Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.86 Кб
Скачать

36.Жанқожа Нұрмұхамед ұлы бастаған көтеріліс:.

Орыстардың Сырдария сағасына келуіне байланысты осында тұратын қазақтар патша үкіметінің билігін мойындады. Әрине бұл Хиуа хандарының сыртқы саясатына қайшы келді. Олар қазақтар арасында орыстарға қарсы насихатты күшейтті. Хиуалықтар орыс бекіністеріне жақын жерде көшіп жүрген қазақтарға шабуыл жасауын жалғастыра берді. Әсіресе, Хиуа хандары Сырдария мен Үстірт қазақтарына үздіксіз шабуыл жасай бастады. 1847 жылғы 23 тамызда Райым бекінісінің бастығы Ерофеев Хиуаның Жаңақала бекінісіне Жанқожа басшылық еткен 200 казак және 700 қазақ отрядтарын жіберді. Отряд жауды Қуаңдарияның арғы жағына қуып тастады, одан 3 мың түйе, 500 жылқы, 200 бас ірі қара және 50 мың қой тартылып алынды. Орыс әскерлерінің қолдауымен Жанқожа Нұрмұхамбетов бастаған Сырдария қазақтары Хиуа басқыншыларын қуып шығып, Сырдарияның төменгі ағыстарында орыс әскери күштері орнықты.

Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның және № 1 форттың әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмылдырылды. Бұл форпастарды салу үшін мыңдаған кедейлер айдап әкелінді. Мәжбүрлеу жұмыстары Сырдария қазақтарының 1856-57 жылдардағы көтерілісі себептерінің бірі болды. Патша әкімшілігі барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты, Сырдарияның төменгі ағысына да Орынбор және Орал бекіністі шептерінен казактардың отбасыларын көшіре бастады. Қоныс аударушылар саны жылдан жылға көбейе берді. Көшіп келушілер ежелгі тұрғындар қазақтарды ығыстырып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы және жақсы суландырылатын жерлерге орналастырылды.

