- •2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi
- •2. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа астанасы
- •1. Тың игерудің барысы және жағымсыз салдарлары
- •2. Ксро-ның таратылуы. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы.
- •1. «Әскери коммунизм» саясаты
- •2. 1940-1950 Жылдардағы ғылым мен бiлiм, әдебиет саласындағы кеңестiк қудалаулар.
- •2. Қазақстандағы «Кiшi Қазан» бағыты
- •2. Қазақстан қайта құру кезеңiнде (1985-1991)
- •1. Соғыстан кейiнгi елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
- •3. Мәншүк Мәметова
- •1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы
- •3. Әлия Молдағұлова
- •2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945)
3. Әлия Молдағұлова
Ленинград үшiн күрес шежiресiнде Әлия Молдағұлованың даңқты есiмi мәңгiге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелi Даңқ орденiмен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейiн 1944 жылы шiлдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.
Билет №24
1. 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргiн. 1937 жылы БК(б)П ОК-нiң, И. В.
Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттiгi жөнiндегi нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серiктерi мүмкiн болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да бiржолата талқандауды ұйғарды.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-iне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т.б. айыптар тағылды.
Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлерi түгелге жуық саяси қуғын-сүргiнге ұшырады. Олардың отбасы мүшелерi де жазықсыз қудалау көрдi. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейiнгi кезеңде КСРО-да 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкiм орындалған. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейiнг i мерзiмге түрмелерге қамап, миллиондаған адамдарды лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық бiлдiрiп, Қазақстан халқының мүдделерiн қорғағандар да қосылды.
Ашық сот отырыстары 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т.б. аудандарында болып өттi. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нұрсейiтов, М. Ғатаулин т.б. басшыларының үстiнен жүргiзiлген сот iсi халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. «Халық жауларының» негiзгi көпшiлiгiн iң тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжiлiстерiнде, «екiлiк» пен «үштi к» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерiнде құпия жағдайда шешiлiп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ұ. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, О . Жан- досов, Т. Жүргенов, О. Исаев, С. Қожанов, С. Меңдешев сынды көрнектi партия және мемлекет қайраткерлерi «халық жаулары» ретiнде тұтқындалды.
1920-1940 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргi ннiң айнымас серiгi – мемлекет органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын сүргiн саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негiз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемелендi . Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап ату жазасына кесу, құқығынан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүлiктерiн тәркiлеу, қатаң оқшаулау арқылы еркiнен айыру тәрiздi шаралар кеңiнен қолданылды.
Қазақстандықтарға көбiнесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеус iз жүзеге асырылды. Негiзiнен көршiлердiң, қызметтестердiң, тiптi таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негiзделген, Кеңес өкiметiне қарсы үгiт-насихат жүргiздi деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөл iп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшiн айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың қалыпты жұмыс iстеуiне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшiн негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырады.
Сталинд iк басшылық Қазақстан аумағын елдiң басқа аудандарынан ондаған мың шаруаларды «кулактық жер аудару» аймағы ретiнде қарастырды. Республикаға Одақтың әр түрлi аудандарынан 46 091 отбасы немесе 180 015 адам жер аударылды. Осылайша елде алып лагерьлер жүйесi - ГУЛАГ құрылды. Оның құрамында АЛЖИР, Қарлаг, Степлаг т. б. лагерьлерi болды.
• Зардаптары. Қазақстан 20-жылдардың екiншi жартысы мен 30-жылдары бұрын- соңды болмаған әлеуметтiк сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда тұңғыш реет феодализмнен капиталистiк қоғамға соқпастан социализмге өту идеясын жүзеге асыру әрекетi жасалды.
30-жылдардағы Қазақстан жөнiндегi саясат осындай сынақ түрiнде жүргiзiлдi. Бүгiнгi күннiң көзқарасы бойынша ол мынадай мақсатты көздедi:
саяси салада: қазақ халқының тiлi мен тарихын жою, саяси тәуелсiздiгi, шынайы егемендiгiнен айыру, Қазақстанда «Кiшi Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтiк-экономикалық салада: Қазақстанды елдiң шикiзат базасы ретiнде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшiру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
-ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебiнен республиканың ұлттық әлеуетiн (күш-қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердiң құрылуына жағдай жасады. Көптеген
аудандар тiкен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетiлдi. Кейiнiрек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бiрi Алматы түбiндегi Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белг iлi жазушылар мен ақындар М . Жұмабаев, С . Сейфуллин, I . Жансүгiров, Б. Майлин, көрнектi ғалымдар А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т.б. мемлекет, қоғам қайраткерлер i, шаруашылық басшылары мен өндiрi с озаттары сынды тоталитарлық тәртiптiң мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерлендi.
Кеңес өкi метiнiң Қазақстандағы саяси қуғын -сүргiн құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептерi бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткен i 20-40 -жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлi күнге шейiн белгiсiз болып отыр.
