Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих шпор.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.86 Кб
Скачать
  • 6 Ғұндар

  • Б.з.б. I мыңжылдықта Орталық Азияның байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік оларды өзара жақындатып, ірі тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.

  • Б.з.б. III ғасырдың аяғындағы қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну н/се сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған.

  • Б.з.б. 206 жыл – ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстік Саян-Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге бас иіп, «Тыныштық ж/е туыстық» туралы шартқа отырып, жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының территориясына Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі жерлер қосылды.

  • Б.з.б. 55 жыл – ғұн одағы екіге бөлінді:

  • - Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды.

  • - Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батыстағы Қырғыз –Нұр көлі маңына ордаларын орнатты. Оңтүстік ж/е солтүстік арасындағы өзара қырқыстан кейін, Чжи-Чжи басқарған солтүстік ғұндар Солт.Монғолия, Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.

  • Б.з. 93жыл – ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы. Ғұндар Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық ж/е Батыс Қазақстанға жетті.

  • Б.з. IV ғасыр – оңтүстік Орал даласына, Дунайға жетті, «ғұндар»деген атпен Венгрияға қоныстанды.

  • Б.з. V ғасырдың ортасы – Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін, көрегендігін мойындаған Франк, Бургундия билеушілері балаларын оқуға, тәрбиелеуге жіберіп отырған.

  • Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті:

  • Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.

  • Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал жасады.

  • 451 ж. Аттила әскері Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқаста рим- франк соғыс одағынан жеңілді.

  • 453 ж. Еділ қайтыс болғаннан кейін ғұн тайпалық одағы ыдырай бастады.

  • Ғұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы-жазы тебіндеп бағылған.

  • Шаруашылығы:

  • Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М.Қашқари (XI ғ.)- ғұндардың отыршылыққа көшкенін ж/е түркілене бастағанын жазады. Баспанасы- киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан.

7-билет

7.Түрік және Батыс Түрік. 552ж түрік қағанаты құрылып, Бумые өзін қаған деп жариялады. территориясы: Жетісу. Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы -Суяб. Мұқан, Ыстық қағандар тұс-да орталық азияда саяси үстемдікке жеті.

Қидандарды, Енисей қырғыздарын, Солт қытай мем-н бағындырды. 10 ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушыс шад. Естеми қаған тұсында әлсіреді: ішкі тартыстар. Көрші елдермен соғыс. Содан қытай империясы шапқыншылық жасады. 603ж 2-ге бөлінді-шығыс, батыс.

Бат түрік. Орталығы жетісу. Астанасы Суяб( Ақбешім). Ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі.қаған, шад жабғу елтебер, бек(ру, тайпа басшысы), тархан бұйрықтар(сот қызм), тұдын(салық жинау), қара бұдын(қарапайым халық), таттар(құлдар). Халқы: үйсін, қаңлы, қарлұқ,түркештер. Алғашқы қағаны –Тардуш. Екі қағанатты біріктіруді ойлады. Шығ түрік қаған-н шабуылдады, телелердің күшіюінен қағанат қайта ыдырады. Күшеюі Жеғуй қаған тұс-да арта түсті.Жаулап алғандарының саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, тек салық жинаумен шектелді.16 ж-ға созылған тайпааралық соғыстың әлсіретуі салдарынан, Таң империясы Жетісуді басып алды.

Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкеп соқты. 704 ж түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Мернандр Протектор қалдырды. Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері- Солт. Монголиядан,Орхон,Толы,Селенга өзендерінің бойында табылған тастағы жазулар.Бұл жазулар Білге қаған,Күлтегін,Тоныкөк құрметіне жазылған.Көне түрік жазуын алғаш рет 18 ғ 20-ж Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг ашқан.Жазу скандинавиалық руна жазуына ұқсас болғандықтан руна жазуы д.а. 1889ж Н.М.Ядринцев Солт.Моңғолияда,Орхон өзені аңғарында руна жазуын тұңғыш оқыды. Қазақ-ғы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды. 6-10 ғ руна жазуымен қатар соғды жазуы ж/е сирия,ұйғыр алфавиті болған

  • 34 И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

  • Көтерілістің болған жері: Бөкей Ордасы (Жайық пен Еділдің арасы)

  • Себептері: Бөкей қазақтарында феодалдық қанаудың күшейе түсуі. Жайылымдарды пайдаланғаны үшін алынатын ж/е басқа да салықтардың көбеюі. Патша өкіметі тарапынан да жайылымды пайдалануға шектеу жасаудың арта түсуі.

