Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.6 Кб
Скачать

2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)

Ұлы Отан соғысының басталуы. Германияда өкiмет басына фашистердiң келуi және олардың Еуропадағы агрессияшылдық iс-әрекеттерi Кеңес Одағы мен гитлерлiк Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсеттi. 1941 жылы 22 маусымда фашистiк Германия өзара шабуыл жасаспау жөнiндегi кеңес-герман шартын бұзып, немiс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса-көктеп кiрдi. Жер бетiнде болып өткен соғыстардың iшiндегi еңқатал, әрi ауыр соғыс басталды. 1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзiм iшiнде (6-8 апта) Архангельск-Едiл-Астрахан шебiне шығуды көздедi. Бұл қауырт соғыс - блицкригтiң негiзгi мақсаты едi. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистiк Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрi әлсiз бiрлестiгi», «iшкi бiрлiктен айырылған этникалық конгломерат (қоспа)» ретiнде қарастырды. Фашистер басып алынған кеңестiк аумақта Остланд рейхскомиссариат тарын – герман провинцияларын құруды жоспарлады. Германияның Қазақстанға қатысты жоспары айқын едi. КСРО-ны жеңгеннен кейiн фашистер Орта Азия мен Оңтүстiк Қазақстанда

бiрыңғай герман аумағын құруды көздедi.

Қазақстандық жауынгерлердiң майдандағы ерлiгi. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлерi Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерiнен бастап барлық майдандарда фашистiк басқыншыларға қарсы қиян-кескi шайқастар жүргiздi.

Қазақстанда армия қатарына 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери мiндеттi лер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерiнен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлiмдер құрыла бастады.

Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бiрi болып 312-атқыштар дивизиясы (командирi - полковник А. Ф. Наумов, кейiннен генерал-майор) айқасқа кiр iстi. 312-дивизиямен бiр мезгiлде дерлiк, солтүстiк-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда (Алматыда) құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия өзiнiң жауынгерлiк жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеудi қорғау шебiндегi 30 километрл iк бөлiкке орналасты. Панфиловшылар жаумен күшi тең болмаса да 50 жау танк iсiмен болған шайқаста жеңiп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бiрiнде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлiкпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейiн Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi, ал 8 -гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есiмi берiлдi.

Мәскеу түбiндегi ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлiкпен шайқасты. Олардың iшiнде Кеңес Одағының Батырлары - Мәлiк Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров , Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшiн болған шайқаста полковник Г . П. Коротков басқарған 238 -атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерiн даңққа бөледi. Дивизия жауынгерлiк Қызыл Ту орденiмен марапатталып, табандылығы, ержүректiгi мен батырлығы үшiн 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.

1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазiргi Бiшкек) т.б. қалалардағы әскери училищелердiң курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылды. Бригада 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрiздi жауды Мәскеу түбiнде талқандап, нем iс -фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етт i. Жауынгерлiк ерлiгi мен берiк тәртiбi үшiн 79-атқыштар бригадасы 73-гвардиялықдивизия болып қайта құрылып, оған «Сталинградтық дивизия» атағы берiлдi. Едiл үшiн болған шайқаста басқа көптеген жауын герлермен бiрге 22-артиллериялық полктың қазақ жауынгерлер i де даңққа бөлендi. Полк жауынгерлерi немiс танкiлерi н жоюда ерен ерлiк көрсеттi. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебiн бiт iрген соң, олар Сталинград майданына келдi. Ержүрек қазақстандық қыздардың даңқы бүкiл майданға тарады, олардың iшiнде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т.б. болды.

Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшiн шайқас елдiң бүкiл солтүстiк -батыс бөлiгiн қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерiмен бi рге қазақ жауынгерлерi де Ленинградты табан тiреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлiк, қару- жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жiберiлдi. Ладога көлi аймағындағы алғашқы шайқастардың өзiнде- ақ қазақстандық 310-шы, 314-атқыштар дивизиялары ерекше көзге түстi. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елд i мекенiн азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмiр жолын» салуға қатысты. Ленинград үшiн күрес шежi ресiнде Әлия Молдағұлованың даңқты есiм i мәңгiге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелi Даңқ орденiмен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейiн 1944 жылы шi лдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен З. Оңғарбаева да

ержүрек жауынгер ретiнде көпке танылды.