Арал өңірінің қазақтары Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібаровтың жетекшілігімен отаршылдық езгіге қарсы көтерілді. Олар екі бөлікке : Үлкен шекті және Кішкене шекті болып бөлінетін шекті руынан шыққан еді. Біріншісіне – Есет Көтібаров, ал екіншісіне – Жанқожа Нұрмұхамедов басшылық етті. Жанқожа өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи тұлға. Ол ХІХ ғасырдың 1- ші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері жалғастырды. 1836 жылды Жанқожа өз жауынгерлерімен бірге Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуаның тұрақты әскерлеріне қарсы күрес бастады. 1842 жылдың күзінде оның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды, сондай – ақ оның баласы Майқараны тұтқынға алды. Қазақтарға қатыгездік көрсеткені үшін Бабажан қазыққа отырғызылды, ал оның баласы жас болғандықтан босатылып жіберілді. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Қуаңдариядағы Хиуа бекінісін қиратты, ал 1845 жылдың көктемінде Хиуа ханы Сырдарияның төменгі ағысындағы қиратылған бекіністерді қалпына келтіру үшін жіберілген саны екі мыңға жететін Хиуа әскерін тас – талқан етіп қиратты. Бұл туралы Жанқожа Орынбор бекінісінің бастығына : «Хиуалықтар біздің жерімізге бекініс салды, бірақ біз оны қираттық. Ал қақтығыс кезінде көптеген хиуалықтады өлтіріп, кейбіреулерін Хиуаға қуып жібердік», - деп хабарлады. Кенесары Қасымовпен бірге Жанқожа Сырдарияның төменгі ағыстарында орналасқан қоқандықтардың әскери бекіністері: Жаңақорғанға, Күмісқорғанға, Шымқорғанға, Қосқорғанға шабуыл жасады. 1845 жылы Кенесарының өтініші бойынша Жанқожа қоқандықтардың Созақ бекінісін алуға қатысты. 1847 жылы Жанқожа саны көп жасағымен Хиуаның Қожанияз қала бекінісін қиратты, бекініс гарнизонының тас – талқанын шығарды. Ресейдің Арал өңірін жаулап алуы халық бұқарасының жағдайын жеңілдетпеді. Салықтың екі есе көбейтілуі, қоныс аударушылар мен шенеуніктердің пайдасына қазақтардан суармалы жерлерінің алып қойылуы Ресей отаршылдығының Хиуа қолшоқпарларының отарлауынан еш артықшылығы жоқ екеніне барған сайын қазақ шаруаларының көзін жеткізе түсті. Бой көрсетуге патша шенеуніктерінің Сырдария қазақтарының Жанқожа , Сұлтанбөрі және басқалар сияқты рулық үстем топтарының кейбір өкілдерінің мүдделері мен кісілігіне қысым жасауы себеп болды. Мысалы, тілмаш Ахметов өз қолшоқпарларының бір тобын Жанқожаның ауылына жіберіп, онда да өз пайдасына «сыйлықтар» жинауға бұйрық берген. Бірақ батыр Ресей заңы бойынша да ешбір жағдайда мұндай алым орын алмауға тиіс екенін мәлімдеп, қандай да болсын алым жинауға рұқсат етпеді. Жанқожаның қарсы қимылына ашуланған Ахметов ауылға өзі келіп, «өз бұйрықтарына қарсылық көрсеткені үшін» айыппұл өндіріп ала бастады. Ақыры Жанқожа наразы қазақтардың қозғалысын өзі басқармақ болып ұйғарады. 1856 жылдың желтоқсанында Сырдария қазақтарының қарулы күресі басталды. Желтоқсанның ортасына қарай көтерілісшілер саны үш мың адамға дейін жетті. Көтеріліс орталығы Хиуаның бұрынғы Жаңақала бекінісі болды. Көтерілісшілерді бұдан бұрын аталған Кішкене шекті руының ірі ру жетекшісі, қартайған Жанқожа батыр басқарды. Ірі байлар: Сұлтанбөрі, Дабыл, Қожа Баймұхамед және басқалар серіктері болды. Бұл көтеріліске шектілердің ғана емес, Сырдарияның төменгі ағысында қоныстанған басқа рулардың да өкілдері қатысты. Көтерілісшілердің едәуір бөлігі жаяу адамдар болатын. Көтерілісшілер қатарында жаяу қазақтардың болуы көтеріліске қатысушылардың әлеуметтік құрамын сипаттайды. Олар шотпен, сойылмен, кетпенмен қаруланған болатын, азын – аулақ адамдарының ғана мылтықтары болды.

1856 жылғы желтоқсанның орта шенінде Жанқожанның қосынында 1500 көтерілісші болды. Ол орта есеппен алғанда 150-200 адамдық бірнеше шағын жасақ ұйымдастырды, олар орыстардың №1 Қазалы форты мен Перовск фортының бекіністеріне жақын жерге орналастырылып, күтпеген жерден Сырдария шебіне шабуыл жасады. 1856 жылғы желтоқсанның аяғында Қазалыны көтерілісшілер қоршап алды. Кенеттен бұрқ еткен көтеріліс мазасыздандырған Орынбор генерал – губернаторы Перовский Сырдария шебінің командашысы Фитингофқа көтерілісті басу үшін жорыққа дереу әскер жіберуге өкім берді. Жанқожа жетекшілік еткен көтерілісшілер Қазалы фортына шабуыл жасауға мұқият дайындалды. 1857 жылдың қаңтарында көтерілісшілердің қатары бес мыңға жетті. Перовскийдің нұсқауын орындай отырып, Фитингофтың отряды 9 қаңтарда жолға шықты. Оның құрамында 300 казак, 320 жаяу әскер кірді. Олардың 54 – і алысқа ататын мылтықпен қаруланған еді, 1 зеңбірегі және 2 ракеталық станогы болатын. Көтерілісшілермен қақтығыс нақ сол күні Арықбалық алқабында болды. Қамыс арасында отырған қазақ атқыштары жазалау отрядының ту сыртынан оқ жаудырды. Күндізгі сағат 2 – де Фитинговтың отряды шабуылға шығып, қоян – қолтық шайқас болды, соның салдарынан көтерілісшілердің негізгі күштері жеңіліс тауып, олардың ауылдары аяусыз жазаланып тоналды. Казак отрядтары тұрғындардың малын тартып алды, қолға түсірілген ірі қараның өзі ғана 20 мыңнан асты.