  • Сылтауы: Малшылардың бір бөлігінде Каспий облысының басқарушысы – Қарауыл Қожаның халықтан салық жинау кезінде жасаған қысымшылығына байланысты арадағы дау.

  • Көтерілістің барысы:

  • I кезең: 1836 -1837 ж-дың 1-ші жартысы көтерілісшілер отрядтарының жасақталуы. Исатайдың ханнан шенеуліктердің зорлық – зомбылығынан құтқаруға көмек сұрауының сәтсіздікке ұшырауы. Қозғалыстың кенеюі.

  • II кезең: 1837ж-дың 2-ші жартысы көтерілісшілердің Қарауыл Қожаның ауылына қару – жарақпен шабуыл жасап, тасталқан етуі. Жекеленген феодалдардың малын қуып кету. Хан ордасын талқандауға төнген қауіп.

  • 1837 ж-дың қараша айында көтерілісшілердің патшаның жазалаушы отрядтарынмен Тас Төбе деген жерде болған соғыста жеңіліске ұшырауы: қатынасқандарды қатаң жазалау.

  • III кезең: 1838 ж-дың 1-ші жартысы Исатайдың Кіші жүздегі әрекеті. Кіші жүз қазақтарын патшаға қарсы көтеріліске көтеруге жасалған әрекеттер. Жергелікті ж/е хиуа феодалдардың ықпалымен қозғалыстың феодалдарға қарсы – «ғазауат ұраны «сенімсіз Ресейге» қарсы деген сипатқа ие болуы. Мұндай үндеу жергілікті халықтың тарапынан қолдау таппады.

  • 1838 ж-дың шілдесі – Исатай отрядының Ақ- Бұлақ мекенінде патша әскерлерінен жеңіліске ұшырауы Исатайдың өлімі. Оның үзеңгілесі Махамбет Өтемісұлы 1846 ж. өлтірілді.

  • Жеңілістің себептері:

  • Қозғалыстың ұйымдаспаушылығы, Исатай мен Махамбет Кіші жүздегі, Ішкі Ордадағы барлық көтерушілер отрядтарының бастарын қоса алмады, өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери тәртіппен, дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпаласу қиындыққа түсті.

Тарихи маңызы

  • Феодалдарға қарсы халық көтерілісі. Езушілерге қарсы еңбекшілердің қалың қауымы жүргізген күрес, аса ірі оқиға ретінде Ішкі (Бөкей) Ордада басқару тәртібі жөніндегі мәселені мейлінше шиеленістірді.

  • 29.

61 Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы. 1946 жылға карай зауыттар мен фабрикалар қайта жандана бастады, өнеркәсіп орындары қайтадан іске қосылды. Ауылдар жанданып, қалалар қирандыдан тазартылды. 1945 жылы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы қабылдаған демобилизация туралы Заңнан кейін миллион даған жауынгерлер бейбіт тіршілікке қайта оралды. Демобилизациямен қатар кеңес басшылығы кеңестік азаматтарды жұмысқа орналастыруға, әскери ендірісті шаруашылық мақсаттағы өнім шығаруға конверсиялау секілді күрделі жүмыстар жүргізді.

