Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты

• Қазақстанда тоталитарлық жүйенiң күшеюi. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенiң

күшеюi Ф. Голощекин ес iмiмен байланысты болды. Патша отбасы мүшелерiн атуды ұйымдастырушылардың бiрi Голощекин Қызылордаға келiсiмен, ауылда Кеңес өкiметiнiң әлi де орнамағанын, онда байлардың әмiрi жүрiп тұрғанын айтты. «Ауылда Кi шi Қазан төңкерiсiн жасау қажет. Байға қарсы тап күресi нде кедейлерге көмек беру керек. Егер бұл азаматтық соғыс болса, бiз оған барамыз. Ауыл Қазан революциясы лебiн әлi сезiнген жоқ» дедi. Қазақстанда «Кiшi Қазан» революциясын өткi зу идеясын айтып Сталинге хат жазды. Ауылдың дәстүрлi әлеуметт iк құрылымын жою негiзг i мiндет ретiнде айқындалды. Келесi кезекте қазақтарды жаппай отырықшы өмiр салтына көшiру көзделдi. Мұндай i с -шаралардың жергiлi ктi коммунистердiң наразылығын тудыратынын жақсы түсiнген Голощекин өз iнi ң ой-пiкiрiн қолдамайтын партия басшыларына қарсы күрес бастады. 1926 жылдың өзiнде С.

Сәдуақасов және С. Қожановқа «ұлтшыл» деген кiнә тағылды. С. Сейфуллин, М.

Мырзағалиев, Н. Нұрмақов , С. Меңдешев және т.б. қуғынға ұшырады. Олардың көбi республикадан қуылып , С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев қызметтен босатылды. 1928 жылдың аяғында Голощекиннiң саяси қарсыластары алғаш рет тұтқындалды . Олардың қатарында А. Байтұрсынов , М . Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтар болды. Екi жылдан кейiн М. Тынышбаев, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов және ұлт зиялыларының басқа да көптеген өкiлдерi тұтқындалды.

Қазақстандағы оппозицияны iс жүзiнде ығыстырған Голощекин «Кiшi Қазан» идеясын өмiрге енгiзе бастады. 1926-1927 жылдары жыртылатын жерлер және жайылымдар қайта бөлiндi. Шабындық және жыртылатын жерлер ауқатты шаруашылықтарда н тартып алынып, кедейлер мен орта шаруаларға берiлдi. Алайда бұл шара ойдағыдай нәтиже бермедi. Ұжымдық шаруашылық ( колхоздар) жүйесi шаруаларды өндiрiс құралдарынан және өнiмнен түскен табыс бөлiнiсiнен ығыстырды.

• Тәркiлеу. 1927 жылдың 15-23 қараша аралығында өткен VI Бүкiлқазақтық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәркiлеу туралы шешiм шығарылды. Мәскеудегi

БК(б)П ОК мен БОАК-тiң бұл шешiмдi белг iсiз себептермен 9 айға дейi н заңды түрде бекiтпеуi жағдайды ушықтырды. Тәркiлеуге қатысты түрлi әңгiмелердiң мазмұнынан қорыққан халық мейлi бай болсын, кедей болсын малдарын жаппай сатудың немесе жасырып қалудың жолдарын iздестiрдi. Осыған байланысты 1928 жылдың 21 маусымында Қазақ ОАК -і «Қазақстанның барлық еңбекшiлерiне» үндеу жариялап, онда «тәркiлеу туралы заңның» 1928 жылғы сәуiрдiң 1-нен берi мыңдаған малы бар , Кеңес өкiметiне «анық жау» неғұрлым iрi байлар қожалықтары дүниелерiн тәркiлеу мен оларды жер аудару бағытында жасалып жатқаны, алғашқы кезекте бұрынғы хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан iрi байларға қатысты жүргiзiлетiнi атап көрсетiлдi.

Қазақ байларын тәркiлеу туралы декрет 1928 жылдың 27 тамызында қабылданды.

Сонымен бi рге БК( б)П Қазақ Өлкелiк Комитетi «Барлық еңбекшiлерге» деген үндеу де қабылдады. Декрет пен үндеу 5 қыркүйекте баспасөз бетiнде жарияланды. Онда қазақ байларын тәркiлеу 20 қыркүйекте басталып, 1 қарашада аяқталатындығы ескертiлдi.

Қабылданған декрет бойынша, iрi байларға көшпелi аудандарда iрi малға шаққанда төрт жүз бастан жоғары малы бар, жартылай көшпелi аудандарда ү ш жүз бастан жоғары малы бар, ал отырықшы аудандарда жүз елу бастан жоғары малы бар қожалықтар жатқызылды. Бiрақ отырықшы аудандарда iрi бай қатарына жүз тұяғы барлар да жатқызылып, тәркiлеуге ұшырады.

Қазақ АКСР-i ХКК-нiң 1928 жылы 30 тамызда «Қазақстанның көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы аудандарын белг iлеу туралы» қаулысы қабылданды. Қаулы бойынша Сырдария округiндегi Қызылқұм, Созақ, Сарысу және Шу аудандары , Қызылорда округiндегi Арал, Қазалы, Аламысық, Қарсақбай аудандары, Алматы округiндегi Б алқаш ауданы көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы аудандар қатарына жатқызылды.

30 тамыздағы қаулыда Қазақстан үкiмет i iрi байлар жер аударылатын аудандарды нақты анықтады. Байларды тәркiлеудi жүзеге асыру үшiн Қазақ АКСР-i ОАК -нiң уәкiлдерi округтерге аттанды. Ауыл адамдары уәкiлдерден көп қорлық көрдi. Мәселен, Сырдария округiнiң Жаңақорған ауданында уәкiл Төленов деген батырақты байдың малын жасырып қойғаны үшiн өлiмшi етiп ұрған.