Көтерілісшілердің жеңіліс табуына нашар қаруланғандығы және ескірген әскери тактика себеп болды. Саны басым болғанына қарамастан көтерілісшілердің 5 мыңдық жасағы Фитингофтың шағын отрядын жеңе алмады. Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингов отрядының құрамында бірнеше жүз адам жасағымен Ермұхамед Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 жылы ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды.

Көтеріліс талқандалғаннан кейін Сырдариядағы екі жақты отаршылдық езгі бұрынғысынан да күшейе түсті. Сырдария бекінісінің билігіндегі аумақта жазалау отрядтары қимыл жасады. Қазақтың көптеген сұлтандары , старшындары, билері патша өкіметіне қызметке көшіп, шекаралық бастықтардың пәрменін құлақкесті орындаушылары, Сырдарияның төменгі ағысында патшалық отаршылдық саясаттың уағыздаушылары болды.

Кейбір жергілікті рулық үстем топқа сүйене отырып, шекаралық өкімет көтерілістің қалған мүшелерін аяусыз қырып жойды. Әскерлер қазақ ауылдарын мейірімсіздікпен талап тонады. Жекелеген казак отрядтары ауылдарды аралап жүріп, тұрғындардың малын тартып алды. Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шағын халықтық бой көрсету болды. Оған әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір бөлігі қатысты. Көтерілісшілер арасында Кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдық езгіге қарсы бағытталды. Көтерілістің басында күресте сынақтан өткен жетекші, жат жерлік отаршыларға өзінің ымырасыз көзқарасымен ерекше көзге түскен Жанқожа тұрды. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнады. Сырдария қазақтарының көтерілісі басып – жанышталғаннан кейін патша әкімшілігі Жанқожаны жою үшін арнаулы жазалау отрядын жіберді. Бұл отряд 1860 жылы Жанқара көліне жақын жердегі Қызылқұмда орналасқан Жанқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жанқожа батырды мерт қылды. Оның ауылы тоналды.

9.Қарлұқ оғыз

Жазбаша деректемелерде қарлұқтар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің 581-618 шежіресінде кездеседі және 5 ғ. орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың баурайларын мекендеушілер ретіндегі бұлақ деп аталған. . Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырдағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар – ежелгі түріктер» дейді Ибн әл- Факих (10ғ) Қарлұқтар ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған. Ол моңғол Алтайы мен Балқаш көлі аралығындағы аумақты алып жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұқтар туралы уақыты жағынан алғашқы хабар араб- парсы тілдес тарихи- географиялық әдебиетте- Табариде 737ж кездеседі. Таншу деректері бойынша, 7ғ орт қарлұқтар құрамына үш ірі рулық бірлестіктер моулалар, чжисилар және ташилдер кірген. Бұл тайпалардың атаулары тиісінше бұлақ, жікіл және ташлық деп қалпына келтіріледі.

Араб- парсы деректемелерінде Жетісудағы қарлұқ бірлестігі көптеген ру- тайпаларынан құралған. «Худид әл –алам» анонимінеде Құлан мен Меркі арасында қарлұқтардың үш тайпасы (бистан, хим, бириш)орналасқан.

Қарлұқ тайпалары конфедерациясының құрамы қарлұқ тайпаларының топтасып, саяси бірлестігінің қалыптасуы Жетісуда болғанын айқын дәлелдейді. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилар, шарұқтар, аргулар, барсхандар кірген. 6-7ғ қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді.

Шығыс және Батыс қағанаттарының күшеюіне немесе әлсіреуіне қарай қарлұқтар қай кездері түріктердің әлеуметтік саяси бірлестігінің бірде біреуіне, енді бірде екіншісіне бағынып жүрді.. Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғу) атағын алды. Көп кешікпей, 744 ж ұйғырлар мен қарлұқтар бірігіп басмылдардың тас – талқанын шығарады. Сол жылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744 - 840)

Мемлекеттің құрылуы Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 ж қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы күш – құдіретінен айрылды. Соның салдарынан бытырап кеткен

түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Жетісуда түргештнрдің мұрасы үшін қарлұқтар мен оғыздар арасында күрес өрістеді.766 ж түргештердің екі қағанының ордалары- Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Қарлұқ мемлекеті қалыптасты Қарлұқтар өздеріне бағынышты жерлердің шекарасын одан әрі кеңейте түсті. 766-775 ж қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал 7ғ олардың басқа тобы Ферғанаға өз ықпалын орнатты. Қарлұқтар мемлекетіндегі әскеи - әкімшілік басқару жүйесі олардың көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысының ерекшелігімен бейнеленеді. Қарлұқтар тұрған аймақ – «Худуд- әл- алам» авторының мәліметтеріне қарағанда, түріктерге қарасты аумақтар арасында халық мейілінше көп қоныстанған және ең бай жер болған; онда қалалар мен отырықшы қоныстар көп еді. Нақ сол деректемелерге сәйкес, қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болған олардың ішінде Құлан, Мерке, Аталық, Тұзун, Балық, Барсхан, Талғар және т.б. Қарлұқтардың астанасы мен олардың көптеген қалалары Қ-нның оңтүстігі мен Жетісу тұрғындары үшін дипламатиялық және сауда жолы ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани жетілу жолы ретінде де зор маңызы болған Ұлы Жібек жолының бойында болды.

Қарлұқтардың сыртқы саясаты Қарлұқтардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері сәтсіздікпен аяқталды. 791 ж ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандап, 812 ж қарлұқтарды толығымен жеңді. Осы жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моңғолияның орталығы Отюкен болған ұйғыр қағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.

Ұйғырлардың билеп төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Жиырма жылға созылған табанды күресінің нәтижесінде қырғыздар 840 ж ұйғырларды талқандап жеңеді.

Қоныстануы Қарлұқтардың этникалық құрамы Қ-нның Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең байтақ жерін алып жатты; бұл аумақта қарлұқ тайпалары Балқаш көлі мен Ыстықкөл аралығында, Іле, Шу, Талас өзендерінің аңғарларында, Тянь- Шань сілемдерінде, Испиджаб өңірінде ортағасырлық Отырар қаласына дейін мекендеген. Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдің деректері бойынша «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған» 10 ғ алғашқы жартысында қарлұқтар бірлестігінің осынау ұлан- байтақ аумағында бытыраңқылық күшейді. Мұны Қашғардың түрік билеушілері пайдалана қойды. 940ж олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.

63.Қаз-да тың ж/е тыңайған жерлерді игеру: тәжірибесі, мәселелері,салдары.1954 ж қаңтар-наурыз КОКП Орт-қ Комитетінің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру,тың ж/е тыңайған жерлерді игеру тур.» қаулы қабыл-ды.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қаз-н,Сібір,Орал,Солт-к Кавказ,Еділ бойы.1954-1955 ж 1 млрд.100млн.-1млрд 200млн. пұт астық алу белгіленді.Қазақ-ғы тың жерлерді игеретін аудандар:Қостанай,Ақмола,Солт.Қаз-н,Көкшетау ,Торғай,Павлодар обл.1954 ж тамызда жыртылған жер көлемі:КСРО-13,4 млн.га;Қаз-да -6,5 млн.га.Тың жерлерді игеру саясатының салдары: Жағымды жақтары:1.Қаз-н КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды.2.Эконом-ң басқа салаларының дамуына әсер етті;3.Қаз-н-көп ұлтты респуб-а болды;4.Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті;Жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Жағымсыз жақт-ы:1.Экологияның жағдай ауырлады;2.Мал шаруаш-ғы төмендеді;3.Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді;4.Жер-су аттары орысша аталды.5.Респуб-ң ұлттық ерекшелік-і ескерілмеді;6.Тілдік ж/е демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады.