Соғыс аяқталған соң басқару органдарын қайта күру басталды: халық комиссариаттарының максаттары және міндеттері өзгере бастады, милитаризмнен бас тартуға нүсқау берілді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті таратылды, мекемелерде 8 сағаттық жұмыс күні қайта қалпына келтірілді, уақытынан артык жұмыс істеу жойылды. Экономиканы бейбіт жолға көшіру жоспары белгіленіп, ол жүзеге асырыла бастады. Мысалы, Алматыда Киров атындағы зауыт, Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбіт өнім шығаруға кірісті. Қазақстанға кезінде елдің еуропалық бөлігінен көшіп келген көптеген жұмысшылар жаңа Отанда қалуға ынта білдірді. 1946 жылы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында «КСРО халық шаруашылығын қайта қалпына келтірудің және дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспары туралы Заң» қабылданып, онда елеулі қаржыны республиканың ауыр өнеркәсібін дамытуға, жаңа темір жол желілерін салуға, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға жұмсау қарастырылды. Соғыстан кейінгі құрылыстьң болашағы, жақсы өмірге деген үміт республика еңбекшілерін мемлекет жоспарын орындауға рухтандырды. Зауыттар, кәсіпорындар, өндіріс салалары арасында социалистік жарыс ұйымдастырылды. Қарағанды көмір бассейннің кеншілері еңбекте қомақты табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары еңбектің озық төсілдерін насихаттау, тәжірибе алмасу, ерекше көзге түскендерді марапаттау кең құлаш жайды. Жоспарды орындаудың, үлкен жетістіктерге жетудің жолдары қоғамдық жиындарда жиі-жиі талқыланды. Кез келген жаңсақтық немесе жетістіктен тиісті қорытындылар жасалып отырды. Адамдар да болашаққа, Компартияға сеніммен қарады. 1946-1951 жылдары еңбекшілердің қалың топтарының күш- жігері, қажырлы қайрат көрсетуінің аркасында республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және кемір өнер- көсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Осы жылдары қара металлургия өндірісі кендяен дамыды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші, Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жалғастырылды. Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 1965 жылға қарай елімізде 19,5 тонна көмір шыға ратын өндірістік қуат іске қосылды. 1954 жылдан Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады. 1965 жылы Екібастүзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды.

Республиканың батысында жаңа мұнай кәсіпшіліктері іске қосылды.Мәселен: Мұнайлы, Ембі бассейндерін және баска да кәсіпшіліктерді өндіріске косу арқылы 1950 жылы мұнай өндіруді соғыска дейінгі деңгеймен салыстырғанда 52%-ға арттыруға мүмкшдік туды. Осы кезеңде жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Тамақ өнеркәсібінде 60-жылдардың соңына қарай 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды. Дегенмен де тамақ өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркөсіп өндірісінің 17%-ын ғана қамтыды. Бұл сала одан әрі жетілдіре түсуді қажет етті. 1950 жылдары қайта жабдықталған Семейдегі май зауыты, Петропавлдағы «Комсомол» тігін фабрикасы өнім бере бастады, Жамбыл (қазіргі Тараз), Қызылорда, Павлодардағы тері зауыттарының қүрылысы аякталды. Бұл жылдары Қазақстанның өзінің қуатты ауыр өнеркәсіп базасы қүрылды. Жүмысшылардың ішінде ерекше кезге түскендері жоғарғы еңбек марапаттарына ие болды. Атақты кеншілер Т. Күзембаев, Ж. Әбдірахманов, П. Акулов Социалистік Еңбек Ері деген жоғары атақ алды. Елімізде экономикалық дамудың қарқыны одан әрі артты. 1954- 1958 жылдары республикамызда 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар салынып, іске қосылды. Олардың қатарында Жезқазған кен байыту, Өскемен таукен жабдықтарын жасау зауытының, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының бірінші кезектері, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Қарағанды, Семей және Шымкент цемент зауыттары болды. Осының бәрі 1958 жылы Қазакстанға өнім шығаруда одақтас республикалар бойынша 3-орынға шығуға мүмкіндік жасады. 1960 жылдардың ортасына қарай республиканың өнеркәсіп әлеуеті екі есе өсті. 729 ірі өнеркәсіп орны және 535 цех қатарга қосылды. 60- жылдардың соңына қарай тағыда 445 ірі кәсіпорын мен цехтар іске қосылды. Жүздеген зауыттар мен фабрикалар қайта құрылып, озық техникамен жарақтандырылды. Қазакстан өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыты етіп өндірісті механикаландыру таңдап алынды. Қазақстандағы экономикалық дамудың қарқыны жұмысшы табының жаңа мамандарын даярлауды талап етті. Еңбек резервтерінің жүйесі бір бесжылдық ішіінде ел экономикасына аса қажетті мамандықты меңгерген 50 мың жұмысшы даярлады. Дегенмен мамандар даярлаудың бұл жүйесі өсіп келе жатқан қажеттшіктерді қанағаттандыра алмады. Жұмысшылар қатары республикадан тыс жерлерден келгендер есебінен толығын отырды. Бұл құбылыс әсіресе Қарағанды көмір бассейні, Шымкент, Жамбыл, Ақмола және Алматы өнеркәсіп кәсіпорындарында байқалды. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының артуына алып келді. 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлер саны 1 044 мың адам (оның ішінде 304 мыңы – өнеркәсіпте) болса, 1950 жылы бұл көрсеткіш тиісішпе 1 403 мың және 366 мыңға жетті. Жоғары маман жұмысшылар үлкен қалалардағы ірі кәсіпорындарда шоғырланды. 1951-1955 жылдары ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы мамандар саны 1,8 есе өсті. Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде есіп, 1959 жылы 44%-ға жетті. Осы жылдары Қазақстанның қартасында 15 жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды. Өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте жүмыс істеу үшін республикадан тыс жерлерден жұмысшы күшін тарту көлемі артты. Күштер мен ресурстардың ауыр өнеркәсіпте шектен тыс шоғырлануы, адамдардың қалаға толассыз келуі әлеуметтік саясатқа, халықтың тұрмыстық деңгейіне елеулі әсерін тигізді. Тұрғын үй, тұрмыс жағдайлары өте ауыр болды, түрғын үй салу үнемі артта қалып отырды. Мындаған жұмысшылар жатақханада, олардың көбі вагондар мен палаткаларда тұрды. Тұрғын үйдің, тауар, азық-түліктің жетіспеуішлігіне қарамастан жұмысшылар белгіленген мерзімнен тыс жұмысқа тартылды, демалыссыз жұмыс істеді.

