Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед.бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.56 Кб
Скачать

2.1. Құзыреттілік ұғымы,түрлері және міндеті

Педагогика ғылымында құзырет-тұлғаның белгілі бір саладағы өкілеттіліктері мен қызметтері аясын анықтайтын интерактивті сапасы ретінде түсіндіріледі.Оның құрамына білімдер, іскерліктер, дағдылар кіретіні белгілі.«Педагог білімін әртүрлі әдістермен білім алушыларға береді»- деп, кәсіби даярлықтың жоғары сапалы қол жетімділігі –кәсіби сауаттылық негізі екенін анықтап берді.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады..«Құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.(2)

Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән бере отырып,білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығанда тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компанентін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін айтады. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді.

-    жұйелі ойлауды; -    құқықтық ақпараттық мәдениетті; -    кәсіпкерлік мәдениетті; -    өзін-өзі тануды; -    басқаларға ұсынуды; -    өз қызметін білімді талдауды; -    жаңа білімді; -   технологияларды меңгеруді; -    кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды; -    бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді; -    әр іске жауапкершілікпен қарауды -    нәтижеге бағытталған істерді жасауды.

Осыған орай, біздің – мамандықтар бойнша арнайы пәндер арқылы білім берумемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстарбағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері  қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келеді, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қызықтырады. Бірақ, біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жұйелі әрі сапалы болады. Негізгі құзыреттілік - сала ерекшеліктеріне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды. Осыған орай «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың төмендегідей шарттары бар:

1. Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу және оларды оқыту процесінде білімдер мен іскерліктерді меңгерту үшін қолдана білу іскерлігі;

2. Зерттеушілік құзыреттілігі – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы және мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау үшін педагогикалық құбылыстарды, фактілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;

3. Басқарушылық құзыреттілігі - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен, әдістерімен қарулану;

4. Ақпараттық құзыреттілігі – қазіргі ақпараттық технологиялармен қарулану, олардың күштілігі мен нашарлығын, пайдалану аясын түсіну, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу;

5. Коммунативтік құзыреттілік – қоршаған ортамен өзара әсерлесу әдістерімен, тәсілдерімен қарулану, әртүрлі ситуациялардағы қарым-қатынасты бағалай білу;

6. Білімділік құзыреттілік - өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке және қоғамдық өмірде дамып отыру.

Біздіңше, тағы да екі шарт жетіспейді, олар:

7. Экологиялық құзыреттілік - өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны пайдалана білу;

8. Тәрбиелілік құзыреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру, оны ұлттық тәрбие беруде кеңінен қолдану. Сонымен, осы құзыреттіліктерді педагог игерсе, ол жоғары деңгейде қалыптасып, жаңа тұрпатты педагог болады. Пәнмұғалімінің аталған құзыреттіліктері көпфункциональдығымен, пәналдылық және көпөлшемділігімен сипатталынады.

Құзыретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайлана отырып, бұл оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты студенттерге өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу. Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, смартмедиа, электрондық пошта, интернет) мүмкіндіктерін, бұған қоса студент  пен педагог арасындағы байланысын, бірін-бірі түсінуін, топпен жұмыс жасауын, ұйымдастыру басқару шешімдерін дұрыс таба алуын, қолдану қабылеттерінің басым болуын, әлеуметтік қызметтердің маңызын түсінуін, қоғамдық міндеттерге тұрықты қарауын талап етеді.

Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы екенін әрдайым есте сақтаған жөн. Өйткені елеміздің саяси – экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай өзінің алдындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз ісінің шебері, бәсекеге қабылетті, кең ауқымды, жан-жанты дамыған маман дайындауға ұмтылу- кәсіби білігі мол педогогты қажет ететін заман талабы екенін тағы да жүрегінде жазып алуы керектігін талап етеді.

Педагогтың құзыреттілігі 1-ші орынға ақпараттық сауаттылығын, мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Құзыретті педагогтан өз ісінен  шеберлікті, жақсы оқытушы болу үшін мамандығына қажетті қабылеттіліктерді  және жалпы әлемдік мәдениетті сонымен қатар өз елінің мәдениетін, интегралды үдерістерді меңгерген, әлемдік білім кеңестігінің өресінен шыға алатын талпынысы жоғары, шығармашыл болуы керектігін талап етеді.

Педагог қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастыру қабілеті жоғары тәжрибесі мол және тағы басқа қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілікті анық байқауға болады. Сондықтан осындай міндеттерді орындай алатын  құзырлы педагогтың алдында теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлау міндеті жүктеліп отыр. Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді өзіндік менеджімент,ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзыретті тұлға- студентті қалыптастырады, сондықтан кәсіби даярлықтың арнаулы пәндерді оқу негізінде іс-әрекеттік және тұлғалық терең бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып, кәсіби құзыреттіліктерді болашақ маманға меңгерту басты міндет. Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында педагогтың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формациядағы оқытушының инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс – нысанның, педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдардың, теорияның, әдәс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс, қоғамның педагогокалық құндылықтарға сәйкес жаңа ақпараттық технологияны меңгеруі, қолдануы. Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады.

Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық–технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді.  Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы,оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады. «Нағыз оқытушы» - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз.Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу – кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып,өндіріске,өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе.Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог алдына койылған, жуктелген – міндет екенін ескере отырып,кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озімде арнайы пәндерді оқытуда алға қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыстанудамын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту- білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы пәннің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Ақпараттық технологиялық үдерісі – білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен туындаған үдеріс. Құзыреттілі, білім беру жағдайындағы ақпараттық технологиялық идеялардың, деректер мен тұжырымдардың, теория мен тәжірибенің сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс.(1)

Берілген «Костюмді жобалау. Киім құрастыру»пәні мұғалімінің құзыреттілігінің мазмұнын түсіну үшін олардың екеуінің өлшемдік сипаттамасын төмендегі кестеде көрсеттік. Колледж студенттерін даярлауда мұғалімге қойылатын критерийлер төменгідей .

