Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
студ OSCE каз.12-13ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
982.02 Кб
Скачать

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

КАФЕДРА ЭПИДЕМИОЛОГИИ

ОҚПЭ

КазҰМУ-ң Әдістемелік кеңесі

төрағасы м.ғ.д., проф. Тулебаев Қ.А. _____________

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ бойынша

«Қоғамдық денсаулық сақтау» 051102 мамандығы

5 курс студенттеріне арналған

ОҚПЕ бағдарламасы

Эпидемиология кафедрасының мәжілісінде бекітілді

09.04.13 жылғы № 16 хаттама

Эпидемиология кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д, профессор С.Ә.Әміреев

Қоғамдық денсаулық сақтау Оқу Департаментінің Білім беру Бағдарламасының Комитетінде талқыланған. Хаттама № ж.

Қоғамдық денсаулық сақтау Оқу Департаментінің Білім беру

Бағдарламасы Комитетінің төрайымы _______________ м.ғ.к., доцент Бужекеева А.Б.

КІРІСПЕ

Жоғарғы оқу орындарына мамандарды дайындау және қайта дайындау бойынша талаптарды жоғарлату, соның ішінде медициналық, біздің мемлекетіміздің приоритеттік бағыттарының бірі болып табылады. Осындай мамандармен әртүрлі медициналық ұйымдарды қамтамасыздандыру, қазіргі кездегі жабдықтармен, дәрілік және диагностикалық препараттармен жабдықтау, сондай-ақ саланы барабар қаржыландыру Қазақстанды дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі.

Жұқпалы (паразитарлы) аурулар ұжымдық денсаулық сақтаудың приоритетті облысына жатады, себебі олар әлі де кең тараған және елеулі әлеуметтік және экономикалық зиян келтіруде. Осылай, әртүрлі елдерде өлім себептері арасында жұқпалы аурулар жүрек-қан тамыр және онкологиялық аурулардан кейін үшінші орныды алады. ДДҰ-ның бағалау мәліметтері бойынша олар адамның барлық паталогияларының 60 % құрайды.

Қазіргі заманғы диагностикалық құралдар мен әдістер жасалды, жетілдендірілген эпидемиологиялық қадағалау жүйелері мен эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын жүргізудің жаңа ұйымдастыру және технологиялық амалдары тәжірибеге енгізілуде. Қазіргі уақытта эпидемиолог-маман тәжірибелік қызыметінде барабар шешімдерді және эпидемиялық процес дамуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжауларын құрастыру мақсатында бақыланатын әкімшілік аумақта (объектте) эпидемиялық жағдайды динамикалық бақылау үшін автоматтандырылған ақпараттың қамсыздандыру және басқару жүйесін (ААҚжБЖ) үнемі қолдананды.

Жұқпалы (паразитарлы) аурулардың эпидемиологиясына қатысты берілген сұрақтарға жауапты эпидемиялық процестің аналитикалық бағасы береді, яғни белгілі уақытта белгілі аумақта жеке индивидуумдардың немесе халық топтарының арнайы жұқпалы жағдайларының пайда болу, таралу және тоқтау процестерінің (кім, қайда, қашан, неге), эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын жүргізу бойынша оптимпальді басқарушы шешімдерді жасау үшін (не әстеу керек?). Негізінде бұл сұрақтар жұқпалы емес профильді мамандардың алдында да тұр.

Бакалавр эпидемиолог-маман дәрігер-клинисцист сияқты эпидемиологиялық анамнез жинайды, алдын ала эпидемиологиялық диагнозды қалыптастыру үшін басқа материалдарды талдайды, сыртқы ортаны (су, азық-түліктер, топырақ және басқа мүмкін беріліс факторлары), ауру тасмалдаушыларды, науқастан және онымен қарым-қатынаста болған адамдардан биоматериалдарды зертханалық зерттеулер комплексін қолдана отырып пайда болған жұқпа ошағының эпидемиологиялық зерттеуін жүргізеді. Арнайы эпидемиологиялық ойлаудың қалыптасуы елеулі маңызды.

Дәрігер-эпидемиолог қызметінің арнайы белгісі бұл эпидемиялық процестің барлық компонентеріне, микроорганизмдердің молекулярлы-генетикалық қасиеттерінен, қоздырғыштардың экологиясынан бастап аурулардың клиникалық және эпидемиологиялық көрінулеріне дейін, үнемі мониторинг жүргізу.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша медициналық-профилактикалық факультеттің түлегі медициналық мамандықтардың ішінен жалғыз ғана ҚР мемлекеттік қызметкері болып табылады, осыған байланысты ол оған сенілген аумақтарда, ұйымдарда және объектілерде санитарлы-гигиеналық, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша басқарушы шешімдерді дұрыс қабылдауға міндетті.

