Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.86 Кб
Скачать

XIX ғасырдың екінші жартысындағы қ-н халықтарының м-ті мен оның көршілес елдер м-тімен өзара қатынасы.

Ауыз әдебиет: 19 ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты. Жанақ,Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды. Жетісуда Сүйінбай өзінің өткір жырларымен танылса, Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім жырға машығады. Ал Сыр өңірінде Базар жырлары өріс табады. 19 ғасыр салдар мен серілер өнернамасы болды. Серілердің ең атақтылары-Біржан, Ақан, Әсет. Біржан сал1834-1897 ж қазақ рухани м-тінің тарихында қын,композитор әрі әнші ретінде белгілі.Оның әндері музыка өнерін жаңа сатыға көтерді.Ел билеушілердің озбырлығын әшкерелейді, адам тағдырының қиындығы туралы толғайды.Сарамен айтысы ақындық даңқын шығарды. "Жамбас сипар", "Биржан сал", "Жанбота", "Лайлым шырак" өлеңдері қазақ халқының классикасына кірді. 1843-1913ж композитор, әнші Ақан сері де Біржанмен тағдырлас. Ақан жастық шақтың қуанышын,аңшылық,саятшылықты жыр етеді.Өмірінің екінші кезеңінде мұң басым. Жаңа тәртіп зардаптарын суреттейді. Ақан серінің әндері музыка м-тінің асыл қорына енген. 19 ғасырдың екінші жартысында халықтың ауыз әдебиетімен бірге қазақтың жазба әдебиеті де дамыды. Оның негізін қалаушы ұлы ақын Абай Құнанбаев болды. Лирикасында адамгершілік, шыншылдық, гуманистік идеялар мен принциптерге айнымас адалдық жырланды. Қазақ арасынан орыс м-тін үлгі тұтатын адамдар бой көрсетті. Оның ішінде Шоқан Уәлиханов (1835-1865) Шығыс Түркістан өлкесін, Ыстық көл алабын зерттеп, география ғылымна үлес қосты. Қырғыз эпосы «Манастың» таңдаулы тарауларын қағазға түсірді.Қазақ және қырғыз халықтарының тарихына, этнографиясына, әдебиеті мен м-тіне көптеген зертеу еңбектер жазды. Ы.Алтынсарин қазақ прозасының негізін салушылардың бірі болды. Әңігімелері шыншылдық, тәрбиелік қасиеттер, тіл көркемділігімен ерекшеленеді. Л.Толстойды, к.Ушинский, И.Крыловтың мысалдарын аударды. Проза,драматургия, әдебиет сыны сияқты жаңа жанрлар қалыптасты. Поэзия дамыды, оның жарқын өкілдері Шортанбай Қанайұлы(1818-1881), «Зар Заман» поэмасының авторы Дулат Бабатайұлы (1802-1874 ж), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906 ж)

Діни мұсылмандық әдебиеттің көрнекті өкілі Әубәкір Кердері (1858-1903 ж). Өзінің шығармаларында діни мәселеге назар аударды. 19 ғ ІІ ж басқа бағыт анықталды. Оның ішінде Сүйінбай Аронұлы (1822-1885 ж).

Халық ағарту және білім беру ісі

XIX ғасырдың екінші жартысында қалалық училищелер, гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауылдық мектептер және алғашқы сауат ашу мектептері ашылды. Бұл оқу мекемелері мемлекет қаржысына құрылып, алғашқы білім беру мекемелерінің рөлін атқарды. 1841 жБөкей Ордасында жоғары класс мектептері ашылды. Мұндай мектептерде негізінен екі кластық училищелерді бітірген және мұғалімдік семинарияларда мұғалімдік атаққа сынақ тапсырған, сауатты қазақтар дәріс бере алатын болды. 1846 ж негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Қ-нда бастауыш халықтық мектептердің ашылуы Ы.Алтынсариннің атымен байланысты. 1867-1868 жж. реформалар енгізілгеннен кейін қазақ өлкесінің әр аймақтарында осындай мектептер ашыла бастады. 1869 ж Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінң тілмәштарын, хатшыларын даярлайтын бөлімше құрылды. Білім беру ісіндегі маңызды қадамдардың бірі - қыздар білімін дамыту болды. Ы.Алтынсариннің зор еңбегінің нәтижесінде 1887 ж. Ырғызда қазақ қыздары училищесі, ал 1890-1896 ж. Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды.XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап өлкеде оқу округтері пайда болды. Орынбор оқу округінің қарауында – Орал және Торғай облыстары, Батыс-Сібір оқу округіне – Ақмола, Семей облыстары, Түркістан оқу округіне – Сырдария және Жетісу облыстары кірді.XIX ғасырдың аяғында әлемдік дамудың күшті ықпалымен Ресей қосып алған шығыс жерлеріне деген қызығушылық пайда болды. Қ-нға шығыстанушы ғалымдар, географтар мен саяхатшылар келіп, тарихшылар зерттей бастады. Өз зерттеулерімен өлкені тануға П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцев, ИА-в.Мушкетов, ВА-в.Радлов т.б. үлкен үлестерін қосты. Қ-н Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің зерттеу объектісіне арналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді, өлкелік мұражайлар ашылып, ежелгі ескерткіштер, халық ауыз әдебиеті зерттеліп, орыс-қазақ мектептері және кітапханалар ашыла бастады. Ұлы Абай Құнанбайұлы Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болды. Қазақ даласында тұңғыш кітапханалардың ішінде ерекше көзге түскен 1883 ж. ашылған Семейдегі қоғамдық кітапхана. Оңтүстік Қ-нды зерттеу орталығы Ташкенттің ғылыми мекемелері болды. Бұл өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеумен халықшылдар П.И.Пашино, Г.С.Загряжский, Д.Иванов, Г.Усов, И.Гейер т.б. айналысты.Патша үкіметі бұл мектептерді ашуда - қазақ жастарын орысша сауаттылыққа ғана тартып, алғашқы біліммен шектеу саясатын ұстанды. Қазақ балаларының орта оқу орындарына тартылуына шектеу қойылды. Өйткені олар ұлттық интеллигенцияның өсіп-жетілуінен, ұлттық сананың өсуінен, қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық көтерілісінен қорықты.Қазақ балалары негізінен медреселерде оқыды. Бұл кезеңде оқу құралы ретінде «Шариғат – ұлы иман» немесе «Иман-шарт» қолданылды. Мұнда ислам дінінің негіздері оқытылды.

Баспасөз.Қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. 1870-1882 ж Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті, 1888-1902 жОмбыда «Дала уәлаятының» газеті шығып тұрды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қ-н жерінде отарлық басып алуды, халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен түркі халықтарынң тарихы, этнографиясы, әдебиеті,ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат басылды.

Ғылым

19 ғасырдың екінші жартысында капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер қазақ м-тіндегі бағыт-революцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. 19 ғ ІІ ж Ресейдің ғылыми қоғамдарының филиалдары мен мекемелері құрылды.

1867 ж Ташкент елдің ірі ғылыми орталыққа айналады. 1897 ж Орыс географиялық қоғамның бөлімі Қ-нның оңтүстігін зерттеуг мақсатында құрылды. 1887 ж желтоқсанда Орынбор архивті комиссия құрылды. Комиссия мақсаты-генерал-губернатор канцеляриясындағы ғылыми зерттеулерді дайындау, қалпына келтіру.Орынбор мұражайы салныды. Архивті комиссия мүшесі И.Кастанье болды. XIX в Қ-н облыстық орталығында статистикалық комитеттер құрылды. Ғылыми мекемелерде Ресейдің шығыстанушылары В. Григорьев, В. Вельяминов-Зернов, Я.Ханыков, И. Березин, В. Бартольд, А. Харузин, Н. Аристов жұмыс істеді.

14-билет

41 Қазақстан бірінші орыс ревалюциясы жылдарында.(1905-1907)

1905-1907 ж-ғ революциянын алғы шарты-патшанын аграрлық саясаты.1853-1905ж 4 млн. дес.1806-1907-17млн. жер тартып алынды.1905ж қанды жексенбі, Түрк,Жосалы,Шалқар қарсылықтар болды.Қарқаралыдағы қарсылыққа М Дулатұлы қатысты.Пировскіде саяси демонстратция қазақ орыс жұмысшыларынын бірлесуімен өткізілді.1905 ж желт. 12 күнге созылған Успен кеніші ішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл с-б жалақы тапшылығы,ағылшын капиталистер қатыгездігі, азық-түлік бағасы.Семейде почта телеграф қызметкерлер ереуілі,Жаркент гарнизоны әскери қарсылықтар.1906 Семей 500 жұмысшылы ереуіл жұмыс күнін 10сағ.қысқарту талап қойды.1905-1907 алғашқы рев. Жеңілуі:қазақ жұмысшыларынын аздығы ;қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы; Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.Революцияның тарихи маңызы: отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды;Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді.Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып,революциялық күреске шақырды.

Биринши орыс революциясы. Оның Қазақстандағы қоғамдық омирге ыкпалы. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының қызметі. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының м-ті ғасырлар бойы дамыған, өзіндік тарихи ерекшеліктері бар рухани мұраның жалғасы. 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс, таптық күрестің шегінуі және қайтадан өрлеуі де қазақ м-ті салаларының жаңа мазмұнда қарқындап дамуына әсер етті. 1907 ж. наурызда Тройцкіде «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Оны басқарған М.Дулатов болды. Бірақ бұл газеттің екі саны ғана жарық көрді. А.Бөкейханов. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Омбы техникалық училищесінде, Санкт-Петербург орман-техникалық институтының экономика факультетінде оқып, Омбының орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық және ғылыми жұмыспен шұғылданған. "Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаттамасы" деген 18 томдық жинақтың Қ-н туралы бөлімінің авторы (1903 ж.). 1905 ж. конституциялық демократиялық партияның мүшесі (кадет). Бірінші мемлекеттік Думаның депутаты 1905 - 1907 жж. "Ертіс" "Дауыс" кадеттік газеттерінде редактор боп қызмет істеді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтардың шығарған "Қазақ" газетінің тарихи маңызы зор болды. Ә. Бөкейханов "Алаш" партиясының негізгі қалаушылардың бірі. 1917 ж. желтоқсанда ІІ Бүкілқазақ Құрылтайында Ә. Бөкейхановтың бастауымен "Алаш Орда" құрылды. Алашордашылар 1919 ж. дейін большевиктерге қарсы күштердің қатарында болды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ә. Бөкейханов саяси және мемлекеттік қызметтерден бас тартты. Оқу ағарту, м-т саласында жұмыс істеп, 1921 ж. Академиялық орталықты (болашақ Ғылым Академиясы) басқарды. 1937 ж. 27 қыркүйекте Москвада қамауға алынып, атылды.

А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі-ғалым лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан. Орыс-қазақ училищесін бітіргеннен кейін Орынбордың қазақ мұғалімдері мектебінде оқыды. 1895 - 1909 жж. Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы ояздарындағы училищелерде дәріс берді. 1905 ж. саяси қызметке белсене араласты "Қарқаралы петициясының" авторларының бірі. 1909 ж. патша әкімшілігін сынаған үшін түрмеге қамалды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ағартушылық қызметте болды (халық ағарту комиссары). 1920 ж. алашордашы ретінде қамауға алынып Архангельскіге, ал әйелі Шолпан деген қызымен бірге Томск облысына жер аударылды. 1934 ж. кезде Қызыл Крест комиссиясында жұмыс істеп жүрген Е. Пешкованың (М. Горькийдің әйелі) араласуымен А. Байтұрсынов ақталды. Алайда, 1937 ж. қазанда қайта қамауға алынып, атылды.

«Қазақ» газеті А.Байтұрсыновтың басшылығымен шықты. Ол 1913 жылдан 1918 жылдың қаңтарына дейін шығып тұрды. Бұл газет беттерінде патша үкіметінің зұлымдық саясаты, халқына жасап отырған зорлық-зомбылығы ашып көрсетілді. Газет бiрден танымал болды. 1913 жылдың соңында газетке 3 мың тұрақты оқырман жазылса, 1917 жылдың басында ол көрсеткiш 8 мыңға жеттi. Газет шiлде айынан бастап «Алаш» партиясының ресми баспа органына айналды

Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. А.Байтұрсынов жер аударылған кезде бұл газетке М.Дулатов басшылық жасады. Бұл газеттің, қазақ халқының жанашыры болуына А.Бөкейханов зор үлес қосты. А. Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Бөкейхановтың күш жігерін біріктіруінің арқасында «Қазақ» газеті жаңа ғасырдағы шын мәнідегі ұлттық газетке айналды. Бұл газеттің маңайына қазақтың демократиялық интеллигенциялары: Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Г.Қарашев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Дөнентаев, М.Шоқай т.б. топтасты. Бұл демократиялық интеллигенция өкілдері отаршылдардың саясатына қарсы шығып, қазақ халқын патриотттыққа тәрбиеледі.

1911 ж. Орынборда А. Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы басылды. Бұл еңбегі бір жағынан қазақ халқының отарлық, теңдіксіз ауыр жағдайын суреттеуге арналса, екінші жағынан қазақ халқын оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Өз шығармасын «Маса» атай отырып, А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты оятуға тырысты. 1909 ж. «Қырық мысал» атты шығармалар жинағы Крылов мысалдарына негізге ала отырып жазылды.

А.Байтұрсынов – қазақ тілін негіздеуші ретінде де атай аламыз. Ол араб графика негізінде алфавит жасады. Бұл алфавит 1924 ж. «Жаңа емле» ретінде қабылданды. 1912 ж. «оқу құралын» кітабын жазды. Кейінірек «Тіл құралы» оқулығы шықты. Бұл фонетика, морфология, синтаксис деп үш бөлімнен тұрды. Бұл А.Байтұрсыновтың тек қазақ халқына ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес халықтар әлеміне енгізілген үлкен жаңалығы болды.

М.Дулатов (1885-1935 жж.) – Ахметтің халықты азаттық күреске шақыру жолындағы пікірлес жолдасы. Дулатов Міржақып - қоғам қайраткері, ақын-жазушы, драматург, ұстаз. Қазақ-орыс училищесі мен оқытушылар курсын бітіргеннен кейін ауыл мектептерінде мұғалім болды. 1902 ж. Омбыдағы революциялық үйірмелердің жұмысына, 1905 - 1907 жж. Қарқарлыдағы шерулерге, Оралдағы қазақ кадеттері съезінің жұмысына қатысқан. Әдебиет, м-т, тарих, этнография, тіл білімі және математика саласында 2 мыңнан астам мақалалар мен еңбектер жазған. 1913 - 1918 жж. "Қазақ" газеті редакторларының бірі. 1917 - 1919 жж. Алаш Орда үкіметінің басшы қызметтерінде болды. 1920 ж. бастап оқытушылық, баспагерлік жұмыспен шұғылданды. Семейде сот қызметкері, Ташкентте "Ақ жол" газетінің редакторы болды. 1929 ж. қуғынға ұшырап, 1930 ж. 10 жылға түрмеге қамалды. Соловецк лагерінде қайтыс болды.

Оның 1909 ж. Қазанда жарық көрген «Оян қазақ» атты жинағы – халықтың тағдыры мәселесі көтерілген тұңғыш шығармалардың бірі. Өз оқырмандарының санасы мен жүрегіне әсер ете отырып, ол әр адамды халық алдындағы жауапкершілікке шақырады. Қазақ қоғамының жағымсыз жақтарын ашып көрсете отырып, М.Дулатов өз отандастарын жаңа өмірге, басқа ұлттардың жақсы жақтарын қабылдауға шақырады. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп жатқан халқын: «Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекет жасауға шақырды. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты – түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп тұрды. Бірақ кейін бұл кітапты патша үкіметі отарлауға қарсы бағытталған деп бағалап, кітапты жойып, авторын түрмеге жауып, қудалауға ұшыратады. Бірақ М.Дулатовты патша үкіметінің бұл қылықтары жасыта алмайды, осы кезеңде 1910 ж. Орныборда оның «Бақытсыз Жамал», 1913 ж. «Азамат» деп аталатын шығармалар жинағы, 1915 ж. «Терме» атты еңбегі жарық көрді. 1913 жылдан бастап А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетінде өз халқын отарлауға қарсы күреске шақырып талмай еңбек етті.

14.МоңғолдарШыңғыс хан: Билігін күшейту;ішкі тартысты болдырмау;ақсүйектер-ң талабын орындау;халқын жаңа жайылымдармен қамтамассыз ету мақсатында жаулаушылық жорықтар басталды.Шыңғыс ханның соғысу тәсілдері:Жорыққа шықпас бұрын сауда керуенін жіберіп,ол ел тур. Мәлімет алған.Дінге қысым көрсетпеген. Жаулап алған елдердің соғыс техникасын,халқын шапқыншылық соғыстарға пайдаланған.1201ж Қазақстандағы қалаларды жаулап алды.1218ж Отырарға үгедейШағатай 150мың адаммен қоршап,жаулап алды. Төле Бұқараны жаулады.1217ж Алмалық алынды. 1218ж Баласағұн соғыссыз алынды. 8ж билік құрған найман ханы Күшіліктін көрші елдерімен үздіксіз соғсын, мұсылмандарды қудалауға наразы болған Баласағұн беріле салды.Жетісу халқын өз жағына тартқысы келген Шыңғыс хан өлкеде тонаушылықты тоқтатты. Шығыс Түркістан, Жетісуды алған соң моңғолдарға оңтүстік Қазақстан арқылы орта Азияға жол ашылды.8ғ. басында қ-ның о.ты де хоризім шахы Мұхаммедтің билігі үстем болды.Шыңғыс хан мен Мұхммед арасында сауда келісімі жасалды. Жошы әскері оң т. Қазақстан қалаларын басып алды. Сығанақ үш ай қорғанды,Ашнаш 15 күн.Жент 9 күн тонады.1221ж Хорезімді бағындырды.1219-1221 орта Азия түгелімен жаулап алынды.1224ж Қаз арқылы Ертістегі Шыңғыс ордасына оралды.1219-1224 Қаз Шыңғыс хан империясынын құрамына қосылды.Монғол шапқыншылығының зардаптары. Қаз-н жеріне жасалған басқыншылық соғыстардың салдарлары: Халық жаппай қырылып, өндіргіш күштер әлсіреді. Оңт.Қаз-н мен Жетісу гүлденген қалалары ж/е қала мәдениеті жойылды.Шаруашылық құлдырады. Егіншілік мәдениеті жойылып,көшпелі мал шаруашылығы басым бола бастады.Қазақ халқының қалыптасу процесін тежеді.