Қазақстан жауынгерлер i Балтық тең iз шептерiн табанды түрде қорғады . Қызыл тулы «Киров» крейсерi нде соғыс басталғанға дейiн жiберiлген 156 қазақстандық ерлiгiмен көзге түстi. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешушi оқиғалары КСРО-ның оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде, Едiл мен Дон өзендерiнiң аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлiмшелер Едiлдегi шайқасқа да қатысты. Қаһарман-қала Сталинградтың (қазiргi Волгоград) тұрғындарының есiнде Қазақстанда жасақталған , полковник Г. Сафиуллин басқарған 38 -шi атқыштар дивизиясы жауынгерлерiнiң ерлiктерi жатталып қалды . Сталинград түбiндегi қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендiк қозғалыс өрiстедi.

Мыңдаған қазақстандықтар Едiл бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерл iктерi үш iн ордендермен, медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нұркен Әбдiровке , танкіші Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометшi Қарсыбай Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Көптеген қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалықмайдандардағы әскери құрамалар мен бөлiмдердiң құрамында немiс-фашист әскерлерiн талқандауға елеулi үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлiгi, үздiк әскери қимыл-әрекеттер i үшiн 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының солдат, сержанттары мен офицерлерi КСРО ордендерiмен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.

Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-шi гвардиялық дивизияның 210 жауынгерiне, 72-шi гвардиялық дивизияның 29 жауынгерiне, 8-шi гвардиялық дивизияның 46 жауынгерiне Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi. Жоғарғы үкiмет марапатына ие болғандардың арасында А . Әлiмбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шәкенов, С. Шәкiров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды. 1943 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан еңбекшiлерiне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирi былай деген: «Днепрдегi ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерiнiң бiздiң Отан-анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсеттi, олардың тамырларында халық батыры Амангелдiн iң батырлық қанының суымағанын танытты . Днепр жағалаулары мен Днепрден өту кезiндегi шайқастарда қазақтар көрсеткен ерлiктердiң бәрiн санап бiтпейсiң».

Қаһарман партизандар. Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдiң басқа халықтарымен бiрге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында (толық емес деректер бойынша) 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әр түрлi аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды.

Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жеттi. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәрiпов, Тоқтағали Жангелдин т.б. батырларының есiмi көпке танылды. Халық кекшiлдерiнiң қатарында қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейiтова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәдiлова т. б. аянбай шайқасты. Еуропа елдерiнде қарсыласу қозғалысына қатысушы қазақстандықтар фашистерге және оларды қолдайтындарға (коллаборационистерге) қарсы күресте батырлықпен ерлiк көрсеттi. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов, Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин, Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик, Қызылорда облысынан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Словакиядағы Турея өзенi бойында қазақстандық Петр Величконың басшылығымен партизандық құрама жасақталды.

Чехословакияны немiс фашистерiнен азат етудегi партизандық ұрыс қимылдарына алматылық Алексей Ильин, семейлiк Николай Мошкин, Оңтүстiк Қазақстан облысының тұрғыны Жұбандық Сұранқұлов, павлодарлық Николай Тарановтар қатысты. Юг ославия жерiнде фашистерге қарсы шайқаста көкшетаулық Телжан Желқожинов, Ақтөбе облысының тұрғыны Арық Есентаевтар ерлiк көрсеттi.

Грекия жерiнде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Рев, француз қарсыласу қозғалысы сапында Дәулет Қаражұмынның батырлығымен аты шықты. 1943 жылдың жазында Бельгияда фашистiк тұтқыннан қашып шыққан кеңес әскерлерi партизандық бөлiм құрды . Олардың iшiнде қазақстандық - Ақтөбе облысынан Өтеген Абдуллин, алматылық Иван Карасев, Ақтөбеден Борис Бондаренко, Талдықорған облысынан Федор Малаховтар болды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында – Қарағандыдан Тәкiш Әлпейісов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Көлшiков, Целиноград облысынан Николай Дрожаков және Топай Сәдуақасов т. б. жаум ен қасық қаны қалғанша шайқасты.