Кесте–1. Мұғалімінің зерттеушілік және әдістемелік құзыреттерінің үлгі критерийлері

Құзыреттілік

Үлгі критерийлері

Зерттеушілік

1.Кәсіби қызметте проблеманы көрсету іскерлігі

2.Зерттеу әдісін қою іскерлігі

3.Болжамды қисындап мазмұндау іскерлігі

4.Зерттеу пәнін анықтау іскерлігі

5.Зерттеу пәнінің параметрлері және критерилерін суреттеу

Әдістемелік

1.Нормативтік және оқу-әдістемелік мазмұнымен жұмыс істеу

2.Оқу әдістемелік кешендерді талдау және салыстыру

3.Өзінің және басқаның кәсіби қызметін талдау

4.Оқыту және тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін мен формаларын таңдау және қолдану

5.Әдістемелік құралдар мен диагностикалық материалдар жасау іскерлігі

6.Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізу

7.Педагогтардың оқу әдістемелік жұмысын зерттеу және қорытындылау

8.Педагогикалық ситуацияларды зерттеу және өзгерту

9.Әр түрлі педагогикалық ақпараттарды түсіндіру іскерлігі

Педагогтың кәсіби құзіреттілігін бағалаудың жалпы критерийлеріне мыналар жатады:

1. Педагог қызметінің нәтижелілігі және сол нәтижелердің бағалану критерийлеріне оның түсіну саналылығының болуы;

2. Өз жетістіктерін көру іскерлігі және оған жету жолдарын сауатты түсіндіру;

3. Өз пәні және оны оқыту әдістемесі саласындағы теориялық білімі мен іскерлігінің жоғары деңгейде болуы;

4. Зерттеу әдістерімен жан-жақты қарулану;

5. Өз тәжірибесін және өз әріптестерінің тәжірибесін кәсіби сауатты талдау іскерлігінің болуы;

6. Тілдік мәдениетпен қарулануы, педагог тұлғасының байлығы–оның рухани мәдениетінің болуы.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу нәтижесін арнайы сараптау парағын жасап анықтауға болады. Ол мынадай тоғыз бөлімнен тұрады:

1.Педагогтың пәндік құзыреттілігі;

2.Әдістемелік құзыреттілігі;

3.Оқыту технологиялары саласындағы құзыреттілігі;

4.Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілігі;

5.Коммуникативтің құзыреттілігі;

6.Валеологиялық құзыреттілігі;

7.Педагогтың ситуативтік құзыреттілігі;

8.Тәрбиелілік құзыреттілігі;

9.Сабақты өзі талдаудағы психодидактикалық құзыреттілігі.

Жоғарыда айтылған құзыреттілік ұғымы,түрлері және міндетісүйене келіп,колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастыруын қарастырымыз.

2.2 Колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастыру іс-әрекетіне даярлауы бойынша теориялық- тәжірибиелік әдістемесі.

Кез келген оқу орындарындағы әдістемелік қызметтің соңғы нәтижесі

пән мұғалімдерінің іс-әрекетінің жемісінен байқалады. Әдіс-тәсіл ­(гректің methodos ­ зерттеу, білу сөздерінен шыққан) әлдебір мәселені шешуде пайдаланатын практикалық немесе теориялық операциялар мен амалдардың жиынтығы. Педагогика саласында оқу-­тәрбие жұмысында пайдаланылатын әдістемелерді құрастыру аса маңызды орын алады Сол сияқты «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні әдістемелік қызметі де педагогтің өз әлеуетін толық жүзеге асыра алатындай жағдай жасауы қажет. Сонда ғана пән мұғалімдерінің соңғы нәтижесі төмендегідей болады:

- мұғалімнің педагогикалық шеберлігі артады.

- мұғалім аттестацияда өз біліктілігін неғұрлым жоғары көтере алады.

- білім беру процесінің сапасы жоғарылайды.

- инновациялық идеялар мен технологиялар саны көбейеді.

- авторлық шығармашылық бағдарламалар саны артады.

- мұғалімдердің ұжымда ынтымақтастықпен нәтижелі жұмыс жасау қабілеті

артады.

- ұжымда педагогикалық іске қызығушылық пен шығармашылықпен жұмыс

жасауға ұмтылыс байқалады.

Өз білімін жетілдіруге деген қажеттіліктің үнемі байқалады.

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәнінің әдістемелік қызметі негізгі төрт бағытты қамтиды.

Атап айтсақ, аналитикалық іс-әрекет, ақпараттық іс-әрекет,

ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекет, кеңес беру іс-әрекеті. Әрбір

бағыттағы іс-әрекет міндеттерін қарастырайық.

Аналитикалық іс-әрекет:

- білім беру жүйесіндегі технология пәні мұғалімдерінің кәсіби және

ақпараттық қажеттіліктерінің мониторингісі;

- тұрғылықты жер бойынша (аудан, қала, облыс) білім беру мекемелерінің

пән мұғалімдері туралы мәліметтер базасын құру;

- білім беру мекемесінің технология пәні мұғалімдерінің біліктілігін

арттырудағы әдістемелік жұмыстарының жағдайы мен нәтижесін талдау, оны

жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау;

- пән мұғалімдерінің білім беру процесіндегі дидактикалық және

әдістемелік сипаттағы қиындықтарын анықтау;

- тұрғылықты жер бойынша (аудан, қала, облыс) білім беру мекемелерінің

пән мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі туралы

ақпарат жинау және өңдеу;

- тұрғылықты жер бойынша (аудан, қала, облыс) білім беру мекемелерінің пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, тарату.

Ақпараттық іс-әрекет:

- нормативті-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, жалпы педагогикалық ақпарат қорын қалыптастыру;

- пәні мұғалімдерін кәсіби, педагогикалық, психологиялық,

әдістемелік, ғылымиәдебиеттермен таныстыру. Әдебиеттерге шолу қағазжәне электрондық түрде болуы мүмкін;

- білім беру мекемелерінің педагогикалық және әкімшіліктегі қызметкерлерін пәнінің мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттері мен озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, таратуға тарту;

- білім беру мекемелеріндегі пән мұғалімдеріне мектепке дейінгі тәрбие, жалпы, арнаулы білім және қосымша білімдегі балалардың дамуы, сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, үн және бейне материалдар, ұсыныстар, нормитивті актілер мазмұнының жаңа бағыттары туралы ақпарат беру;

- пәнге қажетті заманауи оқу-әдістемелік материалдардың медиатекасын құру, ақпарттық-библиографиялық әрекетті жүзеге асыру.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекет:

-пән мұғалімі біліктілігіне ие болған жас мамандарға оқу-тәрбие

процесінің өн бойында, сонымен қатар барлық мамандарға аттестациядан өту

кезінде әдістемелік қолдау көрсету;

- білім беру мекемелеріндегі пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру және оларға үздіксіз білім беру жүйесінде ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;

- білім беру мекемелеріндегіпән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастыру;

-пәні бойынша білім беру стандарттарының мазмұнын жасауға қатысу;

- жалпы білім беру мекемелерінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру аясында элективті курстар ұйымдастыру;

-пәні мұғалімдерінің білім беру мекемелерінің даму бағдарламаларын дайындауға қатысу;

- білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды әдістемелік қолдау;

- білім беру мекемесінде пән бойынша оқулықтар, оқу-

әдістемелік әдебиеттер қорын жинақтауды қамтамасыз ету;

- білім беру мекемелерінің педагогикалық және әкімшіліктегі

қызметкерлердің қатысуымен пән мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеттері мен озық педагогикалық тәжірибелерін зерттеу, насихаттау, тарату мақсатында семинар, практикумдар, басқа да шаралар өткізу үшін тірек мектептер, мектепке дейінгі мекемелерді анықтау;

- пән мұғалімдерініңғылыми-практикалық конференциясын,

педагогикалық оқуларын, кәсіби шеберлік сайыстарын ұйымдастыру және өткізу;

- білім беру мекемелерінің студенттерінің «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәндік олимпиадалар, көрмелер, фестивальдар, сайыстар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

- технология пәнінің мұғалімінің әдістемелік әрекетін білім беру

басқармасының және қосымша кәсіби (педагогикалық) білім беру

мекемелерінің сәйкес бөлімімен үйлестіру;

- өндірістегі инновациялық технологияларды жетік білу мақсатында

кәсіпорындарда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Әдіс – бұл жол, шындыққа жақындау тәсілі. Оқыту мен тәрбиелеу әдістері білім беру мақсатына жету бойынша әрекеттің реттелген тәсілі болады. Форма - мазмұнның ішкі ұйымдастырылуы, технологиялық процестің циклдарының конструкциясы.

Әдістемелік кеңестерде қолданылатын негізгі әдістер:

- сөздік әдістер (дәріс, әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу, пікірталас, кітаппен жұмыс);

- көрнекілік әдістер (салынған көрнекілік, фото-, кино-, телематериалдарды көрсету, компьютерлік құралдар);

- практикалық әдістер(мұғалімдердің әрекеттері, түрлі жағдаяттарды модельдеу, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдердің практикалық әрекеттерін бақылау). /Гол/

Сонымен қатар, түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті және продуктивті, ізденістік, зерттеушілік және шығармашылық әдістер де қолданылады.

Түрлі әдістер мен тәсілдер, формаларды қолданылуына байланысты өткізіліп жүрген әдістемелік кеңестерді үш топқа бөлуге болады:

- дәстүрлі (өктемдік, догматикалық);

- заманауи қарқындарылған (жетілдірілген, түрлендірілген);

- дәстүрлі емес (балама).

Дәстүрлі әдістемелік кеңестер (баяндама жасау негізінде) сөздікәдістердің басым қолдануылуымен, мазмұнның дәстүрлі сипатымен,әкімшіліктіңмұғалімдерменөктемдік стильде қарым-қатынас жасауымен ерекшеленеді.

Дәстүрлі әдістемелік кеңестің заманауи қарқындандырылған формасы семинар-практикум болып табылады.

Семинар мұғалімдердің біліктілігін артыру үшін қолданылады.Семинарда қарастырылатын мәселелер алдын-ала айтылады да мұғалімдер қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады. Семинарға қатысушылардың барлығы да мәселелерді белсенді талқылаулары қажет.Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдердің әрекеттерін қарқындататын формалар қолданылуы мүмкін. Ондай формаларға ашық сабақ немесе шара, сабақ пен шаралардың модельдерін көрсету, бейне материалдарды қолдану, білім беру процесінің нәтижелері мен балалар әрекетінің нәтижелерін мазмұндау. Соңғы уақытта кеңінен тараған дәстүрлі емес әдістемелік кеңестердіңнегізгі формалары ұжымдық шығармашылық іс формасындағы іскерлік ойын, «дөңгелек үстел», пікірталас, пікірсайыс, конференция, шығармашылық есеп, презентация, аукцион, фестиваль.

ҰШІ (ұжымдық шығармашылық іс) формасындағы әдістемелік кеңес алға қойылған мақсатқа жету үшін барлықмұғалімдердің ынтымақтастық әрекеттері қажет. Ұжымдық шығармашылық іс теориялық және практикалық мәселелерді іздестіруге белсендіру және жаңаша сонылы шешу үшін қолданылады. Ұжымдықшығармашылық іс формасында жүргізілетін әдістемелік кеңестердің тиімді жақтары біршама. Атап айқанда:

- бүкіл ұжымның бірігіп күш салуын талап ететін бірыңғай мақсаттарды саналы түсіну;

- еңбекті бөлісу (әрекет процесінде ұжым мүшелерінің арасында өзара тәуелділік қарым-қатынасы пайда болады);

- өзара бақылауды жүзеге асыру;

- тақырыпқа қызығушылықтың алғышарты ретінде әріптестердің іскерлік қарым-қатынасы.

Әдістемелік кеңес-презентация жаңа бағдарламалар, оқулықтар, оқу кабинеттері, әдістемелікәдебиеттерді ресми түрде таныстыру үшін қолданылады. Әдістемелік кеңес-сайыстың мақсаты – педагогикалық ұжымдағы

шеберлік сайыстарының қорытындысын шығару.Әдістемелік кеңес-конференция мектеп педагогтерінің белсенді қатысуыменбелгілі бір тақырыпты талқылау. Нәтижесіндепедагогикалық ұжымның мүшелері өзара шығармашылық тәжірибелік алмасады.Әдістемелік кеңес-аукцион белгілі бір мәселені шешу үшін көптеген идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер неғұрлым тиімді идеяларды «сатып алады». Әдістемелік кеңес-аукцион «жобаны қорғау» түрінде өткізу мұғалімдердің бастамаларын, шығармашылығын, қайталанбас тәжірибе (форма, тәсіл) көрсетуді, өздерінің оқыту бағдарламаларын қолдайды. Аукционды дұрыс ұйымдастыру маңызды. Әдістемелік кеңес-аукционға қатысушыларды мүмкіндігінше бір-бірін көріп отыра алатындай орналастырған дұрыс. Қатысушыларды осылайша үшбұрыштап отырғызу неғұрлым көп қатысушыларды орналастыруға және жетекшілердің орнының бөлек болуына (комиссия, әділқазылар алқасы) ыңғайлы.

Әдістемелік кеңес-фестиваль түрліше көркемделіп, рәсімделген оқытудың формасы, әдістері, тәсілдері, құралдарын көрсететін кең көлемді қоғамдық шара болып табылады.

Әдістемелік кеңес-іскерлік ойын – әрбір қатысушыға жеке рөл бөлініп оқытатын форма. Іскерлік ойын адамдардың өзара қарым-қатынастарының күрделі мәселелерін талдауға және шешуге үйретеді. Бұл мәселелерді талқылау кезінде қатысушылардың өзара қарым-қатынастары, дауыс ырғақтары, ым-ишаралары, интонациялары маңызды. Іскерлік ойындардың бір формасы – «миға шабуыл».

Сабақта студенттер өздерінің іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамытады.Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек.

Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы . Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация –оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.

- оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану. - сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т.б.

Әрбір оқу орны өз мұғалімдерінің әлеуетіне байланысты әдістемелік кеңесті түрлендіріп өткізе алады.

2.3. Колледжде техник-модельер –конструктордың құзыреттілігін дамыту әдіс-тәсілдері, әдістемелік жүйесінің ерекшелігі.

Болашақ педагогтарды кәсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-әрекетіне даярлығын қалыптастыру мәселесінің орны ерекше. Себебі, жалаң «білімдер, іскерліктер және дағдылар» қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сәйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы оның аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-әрекетіне дайындығының қалыптасуымен тығыз байланысты.

«Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.

Жобалау мәселесіне қатысты жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, педагогикалық жобалаудың белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет екенін көруге болады, ал оның мазмұндық компоненттері мақсат қою іс-әрекеті; үлгілеу іс-әрекеті; жоспарлау іс-әрекеті; ұйымдастыру іс-әрекеті; мониторингілеу және реттеу іс-әрекеті; рефлексия іс-әрекеті болып табылады.

Жобалау іс-әрекетіне дайын оқытушы тек қана оқу процесін сауатты жоспарлап және өткізіп қоймай, сонымен бірге білім алушылардың жобалау құзыреттілігін дамытуға қажетті жағдай жасайды. Осыдан келіп «Әйелдер костюмін (блузка және белдемше ) дайындауда және жобалауда болашақ кәсіптік педагогтарының техникалық құзыреттілігін қалыптастыру» бұл «педагогикалық жүйені, объектіні немесе моделді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі кәсіптік міндеттерді жүзеге асыруға қажет білімдер мен іскерліктерді меңгерту» деген анықтама беруге болады. Ал оның түпкі нәтижесі – жобалау құзыреттілігін қалыптасқандығы болып табылады. Жобалау құзыреттілігі – бұл кез келген салада (кәсіби, ғылыми, әлеуметтік, т.б.) жобалау іс-әрекетін іске асыру үшін қажет білімдер, іскерліктер және тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Сондықтан, болашақ мамандарды даярлауды қарастыруда құзыреттілік тұрғының орны ерекше екендігі дау тудырмайды.

Ғылыми зерттеулерді талдау негізінде құзыреттілік тұрғының ерекшелігі – ол тұлғаның алынған білімдерді, іскерліктерді, іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін пайдалану қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, үздіксіз тұлғалық өзіндік жетілуін байқататындығында екенін көруге болады. Педагог мамандығы бір уақытта өзгертуші және басқарушы мамандық болып табылады. Ал тұлға дамуы процесін басқару үшін құзыретті болу керек. Ал құзыреттілік тұрғының мақсаты – толыққанды кәсіби, өндірістік-технологиялық, ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік, т.б. іс-әрекетке даяр бәсекеге қабілетті маман тұлғасын кәсіби қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның міндеттері – біріншіден, болашақ маманда өзінің кәсіби білімі мен кәсіби іс-әрекетіне құндылықтық қатынас қалыптастыру; екіншіден, оның тұлғасының кәсіби әлеуетін арттыру; үшіншіден, қоғамдық өмірде маманның толық өзіндік тұлғалық қасиеттерін көрсетуге даярлау.

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәні сабағында жобалау әдісін қолдану: Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

«Жобалау» ұғымы білім беру саласына кейінгі жылдарда біртұтас әдістемелік мәселелерді шешу мақсатында ендіріле бастады. Жобалау «терминологиялық кеңістіктегі» дәстүрлі категорияларды қайта қарауды және олардың өзара әрекеттестігін айқындау мәселелерін шешуді көздейді. Педагогикалық жобалауды кәсіби қызмет түрі ретінде қарастырған педагогзерттеушілер: В.Безруков, В.Беспалько, Н.Борисова, А.Дахин, Г.Ильин, Г.Лебедова т.б. Олардың еңбектерін талдау жасай келе төмендегідей қорытындыға келдік: жоба жеке тұлғаның кәсіби бағыт алуында дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшеленетін құрал ретінде қарастырылады.

Жобалау әдісі туралы айтқанда біз, дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілдерін қарастырамыз, яғни мәселені жан-жақты, бөлшектей қарау және ол өз кезегінде белгілі бір шындыққа жақын, тәжірибелік нәтиже беретін белгілі бір деңгейде рәсімделетін болуы шарт. Жобалау әдісінің негізгі идеясы, оның мәні мен мағынасының өзі «жобалау» ұғымы болып болып табылады. Оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық немесе тәжірибелік мәселелерді шешу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, оны көзбен көру, санада сәулелендіру, көңілге тоқу және оны жүзеге асыру.

Мұғалімдерді, тәрбиешілерін дайындауда біздің көзқарасымызда бұл жобаны тәжірибеде пайдалану тиімді болмақ, өйткені, жобаны жасау үдерісінде мамандар алға қойған мақсат, міндеттерге сәйкес өз еңбегінің нәтижесін көре алады.

