе қарсы», «белсенді немесе енжар» принциптері бойынша әлеуметтік топтар ішіне бөліну мен ажырасу рухы себілді, мұның өзі аз да болса сақталып келе жатқан топ аралық тұрақтылық пен тепе-тендікті тас-талқан етті, дәстүрлі ынтымақты-топтасқан қатынастардың аражігін ашып жіберді.
«Революциялық батылдықпен» экономикалық зандылықтарды белден басып, мейлінше тиімсіз нарықтық емес даму жолын қолдан жасап, тауар-ақша қатынастары мен сауда-саттық факторларын көзге ілмей, сөйтіп елдің экономикалық өмірін ортағасырлық томаға-тұйық натуралды шаруашылыққа оралтып, большевиктер тауарсыз утопияны іс жүзіндегі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Қоғам осы тәжірибесі үшін қатты зардап шекті (оның біріншісіне ұқсас келесі көрінісі — ұжымдастырудан кейін елдің адымын алпыс жыл бойы тұсады және алғашқысынан да көп құрбандыққа ұшыратты).
Алайда өкімет халық алдында қандай да бір өкініш білдірген жоқ. Тек партия жиналыстарында «қалайда жақсы және тез атқаруға тырыстық», «коммунизмге даңғыл жол жоқ», «құрбандықсыз революция болмайды» (жарқын болашақ үшін құрбандықтың қайсысына болсын төзуге шақырған большевиктік даурықпа үранды кеңес халқының бүкіл ұрпағы үнсіз мойындады) деген сияқты ақталу сипатындағы сөздер айтылды.
Ленин: «Біз тиянақтап есептеп алмастан, ұсақ шаруалы елде өндірісті қайта құрып, дамытуды және өнімді бөлуді пролетарлық мемлекеттің тікелей жарлықтары арқылы коммунистік тұрғыдан жолға қоймақшы болдық, немесе солай деп жорамалдадық» деп жазды. [25]. Есептер орасан зор қателіктерге ұрындырды. Елде экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар белең алды. «Әскери коммунизм» саясаты мен оның тауарсыз утопияға сүйеніп жүзеге асырылуының ең басты қорытындысы, міне, осы.
21
. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Керей мен Жәнібек сұлтандар-Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар.
Қазақ хандығы XV ғ-рдың ІІ жарт-нда, нақтырақ 1465-66 жылдары қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей қол астындағы елдерімен Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығып, Моғолстан шекарасына қарай көшіп барып, Есен-Бұға бөліп берген жерлерге қоныстану кезінде құрылды. Қазақ хандығы басында Б. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын қамтыды. Жәнібек пен Керейдің әрекеттері орталықтанған жеке мем-т құруда халықтың және ру-тайпаларының билеушілерінің мүдделеріне сай болды.
XV соңында қазақ хандығы экономикалық жағынан күшейіп, қазақтар ежелден мекендеген жерлерді қоса отырып, территориясын барынша кеңейтті.
XVI ғ-рдағы қазақ хандығы нақты қалыптасып, күшею кезеңін бастан кешірді. Оның территориясы 1511-1521 ж-р аралығында Қасым хан билік еткен кезде Сырдария өңірін, Жетісуды, Қарқаралы тауларын, Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды. Қасым хан кезінде билік күшейді. Қ-нның орталықтары болып Түркістан мен Сығанақ қалыптасты. Халық саны миллионға жетті. Жеті сатылы басқару жүйесі енгізілді: ауыл (аулыбасы)-аймақ (аксакал)-ру (рубасы)- арыс (би)- ұлыс (сұлтан)- жүз (хан)- хандық (қағанан). «Қасым ханны қасқа жолы» заңдар жинағы жасалды. Қ-қ хандығы Еділбойы халықтарымен, Б. Сібір хандарымен дипломатиялық және сауда қатынастарда болды. Қасым Мұхаммед Шайбанимен күрес (1501-1510) жүргізді. Қ-қ хандығы Орта Азияда және Ш. Еуропада көзге түсті.