10-билет

641946-1970 ж республикада ғылым әдебиет,өнер саласының дамуы.1947ж қараша –«Қазақ КСР-де жоғары ж/е орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы Қаулы қабылданды. Нәтижесі – республикаға орталықтан мамандар жіберілді. Жергілікті жастарды орталықтардағы жоғарғы оқу орындарына түсуге көбірек жіберді.Интернат жүйесі қалыптасты.

1950ж-ы білім беру жүйесінде маңызды шаралар іске асырылды. Міндетті түрде білім алуға ж/е облыс орталықтары, өнеркәсіпті қалаларда онжылдық білім алуға көшу. Кешкі ж/е сырттай оқитын мектептер ашу.1950ж 9088 мектепте 1 млн 493 мың оқушы оқыды. Кемшіліктері- оқу бөлмелері жетіспеді. Оқулықтар жеткіліксіз болды. Оқушылар саны аз болды.

1947ж М. Әуезовтің «Абай» роман эпопеясы аяқталды.

1949ж Әуезовке «Абай» романы үшін 1 дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. 1947 ж 14 наурыз Қазақ-н Компартиясы ОК-ң «Тарихты,әдебиетті,өнерді,зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету тур.» Қаулы қабылданды. 1947ж 21 қаңтар «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тіл ж/е әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер тур.» Қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі,әсіресе 19 ғ рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Қазақс-да «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Ермұхан Бекмаханов 1943ж шыққан « Қазақ ССР тарихы» еңбегінің авторларының бірі.1946ж Е.Бекмаханов КСРО Ғылым Академиясында докторлық диссертация қорғайды. 1947ж «19 ғ 20-40 ж Қаз-н» деген жеке монографиясы шықты.1946 ж маусым Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды.Тұңғыш президенті-Қ.И.Сатпаев. Биология,медицина,геология саласындағы ғылымдарға «космополит» айыбы тағылып,қызмет орындарынан қуылды.1950 ж соңы Академия жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі,16 институт,13 сектор,2 музей,обсерватория,3 ботаникалық бақ,8 ғылыми база болды.500-ге жуық аспирант оқыды

37 Патшалықтың XIX ғ. 60-90 жж. реформалары

XIX ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да өзгерістер Ресейдің құрамындағы шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және оның көзі ретінде сақтау саясаты Қ-нды да қамтыды.Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының , 1824 жылғы Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді.Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министірлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. Оның құрамына Бас штабтан-полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А.П.Проценко енді.

1865 жылы 5 маусымдағы ІІ Александр патшаның әмірі бойынша өлкені зерттеп білу мәселелері дайындалды. Әкімшілік басқарудың жаңа жүйесіне сай келетін жағдайлардың көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауырпалықтар, жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, алым-салық діни мәселелер, т.б.

Ғалым Шоқан Уалиханов Қ-нды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.

Ф.К.Гирстың басшылығымен, құрамында Л.Баллюзек, Л.Мейер, А.П.Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В.Д.Дандевиль, Ф.К.Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады.

1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.

Қызылқұмда орналасқан Жанқожа ауылын кенеттен қоршап алып, сол жерде 80 жастағы Жанқожа батырды мерт қылды. Оның ауылы тоналды.

37. XIX ғ.60-90жж Қ-ндағы әкімшілік территориялық және сот реформасы.

І кезең 1861 – 1885 жж

ІІ кезең 1886 – 1905 жж

ІІІ кезең 1906 – 1917 жж

10.Қараханидтер қарахан қалыптасуында жетісуды мекендеген қардұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарды. Негізін салышу- Сатұқ-богра хан. Ислам дінін қабылдаған билеуші самантлерден қолдау тауып, Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде бір орталыққа бағынған қарахан мемл-і құрылды.(942) 955ж мұса хан билігі орнады. 960ж мұса исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

Территориясы: жетісу, шығ түркістан. Астаналары: қашғар-мұсанікі, Баласағұн- Сүлеймен орталығы.11ғ 30 ж қарахан 2-ге бөлінді. Батыс-мәуеренахрда. Астанасы- бұхар, кейін Самарқанд. Билеушісі- тбрахим тамғаш. Шығыс- жетісу, Шығ түркістанда. Астанасы баласұғын. Арслан хан сүлеймен биледі.

