Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед.бөлім.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
719 Кб
Скачать
☆

1.2. Кәсіптік колледжіндегі оқу-өндірістік, материалдық базасына анализ және оның студенттердің құзыреттілігін дамыту жолдарына әсері

«Сымбат» Дизайн және Технология Академиясы – бұл сән индустриясы, дизайн (костюм дизайны, жарнама, интерьер) және бейнелеу өнері және сәндік өнер, тігін өндірісінің технологиясы және конструкциясы, экономика және бизнес, шаштараз өнері және сәндік косметика, сценография кино және телевидения, театр костюмі саласындағы еліміздің үздік оқу орындарының бірі.

Қазақстан сән индустриясының негізін қалаушы «Сымбат» сән академиясы 1947 жылы тігін зертханасы негізінде құрылған. Осы кезеңнен бастап компания өндіре бастаған prêt-â-porter өніміне бүкіл ел жұртшылығы қызығушылық танытты.

1988 киім-кешек, аяқ киім және тоқыма бұйымдардың республикалық сән үйлері негізінде “Сымбат” сән және киім-кешек мәдениетін дамыту орталығы болып құрылды.1992 жылдан бастап бұл орталық “Сымбат” сән академиясы болып қайта құрылып, АҚ-ға айналды. «Сымбаттың» құрылуы республикадағы тұңғыш сән журналының және сән театрының ашылуына жол ашты. «Сымбат» сән журналы1958 жылдан бастап жарық көре бастады. 1972 жылы Қазақстан мамандарының қолымен жасалған сән алғаш рет шетел асты. Бұл жылы академиятарихында оның киім топтамалары өзге мемлекеттердің сән майталмандарының сарабына салынып, сынға түсті. Ал 1987 жылы Қазақстанда тұңғыш сән театрының негізі қаланды. Топтамалар көрсетілімі 1972 жылыБолгарияда, 1974 жылыЛейпцигте, 1975 жылыИталияда өткен халықаралық сән фестивальдерінде өтті. Ал 1988 жылы «Сымбат» сән үйі Чехословакияда өткен ұлттық нақыштағы киім топтамалары фестивалінің бірінші көрсетілімінде «Золотая Лента» бас жүлдесіне ие болды. 1996 жылы академияның жанынан сәнгер-құрастырушы шығармалық мамандар даярлайтын “Жоғары сән“ колледжі ашылды. 1998 жылы Сымбат” сән бизнесі университеті ашылып, онда дизайнерлер, құрастырушылар, тігулі бұйымдар технологтары, маркетологтар даярлана бастады.

35 жылдың ішінде сән академиясы әлемдік деңгейде өткен 40-тан астам халықаралық сән фестивальдерінде өз көрсетілімдерін ұсынып, 30-дан астам мемлекеттің сән байқауларына қатысқан. 2000 жылы «Сымбат» «Бірінші халықаралық «Ұлттық костюмнің жоғарғы деңгейдегі сән үлгісі» байқауын» (первый Международный конкурс «Высокой моды современного национального костюма») ұйымдастырды. Сондай-ақ академияның сән мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының эталоны мен ҚР Президенті Н.Назарбаевтіңштандартын жасап шығарған.Қазақстандағы ірі шетел фирмалары үшін арнайы киім дизайнын жасап шығаратын алғашқы және жалғыз компания болып саналады. Мәселен, «Must industries» (АҚШ, Нью-Йорк) секілді танымал компаниялар үшін аты әлемге әйгілі «Chico’s», «White and black», «Victoria secrets» атты сауда маркаларымен киім үлгілерінің айрықша дизайнін жасап шығарады. 2007 жылы «Сымбат» сән үйі өзінің 60-жылдық мерейтойын атап өтті.

ЖОО рейтингісі бойынша жетекші орында: Қазақстанның ЖОО – ң бас рейтингісі  бойынша 2010, 2011 жылдар бойынша ең үздік деген 60 ЖОО – ң қатарына кірді, «Дизайн» бойынша 22 – ң ішінде 2 – ші орын, «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша 3 – ші орын алады.

Бүгін «Сымбат» сән Академиясы – бұл мінсіз холдинг.  Заманауи өндірістік күшті база–тігін, VIP-салон, дизайн-конструктірлік орталық, ғылыми – зерттеу  құрастыру, интерьер дизайн студиясы, сұлулық студиясы, баспахана, құрал–жабдық шеберханасы, материалтану лабораториясы, конструктірлік бюро, сурет және кескіндеме студиясы, студенттердің шығармашылық  даму  орталығы және т. б. Интернетке қосылған компьютерлік залдар, 150000 данадан тұратын кеңейтілген электронды кітапхана,заманауй оқу корпусы, европалық типтегі жатақхана,ректор гранты бойынша білім алу мүмкіншілігі және оқу ақысына әртүрлі жеңілдіктер алу,үздіксіз білім алу жүйесі - колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура,заманауи информациялық технологияларды және бағдарламаларды кәсіби  интерьер дизайны, жарнама, костюм, сондай-ақ киімді моделдеу және құрастыру саласында пайдалану, дайындық курстары,білім беру курстары, халықаралық қарымқатынас бар.

Кәсіпорын өнімділігі жоғары автоматтандырылған технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. “Қаратау”, “Отырар”, “Гаухар”, “Алатау”, “Той”, “Алтын шұға”, “Астана” сияқты аса сәнді ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі жұртшылық тарапынан жоғары бағаланды. Сән театры ұлттық нақыштағы сәнді киім-кешек үлгілерін алыс-жақын шетелдерге көрсетіп тұрады.

«Сымбат» сән академиясы – қазақстандық және әлемдік жоғарғы деңгейдегі сән арасындағы көпір іспеттес болған, қазақтың ұлттық киімін соның туындылары арқылы төрткүл дүниеге паш етіп жүрген бірден бір холдинг болып саналады. Ол өзінің өнімдерін безендіретін Шығыстық, сондай-ақ қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен Ресей, Еуропа және т.б. сәнгерлерін таңқалдырып, өзіндік бет-бейне қалыптастыра білді.

Колледж кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуде. Студенттер жетістіктерін айтатын болсақ ауыз толтырарлықтай. Мысалы, 2004 жылы Жарнама дизайны бойынша студенттік жұмыстардың республикалық конкурсында (Алматы) және 2008 жылы Графика дизайны бойынша студенттік жұмыстардың республикалық конкурсында 1-ші орын алды. 2009 жылы Түркияның Стамбул қаласында сәулет және дизайн мектептерінің студенттік жұмыстарының халықаралық конкурсында 3-ші орын (костюм дизайны) алды. 2012 жылы студент Нұранова Р. Халықаралық «Половодье 12» сән фестивалінде Дебют номинациясында 1-ші орын жеңіп алды, студент Жоломанова С. костюмнің жас дизайнерлерінің Халықаралық «Кремль жұлдыздары-2012» байқауында жартылай финалға шықты.

Енді үздіксіз білім беру колледжінің мамандықтарына токталайық: