
- •2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi
- •2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы
- •1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
- •2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •1. «Әскери коммунизм» саясаты
- •2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
- •2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты
- •2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
- •1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
- •3. Мәншүк Мәметова
- •1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
- •3. Әлия Молдағұлова
- •2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)
1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
• Тың игерудiң барысы . Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнiмi өндiрiсiн шұғыл арттыра алатын мүмк iндiктер бар деп есептедi. Сондықтан да өкiмет билiг iнiң жоғарғы деңгейiнде дәндi дақылдар егетi н алқаптардың аумағын кеңейту үшiн тың және тыңайған жерлердi игеру идеясы пайда болды. Мiндеттердi табысты жүзеге асыру үшiн КСРО басшысы Н. С. Хрущев республикалық басшылықты
«нығайту» керек деп шештi. 1954 жылы ақпанда Қазақстан Компартиясы ОК-нiң бiрiншi хатшылығына Қазақстанда ешкiмге белгiс iз П. К. Пономаренко сайланды. Ж. Шаяхметовтi қызмет iнен алу мәселесiн Кремльде шағын топ қана шештi. Шын мәнiнде Н. Хрущев бұл кезеңде өзiнiң кадрларын түрлi орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж. Шаяхметов болса тың жерлердi тез арада игеру идеясын қолдамады.
Кеңестiк билiк қабылдаған «Елiмiзде астық өндiрудi одан әрi арттыру, тың және тыңайған жерлердi игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстiк аудандарында, Сiбiрде, Оралда және Солтүстiк Кавказда дәндi дақылдар егудi шұғыл арада арттыру туралы шешiм шығарылды. Жаңа жерлердi игеру есебiнен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.
КСРО-да тың көтеруге байланысты белгiленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: жоспарланған 13 млн гектардың орнына 19 млн гектар жер жыртылды, оның iшi нде Қазақстанда 8,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды . Тамызда «Астық өндiрудi молайту үшiн тың және тыңайған жерлердi одан әрi игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегi дәнд i дақылдар егуге арналған аудан көлемiн 28-30 млн гектарға дейiн жеткiзу мiндетi қойылды. Ғалымдардың тың жерлердi осыншама кең көлемде игеру өзiн-өзi ақтамайтындығы туралы п iкiрлерiн ешкiм есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Партия комитеттерiнiң қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған мiндеттемелер қабылданды. Тың және тыңайған жерлердi игеру туралы екi жылға есептелген мемлекеттiк жоспар елеулi қарқынмен бiр жыл iшiнде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елдi мекендер тұрғызылды. Тың жерлердi игерудiң басым көпшiлiгi негiзiнен Қазақстанның солтүстiгi ндегi бес облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.
Республика еңбекшiлерiнiң алдында тың және тыңайған жердi одан әрi игеру арқылы дәндi дақылдар өнiмiн арттыру мiндетi тұрды. Қазақстанда 1954-1960 жылдары 25,5 млн гектар тың және тыңайған жерлер игерiлдi.
• Қазақстан аумағына тың игерушiлердi қоныстандыру. Тың жерлердi игеру үшiн
мыңдаған ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. Тың игеру кезiнде бұрын-соңды болмаған көлемде жаппай қоныстандыру iсi жүзеге асырылды. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң Жер халық комиссариатына миграциялық үрдiстердi реттеу мiндетi жүктелдi. 1954 жылдан 1963 жылға дейiн Қазақстанға Одақтың әр түрлi республикаларынан - Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавия және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. 1954 жылдың б iрiншi жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келдi. Бұған қоса, өнеркәсiп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлердi игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жiбердi. 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар келдi. Ең танымал тың игерушiлердiң бiрi Михаил Довжик болды. Ол Қазақстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушiлер қатарында келдi. Ынтымақты бригада құрған М. Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегi үшiн М. Довжик Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган - Қазақстанның Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
Еңбекшiлерге, келiп жатқан тың игерушiлерге елеулi жеңiлдiктер жасау, сондай-ақ өндi рiстiк жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына қомақты сыйақылар беру арқылы тың игеруге кеңiнен қолдау көрсетiлдi. Тың игерушiлер қоныстану орнына жеке мүлк iмен тегiн көшiп келдi, отағасына бiржолғы берiлетiн ақшалай жәрдем көлемi 500-1000, ал отбасының әр мүшесiне берiлетiн жәрдем көлем i 150-200 сом болды. Үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берiлдi (оның 35%-ын мемлекет өз мойнына алды), мал алуға 1500 -2000 сом көлемiнде несие берiлдi, 1,5 центнер астық немесе ұн түрiндегi азық-түлiк қарызы берiлiп, тың игерушiлер ауыл шаруашылығы салығынан 2 -5 жылға босатылды. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерiн игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.