Өзінің сыртқы формасына сәйкес жобалау, бір жағынан жағдаяттарды шешуді еске түсіреді, оның қажетті атрибуттары, қарама- қайшылықтаоры, іс- әрекетке бағытталу негіздерінің жеткіліксіздігі, ақпараттар, жағдаяттар туралы тұтас көзқарас, ал екінші жағынан-мәселені шешу арқылы оны жою мақсаты көзделеді. Жобалау әдісінде ең маңыздысы – жеке тұлғаның алдына қойылған мәселе кәсіби жағынан маңызды болып табылады. Осылайша, жобаны құружағдаяттардың туындау сипаттамасы тек қанаобъективті мәселе емес, педагогикалық қызметтің субьектісі үшін осы мәселеге сәйкес сол фактыны таба білуімен маңызды. Сонымен қатар, жобаны дайында, оны елдің алдында қорғау, яғни өзіңнің негізгі мәселеңе басқаларды да тарта білу қажет.

Жоғары мектеп студенттерімен жүргізілген жобалау жұмыстарында олар: біріншіден, өздерінің ынта-ықыласымен, алған білім, білік дағдыларын өз іс-әрекетінде пайдалана білуге ұмтылса, екіншіден, болашақ мамандықтарына қызмететуге және жаңа идеялармен бағыт– бағдар алуғажұмсайтындықтарын көрсетті. Жалпы студенттермен жұмыс жасауда оларды үш топқа бөлдік:

1.Жобаға (формальді түрде) құлықсыз қатысып, алдын-ала берілген алгоритм үлгі бойынша тапсырманы орындауға қатысушылар. Өзіс-әрекетіне рефлексия жасамайтындар. («керек, бірақ керек емес», «істей алмаймын»).

2.Ұсынылғаншығармаларды ынта – ықыласымен орындап өз ойын, көзқарасын дәлелдеп, жобаны жасауға белсенді түрде атсалысып, бірақ кейбір кәсіби шеберліктерінің жеткіліксіздігіне байланысты қиындықтарға кезедсетін адамдар. «керек, жасағым келеді бірақ қолымнан келмейді».

3.Өздерінің іс-тәжірибелерін шынай байытқысы келетін, өз көзқарастарынқайта қарауды, басқа адамдардың пікірлерімен санасатын Танымдық және кәсіби жағдаяттардан шығатын «керек, істегім келеді және жасай аламын». Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны студенттің өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін студент мұғалімніңкөмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше студент бірлесіп орындаса, әр студенттің үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын мұғалімдер алдында қорғайды. Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.

Жобалау әдістемесініңталабы:

1.Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.

2.Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады

3.Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады

4.Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже

5.Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.

Жобаның түрлері: Шығармашылық жоба Ақпараттық жоба Рөлдік жоба Тәжірибелі бағдарланған жоба Зерттеу жобасы

Жобаның негізгі бөліктері: 1. Міндеттің қысқаша анықтамасы а)берілген бұйым кімге арналған б)арналған бұйымның қажеттілігі 2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын - нені міндетті түрде жобалау керек - кімге арналған киім жобалау керек 3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері оның басты бағытымен анықталады. 4) Бұйымды байқау және бағалау Жобаның орындалу бірізділігі 1. Іздену кезеңі 2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру 3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау 4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен және мұғалімдермен бірге талқылау 5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту Сызбаны және технологиялық картаны дайындау Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы студенттің ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда студенттер өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті. Қолданбалы экономика мақсаттары: - жеке меншік, баға белгілеу және бәсеке жүйесіне көп көңіл бөлу - экономикалық заңдардың іскерлік шешімдерге әсерін анықтау: - нарықтық экономикадағы үкімет ролін көрсету - кәсіпкер мен тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін студенттердің түсінісуіне көмектесу - мамандықты, сонымен қатар жеке экономика мәселелерін таңдауда оқушылардың өз мүмкіндіктерін ұсынады. Олар: - оқу, хат және базалық білім - Графиктер мен таблицаларды түсіну - Алынған мәліметтерді зерттеу және талдау - Кішігірім топтарда жұмыс істеу және оларды басқару және т. б. Шығармашылық жобаны рәсімдеу: 1. Бастапқы бет 2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтижесі 3. Шығу тарихы 4. Жалпы эскизі 5. Нұсқау карта 6. Қажетті құрал-жабдықтар 7. Құны

Нақты тақырып төңірегінде студенттің алдында әр кезеңде мақсатқа қол жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер.

- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын студенттер санының өсуі.

-студентті шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс-шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі.

- Ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы.

Жобалау технологиясының негізінде – студенттердің жұппен бірігіп немесе әр студент өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері. Тірек сызба,жоба,практикалық,теориялық бұйым,түсіндірме парақтары

Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді. Сондықтан оқыту идеялар. Саралап оқыту –остуденттердің туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелу керек:

- Мұғалім мен студент арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру - Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады.

- Студенттерді ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды. Студенттерді еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе қазіргі кезде ауадай қажет. Студенттердің қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең бастысы студенттердің сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.

Жаңашыл әдістер мен жаңа технологияның білім берудегі жолдары мен әдіс-тәсілдері.

Дамудың жаңа сатысында бағыт алған колледждің ең негізі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Жалпы пәндер бойынша В. Ф. Шаталовтың ұсынған әдісі бойынша трек-конспект, диаграмма, график, логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Студенттер әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау. 2-кезең:Ойын кезеңі

3-кезең:Қорытындылау

Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет. Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Модульдік оқыту технологиясы.

Тігін бұйымдарын модельдеу. Модульдік оқыту технологиясы -студентпен мұғалім қарым-қатынасына теңдік жағдай жасап, студенттерді қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баулап, алып кету.. Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістері пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.(3)

Білім берудің оң нәтижесін, өнімін көру, одан ләззат алу – әрбір педагогтың қуанышы.

Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жуйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгей, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті  кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі  құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. Ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың : « Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген екен.

2.4. «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша оқу құжаттарын даярлау, сабақты өткізу әдістемесі және студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәнін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ, сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Сабақтың құрылысы алдына қойған мақсатына, оқу бағдарламасының мазмұныны, оқытудың типіне, әдіс-тәсілдеріне, студенттердің жас шамасына байланысты. Сабақ ұрылысына мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты да әсер етеді.