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары. Соғыстың басынан аяғына дейiн әскери бөлiмдер ретiнде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметтi атақтар берiлдi. Олардың бесеуi бiр орденмен, төртеуi екi орденмен, екеуi үш орденмен марапатталды. 5 дивизия

(олардың iшiнде Кеңес Одағының Батыры И. В . Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды.Әскери ерлiктерi үшiн жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иелендi, олардың iшiнде қазақ қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екi мәрте ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнектi қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметтi атақ берiлдi. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенiнде батальонды басқарып, Мәскеу түбiндегi шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш реет алып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник шенiнде аяқтады. Әд iлеттiлiк тек 45 жылдан соң, қазақтың ұлттық батыры өм iрден қайтқаннан кейiн ғана қалпына келтi рiлдi. «Даңқ орденiнiң толық иегерi» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкiсi колоннасы үстi не шүйiлтiп , жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерациясының Батыры атағы берiлдi. Кеңес Одағының Батыры атағы соғыстағы ерен ерлiгi, қолбасылық таланты үшiн генерал С. Рахимовқа да берiлдi (1965 ж.) . Рейхстагқа тiкелей шабуыл жасап, оған Жеңiс туын тiккендердi ң қатарында қазақстандық Р. Қошқарбаев , капитан Б. В. Чупрета , минометшi А. Бақтыгереев, пулеметшi А. Е. Вицко, байланысшы К. М. Волочаевтар болды

Түркiстан легионы. Түркiстан легионы оқиғасын да еске алған жөн. Соғыстың бастапқы кезең iнде жүздеген мың , тiптi миллиондаған кеңес әскерлерi фашистерге тұтқынға түстi. Олардың арасында көптеген түркi халықтарының өкiлдерi де болды . Қолға түскен түркi жауынгерлерiнiң 80%-ы фашистiк лагерьлерде адам төзгiсiз жағдайларда қаза тапты. Гитлершiлдер аман қалған әскери тұтқындардан Кеңес Армиясына қарсы күреске шығатын әскери бөлi мшелер жасақтауға әрекеттендi. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының өкiлдер iнен бiрнеше батальоннан тұратын Түркiстан легионы құрылды. Алайда фашистер оларды шайқастарға пайдалана алмады. Қолына қару алған көптеген легионерлер майдан шебiнен өтiп Кеңес Армиясының қатарына қайта қосылды, ал олардың бiр бөлiгi

партизандарға кетiп қалды. «Түркiстан легионы» күрделi, қайшылыққа толы жолдан өттi.

Нәтижесiнде легион таратылды. Бұл оқиға байыпты зерттеудi және әдiл бағасын берудi талап етедi.

Кеңес адамдары бiр бөлiг iнi ң немiс-фашист басқыншыларымен ынтымақтасуы (коллаборационизм) мәселесi аз зерттелiп отыр . Немiс құрамаларының қатарында өз Отанына қарсы соғысқан КСРО азаматтарының саны бiр миллионнан асты. Олардың арасында негiзс iз қудаланып, Кеңес өкiметiне наразы болған адамдар да бар . Осындай фактор көптеген кеңес жауынгерлерiнiң тұтқынға түсуi және соғыс аяқталған соң Отанына қайтпай қалуына себепшi болды.

3. РЫСҚҰЛОВ Тұрар (1894-1938) - партия және мемлекет қайраткерi, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкiметiн орнатуға қатысушылардың бiрi. Орыс-қазақ мектебiнде, ауыл шаруашылық мектебiнде, Ташкент мұғалi мдер институтында оқыды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiске қатысты. 1918 -1923 жылдары Түркiстан республикасының партия және кеңес органдарында, Ұлт iстерi жөнiндегi Халық Комиссариатында iстедi, Коминтерннiң Монғолиядағы өкiлеттi өкiлi болды. 1926-1937 жылдары РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесi Төрағасының орынбасары мiндетi н атқарды. 1923-1924 жылдары БК(б)П ОК мүшелiгiне кандидат, БОАК-нiң, КСРО ОАК-нiң мүшесi болды.

Т. Рысқұлов халық ағарту тақырыбында кең көлемдi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Ол ондаған кiтап пен кi тапшалар, жүзден астам мақа лалар жазды. Т. Рысқұлов ересектер мен балалардың өз ана тiлiнде оқуына үлкен мән бердi. Ол Қазақстандағы халыққа бiлiм беру i сiн дамыту мәселесi мәдени құрылыстағы негi згi орындардың бiрiн алуға тиiс екенiн атап көрсеттi. Сол кездiң өзiнде оқулықтар мен оқу әдебиетiнiң, әсiресе қазақ тiлiндегi оқулықтардың жеткiлiксiз екендiгiне көңiл аударды.

Еш негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырап, тоталитарлық режимнiң құрбаны болды. Қайтыс болғаннан кейiн ақталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]