Көлік және байланыс жүйесі. Энергетика

Экономиканың интенсивті дамуы көлік және байланыс жүйесін қатар дамытуды талап етті. Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің дамуы өз кезегінде көлік жүйесінін кеңейе түсуіне ықпал eттi. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл-Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады. 1960 жылы темір жол желісі 1945 жылғымен (8,2 мың км) салыстырғанда 11,47 мың км-ге жетті. Темір жолдағы қалыпты жұмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан-Сібір, Қарағанды, Орынбор, Ташкент, Омбы, Рязань-Орал, Томск темір жолдарының кұрамына кіруіне байланысты күрделене түсті. 1958 жылы республика аумағьнда Қазак Темір жолының (қазіргі «Қазақстан Темір жолы») кұрылуымен қиындықтар жойылды. 1951- 1955 жылдары Қазақстандағы пайдаланылатын темір жол ұзындығы 8 407 км-ден 9 973 км-ге дейін (яғни 1566 км-ге артық) ұзарды. 1960 жылдардың соңында Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 13120 км-ге жетті. Бұл Одақтык, көлемдегі темір жолдың 9,3%-ы еді. Қазақстан темір жолы бүкіл Одақтағы темір жолмен жүк тасу айналымының 8,3%-ын, жолаушы тасу айналымышың 5,9%-ын қамтамасыз етті. Республикамызда темір жол транспортымен бірге автомобиль транспортын дамытуға зор көңіл бөлінді. 1960 жылы тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 11,2 мың км-ге жетті. Осы жылдары барлық аудан орталықтарында телефон орнатылды, совхоздар, ауыл және село Кеңестерінің көпшілігі аудан орталыктарымен телефон байланысына ие болды. 1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда астананы елдің 56 қаласымен байланыстырған автоматтық телефон станциясы жұмыс істей бастады, радио хабарын тарататын станциялар саны 1940 жылмен салыстырғанда екі еседей артты. Қүрылыс жұмыстарының ауқымды көлемі, түсті және қара металлургияның, машина жасаудың және отын өнеркәсібінің жоғары карқынмен дамуы Қазақстандағы энергетикалық базаның ілгері дамуының объективті негізі болды. 1945 жылы республикада 1,15 млн квт/сағат электр куаты өндірілсе, 1960 жылы оның көлемі 10,5 млн квт/сағатка тең болды. Қазақстанның темір кенін өндірудегі одақтағы үлес салмағы 5,4%-ға жетті. Қарағанды металлургия комбинаты тек республиканың ғана емес, сондай-ак Сібір, Орал, Орта Азияны да металмен қамтамасыз ету базасына айналды.

Ғылыми-техникалық прогресс.

КОКП XX съезінде қабылданған қоғамды демократияландыру бағыты экономикалық саясаттағы кейбір өзгерістерге қолайлы жағдай қалыптастырды. Мемлекет басшыларының сөздерінде және партия қүжаттарында алғашқы бесжылдық жылдарындағы шаруашылықты жүргізу жүйесі 50-жылдардың ортасына карай ескіргені және жаңа талаптарға жауап бермейтіні туралы айтылды. Экономиканың экстенсивті даму жолы мүмкіншіліктері сарқылды, жаңа технологиялардың жетіспеушілігі байқалды. Осы кезенде өндірісті басқаруды жетілдірудің, ғылыми-техникалық прогресс екпінін жылдамдатудың, ауыл шаруашылығының артта калуын жоюдың жолдары карастырылды. Экономикалық іс-шаралардың біраз бөлігі басқаруды жаңаша ұйымдастыруға, одақтас республикалардың шаруашылық қүқықтарын кеңейтуге бағытталды. Бұл Қазақстанның қоғамдык өмірінің дамуына қолайлы әсерін тигізді. Экономиканы экстенсивті түрде дамытуға алынған бағыт республиканы КСРО-ның еуропалық бөлігінін; шикізат кезіне айналдырды. Республика аумағында алып өнеркәсіптік кұрылыстарды жүргізген орталық ведомстволар, одақтық министрліктер жиі волюнтаристік шаралар қолданып, әлеуметтік базаны дамыту мен экологиялық теңдікті сақтауды ескермеді.

Экономиканы тиімді басқаруда түбірлі өзгерістердің қажеттігі.

1957 жылдан келе жатқан халық шаруашылығы кеңестер жүйесін құруда қарастырылған салаларды аумақтық принциптер бойынша басқару ісі көп етпей-ақ жарамсыздығын көрсетті. Кәсіпорындарға министрліктер емес, халық шаруашылығы кеңестері мардымсыз көмек керсетіп, бақылай бастады. Экономикалық тетіктер жұмыс істемеді. Мәжілістерде мамандар экономикалық өзгерістердің және басқарудың жаңа формаларының тиімсіздігі туралы жиі айтты. Сәтсіздіктер асығыс қабылданған шешімдердің, субъективтік бұрмалаушылықтардың жаңа толқынын туғызды. Мұндағы басты рөлді КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы Н. С. Хрущев атқарды. 1962 жылы Қазақстандагы халық шаруашылыгы кеңестерін ірілендіру әрекеті жасалды. Осы жылы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық бөлімдерінен тұратын басқару органдарын қайта ұйымдастыру жүзеге асты. Бірақ ел басшылығы бұрынғысынша саяси реформа жүргізудің, саясаттың идеологиялык негіздеріне елеулі түзету енгізудің қажеттілігін түсінбеді. Рационализация, волюнтаризм, жоспарлау, жарыстар, түсті металлургия, қара металлургия

Назар аударыңдар! Бұл сендердің білгірліктеріңді арттырады!

8-билет

62. «Хрущев» жылымығы жылдарындағы Қазақстанның Қоғамдық – саяси өмірі . 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.

*. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.

1. Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару

2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері

8.Түргеш қағанаты.

Түргеш – ежелгі үйсін, дулат ұлысының ұрпағы.

Түргеш қағанаты 704-756 ж аралығында өмір сүрді. Түргеш қағанатының негізін салушы Үшелік қаған. Басты саяси орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгіт(Қойлық) қаласы. Үшелік қаған өлгенен кейін, сыртқы саяси жағдай ауыр болды, Түркеш қағандығы «сары» және «қара» түркеш деген екі иелікке бөлінді. 715 ж таққа Сұлу қаған келіп, қайта күшейе түсті. Бұл кезде өкімет қара түргеш қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас қаласына ауысты.Басты қауіп- батыстан төнген араб шапқыншылығы болды, 737 ж түркештер арабтардан жеңіліп қалды. 738 ж қаған өлгенен кейін, түркештерде тыныштық орнамады, билік үшін «сары» және «қара» түркештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді.Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесіндегі едәуір әлсіреді, оның осы жағдайын қарлұқтар ұтымды пайдаланды. Олар түркеш хандығын жеңіп, өзіне бағындырды.756 жылы Түргеш мемлекеті құлады.