Қасым хан өлген соң 15 жыл бойы саяси дағдарыс болды. Бірнеше хан ауысып, көптеген аумақтардан айырылды. 1538 билікке Қасымның ұлы Хақназар (1538-1580) келді. Ол билік құрған кезде сауда-экономикалық жағдай жақсарды. Қазақтар мен өзбектер араларында сауда қатынастары жақсарды. Ханның өзінің жасақтары (төлеңгіт және қараша) болды. Ханның рұқсатынсыз көшкендер айып пұл төледі. Хан өз пайдасына салықтар жинап отырды. Хақназар Қасым хан кезіндегі қазақ жерлерін қайтаруға әрекеттенді. ХVІ ғасырда, 1552 ж. Қазанды, 1554 ж. Астарханьды алғаннан кейін қазақ хандығына орыс патшалығы таяй түсті. Қазақ хандығы Сырдария өлкесі үшін шайбанидтермен күрестерін жалғастыра берді.
Хақназардан кейін хан Тәуекел болды (1582-1598). Ол билік құрған кезеңде Қазақ хандығы мен орыс патшалығының байланыстары кеңейе түсті. Орыс патшасы орыстарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасуаға рұқсат берді. 1583 ж. өзбектермен байланысын үзіп, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын жаулап алды. 1597-98 жылдары Ташкентті басып алды. Сібір хандығы құлағаннан соң сол-к шекаралар да кеңейді. 1598 ж. Мәуереннахрды шабуылдады. 1594 ж. Федор патшамен келісім жасау үшін Мәскеуге елші Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595 ж. В. Степанов жауапты сапар жасады.
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы ерте феодалдық қыпшақ мемлекеттілігіндегі өзіне ғана тән белгіге - хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндігі жатты (Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории... 282-б.). Бұл әдет сырттан әкелінбей қыпшақтарға дейінгі және қыпшақтар кезіндегі жергілікті тайпалардағы әулеттегі жасы үлкенді сыйлаудан, соған құрмет көрсетуден туса керек. Моңғол жаулауы нәтижесінде хандық билік әкеден балаға қалдырылатын заңға айналды. XV ғасырда моңғолдар енгізген бұл жолды жергілікті халықтың әдет-ғұрпы ығыстырып шығарады. Қыпшақ дәуіріндегі хандық биліктің мұрагерлік жолы XV ғасыр ортасында қалпына келтіріле бастайды. Оған Керейдің хан сайланылуы дәлел. Әбілқайыр ханға дейін Дешті Қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған еді. Моңғол дәстүрі бойынша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуы тиіс. Жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді. Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды. Жәнібектен соң хан Бұрындық болды.
Міне, не себепті Керей хан болды деген сұрауға біздің жауабымыз осындай.
22-билет
49Қазақ АКСР-нің одақтас республика ретінде қайта құрылуы. Қазақ КСР-нің 1937 ж. Конституциясы және ақиқат.
1936 жылы желтоқсанда Кеңестер Одағының жаңа Конституциясы КСРО-ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде іске асырды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болып келсе, енді олардың саны он бірге жеткізілді. Закавказье Федерациясы таратылып, оған қарап келген Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді Одаққа тікелей қарайтын болды. Қзақ, Қырғыз автономиялық республикалары да Одақтас республикаларға айналды. Қзақстанның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзгерістер , оның Одақтас республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық Заң жобасы 1937 жылы 9 ақпанда Республика еңбекшілернің талқылауына ұсынылды. Баспасөз бетінде, ұжымдарда кеңінен талқыланған Конституция жбасын 1937 жылы наурыздың 21-26 аралығында болған Қ-н Кеңестернінің төтенше оныншы съезі қарап бекітті. Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының социалистік мемлекеті екенін, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары кеңесі құрайтынын, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына топтастыралатыны атап көрсетілді. Республиканың экономикалық негізін шаруашылықтың социалистік системасы және мемлекеттік, сондай-ақ, мемлекеттік-кооперативтік меншіктен тұратын социалистік меншік құрайтынын жариялады. Республикадағы ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылғы тікелей сайланантын ҚКСР Жоғарғы Кеңесі деп көрсетілді. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын және Үкіметті-Халық Комиссарлар Кеңесін құрады делінді. Конституция барлық азаматтардың демократиялық құқытарын, бас бостандығы мен міндеттерін белгілеп, республиканың ұлттық ерекшеліктерін ескерді. Онда Қ-нның одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР заматтарының КСРО азаматы болып танылатыны туралы айтылды. Конституцияда тұрғылықты халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді. Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрамалануы, демократияны бұзыушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны қазіргі күндерде белгілі болып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты қалпына келтіруге , боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалп жатқан бүгінгі таңда сол жылдардың тарихындағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен, мағлұматтармен шынышылдық тұрғысынын көрсетілуде. 30 жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік қарар бұлты қаптап келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан кеңес қоғамы аса ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Жергілікті пратия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары үлкен соққыға душар болды. Жке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді қолпаштаау, жапай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды. Партия, кеңес қызметкрлері, оқыған зиялыллар орынсыз қудалауға, құрбандыққа ұшырады. Сөйтіп қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып, Л:И:Мирзоян, О:Исаев, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, Т,Жүргенов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, А.Қоңыратбаев ұсатлды. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қзақстанға Одақтас республика дәрежесін беру, мәдени құрылыстағы, халық ағарту ісіндегі және ғылымдағы табыстар сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйенің тек қатаң идеологиялық қыспағында іске асты.
22Қазақ халқының XV-XVIIғғ.м-
15-18 ғғ басындағы қазақтардың шаруашылығы және мәдениеті. XVғ.-ХІХғ. басы қазақ халқының тарихи м-ті басты орын алған кезең болды Ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани м-тінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХ ғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани м-тінің құндылығы жойыла берді.
ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
XV-XVII ғ. үлкен көлемде әр түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.
Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағыменде, өз ерекшелігінде ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мыс: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар т.б.Ертегілер: “Ер төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, «Аламан Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бозінген”, “Сырттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жабайы аңдар бейнеленген. Ертегілер: “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожанасыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол Ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады. Ол эпостар “Қарабек”, “Ер көкше”, “Қобыланды”, “Қамбар”. Бұлар ХІІ-ХІV ғасырға жатады.XVI-XVII ғ. дамудың жаңа этаптары басталды: сюжеттік поэмалар. Онда өз отандарын басқа елден келгендерден қорғау барысы бейнеленген.Әлеуметтік-тұрмысты поэмалар жастар махаббатына арналады, онда айтылған салт-дәстүрлердің, халықтың ерекшеліктерін сипаттау жағынан алатын орны зор. Мәселен, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Күлше қыз”, “Назымбек”, “Сұлу шаш”, “Мақпал қыз” атты поэмалар соның айғағы. Қазақтың лирикалық поэмасына айтарлықтай үлес қосқан шығыс халықтарының классикалық поэзиясы. Махаббат лирикасындағы әндер “Жүсіп пен Зылиха”, “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Боз жігіт”, “Сейфуль-Малик”, “Тахир мен Зухра”. Бұларда қазақ халқында белгілі бір орын алған. Қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары да кең тамыр жайған: мақал-мәтелдер,жұмбақтар, үзінділер, шешендік сөздер, сатира, юмор, лирикалық әндер (жырлар), тұрмыстық дастандар және т.б.
МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
Еңбек көріністері, салт-дәстүр, халық ойындары және мерекелер – музыка әлемінде өздерінің көріністерін тапқан. Вокалды және инструменттік өнердің дамуы поэтикалық дәстүрдің дамуына, түп-тамырын жалғауға негіз болды. Қазақта және басқа да халықтарда тек музыка м-тін қорғаушы, ұрпаққа жеткізуші аспап-саздармен орындаушы, солистік әншілер болды. Әрбір ақынның, әншінің баға жетпес құралы ұшбұрышты, сопақ түрдегі домбыра. Өз кезінде қос ішекті, іші қуыс, асты терімен жабылған қобыз сияқты құралдар болған. XVI-XVII ғғ. халық ойындарында, мерекеде, эпикалық, тарихи, ертегі және тұрмыстық жырларды халық талантары жаңғырта білген. Күйлерді орындаудан бұрын халық таланттары шығарманың мазмұнын қысқаша баяндап, “Енді тыңда, домбыраның сазын” деп аяқтайтын болған. Өткен тарихымыздан біз ауыз әдебиетінің талант иесіне қанша күш беріп, сондай бір тербеніске әкелетінін білеміз.Ауыз әдебиетінің ерекшелігін, алтын қазығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ақын, жырау, әнші-импровизаторлар. Ақындар орта ғасырда-ақ ауыз әдебиетін жаңғырта білген. Олар екіге бөлінген жыршы және әнші.
АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ӘДЕБИЕТТЕР
Поэзия. Жырау. XVғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XVғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде өзара тайпалардың бірілігіне, ерлікке шақырды. Доспанбет жырау XVғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақша сарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлікпен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523ж. Астрахан соғысында қаза тапты.Қазақ халқының м-тінде Шалгез жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа жырау мен Жиембет жырау (XVIIғ.), Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайта оралған.Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қ-нда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор
ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIIIғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген.
Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.XVIIІғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар жырау Тауке хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІғ.аяғы мен ХІХғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде, қазіргі Қостанай обл. дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.Жазба әдебиеті. Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. XV-XVIIIғ. қазақтар арасында “Қысас ал-анабия”, “Бадуаш”, “Суфи Аллаяр”, “Кесік-Баги” және т.б. кітаптар тараған. Бұл шығармалар діни бағытта болған.Бізге XVI-XVIIғ. жазылған тарихи шығармалар да жеткен. “Тарихи рашиди” шығармасы Мағұлстанның және Қазақ хандығының тарихына арналған. Оның авторы-Шухам ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан Мұхаммед Хайдар. Оның “Жахан-наме” деген поэмасы бар.Қазақтардың ең маңызды тарихи көркем шығармасы “Жәми ат-тауарих” оның авторы Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би болған жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосымұлы.1587ж. ол сұлтан Ораз-Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп Мәскеуде және Касимовта ұзақ уақыт тұрып, өз шығармасын жазды. Кітап XV-XVIғ. қазақ тарихына арналған. Мақал-мәтелдерге бай, шежіреден көп дерек береді. Кітап ағыздық ықпалы бар ежелгі қазақтың әдеби тілінде жазылған.XVIғ. Өтеміс-қажы “Шыңғыс-наме” деген тарихи еңбек жазған. Кітаптың маңыздылығы сол, онда XIV-XVғғ. қазақтардың саяси құрылысы, хандары, Қазақ хандығының ұлықтары мен ұлыстарының шығуы және рулар мен тайпалар туралы мол мағлұматтар береді. Қазақтардың тарихи ауызша шежіре тарату дәстүрі қамтылған.