Деревнялар мен ауылдарға өлкелер мен округтiк органдардан ең қатал нұсқаулар мен орасан құқықтарға ие болған 4812 өкiлеттi өкiлдер ж iберiлдi. Олар iстiң байыбына бармай қатал әдiстердi қолданды. Негiзгi соққы дәулеттi iрi байларға бағытталды. Бiрақ елдегi жағдайдан хабары аз өкiлеттi өкiлдер көб iнесе орташаларға, тi птi кедей шаруаларға да зиян келтiрдi. Декретке сай тәркілеуге 700-дей шаруашылық iлiгiп, олардың мал-мүлкi тартып алынды. Осы науқанның нәтижесiнде 145 мың бас мал кедейлерге берiлд i. Тәркiлеуге iрi байлар ғана емес, өкiмет саясатына риза емес орташалар да жатқызылды. Ауыл шаруашылық салығының көпшiлiк бөлiгiн төлеуге мәжбүр болған дәулеттi шаруашылықтарға деген салық қысымы күшейтiлдi.

Қазақ ауылындағы байлар мен ауқатты шаруалар кулактарға жатқызылды. Оларға қатаң жазалау шаралары қолданылды. Кулактарды қудалаудың, мал- мүлкi нен айырудың нәтижесiнде 1930-1931 жылдары республикадан тыс жерлерге 6 800 адам жер аударылды. Осы мерзiм iшiнде Қазақстанға КСРО -ның басқа аймақтарынан дүние-мүлкi түгел тартып алынып, өмiр сүру мүмкiндiгiнен айырылған 180 мың кулактар қоны с аударылды.

Осылайша мемлекет бай және дәулеттi шаруашылықтарға алдымен шектеу жасауды, соңынан оларды толық жоюды мақсат еттi. Экономикалық зорлық -зомбылық саяси жағынан да жүзеге асырылды. 20-жылдардағы Қазақстан шаруалары тiкелей экспроприациялау, соңынан жаппай саяси қуғын-сүрг iн формасына ұласқан «төтенше» науқандардың трагедиялық қатерлi сәттерiн өз бастарынан өткiздi.

• Қазақ зиялыларының «Кiшi Қазан» бағытына қарсылығы. 1926-1928 жылдары үкiмет мекемелерiнде қызмет ететiн ауыл шаруашылық мамандары, ұлт зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т. б.) қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығының дала жағдайларына неғұрлым қолайлы екендiгiн ашық айтты. Мал шаруашылығын егiншiлiкке бағындырудың кез келген әрекетiнiң даланың экономикалық өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соғатынын дәлелдеп шықты. Оларды қазақтардың мал шаруашылығына күш теп таңылған қайта құрулардың iс жүзiнде терең экономикалық тоқырауға ұрындыратыны алаңдатты.

Республика Халық Комиссарлары Кеңесiнi ң төрағасы О. Исаев қазақ халқының мүшкiл жағдайы жөнiнде Сталинге жазған хатында хабарлады. Онда қазақтардың басқа аймақтар мен республикаларға жаппай қоныс аударуының күшейiп, қазақ халқы жағдайының өте ауырлай түскенi, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастағаны, жергiлiктi өкiмет орындары өкiлдерiнiң жалған есептер берiп , қазақ халқының iс жүз iндегi жағдайын боямалап көрсетiп отырғаны айтылды . О. Исаев өз хатында Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф. И. Голощекиндi орнынан босатуды ұсынды. 1933 жылы Ф. И. Голощекин қызметiнен босатылып, оның орнына Қазақөлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.

Рысқұлов та 1933 жылы Сталинге жазған хатында қазақ халқының мүшкi л жағдайын көрсетiп, жаздың соңына дей iн қоныс аударушылардың арасында аштық пен жұқпалы аурулардың қауiпт i дәрежеге дейiн көтерiлетiнiн ескерттi. Т. Рысқұлов қазақ халқын қырылудан құтқарудың нақты шараларын, мал шаруашылығын қазақтарға малды жеке меншiкке таратып беру жолымен шұғыл көтерудi ұсынды.

Сталин мен Үкiмет органдарына тек жекелеген қызмет адамдары, қазақ зиялыларының өкiлдерi ғана емес, қарапайым адамдар да хат жолдады. Көрнектi қазақстандық мәдени қайраткерлердiң «Бесеудiң хаты» атанған хаты Қазақстан тарихында ерекше орын алады.

1932 жылы жазда Ғ. Мүсiрепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышевтар Сталинге қазақ даласындағы мүшкiл ахуал жөнiнде хат жазды. Олар Голощекиндi партияның ұжымдастыруды жүргiзу жолындағы басты бағытын бұрмалауы, халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынталануын тұншықтырып, мал шаруашылығымен айналысудан жерiткенi үшiн айыптады.

Алайда бұл көзқарастың айқын жақтастары қуғындаудың құрбандарына айналды.

3. ИМАНОВ Амангелдi (1873-1919) - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерi лiс басшыларының бiрi және 1917- 1919 жылдары Кеңес өкiмет iн орнату жолындағы күреске белсене қатысушы. 1916 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейiн ұлт-азаттық қозғалысты басқарды. 1916 жылы Қазақстанның Торғай және басқа уездерiнде патша өкiметiне қарсы көтерiлi стi бастап, Торғай, Қостанай, Ақтөбе мен Ырғыз уездерiндегi халық жасағының елеулi бөлiг iн бiрiктiрдi. Қазан төңкерiсiне дейiнгi уақытта жазалаушы отрядтармен шайқастар жүргiздi.

1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың қаңтарына дейiн Торғай облысында Кеңес өкiметi н орнатуға белсене қатысты. Торғай уезiнiң әскери комиссары болды.

Сарбаздарымен бiрге Орынборды дутовшылардан азат етуге қатысты. Торғай даласындағы партизандық қозғалысты, ұлттық әскери бөлiмдердi ұйымдастырушылардың бiр i. 1918 жылдың желтоқсан айында Торғайда Кеңес өкiмет iн қалпына келтiруге белсене араласты. Қызыл Армия бөлiмдерiн құрды. 1919 жылы сәуiр айында тұтқындалып, аласапыран уақыт саясатының құрбаны болды.

Билет №16

1. Кеңестiк кезеңдегi заңсыз қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтарды ақтау. Заңсыз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдарды құқықтық нег iзде ақтау жұмысы жолға қойылды. 1990 жылдың қыркүйегiнде Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев «30-40-жылдар аралығында және 50-жылдардың басында заңсыз қуғын-сүргiннен зардап шегiп, кейiннен ақталған азаматтарға жәрдем көрсету жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық шығарды.