15-билет

15 Ақ Орда.

Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.

Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.

1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты. 14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.

1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді

Алтын орда

1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық

Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыскнязьдықтары,Мордова,Еділбұлғарлары,Қырым,СолтүстікКавказ,Польша,Венгрияны,Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропаға баратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат Батый хан билігі.Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс; 1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері:Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы. XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.

Темір жорықтары

Темірдің соғыстары негізінен жаулап алушылық және тонаушылық соғыстар болды.

Мәуереннахрдың ұлық әмірі толып жатқан жорықтар жасады, деректемелерде олардың аттары сақталған: «Темірдің Хорезмге үшінші мәрте жорығы» (1376), «Темірдің Жетеге қарсы төртінші жорығы» (1376), ал Таяу және Орта Шығыс елдеріне қарсы жорықтардың атауларында олардың ұзақтығы туралы мағлұматтар бар: «үш жылдық» (1386-1388), «бесжылдық» (1392-1396), «жетіжылдық» (1399-1404). Соңғысы Темірдің ең ұзаққа созылған жорығы болып, Египет сұлтанын және Осман сұлтаны Баязидті жеңумен аяқталды.

Шыңғыс хан секілді Темір де дүние жүзін жаулап алсам деп армандап, бұл жолда көп іс тындыры. Оның жер қайыстырған қолы жолындағының бәрін жапырып, солтүстік-шығыста Ертіске дейін, оңтүстік-шығыста Делиге дейін, солтүстік-батыста Рязан жеріндегі Ельцке дейін, батыста Египет шекарасына дейін жетті. Алайда Мәуереннахрға тек Каспий өңірінің облыстары, Персия, Ауғанстан мен Месопотамия ғана қосылды. Ал басқа аймақтар – Жете елі, Дешті Қыпшақ, Сирия, Үндістан және басқалар Темірдің жойқын шапқыншылықтарының қаншалық сұмдық екенін анық білді.

В. В. Бартольд Темірдің жаулап алушылық ниет-пиғылының екі себебі болған деп түсіндіреді:

- билеуші ретіндегі өзінің рөлін ерекше жоғары бағалауы. Тарағай баласы өзінің жаратылысынан жаулап алушы болатын және билікке құмарлығында шек болмайтын. Шараф ад-Дин әли Жезі тарихта кең тараған, «дүние жүзінің халық мекендейтін бүкіл жері екі патшасы болуға лайық емес» деген сөздерді Темір айтқан деп жазады;

- экономикалық мүдделер. Сан мың армияны ұстау үшін және Орта Азияда ұлан-асыр құрылыстар салу үшін орасан көп күш-қаражат қажет болды.

Өзінің соғыстарын Темір ерекше қаталдықпен жүргізді. Оның армиясы Үргеніші, Сарайды, Астраханьды және басқа да көптеген қалаларды талқандады. Қалалар жаулап алынғанда, бейбіт халық көбінде жаппай қырылатын. Деректемелерде «арасына қабаттап крпіш пен балшық салынып тірідей екі мың адам қаланып, мұнара тұрғызылды» деген деректер қалған. Ауғанстандағы Исфизар қаласы алынғанда осылай болған; көтеріліске шыққан Исфаганда салынған мұнаралар жетпіс мың адамның бастарынан қаланған; Кіші Азияда Сивас алынғаннан кейін 4 мың адам тірідей көмілген; Алепподағы жеңіс адамның бастарынан пирамида тұрғызумен аяқталған және бұл жолы Темір бастардың беттерін пирамида жанынан өтетін тірі адмдарға қарап тұратындай етіп қалауға әмір берген.

Темірдің қиратқыш әрекеттірін В. В. Бартольд шегіне жеткен, ауру болуға айналаған айуандық деп біледі.

Бұған қарсы айтылар ештеңе жоқ. Тек бір жайды айту ғана қалады: Темірдің бар көкегені соғыс қана болмады және қол астындағыларды күштеумен ғана билеген жоқ. Бізідің білетініміз, Темір өз астанасы Самарқанды, Кешті (Шахрисабз), Йасаны және Мәуереннахрдың басқа да қалаларын заңғар ғимараттармен, бақтармен жігерлі түрде абаттандырды; қаңырап қалған жерлерде егіншілікті қалпына келтіру, Мәуереннахрда, Каспий өңіріндегі облыстарда, ауғанстанда және басқа аудандарда жаңа каналдар тарту, бұрынғы суғару жүйелерін қайта құру беймәлім болған дақылдар – кенеп пен зығыр өсіріле бастады.

Темір салдырған әсем ғимараттардың біразы біздің кезімізге дейін сақталған, бұл зәулім құрылыстардың архитектурасы мен салыну шеберлігі замандастарының өздерін таңдандырды. Олардың арасында Шах-и Зинда тобындағы мазарларды, қазір Бибіханым атымен аталатын мешітті, Темір және оның әулетінің кейбір мүшелері жерленген Гур-и Әмір зиратын айтуға болады.

Және Темірдің замандастарының айтуы бойынша ол билік құрған кезде елде мамыражай тыныштық орнап, сауда-саттық өркендеп, әділеттілік пен адалдық, тәртіп орнады.