Қазақстан аумағына жұмыс күш i, көлiк құралдары, құрал-саймандар жұмылдырылды. Осының бәрiн үйлестiру, адамдарды орналастырып, оларды азық-түлiкпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-көпшiлiк мекемелерiнiң жүйесiн жолға қою қажет болды.
Тың жерлердi игеруге байланысты кеңестік кезеңдегi еңбектер мен басылымдарда
көптеген қателесушiлiк, бұрмалаушылық және бұра тартушылық айтылмады. Тың игеру тек мамандарды ғана емес, көп ақша табуды ойлаған кездейсоқ адамдарды да өзiне тартты.
Мысалы, зерттеушiлердiң пiкiрi бойынша, алғашқы 2 жылда Солтүстiк Қазақстанға келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру үшiн қажет болды. Тың игерiлген облыстардың бiрқатарында осының салдарынан құқық тәртiбi бұзылып, мемлекет қаржысын талан-таражға салу, ұрлау орын алды.
• Тың игерудiң жағымсыз салдарлары. Тың және тыңайған жерлердi жаппай игеру кезiнде дамудың үдемелi жолына түсу туралы жиi айтылды. Тыңдағы колхоздар мен совхоздардың материалдық- техникалық базасын нығайтуға байланысты қыруар жұмыстар атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы сол бұрынғы қалпында қала бердi. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға бөлiнген тракторлар мен басқа да машиналар ауыл шаруашылығын күшейту жолындағы iрi қадам ретiнде кең дәрiптелiндi. Алайда сол кезеңдегi iрiлендiрiлген колхоздарға тозығы жеткен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берiлгендiгi туралы еш нәрсе айтылмады.
Көрсеткiштi «жоғарылатып көрсету» үшiн орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-теңдiкт iң бұзылуы ауыр салдарларға әкеп соқты: топырақ эрозиясы күшейдi, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кеттi. Жалпы жаппай тың игеру үшiн егiншiлiктi жүрг iзудiң тиiмд i әдiстерi екi онжылдық өткеннен кей iн ғана ұйымдастырыла бастады . Егiн үшiн жыртылған миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алқаптардың көлемiн тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елдi мекендер салуға тартып алынып, олардың инфрақұрылымын жүргiзу үшiн құнарлы жерлердiң елеулi көлемi бөлiндi. Нәтижесiнде ауыл шаруашылығының дәстүрлi саласы - мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Мал шаруашылығының даму деңгейiнiң төмендеуi өз кезегiнде республикадағы ет-сүт өнiмдерiнiң тапшылығын туғызды. Мамандар сырттан республикаға ағылып келдi. Мұндай жағдай тың игерiлген облыстардың бәрiне дерлiк тән болды.
Тың игеру барысында республикамызда басқа республикалардан көшiп келген халықтың саны артты, ұлттық салт-дәстүрлердiң рөлi төмендедi, қазақ мектептерi күрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзiмдiк баспасөз басылымы кемiдi. Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүрiне, оның мәдени құндылықтарына «жоғарыдан» менсiнбей қараушылық орын алды. Тың игерудi желеу етiп 2 млн- ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкiлдерiнiң көшiп келуi Қазақстанның солтүстiк облыстарында тiлдiк және демографиялық проблемаларды ушықтырды.