Бұл – мемлекеттi ң өз азаматтары алдында кеш те болса кi нәсiн мойнына алуға жасалған алғашқы қадамы едi. Сталиндiк лагерьлерде жазықсыз дүние салған А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов сияқты ақындардың, жазушылардың, қайраткерлердiң есiмдерi мектептер мен елдi мекендерге, көшелер мен алаңдарға берiлдi. Мысалы, Петропавл қаласының орталығындағы саябақ қазақтың көрнектi ақыны М. Жұмабаевтың есiмiмен аталды. Сол кездегi Торғай облысында А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың құрметiне мерекелiк шаралар жүзеге асырылды. Абылай хан, Исатай мен Махамбет батырлардың мүшелтойлары салтанатты жағдайда аталып өттi. Көптеген қиындықтарға қарамастан, халық өзiнiң аса көрнектi ұлдарын жадынан шығарған жоқ. 1991 жылы 12 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшiн жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнiнде» Жарлық шығарды.

Жарлық бойынша желтоқсан оқиғаларына қатысқаны, қылмыстық, әкiмшiлiк және тәртiп бұзғаны үшiн жауапкершiлiкке тартылғандар ақталды. Бiрақ Жарлық қасақана құқық бұзу әрекеттерi үшiн сотталғандарға жүрмедi. Жоғарғы Кеңеске Желтоқсан оқиғасына байланысты iшкi iстер бөлiмiнiң әскери қызметкерлерi мен құқық қорғау орындары қызметкерлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтау жөнiндегi Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Президиумы Жарлығының күшiн жою ұсынылды. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты барлық лауазымды адамдарды КСРО медальдары және ордендерiмен наградтау жөнiндегi КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Жарлығын жою жөнiнде КСРО Жоғарғы Кеңесiне өтiнiш жасау көзделiндi.

2. Қазақстанның геосаяси жағдайы. Экономиканы одан әрi интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995 жылы 28 қаңтарда Ресей Федерациясы және Белоруссиямен Кедендiк Одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғызстан мен Тәжiкстан қосылғаннан кейiн Еуразиялық Экономикалық Одақ болып қайта құрылды , кейiн Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық дүниеге келдi. 2005 жылға қарай Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекара мәселесi шешiлдi.

1995 жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып ендi, ал бұл қаржы, жаңа технологиялар алмасуға мүмкiндi к бердi. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 жылы 26-28 сәуi рде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммитi болып өттi. Оның жұмысына ықпалды халықаралық қаржы орталықтары қатысты.

Қазақстан сыртқы саясатта көп қырлы, сындарлы саясат ұстанып отыр. Астана халықаралық басқосулар өткiзудiң орталығына айналды . 2001 жылдың 22 қыркүйегiнде Рим Папасы II Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты . Бұл Қазақстанның бейбiтшiлiк сүйг iш держава ретiндегi рөлiн мойындаудың көрiнiсi едi. Қазақстан астанасында аса маңызды басқосу - Әлемдiк және дәстүрлi дiн басшыларының съезiн өткiзу де дәстү рге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003 жылдың 24 қыркүйегiнде болып өттi. Бұл басқосуға 17 конфессия өкiлi қатысты. Қазақстан Республикасының Президентi съезде сөйлеген сөзi нде: «Материалдық игiлiктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшiн әрдайым басым және негiз қалаушы болып қалады.

Олардың бастылары - руханият, адамгершiлiк. Бұларды өз бойына негiзгi жинақтаушы дi н болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және дiни дәстүрлердi, әр халықтың төлтума тарихи және мәдени тәжiрибесiн сақтап келедi» деп атап көрсеттi.

Астанада 2006 жылдың 1 қыркүйегiнде Әлемдiк және дәстүрлi дiн басшыларының екiншi съезi қарсаңында, бiрiншi съезде туындаған ғимарат салу идеясы iске асты. Бейбiтшiлiк және Келiсiм сарайы салтанатты түрде ашылды. Сарайды ашу рәсiмi нде Президент Н.Ә. Назарбаев «Шығыс пен Батыс мәдениет i мен стил iнiңүйлесiмi бiздiң жас астанамыздың келбетiмен керемет жарасым тапқанын» атап өттi.

2006 жылдың 12-13 қыркүйегiнде өткен екiншi съездiң басты тақырыбы «Дi н, қоғам және халықаралық қауiпсiздiк» мәселесi болды . Съезд жұмысына 20-дан астам елден 43 өкiл қатысты. Құрметтi қонақ ретiнде көрнектi саясат және қоғам қайраткерлерi шақырылды, олардың iшi нде - ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацууру, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе т.б. болды.

Астана қаласында Әлемдiк және дәстүрлi дiн басшыларының 2009 жылы үшiншi, 2012 жылы төртiншi съезi өттi. Астана жаңа идея мен өркениеттер сұхбатының орталығына айналды. Халықаралық сарапшылардың пiкi рiнше Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастықты дамытуда Қазақстан баға жетпес еңбек етiп келедi.

Қазақстанның әлемнiң барлық елдерiмен сауда байланысы қалыптасқан. Алайда экспорт

құрылымында дәстүрлi түрдегi шикiзаттық тауарлар басым болып отыр. Елiмiз дамыған мемлекеттермен технологиялық, энергетикалық көлiк саласындағы техникалық реттеу, сауда-экономикалық, шағын және орта бизнестi дамытудағы ынтымақтастықты одан әрi жетiлдiре түсудi көздейдi.

3. БИГЕЛДИНОВ Талғат Жақыпбекұлы (1922) - екi мәрте Кеңес Одағының Батыры

(1944, 1945), әскери-ұшқыш, авиация генерал-майоры (1993). Орта мектептi бi тiрген соң аэроклубқа кiрдi. Саратов және Чкаловтағы ұшқыштардың әскери-авиациялық училищелерiнде оқыды. 1940 жылдан 1956 жылға дейiн Кеңес Армиясында қызмет еттi. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан бастап қатынасты. 144-гвардиялық шабуылшы авиациялық полктiң құрамында Калинин, Воронеж, Далалық, 1-шi, 2-шi Украина майдандарында соғысты. Украина, Польшаны азат ету, Бреслау мен Берлиндi алуда ерлiк көрсеттi.

Соғыс жылдары Т. Бигелдинов 300-ден астам әскери тапсырмалар орындауға ұшып шығып, 7 жау ұшағын атып түсiрдi, ондаған танк, зеңбiректер мен басқа да әскери техниканы жойды. Соғыстан кейiн Т. Бигелдинов Әскери әуе күштерi академиясын (1950), ал 1968 жылы

– Мәскеудегi инженерлiк-құрылыс институтын бiтiрдi.

Азаматтық авиацияның қазақ басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан автоәуесқойлары қоғамы орталық кеңесiнiң төрағасы қызметтерiн атқарды. Т. Бигелдинов «305 рейд» (1966), «ИЛ-дер шабуылдауда» (1966), «Аспандағы айқас» (1967) кiтаптарының авторы.

Билет №17

1. ХХІ ғасырда Қазақстанда спорттың дамуы. Республикамыз тәуелсiздiк алғаннан кейiн мемлекеттiк Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазақстан спортшылары iрi- iрi халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеттi. ХI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4-орынды иелендi, 77 медаль (25 алтын) жең iп алды. Дәулет Тұрлыханов , Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретiнде танытты. Қысқы олимпиада ойындарында көкшетаулық В. Смирнов (шаңғы), ХХVI жазғы олимпиада ойындарында Ю. Мельниченко (грек-рим күресi), А. Парыгин (бессайыс), В . Жиров ( бокс) чемпиондар атанды. ХХVII олимпиада ойындарында (2000) Ольга Шишигина, Ермахан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов чемпион болды. 2001 жылы Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығына арналған 1-жаздық спартакиада өткiзiлдi, оған елiмiздiң 1 млн-нан астам тұрғындары қатысты.

ХХVIII олимпиада ойындарында (Афины) Бақтияр Артаев чемпион атанды. Ол олимпиаданың үздiк боксшысы деп танылып, ең үздiк спортшы ретiнде оған Вэл Баркер кубогы табыс етiлдi. Штангашы С . Филимонов, боксшы Г. Головкин, палуандар Г. Цурцумия мен Г. Лалиев күмiс медальдарды иелендi.

Республикада бүгiнгi күнi ұлттық спорт түрлерi: бәйге, жорға жарыс, тоғызқұмалақ кең тараған. Спорттың осы түрлерi бойынша федерациялар құрылып, ресми түрде жарыстар өткiзiп тұрады.

Футбол, волейбол, бильярд секiлдi спорт түрлерiмен халық кеңiнен айналыса бастады. 2003 жылдан Қазақстан футболшылары Еуропа кубогы үшiн жарыстарға қатысады, шағын футболдан жарыс тұрақты өткiзiлiп тұрады.

Қазақстан спортшылары 2006 жылы Доха қаласындағы (Катар) жазғы Азия ойындарында 85 медальға ие болды. Оның 23-i алтын, 20-сы күмiс және 42-сi қола медаль. Алдыңғы Азия ойындарында 20 алтын , 26 күмiс, 30 қола медаль алып, жалпыкомандалық 4- орынға шықты. Испанияда өткен әйгiлi «Вуэльта» веложарысында қазақстандық спортшылар Александр Винокуров пен Андрей Кашечкин жеңiске жеттi. 2006 жылы нысана көздеуден және ауыр атлетикадан Ольга Довгун мен Илья Ильин әлем чемпиондары атанды. Илья Ильин жыл спортшысы ретiнде танылды. Дмитрий Карпов көпсайыстан әлемнiңүздiк спортшысы атанды.

Қазақ спортшылары 2008 жылғы Бейжiң олимпиадасында 13 медальға қол жеткiздi: 2 алтын, 4 күмiс және 7 қола. Медаль саны жағынан 205 мемлекеттiң iшiнде 19 -шы, жалпы есепте 29-шы орынға табан тiредi. Бiздiң республикамыздан алтын медальды ауыр атлет Илья Ильин мен боксшы Бақыт Сәрсекбаев иелендi. Күмiс медаль иелерi: дзюдоист Асхат Житкеев, ауыр атлеттер Ирина Некрасова мен Алла Важенина, еркiн күрестен Таймұраз Тигеев. Қола медальдi грек -рим күресiнен Нұрбақыт Теңiзбаев және Әсет Мәмбетов, ауыр атлет Мария Грабовецкая, еркiн күрестен Елена Шалыгина және Марид Муталимов, боксшы Еркебұлан Шыналиев пен таэквондошы Арман Шылманов алды.

Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылы өткен VII Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 32 алтын, 21 күмiс, 17 қола, барлығы 70 медаль алып бiрiншi орынға шықты. 2012 жылы Лондондағы ХХХ Жазғы олимпиада ойында рына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасы тамаша табысқа жетті. Лондон олимпиадасы Қазақстанның спорт тарихындағы ең жарқын беттердің біріне айналды . Еліміз спортшылары осы жаһандық жарыста 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальға ие болып, Қазақстан құрамасы командалық 12-орынға шықты. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған орасан зор жетістік еді. Штанга көтеруден ерлер арасында Илья Ильин, ал қыздар арасындағы осы спорт түрінен жарыста Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло алтын медальға ие болды. Жеңіл атлетикада Ольга Рыпакова , веложарыста Александр Винокуров, бокста Серік Сәпиев алтыннан алқа тақты. Илья Ильин екi дүркiн Олимпиада чемпионы атанды.

Елімізде 2011 жылдан бері жыл сайын қазақша күрестен жүлде қоры өте қомақты «Қазақстан барысы» жарысы өткізіліп келеді.

Тәуелсiздiк жылдарындағы мәдениет пен спорттың дамуы барысында өмiр барынша қызғылықты бола түстi. Қаржы жетiспеушiлiгiне қарамастан, мәдениет пен өнер, спорт дамуға жаңа серпiн алды.

2. Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту. Әкiмгершiлiк жүйенiң ауқымынан босап шыққан республикалардың көпш iлiгi «кеңестiк» және «социалистiк» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесiн iң сессиясында Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау жөнiнде шешiм қабылданды. Бұрынғы атаудың идеологиялық астары болғандықтан, республикадағы қазiргi шынайы өмiрдi бейнелей алмайтын едi. Осымен бiр мезгiлде туған жер туралы құнды мағлұматтар беретiн тарихи атауларын қайтару мақсатымен елiмiзд iң қалаларының, көшелерi нiң, алаңдарының аттарын өзгерту жұмысы басталды. 1989-1992 жылдары Гурьев қаласы - Атырау, Целиноград - Ақмола, Шевченко - Ақтау, Голощекин ауылы - Приуралье болып өзгертiлдi. Республика

картасынан «Коммунистiк», «Социалистiк», «Октябрь» деген сөздер жоғала бастады.

Елiмiздiң тарихында елеулi рөл атқарған: Йасауи, Жәнiбек, Керей, Қасым, Тәуке, Абылай, Қабанбай, Шәкәрi м, Төле би тәрiздi халықтың ардагер азаматтарының есiмдерi қайта оралды. Олардың атымен көшелер мен елдi мекендер атала бастады.

3. ҚАЖЫМҰҚАН, Мұқан Мұңайтпасұлы (1883, кейбiр деректерде 1871 -1948) - французша және ерк iн күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бiрнеше дүркiн жеңiмпазы; әлемдiк спорт аренасына шығып, шет елдердегi жарыстарда атақ-даңққа бөленген тұңғыш қазақ. Оның балуандық жолы 1901 жылдан басталды. И. В. Лебедевтiң күрес мектебiне 1903 жылы түсi п, екi жыл оқыды. Қажымұқан 1908 жылы Германияның Кельн қаласында өткен жарыста немiстiң атақты балуаны Генрих Вебердi жеңiп, бiрiншi рет әлем чемпионы болды. 1909 жылы Рига қаласында дүние жүзiнiң атақты балуандары қатысқан үлкен жарыста бас бәйгенi жең iп алды. Ал 1910 жылы Варшавада өткен халықаралық жарыста кiшi алтын медальға ие болды . Осы жылы Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркiн күрестен өткен жарыста үлкен медаль алып қайтты. 1911 жылы Түркияға барып, Стамбулда түрiктiң атақты балуаны Нұрлыны жыққаны үшiн «қажы» атағы берiлiп, Қажымұқан атанды. Тегеран мен Кабулде, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда бiрқатар жеңiстерге жетт i. 1913 жылы Троицк қаласында, 1914 жылы Парижде әлем чемпионы атағын жең iп алды. Ол Харбин, Токио қалаларында жапон халқыныңұлттық күресi джиу-джицуден сол елдiң балуандары Саракики Жиндофумен және Око Окитаромен белдес iп, көрермендердiң көңiлiнен шықты. Санкт-Петербург, Мәскеу, Киев, Будапешт, Берлин, Прага, Лондон қалаларында өнер көрсеттi.

1927 жылы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетiнiң Президиумы Қ . Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры » атағын бердi. Ұлы Отан соғысы жылдары ел аралап, күш өнерiн көрсетiп, ұшақ жасау үшiн қорғаныс қорына 100 мың сом тапсырды.

Билет №18

3. Қазақ жастарының кеңестiк жүйеге қарсылығы. КОКП-нiң ұлттық саясатының негiзгi ережелерiн қайта қарауды талап етудiң әрекетi н 60-жылдары Мәскеудiң жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ студенттерi: Мақаш Тәтiмов, Сәбетқазы Ақатаев, Мұрат Әуезов т. б. жасады. Олар «Жас тұлпар» жасырын қоғамдық ұйымын құрып, саяси және ағартушылық қызметпен айналысты. Бiрақ КГБ-нi ң (Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің) қырағы көзiнен ешкiм жасырына алмайтын едi, көп ұзамай бұл ұйым таратылды.

Саяси жағынан «басқаша ойлаушыларға» қарсы бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғамдық жиналыстар белсендi, мақсатты түрде пайдаланылды.

Өмiр сүрiп отырған тәртiпке қарсы Қазақстандағы саяси оппозиция 70-80-жылдары бұқаралық сипат алмады, оның әрекетiне тек жекелеген адамдар ғана қатынасты. 80-жылдары КОКП-нiң ресми идеялық бағытына ашық түрде күдiк келтiргендер болды. Олар диссиденттер деп аталды . Өзiндiк балама бағыт ұстанып, Кеңес өкiметi органдарымен қақтығысқа барғандардың қатарында Махмет Құлмағамбетов, Хасен Қожахметов т. б. болды.

Мамандығы жоғары, терең бiл iмдi философ Махмет Құлмағамбетов 1962 жылы кеңестiк тәртiпке қарсылығы үшiн Қостанай облысының Рудный қаласында тұтқындалып, Қылмыстық iстер кодексiнiң 58-бабы бойынша 20 жыл мерзiмге сотталды. М.

Құлмағамбетов өз мерзiмiн белгiлi заңгерлер Буковский, Синявский, Гафттармен бiрге өтедi. Бостандыққа шыққан соң, Сiбi рдегi газ құбыры құрылысында жұмыс iстедi, соңынан шетелге эмиграцияға кетт i. 1983 жылы М. Құлмағамбетов КСРО-ныңәр түрлi құрылыстарында сотталғандардың ерiксiз еңбегiн пайдалану мәселелерi бойынша жүргiзiлген халықаралық iсте куәгерлiк жасады. Ол ұзақ уақыт бойы Мюнхендегi (Германия) «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс iстедi. КОКП мен Кеңес үкiметiнiң ұлттық, экономикалық және әлеуметтiк саясатына сын тұрғысынан баға бердi.

Ұлттық саясат саласындағы бұрмалаушылықтар, КСРО мен Қазақстан аумақтарында тұратын халықтарды ассимиляциялау және «орыстандыру» әрекеттерi республиканың көптеген азаматтарының наразылығы мен қарсылығын туғызды. Бiрақөз наразылығын М. Құлмағамбетов тәрiздi ашық бiлдiруге кейбiреулерiнiң ғана батылы жеттi.

Өкiмет орындарының саясатына өз наразылығын ашық бi лдiргендердiң б iрi - композитор Хасен Қожахметов болды. 1977 жылы «Кеңестiң мемлекеттiк және қоғамдық құрылысын қаралайтын ойдан шығарылған жалған ақпараттар таратқаны үшiн» екi жыл бас бостандығынан айырылды . Х. Қожахметов 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшiн екiншi рет сотталды. 1990 жылы республиканың Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы Хасен Қожахметовке қатысты екi үкiмнiң де күшiн оның әрекетiнде қылмыстық iстердiң құрамы жоқтығын ескере отырып, жойды.

1975 жылы Алматыда Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабы жарық көрдi. Ақын бұл кiтабында ежелгi орыс әдебиетiнi ң белгiлi ескертк iшi «Слово о полку Игоревенi ң» («Игорь полкi туралы жыр») славян және түркi этникалық әлемiнiң шекарасында пайда болып, онда екi көршiлес мәдениетт iң өмiр шындығы үйлесiмдi бейнеленгенi жөнiндегi қорытындыға келдi. Партияның әсi ре ұлтшыл және барып тұрған сауатсыз идеологтары үшiн О. Сүлейменов жасаған қорытынды дөрекi, ақылға сыйымсыз болып көрiндi. «Аз и Я» кiтабы тауар айналымынан, кiтапханалардан алынып тасталды, жаңа басылымына тыйым салынды.

Қазақ халқының мүдделерiмен санаспаудың айқын көрiнiсi - КОКП ОК Саяси бюросының 1979 жылғы көктемдегi Қазақстан аумағында немiс автономиясын құру жөнiндегi шешiмi болды. Едiлдегi немiс автономиясы жойылған соң, нем iстердiң көпшiлiгi Қазақстанға күштеп көш iрiлген едi. Қазақстан Компартиясының Бiрi ншi хатшысы Д. А. Қонаевтың куәлiк етуiне қарағанда, мұндай ұсыныс КГБ Төрағасы Ю. Андроповтың тарапынан жасалған. Мәжiлi ске қатысушылар ұсыныс жасалғанда үнсiз қалды. Онымен қоса Қазақстанның солтүст iгiнде немiс автономиясын ұйымдастыру үшi н Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң екi ншi хатшысы А. Коркин бастаған арнайы комитет жөнiнде шешi м қабылданды. Комитеттiң шешiмi бойынша болашақ автономияның орталығы Целиноград (қазiргi Ақмола) облысында орналасқан Ерейментау қаласы болып белгiленiп, құрамына Көкшетау, Қарағанды және Павлодар облыстарының бiрқатар аудандары енгiзiлуi тиiс болды. Қазақстанда, әсi ресе оның солтүстiк облыстарында немiс автономиясының құрылатыны жөнiндегi хабар жылдам тарады.

2. Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою. Бейб iт өмi рге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейiн жетiлдiру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттi гi туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бi рқатар кедергiлер тұрды: қажеттi материалдық-техникалық база жоқ едi, ұлт зиялылары да ат төбелiндей аз болатын.

Кеңестiк тәртiптiң елеул i жетiстiктерiн iң бiрi – халық ағарту жүйесiн дамытты және азаматтардың жаппай сауат ашуын жүзеге асырды. 1918 жылы кеңестiк бiлiм жүйесiнiң негiзгi қағидалары: тег iн оқу, ұлдар мен қыздарды бiрге оқыту, дiни пәндердi оқу бағдарламасынан алып тастау, оқыту iсiндегi жазаның барлық түрлерiн жою, мектептегi өзiн-

өзi басқару туралы «Бiрыңғай еңбек мектебi туралы Декларация» мен «Бiрыңғай еңбек мектебi туралы Ереже» қабылданды.

1919 жылы Халық Комиссарлары Кеңесi (ХКК) « Сауатсыздықты жою туралы Декретке» қол қойды. Мемлекет ауылға жаппай мәдени жорық ұйымдастыруды жариялады . 1920-1921 оқу жылдарында Қазақстанда 2,5 мыңға жуық сауатсыздықты жою пункттерiнде 70 мыңдай адам оқыды. Сауатсыздықты жоюдың көшпелi пункттерi, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшiн қызыл отаулар, коммуна мектептерi, мектеп-интернаттар, рабфактар құрыла бастады. Медреселер, мектептер және орыс-қазақ мектептерi кеңестiк мектептерге айналды. Қазақстанда 1925 жылы 2,7 мыңнан астам мектеп болды.

Кеңес өкiметi орнауымен бiр мезгiлде мәдениеттi қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту iсiн дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етiп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерiн қосты.

Қазақ тiлiндегi оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкiлдер i А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С . Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тiлiндегi бiрiншi мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.

Мектептердi әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етуде үлкен жұмыс басталды. 1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тiл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқулықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгiлi өкiлдерi тартылды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептерi үшiн 30-дан астам оқулықтар жарық көрдi.

1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпiнiң негiзiнде жасалған қазақ әлiпбиiн жетiлдiрдi.

Жетiлдiрiлген араб әлiпбиi қазақтарға кез келген түрк i тiлдi басылымды, соның iшiнде шетелдерде шығатындарын да оқуға мүмк iндiк бердi, б iрақ бұл саяси жағынан зиянды деп есептелдi. 1929 жылғы араб әрпi нен латын әрпiне көшу бiлiм беру жүйесi үшiн қатты соққы болып тидi. Араб әрпiмен оқып, сауатын ашқан жүз мыңдаған қазақтарға ендiг iде жаңа әлiппенi меңгеру керек болды. Бүкiлхалықтық сауаттылық үшiн күрес жүргiзе отырып, билiк басындағылар қазақтарды араб әрпiмен жазылған кiтаптарды оқудан, ғасырлар бойы келе жатқан рухани мұрадан айырғысы келдi.