Темірдің соңғы жорығы мен өлімі. Темір омалып отыруды ұнатпайтын, бей-жайлық оған оғаш еді. Алпыс сегіз жасқа келешек қалпында Қытайға қарсы аттанбаққа бекініп, 1404 жылдың 27 қарашасында Самарқаннан шыққан бетінде Сырдария бойындағы қамал-қала Отырарға келді., осы арада науқастанып, 1405 жылдың ақпанында дүние салды.

Бұл қаншалықты қисынсыз болғанымен, деректемелерде Темірдің қайтқан күні әр түрлі айтылады. Хафиз әбруде Темірдің қазасы шағбан айының ортасында, яғни 1405 жылғы ақпанның ортасында болғаны айтылады. Жезді мен Ибн Арабшах жазуына негізделіп 1405 жылғы 18 ақпан деп қабылданған.

Ақыр соңында Темірдің ақтық жолының жағдайы туралы.

Темірдің көзі жұмылысымен ханзадалар мен әскербасыларының шұғыл кеңесі болып, онда билеушінің қайтқанын біраз уақытқа дейін жасыра тұру ұйғарылды. Әміршінің денесі иісті заттармен, қамфарамен бүркіп, асыл тестармен безендірілген зембілге салынып, түнде Отырардан Самарқанға жіберілді; бұл маңызды жұмыс Жүсіп Қожаға жүктелді. Ол суыт жүре отырып, Самарқанға ақпанның жиырма үшінде-ақ жетті. Сол түнде мәйіт қабірге түсірілді, осының өзінде тек қана қажет деген діни ғұрыптар ғана атқарылды.

Алайда Темірдің қазасы қалай болғанда да естілді, біраз ақылдасылғаннан кейін оның әйелдері қалаға, Темір жерленген Мұхаммед Сұлтан ханақасына кіргізілді. Ханымдар мен қайсібір басқа да білікті әйелдер Орталық Азия көшпенділіріндегі салт-ғұрыптарын атқарды.

1405 жылы 18 наурызда Темірдің немересі Халел-Сұлтан Самарқанды алды да, таққа отырды. Екі күннен кейін жас әмірші Мұхаммед-Сұлтан ханақасына барып, қазалық ғұрыптар тағы бір рет, бұл жолы оған аза киімін киген ханымдар, ханзадалар, ақсүйектер мен лауазымды адамдар ғана емес, Самарқан мен оның төңірегінің бүкіл халқы және Темірдің жауынгерлері де қатысты.

421916ж ұлт-азаттық революция.

20ғ-ң басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді-

1914ж 1 тамыз- Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа қатысушы басты елдер-Үштік одақ, Антанта.

1907-12ж 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды. 1916ж- 40 млн. Га жер алынды.1917ж- 45 млн. Жер тартып алды.

1914ж 1 тамыз- Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысқа қатысушы басты елдер-Үштік одақ, Антанта. Соғыстық Қазақстан дамуына әсері. Экономикалық дағдарыс күшейді. Әлеуметтік қайшылық тереңдеді. Революциялық күрус үшін алғышарттар жасалды. Ер адамдардың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығы төмендеді. Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті, 10-ға жуық соғыс салығы енгізілді. Жетісудан 34 млн. Сом мөлшерінде мал ж/е мал өнімдері әкетілді.Осы жылдары жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы-20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы-12-14 сағат.Қымбатшылық артты,ұн 70% ,қант 50%, сабын 200 %-ға қымбаттады.Кен өрдіру , мүнай,көмір өндіру құлдырады. Өрдірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Патша әкімшілігі шовинистік ұрандар таратып, ұлтаралық араздықты ушықтырды.

1914ж 19 қазан «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты.Патша үліметінің аграрлық ж/е отарлық саясатына қарсы қазақ еңбекшілері бас көтерді.

1915 ж маусым- Екібастұз, Спасск мыс кеніштеріндегі, Орынбор-Ташкент темір жолындағы ереуілдер.

1916ж қаңтар-Верный, Семейдегі толқулар.

1916 ж –Орынбор облысының Ақбұлақ мекенінде, Лепсі, Верный уездерінде солдатқа алынғандар әйелдерінің бас көтеоулері.

Зайсандағы солдат әйелдерінің қарсылықтары әскери күшпен тоқтатылып, 13 әйел қамауға алынды.

Соғыс жылдары Әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троиц лагері «өлілер лагері» атанды.

Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916ж Қазақ өлкесінде, Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды.Көтерілістің алғышарттары- Жер мәселесі. Қоныстану саясаты. Соғыс салығы.

Көтерілістің басталу себебі-1916ж 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды.Феодалдық басшы топтар ж-е жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. Революцияшыл топ өкілдері( Жангельдин, Иманов, Бокин, Әшекеев) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. Либералдық-демократиялық зиялылыр(Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов) патша үкіметінен келісімпаздық бағыт ұстанды.Олардың мақсаттары-Қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт созу.. Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.Ұлттық автономия құру. Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас көтерулер болып тұрды.

Негізгі қозғаушы күші-қазақ жұмысшылары, шаруалары, қолөнершілер.Жетекші күші-халықпен тығыз байланысты ел басшылары, негізінен үстем тап өкілдері. Ұлттың аман қалуы ж-е рухани түлеу проблемалары күрестің өзегіне айналды.Көтеріліске қатысушы революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері Рысқұлов. Бокин. Әшекеев. Мәмбетов. Қосақов. Жангельдин. Иманов. Мендешов. әйтиев. Мыңбаев. Майкөтов.

Қатысқан қазақ жұмысшыларының шаруа қожалықтарымен байланысы көтеріліске стихиялы қозғалыс сипатын берді.

Көтерілске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді.(Хан сайлау. әкім –елбегі. Сот алқасы-жасақшы. Қазына билеушісі-қазынашы. әскери басшысы-сардарбек.1916ж 23 тамыз-генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы шықты.Басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, имам, молда, мүдәрістер, есепші бухгалтерлер,үкіметтің оқу орындағы оқушылар, жоғарғы лауазымдылар, дворяндық ж/е құрметті азаматтық құқықтарын пайдаланатындар қара жұмыстан босатылды.Көтерілісшілер әрекеті-Қара жұмысқа шақырушылардың тізімдерін жою. Борышқорлық ж/е салық тілхаттарын, жер сату жөніндегі құжаттарды жою. Болыс басқармаларын, ауылдарын талқандау. Патша әскерімен қақтығыс.

Жеңілу себептері-бытыраңқылығы. әскери қарудың жеткіліксіздігі. Руаралық тартыстар. Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Ұлттық демократиялық зиялылар арасында бірліктің болмауы. Қазақ феодалдарының сатқындығы. Тарихи маңызы-Қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. Салдары-қазақ өлкесінде-446 мыңға қазақтар саны азайды.

Сипаты- империализмге ж/е отаршылдыққа қарсы.

Патшалық отаршыл әкімшілік 1916ж ұлт азаттық қозғалысты қатаң жазалап, Дала мен Түркістан өлкесінен 250 мыңнан астам адамды күштеп тыл жұмысына алды.

16-билет

43 Қ-н 1917ж. Ақпан революциясы кезінде, таптық саяси күштердің орналасуы.партиялардын пайда болуы. Қазіргі таңда ғасырға жуық «социалистік» адамдардың сансын билеген жүйенің билігенен босаған қоғам өз өткенін қайта саралап, тарихына жаңа тұрғыдан көз жүгіртуде. Евразия құрлығының тең жартысына жуық аймақты қамтыған Кеңестік социалистік республикалар одағының (КСРО) 70 жылдай дәурен құрып, әлемдегі жетекші күшке айналып, «одақтас» он төрт мемлекеттің тағдырын қолында ұстауы 1917 жылы 27 ақпандағы Ресейдегі буржуазиялық революциядан бастау алған еді. Ақпан ревоюциясы Қазан төңкерілісіне бастау болды. Өз кезегінде Қазан төңкерілісі большевиктердің, Коммунистік партияның тасын өрге сүйреді.

Қалай десек те ақпан буржуазиялық революциясы Ресей монархиялық билігінің қол астында езгіде бодан болған басқа елдердей қазақ халқы үшін бостандық демесек те, езгі мен толық құрып кетуде аман алып қалды деп айту хақ. Сондықтан да, Ресейлік патша мен тоталитарлық аппараттың құрығына түсуден қорықпай, тәуелсіз, ешкімге жалтақтамайтын еркін ұрпақ ретінде Ақпан буржуазиялық революциясы туралы өзіндік ой түйіп, қорытындылар жасау мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Ақпан төңкерілісінің алғышарттарын, барысын, Уақытша үкіметтің саясатын және сол кезеңдегі саяси партиялардың әрекеттерін қарастыру. Бұл жолда Кеңес өкіметі кезінде жариялауға рұқсат болмаған мәліметтерді және авторлардың еңбектерін қарастыру.

Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім қарастырылатын мәселесі бойынша екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде,төңкерілістің алғышарттары, оның барысы, Қ-н аумағындағы Уақытша үкімет органдарының құрылуымен, оның әрекеттері мен саясаты қарастырылады. Екінші бөлім қазақ қоғамының саяси белсенділігінің артуын, жалпықазақ съезін, саяси партиялар мен олардың саяси бағыттарын қарастырады.

Аталмыш мәселенің тарихнамасына келетін болсақ, бұл тақырыпта көптеген ғалымдардың қалам тартқанын атап өту керек. Олардың қатарына В.И. Ленинді, Ф.И. Голощекеиндң, С.Н. Покровскийді, Т. Елеуовты, Г.Ф. Дахшлейгерді, П. Пахмурныйды, В. Григорьевті, К. Нурпеисовты және тағы да басқа көптген Кеңестік ғалымдарды атауға болады. Ақпан төңкерілісі Кеңес Одағының Коммунистік партиясының билікке келуіне бірден-бір алғышарт болғандықтан да, оның тарихы КОКП жанындағы арнайы институттарды, ғылыми академияларда кеңінен қарсатырылған. Әрине, онда бұл мәселеге маркстік, лениндік көзқарстар басым болғаны да рас.

Еліміз тәуелсіздік тұғырына қонғаннан бері, Ақпан төңкерісіне байланысты біраз зерттеулер де жарық көрді. Бұл салада Кеңестік дәуірде жарыққа шығаруға рұқсат етілмеген, 1996 жылы қайта басылып шыққан Г. Сафаровтың «Колониальная революция» еңбегін ерекше атап өткен жөн.

«1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Қ-ндағы таптық саяси күштердің орналасуы» атты рефераттық жұмысты студенттер мен мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына Қ-нның қазіргі заман тарихын оқыту барысында қолдануға болады.

16.Әбілхайыр хандығы. XV ғ-ң 20-ж-да қазақстанның орталық, батыс ж/е солт. Батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428ж Шайбани ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468) осы аймақтағы билікті қолына алды.Ә-р сырдария бойындағы қалалармен хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты.Шығыс-Дешті қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып «көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Территориясы- Жайық- Балхаш-Арал теңізі, сырдарияның төменгі ағысы-Тобыл, Ертіс. Астанасы- алғашқыда Тура, 1431 ж Сығанақ. Халқы- өзбектер. Құрамында қыпшақтар, наймандар, манғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б болды.

Елді 40 жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмады, бірнеше иелікткрге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің ьилеушілері басқарды.Билік үшін Жошы ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды.Толассыз соғыстар тоқтамады.

Әбілхайырдың жүргізген соғыстары-Негізгі себептері-Жекелеген ұлыстар арасындағы берік байланыстың болмауы. Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін тартыстар. Көшпенділердің ақсуйектер қанауына наразылығы. Сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер. Оның мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді.Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбан (1470-1510ж) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. 15ғ-ң 50-ж-ы Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты. Бұл жағдай Әбілхайырдың саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде 15 ғ 50-ж- аяғы-60ж басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті.

1457ж Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.

1468ж - Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды.

1430ж Тобыл өзені бойында Махмуд қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады.Махмуд ж/е Ахмет хандарды жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 ж- Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап,Сығанақты астана етті.

1500ж Мұхаммед Шайбан Самарқанды алды. 1501-1502ж орта азияны жаулады.