Сабақ құрылысының негізгі элементтері:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Мақсатын белгілеу.

3.Үй жұмысын тексеру және оқушылардың білімін бағалау.

4.Жаңа материалды беру және оқушылардың дербес жұмысы.

5.Жаңа материалды бекіту.

6.Үй тапсырмасын түсіндіру.

7.Сабақтың қортындысы.

Сабақтың құрылымын анықтауда маңызды саналатын 3 түрлі

дидактикалық міндеттер бар.

1.Оқушылырдың бар біліміне сүйену және белсенді ету;

2.Жаңа түсінікті және іс-әрекет тәсілдерін игерту.

3.Ақыл-ой және практикалық іс-әрекетінің дағдысы мен іскерлігін

қалыптастыру.

Дәстүрлі сабақ құрылысының айтарлықтай кемшіліктері бар:

А) оқушылардың танымдық әрекетінің мүмкіндіктерін, толық ескермеуі, педагогтың ғана белсенді әрекетіне сүйенеді

Ә) Оқушылардың белсенді шығармашылық әрекетін дамытуға мүмкіндік

жасамағандықтан, олардың ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ете алмайды.

Б) Уақыт жағынан шектеулі болғандықтан оқушылардың танымдық іс-

әрекетін басқаруға мүмкіндік бермейді.

Ал, сабақтың құрылысы мұғалімнің ғана еместуденттердің іс-әрекетін қамтамасыз етуі керек.

Бүгінгі күннің талабына сай сабақ құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі, сабақтың мақсаты.

2.Бұрынғы білімін тексеру, жетілдіру, бекіту, сұрау, жаттығу, тапсырмаларды

орындау.

3.Жаңа білімді хабарлау және оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру

(проблемалық сұрақтар, жаппай жеке тапсырмалар, тәжірибе жұмыстарын

жасау).

4.Оқушылардың дербес жұмыстарын ұйымдастыру арқылы алған білімдерін бекіту, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру, тапсырмаларды орындауға бағыт беру (еңбек түріне сәйкес көрсету, түсіндіру, тапсырмаларды дербес орындау, шығармашылықпен өз үлесін қосуға бағыт беру).

5.Оқушылырдың еңбек іс-әрекетіне бейімділігін тексеру.

6.Үй тапсырмасы және қортынды.

Мұғалім сабақтың құрылысы арқылы оқушылардың жоғары белсенділігін

бүкіл сабақ бойы қамтамасыз етіп, дербес әрекет етуін ұйымдастыруғаміндетті.

Мұғалім - сабақтағы басты тұлға, өйткені студентке жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып,студенттердің танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді.

Бұл жөнінде Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі-мұғалім, екінші-оқыту ісіне керек құралдар, үшінші бағдарлама және оқулықтар керек»-деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы- 3 қажеттілікке байланысты. Әсіресе мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, әдіс-тәсілдерді пайдаланып студенттерді біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу тәрбие ісінің табысты, білімінің берік болуы мұғалімнің сабаққа ыждағатты дайындығына байланысты.

Сабаққа дайындықтың мазмұны:

1.Сабақ жүйесін жоспарлау, жұмыс бағдарламасын жасау.

2.Жеке сабақтарды жоспарлау.

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.

4.Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.

5.Сабақтың мазмұнын анықтап, берілетін теориялық білімді таңдау.

6.Оқыту жұмыстарының әдістерін белгілеу.

7.Сабаққа қажетті оқу құралдары мен көрнекі және техникалық құралдарды

дайындау.

8.Сабақ кезеңдеріне байланысты жұмыс түрлеріне (кітаппен жұмыс) уақытты

бөлу.

9.Бекіту жаттығуларын дайындау.

10.Білімін тексеру мен бағалау әдістерін анықтау.

11.Үй тапсырмасын түсіндіру және орындау жолдарын көрсету.

12. Сабақтың жоспар-конспектісін жасау. (студенттер үшін)

Сабаққа қойылатын талаптар:

А) Дидактикалық талаптың ескерілуі: сабақтың тақырыбы, мақсаты,

мазмұнының бағдарламаға сәйкестігі, игерілетін іскерлік дағдыларының

айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу.

Ә)Дамытушылық талаптың ескерілуі: дамытушылық мақсаттың айқындығы,

танымдық қызығушылығының бастамашылдығы, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту.

Б) Тәрбиелік талаптаң ескерілуі: тәрбиелік мақсаттың нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру.

В) Гигиеналық талаптың ескерілуі.

Г) Психологиялық талаптың ескерілуі.

Д) Ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі.

Ол 2 кезеңнен тұрады:

1 кезеңі: Сабаққа алдын-ала дайындық. Күнтүзбелік жоспар, негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.

2 кезеңі: Пән бойынша тақырыптың сабақ жоспарын жазу. Онда сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс-тәсілдерін таңдау, сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды ескеру. Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс-тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғанастуденттердің білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді.

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру» сабағының негізгі талаптары

2. Студенттердітігу технологиясы еңбек мәдениетіне тәрбиелеу, өзінің жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыра білу.

3. Сабақта студенттердің ой-өрістерін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарынқалыптастыру, сұлулыққа әуестік сезімін ояту

4.Колледж студенттері келесі білім мен машықтарды меңгерулер қажет: киімді құрастыру негізінің білімдері студенттерге «Компьютерлік конструкциялау» пәнін меңгеруге. Сабақтар барысында құрастырушылық, шеберліктерін, іскерлік қабілеттерін арттыруға, теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтар студенттерге дәрежеленген маман болып шығуына көмек береді.

5. киімді конструкциялау, киім дайындау тәртібі және реті, тігін өндірісінің технологиясы. студенттер тігін өндірісінің кез-келген ассортимент түрін құрастыруды, графикалық құрастру элементін қодануды таңдалған әдістеме бойынша құрастыруды меңгеру керек.

Бұл аталған «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» сабағының негізгі 5 талабы күнделікті сабақ барысында сабақтың тақырыбына, сабақтың мақсатына байланысты болып мұғалімнің үнемі жадында сақталуы тиіс.

Жоғарыда атап өтілген талаптар негізінде «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша әйелдер белдік бұйымы белдемшені құрастырубарысында құзыреттілігін қалыптастыруәдістемесі жасалынды. Бұл әдістеме пәннің мақсаты, міндеті, пәнге қойлатын талаптардан, пән көлемі және оның түрлерінен, күнтізбелік-тақырыптық жоспардан, сабақ жоспарынан тұрады. Енді осы бөлімдерге тоқталып өтсек.

Пәннің оқу мақсаты: «Киім дизайны» болашақ мамандары «Киімді құрастыру» пәнінен студенттердің теориялық және тәжірибелік білімінің деңгейін білу керек. Сонымен қатар:

- озық, қазіргі құрастыру әдістерін меңгеру үшін және киімнің сапасын қалыптасуы үшін жүйелі талдау, техникалық құзыреттілікті қалыптастыру,

- тігін бұйымдардын конструкциясының параметрлерін қолайлату,

- оқу стандарттарына сәйкес киімнің жаңа модельдерін жасау кезінде кәзіргі киім АЖЖ-де орындауға болатын мүмкіндігімен жоба жұмыстарын орындау әдістері негізінде, тәжірибелік дағды алуға қамтамасыз етеді.

Пәннің міндеті: «Киімді конструкциялау» пәні бойынша колледж студенттері келесі білім мен машықтарды меңгерулер қажет: киімді құрастыру негізінің білімдері студенттерге «Компьютерлік конструкциялау» пәнін меңгеруге көмектеседі. Теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтар студенттерге дәрежеленген маман болып шығуына көмек береді.

«Киім құрастыру» пәні бойынша бағдарлама 2 семестрлік оқу циклына жасалған. Емтихан түрiндегi аралық аттестаттау және бiр емтиханның өткiзуi ескерiлген. Пән көлемі және оқу жұмысының түрлері,сабақ жоспарының жұмыс түріне байланысты сағаттарға бөлінуі кестеде корсетілген.

2.5.1-кесте — Пән сағаттарының бөлінуі

Оку жұмысының түрі

Барлығы (сағ.)

Семестр

6

7

Жалпы енбексыйымдылық

112

Аудиторлық дәрістер

112

56

56

Лекция

52

26

30

Зертханалық жұмыстар

60

26

30

Қорытынды бақылау

-

емтих

көрсетілім

2.5.2-кесте - Күнтізбелік - Тақырыптық жоспар

Тақырып бөлімі

Сағаттар саны

Жұмыс түрі

Оқушыларға арналған тапсырма

Көрнек қүралдар ТСО

Дербес жұмыс түрі

(үй тапсырма)

Әдебиет

1

2

3

4

5

6

7

8

6 Семестр

2-бөлім

Әйелдер киімдерін құрастыру

1

Дәріс

Киімнің қызметі.

Дәріс кешені, плакаттар

Лекция конспектісін қайталау

А.3

5-15 бет

Әйелдер белдік бұйымдарының ассортименттері

2

Дәріс

Конспект жазу

Плакаттар, үлгілер

Белдік бұйымдар ассортиментіне үлгілері

А.3

33-40,

66-72бет

Белдемше құрастыру.

2

Дәріс

Конспект жазу

Үлгілер, сән журналы

БК торын құрасты ру

А.3

88-93 бет

Әйелдер иық бұйымдарының базалық торын құру.

2

№4 Зертханалық жұмыс

Блузканы құрастыру БК сызбасы

Плакаттар, үлгілер

БК сызбасын аяқтау, модель таңдау

А.3

97- 103 бет

Әйелдер иық бұйымдары модельдік сызбасында болшектері

2

Зертханалық жұмыс

МК сызбасын сызу

Үлгілер, сән журналыплакат,

Блузканың лекалосын түсіру

А.3

97- 103 бет

«Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәні бойынша әйелдер белдік бұйымы белдемшені құрастыру негізінде жасалынған сабақ жоспары, дәріс кешені және сабақтағы практикалық жұмысы төмендегідей.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Белдемше. Шығу тарихы (презентациясымен) Мақсаты: 1) Білімділік: оқушыларды белдемшенінің түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру. Белдемшеге мата таңдауды, белдемше эскиздерін салып, киімді сипаттауды үйрету; 2) Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту; 3) Тәрбиелілік: эстетикалық талғамға, кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, бірізділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірме, көрнекілік. Көрнекілігі: дайын белдемшелер, белдемше суреттері, мата түрлері, тірек схемалар, слайд. Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу VI Жаңа сабақты түсіндіру. V. Жаңа сабақты бекіту VІ. Сарамандық жұмыс VІІ. Қорытынды VIII. Жұмыс орнын жинастыру. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) оқушылармен сәлемдесу; ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру; б) сабаққа даярлығын байқау; в) оқушылардың назарын сабаққа аудару; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1.Тігін машинасымен жұмыс жасағанда жарық қай жақтан болу керек? 2. Киімге қандай талаптар қойылады? 3. Қазақтың ұлттық бас киімін ата 5. Киім неше стильден тұрады? Классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық. 6. Қалың мата үшін машинаға қандай нөмірлі ине қажет?

7. Тігін машинасын жобасын алғаш кім ұсынды?

8. Арнайы киім түрлеріне қандай киімдер жатады?

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Интерактивті тақтада ребус беріледі Белдемше. Белдемшенің шығу тарихы

1.Белдікті: белдемше, шорты 2. Иықты: қамзол, күртеше, халат

Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын.Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.

Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.

ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді. ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин - каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады. XVII ғасырда бүрмелеу, түлі - түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды. XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды. XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.Белдемше: силуэті бойынша - тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті - жиырылған немесе қатпарлы болады. Мата таңдау.Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.

VІ. Сарамандық жұмыс.

Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу. V. Жаңа сабақты бекіту.

Сәйкестендіру тесті

Силуэтіне қарай белдемше қалай бөлінеді? тік, етегі кең, етегі тарытылған. 1. Киімге қандай талаптар қойылады?

2. Жаздық белдемшенің матасы қандай болады?

3. Қыстық белдемшенің матасы қандай болу керек?

4. Жылы түстерге қайсы түстер жатады?

VIІ. Қорытынды.

1. Жақсы салынған эскиздерді көрсету, мадақтау.