1920-1930 жылдары бiлiм беру жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлiгi ересектер арасында сауатсыздықты жою iсi болды. 1921 жылы үкiмет сауатсыздықты жою туралы Орталық Төтенше комиссия (Казграмчека) құрып, ол ересектердi әлiппеге үйрету пункттерiн

ұйымдастырумен айналысты. 1926 жылы мамыр айында Қазақ АКСР-i Халық Комиссарлары Кеңесi «Қазақ АКСР-i б iрыңғай еңбек мектептерi нiң Жарғысын» қабылдады. Жарғы бойынша бiртiндеп «үшжылдық» және «төртжылдық» оқу жүйесiне көшуге, қазақ қыздарына арналған арнайы мектептер ашуға бағыт алынды. 1930 жылы мiндеттi жалпы бастауыш, ал 1931 жылы жалпыға мi ндеттi жетiжылдық бiлiм беру енгiзiлдi. 1935 жылға қарай Қазақстанда мектеп жасындағы балалардың 91%- ы оқыды, бiрақ олардың үштен бiр бөлiгi ғана жетiжылдық және орта мектептерде бiлiм алды.

30-жылдардың соңына қарай республикада 120 орта арнайы оқу орындары болды, оларда 5 мыңнан астам мамандар даярланып шықты. 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан халқының 76,3%-ы сауатты болды. Алматы, Қарағанды, Әулиеата (Тараз), Орал, Риддер, Шымкент қалалары мен Степняк, Қарсақбай өндi рiстi поселкелер i жаппай сауатты аудандар қатарына қосылды . 1940 жылы республикада 5,3 мың бастауыш, 1,8 мың жетiжылдық және 700-ге жуық орта мектептер болды. 1940 жылға қарай еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою iсi негiзiнен аяқталды . Халыққа бiлiм беру жүйесiн дамыту және жаппай сауат ашу iсiн жүзеге асыру кеңестiк тәртiп жетiстiктерiнiң бiрi саналды.

Республикада мәдени-ағарту жүйесi де кеңiнен ұйымдастырыла бастады. 1928 жылы өлкеде 488,3 мың кiтап қоры бар 236 кiтапхана жұмыс iстед i. 1931 жылы Қазақстанның мемлекеттiк көпшiлiк кiтапханасы құрылды. Халыққа клуб мекемелерi мен мұражайлар да ағартушының тұрғысында қызмет еттi.

3. МОМЫШҰЛЫ Бауыржан (1910-1982) - әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). Мектеп бiтiрiп , бiраз уақыт мұғалiм болып iстедi. 1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендiк өнерiн игердi. Ауылға оралған соң қаржы орындарында жұмыс iстедi. 1936 жылы қайтадан армияға шақырылып, түрлi әскери бөлiмдерде взвод, рота командирi болды.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар (8-гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирi болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгi, қысқы кескiлескен шайқастар кезiнде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негiзгi жауынгерлiк құраммен аман-есен дивизиясына қосылды. Оның қолбасшы , терең ойлай бiлетiн әскери маман ретiндегi таланты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңiнен ашылды.

Б. Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға . 1950 жылы Кеңес Армиясы Бас штабының арнаулы Жоғарғы әскери академиясын бiтiрi п, әскери академияда дәрiс оқумен бiрге шығармашылық жұмыспен де шұғылданды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмiрiнi ң соңына дей iн шығармашылық қызметпен айналысты. «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), «Куба әскерлерi» (1969), «Ұшқан ұя» (1974), «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кi тап» (1990, 1991) туындыларын жазды. Шығармалары бiрнеше рет шет тiлдерiне аударылды. Қазақстанда ауылдарға, көшелерге, республикалықәскери балалар мектебiне т.б. Бауыржан Момышұлы есiмi берiлген.

Билет №19

1. 20-30 жылдардағы қазақ кеңестiк өнерiнiң дамуы. 20-30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениетi жетi лiп, әдебиеттiң дәстүрлi және драма жанрлары дами түстi. 20-жылдардың ортасына дейiн Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың iшiнде ең танымал болғандары Семей әуесқой театр тобы және Халыққа бiлi м берудiң Орынбордағы қазақ институты едi. Институт нег iзiнде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсiби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, З. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс iстедi.

Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсiби суретшiсi Ә. Қастеев керемет туындылар жазды.Қазақ көркемсурет өнерiнiң қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан көркемсурет мектебiнiң өзiндiк даму жолы оның есiмiмен байланысты. Оның шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескi және жаңа тұрмыс» деген топтама ретiнде белгiлi. Суретшi туындыларынан ұлттық ерекшелiкке, адам жанына терең үңiлуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүрiне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Оларда сомдалатын бейне шынайылығы суретшi шығармашылығының өзiндiк ерекшелiгiн танытты. Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Ә. Қастеев туындыларында Қазақстанның жазира даласы суретшiге тән терең лирикамен бейнеленген.

Соғысқа дейiнгi кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б . Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшiлерi жұртшылыққа кеңiнен танымал болды.

2. Егемен Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы. 1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсiз мемлекет ретiнде әлемнiң 30-дан астам мемлекетi таныды.

Олардың арасында мынадай елдер болды: Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Швейцария, Канада. Қазақстанның тәуелсiздiгiн бiрiншi болып Түрiк Республикасы таныды.

Осының бәрi республикаға, оның азаматтарына және ел басшы сының жүргiзiп отырған салмақты да сындарлы саясатына, биiк халықаралық беделiне көрсетiлген құрмет едi. 1991 жылы тәуелсiздiгiн жариялаған Қазақстан мемлекеттiлiгiн құрудың қиын жолына түстi. Қысқа мерзiм iшiнде сыртқы саяси басымдықтар айқындалды. Республиканың сыртқы саясатының негiзгi ұстанымына жақсы көршiл iк қатынас пен өзге мемлекеттiң iшкi iс iне араласпау , тең құқылық , туындаған мәселелерд iң бәрiн бейбiт жолмен шешуге ұмтылыс принциптерi алынды. Елге инвестиция тарту үшiн Қазақстан iрi компаниялармен келiссөздер жүргiзе бастады.

Теңiз мұнай алабын шетел фирмаларымен б iрлесiп барлау басталды, жаңа мұнай кенiштерiн игеруге «Бритиш петролеум», «Бри- тиш Газ», «Эльф-Акитен», «Аджип» т. б. Iрi компаниялар тартылды.