1510ж Сығанақ түбінде Қасым ханның әскерінен жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды.1510ж Мерв түбіндегі шайқаста қаза болды.

Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті.Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті-Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынды.16ғ-ң басында Көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауфмен Мәуреннахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, орта жүз құрамына енді.

70 Қазақстан қайта құру кезеңінде 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағасы 80- ж-да басында КСРО экономикалық,әлеуметтік,саяси дағдарыс алдында тұрды.Әміршіл-әміршіл жүйе қазіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді.Қоғамның барлық жақтарын,оның эконоикалық негіздерін,әлеуметтік өмірді,саяси құрылымды,рухани саланы жаңарту қажеттілігі сезілді.1982 жылғы 10 қараша –Л.И.Брежнев қайтыс болды.Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Андропов келді.Ол 80 ж басындағы елде қалыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді.1984 жылғы ақпан – Ю.В.Андропов қайтыс болды.Саяси басшылық КОКП Орт.Комитеттің Бас хатшылығына К.У.Черненконы сайлады.1984ж ақпан -1985 ж наурыз аралығы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады.1985ж наурыз К.У.Черненко қайтыс болды.КОКП Орт.Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985ж сәуір КОКП Орт.Комитеті пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қаруға әрекет жасалынды. 1985ж сәуір Пленумы әлеуметтік-экономикалық дамытуды жеделдету бағыты.Кемшіліктері: Жеделтету бағыты ғылыми концепциясыз,анық бағдарламасыз жүргізілді.Әлеуметтік ж/е экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта құру арқ. Емес,жекелеген шаралардың көмегімен , идеалық-саяси тәрбиені күшейту арқ. жоюға болады деп есептеді.Жеделдету бағытың сәтсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекеленген басшылар деп жарияланды.1987 ж қаңтар КОКП ОК-ң Пленумында «Қайта құру ж/е партияның кадр саясаты тур.» мәселе талқыланды.Кемшіліктер: Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. Жаппай өзгерістердің символына айналып,сөз жүзінде ғана салтанат құрды.1986 ж ақпан-наурыз - Қаз-н Компартиясының 16 съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыс-ң себебтеріне терең талдау жасамай,жекеленген кемшілік-ді сынаумен шектелді.Республика басшысы,дарынды қайраткер Д.А.Қонаев-ң (1986ж) өзі де әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Д.А.Қонаев-ң тағдыры Кремльде шешілді. 1986 ж 16 желтоқсан - Қазақ-н Компартиясы Орт-қ Комитетінің 5 пленумында (18минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды.Шешімі: КОКП Орт.Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Қонаев қызметінен алынды. Қаз-н Үкіметінің басшылығына КОКП-ң Ульяновск обл-қ комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. 1986 ж 17 желтоқсан Алматыда жаппай толқу басталды.Кейін бұл толқу респуб-ң басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасының басталуының сылтауы – Колбиннің респуб-ң жоғарғы басшылығына тағайындалуы.Желтоқсан оқиғасының болу себебі: орталық өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар.Шеру бейбіт ж/е саяси сипатта болды.Басқа халықтарға қарсылық ж/е мемлекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ.КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап,заң бұзушылыққа жол берді.Шеруді тарату кезінде сойылдар,саперлік күректер,үйретілген итттер,су шашатын машиналар пайдаланылды.Желтоқсан құрбаны-Қайрат Рысқұлбеков.1988 ж қайтыс болды,1996ж 9 мамырда « Халық қаһарманы» берілді.1987 ж шілде КОКП Орт. Комитеті «Қаз-қ респуб-қ партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық ж/е патриот-қ тәрбие берудегі жұмыстары тур.» қаулы қабылдады.Желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшыл-ң көрінісі» д.бағалады. Көпшіліктің табандылықпен талап етуінен қаулыдағы қазақ ұлт-ғы деген айып қате деп мойындалды.

17-билет

71-72Қазақ ССР-ң мемлекеттік тәуелсіздігі тур декларация».КСРО-ның ыдырауы.Қаз-н тәуелсіздігі –ң жариялануы.Қаз-н Республикасының рәміздері. 1991 ж тамыз төңкерісінен кейін КСРО-ң ыдырау процесі тез қарқынмен жүзеге аса бастады.1991 ж 8 желтоқсан Минскідегі Беловеж келісімі.(Белорусь,РКФСР,Украина респуб-ң басшылары)Қаралған мәселе: 1922 ж КСРО-ны құру тур. Келісім шартты жою;Тәуелсіз Мемлекет-р Достастығын (ТМД) құру тур. Келісімге келу.1991 ж 21 желтоқсан Алматы келісімі.Қатысушы елдер:Қаз-н,Қырғызстан,Өзбекстан,Тәжікстан,Түркіменстан,РКФСР,Украина,Белорусь,Молдова,Әзірбайжан,Армения балығы 11 респуб-ка.Грузия бақылаушы есебінде қатысты.КСРО президенті Горбачев шақырылған жоқ.Қаралған мәселе: КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты;Құрамына кірген респуб-р тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсіз Мем-р Достастығы құрылды.Ядролық қаруы бар мем-р (Қаз-н,Украина,РКФСР,Белорусь) ТМД-ға енетін барлық респуб-ң ұжымдық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге келісті1991 ж 25 желтоқсан Горбачев КСРО Президенті қызметінен кетті.1991 ж 26 желтоқсан КСРО-ң өмір сүруін тоқтатқандығы тур.Декларация жарияланды.1991 ж 1 желтоқсан бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қаз.Президенті болып сайланды.1991 ж 10 желт-н Президентінің таққа отыру рәсімі б-п,ант берді.1991 ж 10ж Қазқ-н Республикасы күні д. өзгертілді. 1991 ж 16 желт-н Тәуелсіздік күні.Тәуелсіз Қазақ-ды әлем мем-ң арасында бірінші болып бауырлас Түрік Респуб-сы таныды.1991 ж соңына дейін Қазақ-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.1992 ж респуб-а тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады.1992 ж 2 наурыз Қазақ-н БҰҰ-на мүше болып кірді. Қазақс-ң тәуелсіз мем-т болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде респуб-ң мем-к рәміздерін қабылдауды талап етті.1992 ж 4 маусым Қаз-н Респуб-ң мемлеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторлары- сәулетшілер Ж.Мәлібеков,Шот-аман Уәлиханов. 1992 ж 11 желтоқсан ҚР-сы мем-к Әнұран-ң мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар-М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева.Әуенін жазғандар-М.Төлебаев,Е.Брусиловский,Л.Хамиди.1993 ж 23 қаңтар ҚР-ң тұңғыш Конститутциясы қаб-ды.1995 ж 30 тамыз еліміздің жаңа Конститут-сы қабылданды.1993 ж 15 қараша ҚР президентінің жарлығымен ұлттық валюта енгізілді.1991 ж 2 қазан алғашқы қазақ-р ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Осындай жағдайда 91ж ү желтоқсанда Минскіде Ресей,Украина, Белорусия басшылары кездесіп КСРО-ныің ыдырауы және ТМД құрылуы туралы шарт қабылдады. Оған жауап ретінде 13-14 желтоқсанда Ашхабатта Орт.Азия мен Казахстан басшылары кездесі. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2-жақ компрамистік шешімге келіп 21 желтоқсанда ТМД құру тұралы «Астана деклорациясы» құрылуын мәлімдеді.

44"Алаш" партиясының құрылуы,

. «Алаш» партиясынын курылуы жане онын багдарламасы.

Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».

1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».

Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.

Алаш партиясының облыстык ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12—20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал карашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, баскару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.

Алаш партиясының бағдарламасы

Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».

Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.

Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.

1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.

17.Ноғай ордасы. Алтын орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі-Ноғай ордасы. Ол 14-15ғ-да бат. Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Ол Кавказ, Персия, Польша, Венгрия, Болгария, Сербия, орвс жерлерін шабуылдады.Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты,Византия императорының қызына үйленіп, туыстық қатынас орнатты. Берке хан өлгеннен кейін доннан дунайға дейінгі жер ноғайдың бақылауында болды.Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.

құрылу тарихы-НОҒАЙ –Алтын орда әскерінің қолбасшысы, Жошы хан немересі (1260-1306)

Ноғай ордасының негізін салушы-Әмір Едіге( 1395-1419ж)

Ол 15 жылдай Алтын орданы билеп (1396-1411ж) «ұлы Әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімінсіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.Ноғай ордасы алтын ордадан 13ғ 2 жартысынан бөлектене басталы. Бұл процесс 14ғ Әмір Едіге тұсында жалғасып, баласы Нураддин кезінде аяқталды.Ноғай ордасы Едігенің ұлы Нурраддин (1426-1440ж) тұсында алтын ордадан бөлініп, дербес мемлекет атанды.

Территориясы-Жайық-Еділ арасы. Ең ірі тайпасының атымен «Маңғыт жұрты» атанған. Астанасы-Сарайшық ( Жайық өзені бойында). Бұл Қаратеңіз жағалауынан орта Азияға дейінгі аралықтағы сауда жолындағы ірі транзистік қала. Халқы-манғыт,қыпшақ, қоңырат, найман, арғын, үйсін,қарлұқ, алшын, тама тайпалары.Ноғай ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар 15ғ-ң аяғында қалыптасқан Ноғай халқының негізін құрады.

Ноғай ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ ұрпағы маңғыт әмірлерінің қолында болды.Билік рудағы жасы үлкендігіне қарай мұраға қалдырылды. Ноғай ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып , бір орталыққа бағынған үкімет болды.Орда билеушісі –хан, ұлыс билеушісі-мырза. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды.Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жуынгер шығарылды. Малдарынан айрылып, отырықшылыққа көшкен кедейлер- тұмақтар.Ұлыстан қол үзіп, әскери табыс тауып күн көрушілер (көшпелі казактар) болды.Ш. Уалиханов Ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан орда» деп атаған.Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атаған.

16ғ-да Ноғай ордасының орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды.16ғ-ң 2 жартысында Ноғай ордасы ыдырап 2-ге бөлінді. Үлкен Ноғайлы –Еділдің шығысы, Кіші Ноғайлы-Еділдің батысы.

1600 ж Үлкен Ноғайлы мырзалары Борис Годунов тұсында, Ресейге тәуелділігін мойындап, Иштерек мырза князь атанды.1634ж қалмақтар шабуылынан кейін Үлкен Ноғайлы елдің батысындағы Кіші Ноғайларға келіп қосылды. Кіші Ноғайлы Қазақ хандығын мойындады, кейін Кіші жүз құрамына енді.

18-билет

18

.Моғолстан мемлекеті

14ғ-дың ортасында Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған. Территориясы оңт.-шығ Қ-н мен Қырғызстан. Астанасы Алмалық (Іле алқабында) М-ның шекарасы туралы Мухаммед Хайдар Дулати “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде жазған: “шекараның ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол.” Халқы дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін ж/е т.б. Дулаттар-ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енеді. Мемлекетті-хан, тайпаны-ұлысбегі басқарды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі ж/е сыртқы істері, әскери жорық ж/е жайылымдық жерлерді бөлумен айналасты. Бірінші ханы-дулат тайпасынан шыққан Әмір Болатшы басқарды. Ол хан тұқымы болмағандықтан, Шағатай ұрпағынан шыққан 16жасар Тоғылық-Темір 1348-61ж Моғолстан ханы болды. Ол Мәуеренахрдың едәуір бөлігін жаулап алып, өз билігін нығайту үшін ісләм дінін тірек етті. 14ғ-дың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бірнеше жорықтар жасайды. Одан Моғол хандығы әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан әлсірейді.

45

Алаш автономиясын жариялау.Алаш –орданын азамат согысы жылдарындагы кызмети.

Алаш автономиясының құрылуы

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған. Сыртқы істері

Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.

Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.

Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.

Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.

23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.

Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.

Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.

1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.

Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:

1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.

2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.

3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.

Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.

Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.

Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.

Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды

19-билет