2. Бағалау. Бағаларын күнделікке қойып беру.

3. Үйге тапсырма беру. Сантиметрлік таспа, қалам, қағаз, ызба алып келу.

әр оқушы өзіне ұнайтын бір белдемше моделін салып келу.

VII. Жұмыс орнын жинастыру.

Теориялық сабақ

Тақырыбы: Белдемше. Шығу тарихы

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар - белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемше — әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын - сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір - біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібек маталардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді. Адам киімнің өлшемін білу үшін кеуде шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп, алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр кеуденің өлшеміне сәйкес. Өлшем белгілі бір тәртіп бойынша алынады, алдымен ( горизонталь бағытта), содан соң ұзынынан( вертикаль бағытта). Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс. Өлшегенде см. лентаны сол қолмен ұстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. БЖО - Белдің жартылай орамы. Көлденеңінен тұлғаны айналдыра бел деңгейінде түсіріледі. Өлшем белбеудің ұзындығын және қымқырмалардың енін есептеуге қолданылады. ЖЖО - жамбастың жартылай орамы. Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра түсіріледі. Өлшем белдемшенің енін және қымтырманың енін анықтау үшін қолданылады. БҰ - Бұйымның ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау үшін қолданылады АББҰ – Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы. Артқы бойдың бел сызығынан мойын нүктесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртқасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді. Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тамаққа қатырылып жиналған және белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.

ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді. ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин - каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады. XVII ғасырда бүрмелеу, түлі - түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды. XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды. XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, иықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.

Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. Алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге және камзолга ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сэні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы.

Мата таңдау.Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.

Практикалық сабақ жоспары

Тақырыбы: Белдемшеге қажеттіөлшем алу.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері.

Білімділік: оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамассыз ету, тік белдемше негізінің өлшем, сызбасын жаңа технологиямен есептей білуге үйрету.

Өлшем алу біліктерін жетілдіру, киімнің иықтық тобының өлшемін анықтауды, сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету.

Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.

Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Оқыту әдістері: - көрнекілікті

Ауызша баяндау

Практикалық

Ізденушілік

Көрнекі құралдар мен жабдықтар: сантиметірлік таспа, белдік бау, оқулық, жұмыс дәптері, бор, қайшы, сызғыштар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастырушы кезең

а) сабақ басталмас бұрын оқушылардың жұмыс орнын тексеру; оқушылардың сырт көрінісін тексеру(арнайы киімін); журнал бойынша оқушыларды түгендеу. б) керекті жабдықтар мен нұсқаулық карталарды беру.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

Маталардың қандай қасиеттері гигиеналыққа жатады?

Тігін машина бөлшектерін ата.

Енгізетін нұсқаулық а) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. б) оқушылармен техника қауіпсіздігін қайталау. в) дәрісті бекіту (ауызша түрінде) ● Тігістердің түрлері мен белгіленулері. ● Бұйымның алғашқы өңделуіндегі ЫЖӨ операциясы ● Белдемшелі киімдердің түрлері ● Белдемшелі киімнің жоғарғы қиығындағы өңделу принциптері.

Сабақтың негізгі бөлігі бұйым дайындауға қажетті өлшем алуға арналады. Дайын бұйымның сыртқы түрі, сапасы өлшемді дұрыс (дәл) алуға байланысты болатындығына аса көңіл аударту қажет.

Сабақтағы практикалық жұмыс

Шығармашылық жобаны орындау үшін « Полусолнце белдемше» тақырыбын таңдаймыз. Белдемше үлгісін таңдау кезенде оның қызыметі мен пайдалану жағдайын ескеру қажет. Белдемше күнделікті киюге қолайлы әрі әдемі болуға тиіс. Сондықтан оның пішімі, конструкциялық шешімі, материал таңдауы, өңделуі мен түр – түсі екі негізгі эстетикалық және сарамандық талапқа бағынады.

Белдемшелер белдік бұйымдардың ең басым тобын құрайды. Белдемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке болып табылады немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. әдемілік, қарапайымдық және қолайлылық – белдемшеге қойылатын талаптар осы.

Моданың бағыты.

Белдемшенің тарихы.

Материал таңдау.

Модельдің сипаттамасы.

Модельдеу мен конструкциялау, әр бөлікке қысқаша тоқталып сипаттама беру.

Тік белдемшенің үлгісін дайындау. Пшімді өлшеу және оны жазу.

БЕЛДЕМШЕ ТІГУДЕ ҚАЖЕТТІ ӨЛШЕМДЕР АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУ.

Шартты белгілер

Өлшем аты.

Өлшеу тәсілдері.

1.

БЖо

Белдің жартылай орамы

Бел сызығындағы резіңке бойынша көлденеңінен.

2.

МЖо

Мықын жарты орамы

Көлденеңінен мықынның шығыңқы нүктелері деңгейінде алдыңғы жағынан (іштің шығыңқылығын ескеріп)

3.

Бұ

Бұйым ұзындығы

Артқы бойдағы бел сызығынан керекті ұзындыққа дейін.

4.

АрБұ

Артқы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы.

Артқы жағынан – мойынның иық ылдиды бойымен бел сызығына дейін

Еркін қонымдылық қосымшалар.

БЖо + 1 см.

МЖо + 3см.

Көлденең (горизонталь) өлшемдер толық алынады жартылай жазылады.

Тігінен (вертикаль) өлшемдер толық жазылады.

Сарамандық жұмыс.

Тігін өлшемін алу және қортындысын нұсқау картаға түсіру. өлшеудің дұрыстығын бақылау кестесі бойынша анықтау.

Белдік бұйымдардың сызу негіздерін 1:4 масштабты есптеу формуласы бойынша және табиғи шамаға сәйкес құрастыру.

Бұйымды жасауға арналған матаның шығысын анықтау.

Қортынды. Істеген жұмыстарын бағалау. Жұмыс орнын, кабинетті жинастырады.

Курсты меңгеріп болғаннан кейін студенттер тігін өндірісінің кез-келген ассортимент түрін құрастыруды, графикалық құрастру элементін қодануды таңдалған әдістеме бойынша құрастыруды үйренді. «Киімді констраукциялау» пәнінің негізін білген студент «Киімді коснтруктивті модельдеу» пәнін жетік меңгере алады.