Аймақтық достастықтың жаңа түрлерiн қарастыру тәуелсiз мемлекеттер басшыларын интеграцияның жаңа жолдарын iздеуге итермеледi. Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев

1994 жылдың басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды. Сол жылы маусымда «Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру туралы» жоба баспасөзде жарияланды. Бұл жаңа құрылым құжаттарда тең құқықты тәуелсiз мемлекеттер одағы ретiнде анықталды. Оның қызметi әрбiр қатысушы елдердiң ұлттық-мемлекеттiк мүдделерiн жүзеге асыруға бағытталатыны айқындалды. Одақтың мақсаты елдердiң тұрақтылығы мен қауiпсiздiг iн, кеңестiк кезеңнен кейiнгi кеңiстiктегi әлеуметтiк экономикалық жаңғырту үдерістерін ойдағыдай қамтамасыз ету деп жарияланды. Одақты ұйымдастыру барысында мұндай бiрлестiктердiң демократиялық принциптерi қарастырылды.

Екiжақты қатынастар деңгейiнде Украинамен, Белоруссиямен, Кавк аз елдерi мен, сондай-ақ Балтық жағалауы мемлекеттерiмен ынтымақтастық жандандырыла түстi. Қазақстанныңбайланыстары, әсiресе Орта Азия аймағындағы жақын көршiлер – Өзбекстан, Қырғызстанмен, ал экономикалық блок шеңберiнде – Түрікменстан, Тәжiкстанмен қарқынды түрде дамыды.

Қазақстан дипломатиясы Азия бағытында елеулi табыстарға жеттi. Бұл аймақта экономикалық жағынан жақсы дамыған Қытай, Үндiстан, Вьетнам, Жапония т.б. кiретiн елдер бар. Бұл жағдайда Қазақстанға планетаның осы үлкен кеңiстiгiндегi экономикалық даму динамикасынан қалып қоймау зор маңызға ие болды. Қазақ станның азиялық Тынық мұхит үдерісіндегі интеграцияға араласуы оның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы қызметiне қатысуына маңызды жағдай туғызды. 1995 жылы Индонезия, Пәкстан, Түркия басшыларымен жоғары деңгейдегi кездесулер өттi.

3. ЖАБАЕВ Жамбыл (1846-1945) – қазақтың халық поэзиясының алыбы. Жасында оқи алмай қалса да, көзiмен көрiп, көңiлiне түйгендердi өлең етiп айта бастайды. 16 жасының өзiнде-ақ қазақ даласына белгiлi болды. Жетiсудың әйгiлi, ақиық ақыны Сүйiнбайдан тәлiм

алған. Оның қазақ, қырғыз ақындарымен айтысы халық ауыз әдебиетiнiң алтын қорына ендi . Жамбылдың Бақтыбай, Айкүмiс, Сарыбас, Шашубай, Құлмамбет сияқты ақындармен айтысы көпшiлiкке кеңiнен мәлiм. Ол ғашықтық хикаяларды, тұрмыс-салт жырларын, батырлар туралы дастандарды жұртшылық арасында кеңiнен толғады. Жамбылдың шығармашылығы ел iшiндегi әдiлетсiздiктi және патша шенеунiктерiнiң жүгенсiздiгiн өткi р әшкерелеумен ерекшелендi. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыста ақын өзiн iң жалынды өлеңдерiмен халық рухын көтерiп, ел-жұртты жiгерленуге үндедi. «Патша әмiрi тарылды», «Зiлдi бұйрық» сияқты өлеңдерi соның айғағы. Жамбыл Кеңес өкiметi жылдарында қартайғанына қарамастан әр құбылысқа өлеңiмен үн қосып, жаңалықтарды шалқыған шабытпен жырлады. 1936 жылы

«Туған елiм» атты толғауы жарияланды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ақын халықты жеңiске жi герлендiрдi . «Ленинградтық өрендерiм» өлеңi жау қоршауында қалған қаһарман қаланың қорғаушыларына үлкен рух, сенiмдi серпiн бердi. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарында халықтың батыр ұлдарының жарқын бейнесi сомдалды. Жамбылдың шығармалары дүние жүзiнiң қырықтан астам тiлiне аударылған.

Билет №20

1. 20-40 жыларда Қазақстандағы жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.

Мамандарды, әсiресе педагогтарды даярлауға ерекше көңiл бөлiндi. Мұғалiмдердi даярлау үшiн тұрақты және қысқа мерзiмдi курстар құрылды. Педагогикалық училищелер ашылды. 1919-1920 жылдары Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды. Бұл оқу орындары арнайы орта бiлiмдi мұғалiмдер даярлады. Кәсiби мамандар әзiрлеу мақсатында жұмысшы факультеттерi (рабфактар) ұйымдастырылды. Қазақстанның тұңғыш жұмысшы факультет i Орынборда 1921 жылы құрылды. 20-жылдардың соңына қарай республикада маман кадрлар 24 техникумда даярланды.

Жоғары бiлiмдi мамандар негiз iнен Мәскеуде, Ленинградта, Ташкентте оқып, бi лiм алды. Кеңестiк билiк кезiнде Қазақстанда жоғары оқу орындарының жүйесi дами бастады. 1928

жылы Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институты ашылып, 1935 жылы оған Абай есiмi берiлдi (қазiргi Қазақ Ұлттық педагогикалық университетi), 1929 жылы Алматы мал-дәрiгерлi к институты , 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институты, 1931 жылы Алматы медициналық институты, 1934 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттiк университетi (қазiргi әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi), Тау-кен институты ашылды. Оралда, Семейде, Ақтөбеде, Петропавлда, Шымкентте және Қостанайда педагогикалық және мұғалiмдiк институттар ашылды. 30-жылдары сырттай оқу жүйесi дами бастады.

Қолда бар мүмкiндi ктер және қаржының есебiнен бiлiм беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және ғылыми мекемелер iнiң жүйесi құрылып, одан әрi дамыды. Педагог мамандар ҚазМУ-де, 13 педагогикалық және мұғалiмдiк институттарда, 23 педагогикалық училищелерде даярланды. Кәсiби-техникалық және орта арнаулы бiлiм жүйесi де жылдам қарқынмен дамыды. 1940 жылы Қазақстанда 35 кәсiби оқу орындары ұйымдастырылды. 1938 жылы ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]