23-билет
77 ҚР-ң халықаралық жағдайы ж/е сыртқы саясаты.Қазақ-ң сыртқы саясатында басты 3 мәселеге ерекше назар аударды: ТМД,Азия,Еуропа елдері,АҚШ Тынық мұхиты,Таяу Шығ. Аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету; Мәдени-эконом-қ байланысты күшейте отырып,алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; Қаз-ң қауіпсіздігін сақтау,ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақ-ң сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын ж/е ірі көрші мемлекет-н,солт.Ресеймен,шығ-Қытай ХРмен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстан-Ресей қатынастары 1992 ж 25 мамыр Қазақ-н мен Ресей арсында достық,ынтымақтастық ж/е өзара көмек тур. шарт жасалды. 1998 ж 6 шілде Мәскеуде 21 ғ бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық тур.» Декларация қабылданды. Қазақ-н-Қытай байланыс-ры. 1990 ж Қаз-н мен Қытай келісімі нәт-де темір жол арқ. өзара байланыс іске асты.Нәт-сі:Қаз-н Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігі ие болды.Қаз-н-АҚШ байланыс-ры. Қаз-ң сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынас-ң өте зор.1991 ж 25 жел-н АҚШ Қаз-н Репуб-ң мем-к тәуелсіздігін таныды.Қазіргі кезде АҚШ Қаз-н экономикасының аса ірі инвесторы.Қаз-н ж/е ТМД елдері.ТМД елдерімен тығыз өзара қарым-қатынаста болу біздің ел үшін өте қажет.Қоғамдық ж/е әлеуметтік-эконом-қ өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграция-ң жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
23
15-18ғғ басындағы Қазақ хандығының әлеуметтәк құрылымы мен мемлекеттік құрылысы. Қазақ хандығы XV ғ-рдың ІІ жарт-нда, нақтырақ 1465-66 жылдары қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керей қол астындағы елдерімен Әбілхайыр ұлысынан бөлініп шығып, Моғолстан шекарасына қарай көшіп барып, Есен-Бұға бөліп берген жерлерге қоныстану кезінде құрылды. Қазақ хандығы басында Б. Жетісу, Шу, Талас өзендерінің аңғарларын қамтыды. Жәнібек пен Керейдің әрекеттері орталықтанған жеке мем-т құруда халықтың және ру-тайпаларының билеушілерінің мүдделеріне сай болды.
XV соңында қазақ хандығы экономикалық жағынан күшейіп, қазақтар ежелден мекендеген жерлерді қоса отырып, территориясын барынша кеңейтті.
XVI ғ-рдағы қазақ хандығы нақты қалыптасып, күшею кезеңін бастан кешірді. Оның территориясы 1511-1521 ж-р аралығында Қасым хан билік еткен кезде Сырдария өңірін, Жетісуды, Қарқаралы тауларын, Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтыды. Қасым хан кезінде билік күшейді. Қ-нның орталықтары болып Түркістан мен Сығанақ қалыптасты. Халық саны миллионға жетті. Жеті сатылы басқару жүйесі енгізілді: ауыл (аулыбасы)-аймақ (аксакал)-ру (рубасы)- арыс (би)- ұлыс (сұлтан)- жүз (хан)- хандық (қағанан). «Қасым ханны қасқа жолы» заңдар жинағы жасалды. Қ-қ хандығы Еділбойы халықтарымен, Б. Сібір хандарымен дипломатиялық және сауда қатынастарда болды. Қасым Мұхаммед Шайбанимен күрес (1501-1510) жүргізді. Қ-қ хандығы Орта Азияда және Ш. Еуропада көзге түсті.
Қасым хан өлген соң 15 жыл бойы саяси дағдарыс болды. Бірнеше хан ауысып, көптеген аумақтардан айырылды. 1538 билікке Қасымның ұлы Хақназар (1538-1580) келді. Ол билік құрған кезде сауда-экономикалық жағдай жақсарды. Қазақтар мен өзбектер араларында сауда қатынастары жақсарды. Ханның өзінің жасақтары (төлеңгіт және қараша) болды. Ханның рұқсатынсыз көшкендер айып пұл төледі. Хан өз пайдасына салықтар жинап отырды. Хақназар Қасым хан кезіндегі қазақ жерлерін қайтаруға әрекеттенді. ХVІ ғасырда, 1552 ж. Қазанды, 1554 ж. Астарханьды алғаннан кейін қазақ хандығына орыс патшалығы таяй түсті. Қазақ хандығы Сырдария өлкесі үшін шайбанидтермен күрестерін жалғастыра берді.
Хақназардан кейін хан Тәуекел болды (1582-1598). Ол билік құрған кезеңде Қазақ хандығы мен орыс патшалығының байланыстары кеңейе түсті. Орыс патшасы орыстарға қазақтармен баж салығынсыз сауда жасуаға рұқсат берді. 1583 ж. өзбектермен байланысын үзіп, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын жаулап алды. 1597-98 жылдары Ташкентті басып алды. Сібір хандығы құлағаннан соң сол-к шекаралар да кеңейді. 1598 ж. Мәуереннахрды шабуылдады. 1594 ж. Федор патшамен келісім жасау үшін Мәскеуге елші Құл-Мұхаммед жіберілді. 1595 ж. В. Степанов жауапты сапар жасады.