Сауданың өркендеуіне байланысты Түргеш қағандығына ақша айналысы болды. Олар ақшаны металдан жасады. Түргеш қағандығының жазу мәдениеті болған. Олар алғаш көне түркі (орхон) жазуын, кейін соғды жазуын қолданды.756ж қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.8-9 ғ Оңт.Қаз-да ислам діні кең тарады.Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған(760ж) Қарахандықтар 960 ж исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. 9-12 ғ бұл дін қыпшақтар арасында кең тарап,9-10ғ жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.

35 Кенесары Қасымов 1837-1847

Себептері: Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайларының нашарлауы. Қазақтардың тәуелсіздігін мүлдем жоюға (әскери құрылыстар мен бекіністер салу, ең шұрайлы жайылымдық жерлерді жаппай тартып алу, шектен тыс салықтарды салу , әкімшілік басқаруға байланысты патша реформасын жүргізу) бағытталған патша саясатына жалпылама наразылықтың өсуі.

Қозғалыстың барысы:

1838 жылдың көктемі – патша отрядтарымен қарулы қақтығыстар. Кенесары отрядтарының Ақмола бекінісін талқандауы. Жазда көтерілісшілердің сұлтандар ауылдарына шабуылдары. Күзде Кенесары отрядтарының көбеюі. Көтерілістің орталығы орта жүзден кіші жүзге ауысуы.

Көтеріліс мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқ. Отарлауды тоқтату: Қоқандықтар-

1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтарының ұйымдастырылуы

1840 жыл – Ұлы жүздің қазақтарын босатып, өзіне қосып алу мақсатымен Кенесары Қоқан хандығына басып кірді.

1841 жыл – көтеріліс орталығының Торғай даласына ауысуы. Кенесарыны (патшаның жарлықтарына керісінше) хан етіп сайлау. Кенесарының әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге. Ресеймен тепе-теңдік жағдайда қарым-қатынастар жүргізуге талпыныстар жасауы.

1843 жыл – Батыс шекара бөлістеріне және Қоқан иеліктеріне шабуылдар жасау. Кенесарыға қарсы патшаның жазалау отрядын ұйымдастыру.

1844-1845 – көтеріліс Қазақстанның барлық негізгі аудандарын қамтыды. Көтерілісшілердің Константиновск бекінісіне шабуыл жасауы. Кенесары сарбаздарының көтеріліске қолдау көрсетпеген ауылдарды қырып-жойып, қатыгездік жасауы.

1845 – Дала төсінде тағы да патшаның екі әскери бекінісін салу. Көтерілісшілердің оңтүстікке қарай шегінуі. Қоқандықтармен жаңа қақтығыстар.

1846 – Кенесары отрядтарының қырғыз руларының территориясына кіру. Кенесарының қырғыз манаптарымен ұрыс-керістері.

1847 – Кенесары отрядтарының қырғыз ауылдарына шабуыл жасауы. Кенесары мен оның серіктерінің өлімі. Көтерлістің жеңіліске ұшырауы.

Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып,ұлт-азатық сипат алды.Көтеріліс басты қозғаушы күші: қазақ шаруалар.

Тарихи маңызы: Алдындағыларға қарағанда территорияларда қамту мен халықтың көп қатысуы жөнінде ең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс болды. Тәуелсіздік жолында халық қарсылығының, біркелкі орталықтандырылған мемлекет құруға тырысушылықтың күшін көрсетті.

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы. XV-XVII ғғ. Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

Жеңілу себебтері:Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі; Ресей билеушілерінен жеңілдітер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы;Руаралық қайшылықтар;Кеңесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі;Бұхар,Қоқан феодалдарымен соғысып күшін сарқыған Кеңесары тобының Ресейге қарсы

9-билет