Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.6 Кб
Скачать

2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы

Қазақстан Республикасы астанасының ауысуы. Тәуелсiз Қазақстанның қоғамдық-

саяси өмiрiндегi елеулi өзгерiстердiң бiрi астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президентi өзiнiң «Қазақстан жолы» атты еңбегiнде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешiм қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердің астаналарын көшiру тарихымен танысқанын айта келiп, астананы ауыстырудың

негiзгi себептерiн былайша түйiндейдi:

Бiрiнш iден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудiң қажеттiгiнен туындады. Сондықтан елдiң бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңiл бөлiндi. Астана өзiне еуропалық және азиялық озық дәстүрлердi сiңiрiп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.

Екiншiден, бұл шешiмдi қабылдағанда қау iпсiздiк мәселес i де еске алынды. Тәуелсiз мемлекеттi ң астанасы, мүмкiндiгiнше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдiң ортасында орналасуы тиiс.

Үшiншiден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттiгiнен де туындады. Ол елдiң экономикасы үшiн тиiмдiлiктi қамтамасыз еттi. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндiрiсi, жол төсенiштерi, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан т iк тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен дамуда.

Төртiншiден, астананы көшi ре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты бiз, тұрақты полиэтникалық мемлекетт i құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шiлдесiндегi «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсiз мемлекетiмiз астанасының тағдырын шештi. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентiнi ң «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күшi бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етi п жариялау туралы» Жарлығы шықты. 1997 жылы 8 қарашада Ақмолаға мемлекеттiк билiк атрибуттары - Ту, Елтаңба мен Президент байрағы әкелiндi.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н . Ә. Назарбаевтың төрағалық етуiмен Парламент пен Үк iметтiң б iрiккен мәжiлiсi өттi. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертiлдi. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесерi 1998 жылдың 10 маусымында өттi. 1999 жылы ЮНЕСКО шешiмiмен Қазақстан астанасына «Бейбiтшiлiк қаласы» мәртебесі берiлiп, медаль табыс етiлдi.

Серпiндi елдiң сәулеттi Астанасы. 1995 жылы «Жаңа астана» арнайы қоры құрылды. Қаланы одан әрi дамытуда 1996 жылы Астананы еркiн экономикалық аймақ деп жариялаған шешiм маңызды рөл атқарды. Қаладағы құрылыс жұмыстары кең масштабпен құлаш жайып, Астана халықтың көз алдында жайнап сала бердi. Астанадағы iрi архитектуралық-көркем композициялардың бi рi «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткiшi. Оның биiктiг i 97 метр. Монумент астананың барлық көрiнiсiне шолу жасауға болатын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.

Сол жақ жағалауда « Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының ғажайып ғимараты тұрғызылды. Көлi к және коммуникациялар, Қорғаныс, Сыртқы iстер министрлiктерiнiң және Ұлттық кiтапхана мен мұрағаттың ғимараттары салынды.

ҚР Президентiнiң резиденциясы - Ақорда, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң, Үкiмет пен министрлiктердiң бiрнеше ғимараттары бой көтердi.

Астанада көптеген су бұрқақтары мен саябақтар салынуда. 2001 жылдан бастап

жабдықталуы бойынша теңдес i жоқ Республикалық клиникалық аурухана жұмыс i стейдi. Республикадағы бi лiктi маман дайындаудың жетекшi орталықтарының б iрi - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi ашылды. 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған Халықаралық деңгейдегі Nazarbayev University - Назарбаев Университеті жемісті жұмыс жасауда.

Президенттiк мәдениет орталығында тарихи мұражай, қоғамдық кiтапхана мен органды концерт залы орналасқан. Астананың көрнекi «Атамекен» этномемориалдық паркiнде Қазақстанның барлық облыстары макеттiк түрде көрiнiс тапқан.

Бүгiнде Астана - елдiң iрi мегаполисi, жаңа ұрпақтың қаласы, Қазақстанның үйлесiмдi дамып келе жатқан елордасы. 2008 жылдың 6 маусымында Астана қаласының он жылдық, 2013 жылы он бес жылдық мерейтойы аталып өттi. Астана барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

3. БЕКМАХАНОВ Ермұқан Бекмаханұлы (1915-1966) - көрнектi ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946), Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесi (1962). Воронеж педагогикалық институтын бiтiрген (1937). Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының (қазiргi Б iлiм академиясының) ғылыми қызметкерi, директоры (1937-1940) болды. Соғыс жылдары халық ағарту комиссариатының басқармасында , сонымен қатар Қазақстан Компартиясы ОК -нiң лекторы (1941-1946) болып қызмет iстедi. 1945 жылы Тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкерi, директорының орынбасары, 1947-1951 жылдары Қазақ Мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы, профессоры, кафедра меңгерушiсi қызметтерiн атқарды.

Алғаш рет 1944 жылы «Қазақ КСР тарихындағы» (А., 1943) Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы тараудың авторы ретiнде әдiлетсi з сынға ұшырады. «ХIХ ғасырдың 20 -40-жылдарындағы Қазақстан» атты кi табында (1947) Кенесары Қасымұлының көтерiлiсiн (1837-1847) қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ретiнде бағалағандығы үшiн саяси қуғын-сүргiнге душар болды. 1952 жылы бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. 1954 жылы ақталып шыққан соң, ҚазМУ-де өзi ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Қазақстанның XVIII-ХIХ ғасырлардағы саяси, әлеуметтiк-экономикалық тарихы туралы терең мазмұнды бiрнеше ғылыми еңбектер жазды.

Билет №4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]