50 Қаз-ғы ЖЭС: себебтері барысы, нәтижелері. Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты, қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты. Қ-нның мемлекет иелігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қ-нда мұнай өндіру – төрт есе , Қарағанды көмірін өндіру 5 есе қысқарды, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтап қалды. Мұнай кәсіпшіліктері тоналып, 400 мың пұттан астам мұнай теңізге ағызылып жіберілді, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істн шығарылды. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небәрі 6,3% болды. Республиканың ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Егіс көлемі Орал губерниясында екі еседен астам, Жетісуда 3 еседей қысқарды. Мал саны да едәуір азайып, 29,9 миллионнан 16,3 миллионға дейін қысқарды.
Кеңес өкіметі еңбекшілердің жағдайын жеңілдетуге ұмтылып, тіршілік үшін қажетті құралдарды бөлуде коммунистік негіз енгізуді ойластырды. Мәселен, 1921 жылдың бас кезінде Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі халыққа азық – түлікті, отынды тегін босату туралы, коммуналдық қызметтерді тегін көрсету туралы, ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдады.
Алайда, зорлық – зомбылыққа негізделген азық – түлік саясаты сәтсіздікке ұшырады. Шаруалардың шыдамы таусылды. Қ-нның солтүстігінде шаруалардың қарсылығы «әскери коммунизм» саясаты кезеңінде – ақ пайда болып, «жасылдар» қозғалысы деп аталған еді және олар «ақтарды» да, «қызылдарды» да қолдамаған болатын. Міне сөйтіп 1921 жылы шаруалар азық – түліктің артығын жаппай тартып алуға қарсы шықты.
Бастапқыда көтеріліс Солтүстік Қ-нның Новоишим ауданында тұтанды. Қостанай, Ақмола, Орал, Семей губернияларында көтеріліс ошақтары пайда болды. Мәселен, 1921 жылы ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25 мың адамнан тұратын көтеріліс отряды Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. Азық – түлік салғыртына наразы орташа шаруалардың бір бөлігі көтерілісшілерге қосылды. Сібір мен елдің орталығы арасындағы темір жол қатынасы үш апта бойы үзіліп қалды. 1921 жылыдың наурызында Орал губерниясының аумағында Сапожков отядының қаруланған 10 мыңнан астам көтерілісшілер әрекет етті. Кеңеске қарсы элементтер «әскери коммунизм» саясатына шаруалардың наразылығын шебер пайдаланып, ұсақ буржуазиялық күштерді Кеңес өкіметі органдарына қарсы бағыттап отырды. Мысалы, Қарқаралы уезінің 70- тен астам басшы партия және кеңес қызметкерлері қаза тапты.
Ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат керек екені айқын бола түсті. Экономика мәселесі саясатқа айналды.
Партияның Х съезі 1921 жылы наурызда азық – түлік салғыртын азық – түлік салығымен алмастыру туралы, жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Оның мәнісі саяси – идеологиялық салада – қатаң бір партиялық режим, өзгеше ойлау мен өзгеше әрекет етудің қандайын болса да тұншықтырып отыру; экономикада - әміршіл – рыноктық шаруашылық жүйесі болатын.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық , несие және кооперациясын дамыту көтермеленеді. «Әскери коммунизм» тұсында енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді. Темір жол және автомобиль тасымалының , өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптердің кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді.
Өлкенің 28 мың коммунисінен өкіл болып, Орынборда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. 1921 жылы наурыз – сәуір айларында республикада азық – түлік салғырты азық – түлік салығымен алмастырылды. Машиналарды жалға беретін алғашқы пункттер пайда болды, базарлар ашылып, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті.
Сонымен бірг тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталып, ол әсіресе большевиктердің өлкелік партиялық ұйымының басшысы Ф.И.Голощекин болған кезде күшейе түсті.