1089ж селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Қарахандықтар селжұқтарға вассалды тәуелді болды. Санжардың мәуеренахрға ықпалы артқаннан бастап, саяси құлдырауы басталды.қарақытай шапқыншылығы басталды.

1141 ж Қарақытайлар қарахан мемл-н түгел бағындырды. өмір сүруін тоқтатты. Мемлектті шығыл мен яғма тайпалары басқарды.Билеуші титулы-хан.Ұсақ аймақтардың басшы-ры –илақ,тегін.Салық жинаушы-ихта.Қарахан-тар кезеңі- саяси эконом-қ,әлеумет-к, мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Отырықшы-егіншілік қоныстарда шаруаларды қанаудың бірнеше түрі болды:үлескерлік-жерді шаруаға жалға беріп,өнімнің жартысын салық түрінде төлеу.

11-билет

  • 11. Қимақ мемлекеті.IX – XI басы

  • Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Қытай деректерінде кездескен.

  • Қытайлар қимақтарды «яньмо» деп атаған. Олар VII ғасырдың басында Монғолияның солт.-батысын мекендеген. VII ғасырдың ортасында Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударған. VII ғасырдың II-жартысы – XI ғасырдың басында қимақтар 3 бағытта көшті.

  • Оңтүстік Оралға

  • Сырдария мен Оңтүстік Қ-з

  • Солтүстік-Шығыс Жетісуға

  • Қимақтар территориясы (VII - IX): Орта Ертіс – Жоңғар қақпасы, Оңтүстік Орал – Сырдария өңірі. Астанасы – Қимақия (Ертіс бойында). Билеушісі – жабғу (байгу), X ғ.-дан бастап – қаған.

  • Қимақтар тегінің шығуы жайлы дерек парсы тарихшысы Гардизи еңбегінде (XI ғ.) кездеседі. Оның айтуы бойынша қимақтар татарлардан тараған.

  • 840 ж.- Ұйғұр қағанаты құлап кейін, оның құрамындағы тайпалар қимақ бірлестігіне қосылды. Қимақ қағанатының құрамы 7 тайпа құрды.

  • Эймур, имақ, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар.

  • XI ғ-дың II – жартысында қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Олардың ішіндегі ең ірі әрі ықпалдысы – қыпшақтар. Қимақтардың туыстас тайпасы- құмандар.

  • Қимақтардың мемлекеттік құрылымы туралы алғашқы мәліметтер IX – X ғасырлардағы араб деректерінде кездеседі: (Әл- Я куби IX ғ.)Қимақ мемлекеті 12 ұлысқа бөлініп, оларды әскери көсемдер басқарды. Мемлекетте салық жинау жүйесі болған. Араб тарихшысы Әл-Идриси еңбегінде қимақтарда 16 қала болғаны, оның 12- сі Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазылған.

  • Кедейленген көшпелілер отырықшылыққа көшіп, қолөнер мен балық аулау, егіншілікпен айналысқан. Отырықшылар ятуктер деп аталады. X ғасырға қарай қағанаттың әлсірей бастауының себебі – ұлыс басшыларының үлкен территорияға ие болғаннан кейін, жеке билікке ұмтылуы. XI ғасырға таман қыпшақ тайпаларының үстемдігі нығайып билік қыпшақтарға ауыса бастады. Қимақ қағанатының құлауының себептері:

  • Қыпшақ хандарының дара билікке ұмтылуы.

  • Ішкі тартыстың күшеюі.

  • Орталық Азиядағы көшпелі тайпалардың көптеп келуі.

  • Қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 ж. көрсетіледі. Толық мәліметтер 760 ж. ежелгі түрік руна жазуларында кездеседі. Орыс жылнамаларында (XI – XIII ғ.) – половецтер, сорочиндер; венгрлер- палоцылар, кундар; Батыс Еуропа саяхатшылары (XIII ғ.) – командар, кумандар деп атаған.

  • (XI ғ.-дың басы -1219 ж.)

  • б) Қыпшақ мемлекеті.

  • Қыпшақ этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезеңге бөлеміз:

  • VII –VIII ғ. VII ғ-дың ортасында Алтайдың солтүстігі мен Ертісті жайлаған қыпшақтар қимақ бірлестігінің негізін құрады.

  • VIII –XI ғ. VIII ғ.-да қыпшақтар этнос болып қалыптасып, Алтайдан Ертіске, Оңтүстік Орал тауларынан Еділге қоныстанды.

  • XII –XIII Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі.

  • XI ғ.-дың басында қимақ қағанаты құлаған соң әскери –саяси басымдылық қыпшақ тайпасының қолына көшті.

  • Билеушісі – хан. Билікке елбөрі руынан сайланды. Астанасы – Орда. Мемлекет екі қанатқа бөлінген:

  • Оң қанат- орталығы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орны.

  • Сол қанат- орталығы Сығанақ.

  • Теңсіздік негізі – малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды.

  • Қыпшақ тайпалары – XI-XII ғ.-да Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.

  • 1219 ж. монғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.

38 XIX ғ. – XX ғ. қонысаудару саясаты:,

19 ғас. 60-жылдарында крепостниктік құқығы жойылғанан кейін Ресей шаруаларының еркін жүріп тұруы мүмкін болған кезде, Дала өлкесінің жергілік өкімет орындары өз бетімен қоныс аудару проблемасына тап болды. Ресейдегі капиталистік қатынастардың жедел қарқынмен дамуы Қазақстан сияқты шет аймақтарда жергілікті шикізатқа негізделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашу, оларды азық-түлік тауарлары,мал, астық, өнімдерімен қамтамасыз ету үшінде бұл өңірлерге қосымша тұрғындарды көптеп жіберуді қажет етті. Қосып алған өлкенің халқын жаппай орыстандыру, осы арқылы оны Ресей империясының заңды құрамдас бөлігі ету де, патша әкімшілігінің осы бағыттағы саясатының негізгі жоспарларына жатты. Әсіресе Қазақстанның Шығыс және Алтай аймағындағы бағалы және түсті металдардың өлшеусіз қоры, әсем де бай табиғаты, жерінің құнарлығы бұл өңірді жылдам және жаппай қоныстандыруға, тау-кен өндіріс орындарын неғұрлым көбейтуге жол ашты.

Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығының күйзеліп, мал санының азаюына әкеп соқты. Қазақтарды байырғы жерлерінен қуып, қолайсыз жерлеріге ығыстыру 19ғ. 2-ші жартысынан одан ары жалғастырылды.

65 Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформасы.

Ғылыми-техникалық прогресс қоғамның әлеуметтік-экоомикалық дамуының аса маңызды факторы.60 жылдары ғылыми-техникалық прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру,кәсіпорындарды біржолы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру,учаскелерді,цехтарды ,кәсіпорындарды, механикаландыру,автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді. Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процесстері:қазу,құлату,тазалау,жер астындағы тасымалдау,темір жол вагондарына тиеу т.б механикаландырылды. Метталургия кәсіпорындарында технологиялық факторларды шапшаңдатушы фактор ретінде оттегі көп қолданды. Балхаш кен-метталургия комбинатында мыс қоспаларын тікелей конверторлардың өзінде өңдеу процессі енгізілді.1965 ж 308 мұнай скважинасында мұнай шығару процесстері комплексті автоматтандырды және телемеханикаландырылды.Машина жасауда құюдың озық әдісі енгізілді.Шығарылған бұйымдардың конструкцияларында озық материалдар:полимерлер,ағаш пластиктер, және басқалар пайдаланылды.Сайып келгенде республика өнеркәсібінде кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақаттандыруда жаңа техниканы,озық технологияны енгізуде, белгілі табыстарға қол жетті. Республиканың бүкіл экономикасы сияқты өнеркәсіпте өндіріс алаңдарын кеңейту ,шаруашылық айналымға шикізаттың жаңа көздерін тарту ,кадрлардың санын көбейту есебінен дамып отырды.