«Эпидемиология» пәнінен Мемлекеттік біліктілік емтиханға арналған эпидемиологиялық тәжірибелік дағдылар тапсырмаларының кестесі

Кіру

Шығу

МАК төрағасы

1 кезең

Анықталған эпидемиологиялық анамнез және алғашқы құжаттар мәліметі бойынша болжанатын эпидемиологиялық диагноз туралы болжам қалыптастыру Шыққан жұқпалы ауру ошағында эпидемиологиялық тексерудің сапасы мен толық қамтуын бағалау

3 кезең

Дезинфекция

2 кезең

Егу кабинетінің жабдықталуы

және салқындық тізбегінің сақталу техникасы

«Эпидемиология және дезинфекциялық іс негіздері» пәнінен ОҚПЕ-ге арналған эпидемиологиялық тәжірибелік дағдылар тапсырмаларының тізімі

Кезең

Студенттерге тапсырма

Жоғ.

балл

Уақыт

мин.

1

2

3

4

1.

Алғашқы құжаттардың және жиналған эпидемиологиялық анамнездің мәліметтеріне сүйене отырып алдын ала эпидемиологиялық диагнозды қоюын сұраймыз. Пайда болған жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексерудің толықтығын және сапасын бағалау

100

10

2.

Егу бөлмесінің жабдықталуын айтып беріңіз: қондырғылардың, дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және «суық тізбік» техникасының сақталуын айтып беріңіз.

100

10

3.

Алдын алу, күнделікті және қорытынды дезинфекия жүргізу үшін керекті дезинфекциялық ерітінділерді даярлау ережелерін атап көрсетіңіз

100

10

1 Кезең

Студентке арналған тапсырма

Алғашқы құжаттардың және жиналған эпидемиологиялық анамнездің мәліметтеріне сүйене отырып алдын ала эпидемиологиялық диагнозды қоюын сұраймыз. Пайда болған жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексерудің толықтығын және сапасын бағалаңыз.

Уақыты – 10 минут

1 Кезең

Студентке ақпарат: жағдайлық есеппен танысқан соң эпидемиялық ошақтың түрі жөнінде (бір немесе көптеген) алдын ала қорытынды жасаңыз, жедел хабарлама, жұқпалы аурулар бұрқетпелерінің кезектен тыс хабарламалары, жағдайлық есеппен танысып, нәтижелері негізінде алдын ала эпидемиологиялық диагноз қойыңыз.

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балмен бағалау

1

Жағдайлық есеппен танысқан соң эпидемиялық ошақтың түрі жөнінде (бір немесе көптеген) алдын ала қорытынды жасаңыз. Өз тұжырымыңызды негіздеңіз.

90-100

75-89

50-74

0-49

2

«Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасымен» танысып диагноздың уақтылы (дер кезінде, кеш) қойылғанын бағалаңыз. Жұқпалы ауру ошағын тексерудің толықтығын және сапасын талқылаңыз.

90-100

75-89

50-74

0-49

3.

Эпидемиологиялық диагнозды қойыңыз; Ошақта, оқу және жұмыс орнында жанасқандардың санын және оларды бақылау сапасын бағалаңыз. Ошақтағы инфекцияның мүмкін берілу жолдарын дұрыс анықтады, инфекция ошағын сауықтыру жоспарын құрастырыңыз.

90-100

75-89

50-74

0-49

Кезең бойынша ең жоғарғы балл – 100

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 мин.

2 Кезең

Студенттерге арналған тапсырма

Егу бөлмесінің жабдықталуын айтып беріңіз: қондырғылардың, дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және «суық тізбік» техникасының сақталуын айтып беріңіз.

Уақыты – 10 минут

2 Кезең

Студентке ақпарат: егу бөлмесінің жарамдылығын бағалаңыз, егу препараттарының -тоңазытқышта, салқындатқыш элементтердің - мұздатқышта дұрыс сақталынуын бағалаңыз.

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балмен бағалау

1.

Егу кабинетінің құралдармен, медикаменттермен, шокқа қарсы препараттармен, вакциналармен жабдықталынуын атаңыз

90-100

75-89

50-74

0-49

2.

Тірі және инактивацияланған вакциналардың, еріткіш сұйықтықтардың тоңазытқыш сөрелерінде орналасу ретін анықтаңыз.

90-100

75-89

50-74

0-49

3.

Салқындатқыш элементтердің мұздатқышта мұздатылу принципін және олардың термосөмкелер мен термоконтейнерлерде қолданылуын анықтаңыз.

90-100

75-89

50-74

0-49

Кезең бойынша максимальды балл – 100

Тапсырмаға берілген уақыт – 10 мин.