2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттiң 51 ескерткi шi қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргiзiлдi. Қытайға, Түркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға , Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдерiне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнерi жөн iнде бұрын белгiсiз болып келген 5000 -ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды. Тек Қытайға жасалған экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетiне қатысты бұрын зерттелмеген маньчжур т iлiндегi 3 мың, қытай тiлiндегi 300, шағатай тiлiндегi 60, ойрат тiлiндегi 70 дерек табылды. Ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет, өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, т iл бi лiмi сияқты 16 бағыт бойынша бiрнеше жүз томды құрайтын к iтаптар шығарылды. 100 томдық «Бабалар сөзi нiң» 50 томы, «Қазақ философиясының» 16 томдығы, «Әлемдiк философиялық мұраның» 18 томдығы, «Баласағұн» қалашығы , Отырар, Орхон ескерткi штерiнiң толық атласы жарық көрдi. 2006 жылы қазақтілінде 10 томдық «Тарих – адамдар ақыл- ойының қазынасы» сериясы шықты.«Қазақстанның электрондық кiтапханасы» және «Мәдени мұра» интернет-порталдары жасалды.
Қазақстанда халықаралық мәдени байланыстар жолға қойылып, табысты жұмыс iстеуде. Қазақстан 49 таяу және алыс шетелдермен, халықаралық ұйымдармен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдерге қол қойды. Ресейдег i Қазақстан жылы, Қазақстандағы Ресей жылы өткiзiлдi. 2004 жылы өткен Түріксой Тұрақты Кеңесiнiң XXI отырысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарына мүше мемлекеттерд iң мәдениет министрлерiнiң жұмыс бабындағы екi кездесуiнiң өткiзiлуi Қазақстанның мәдени өмiрiндегi маңызды оқиға саналады.
3. ГАГАРИН Юрий Алексеевич (1934-1968) - адамзаттан ғарышқа ұшқан тұңғыш ғарышкер. 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласында қолөнер училищесi н, 1955 жылы Саратов индустрия техникумын бi тiрген. 1-шi Чкалов әскери авиация ұшқыштар училищесiн бiтiргеннен кейiн Солтүстiк флоттың жойғыш авиация бөлi мдерiнде қызмет еттi. 1960 жылы ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирi болды.
1961 жылы 12 сәуiрде тарихта тұңғыш рет «Восток » ғарыш кемесiмен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты. Ол жердi айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейi н Жерге қайта қонды.
1961 жылы 14 сәуiрде КСРО Жоғарғы Кеңесi Президиумының Жарлығымен Ю. А. Гагаринге Кеңес Одағының Батыры атағы берiлiп, Ленин орденi мен «Алтын Жұлдыз» медалi тапсырылды. Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен оған кезектен тыс «майор» әскери атағы берiлдi.
Ғарышқа ұшқаннан кейiн ол ұшқыш- ғарышкер ретiнде өз шеберл iгiн үздiксi з жетiлдiрiп, ғарышкерлердi үйретiп- жаттықтыру iсiне тi келей араласып, «Восток», «Восход», «Союз» ғарыш кемелер iнiң ұшу үдерісін басқаруға қатынасып отырды. 1964-1968 жылдары ғарышкерлердi даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. 1968 жылы Әскери-әуе инженерлiк академиясын үздiк бiтiрдi.
Юрий Гагарин ұшақпен жаттығу кезiнде қаза тапты. Ұшақ Владимир облысы Киржак ауданы Новоселово селосы маңындағы орманға құлады. Мәскеу облысының Монинодағы Әскери-әуе академиясына, Айдың арғы бетiндег i кратерд iң бiрiне Гагарин есiмi берiлген. 1968 жылы Халықаралық авиация федерациясы Ю. А. Гагарин атындағы медаль тағайындады. Ресейдегi ғарышкерлердi даярлау орталығы Гагарин атында. Ресей ҒА -ның ғылыми-зерттеу кемесi, дүние жүз i нiң көптеген оқу орындары, қалалар, көшелер мен алаңдар Гагарин есiм iмен аталады.
Билет №25
1. 1921-1922 жылдардағы аштық. Республиканың басым бөлiгiнде 1921 жылы қуаңшылық орын алып, қатты жұт жайлады. Жұттың кесiрiнен малдың 80%-ына дейiнi
қырылып қалды. 1921 жылдың қарашасында елдегi ашығушылар саны бүкiл республика халқының 1/3 бөлiгiн құрап, 2 млн 300 мың адамнан асып түстi. Ашығушылар қатарына БОАК-тың 1921 жылдың жазындағы Декретiмен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары жатқызылды.
Аштықтың Қазақстанның солтүстiк-батыс аудандарына таралуына табиғат апаттары ғана емес, орталықтан жасақталған азық-түлiк отрядтарының ауыл шаруашылық өнiмдерiн зорлықпен тартып алулары да себеп болды. Мәселен , азық-түл iк отрядтары Семей мен Ақмола губернияларының шаруаларынан азық-түлiк салығы бойынша 4 млн пұттан астам астық пен 24,5 мың пұт май жинады. Жергiлiктi халықтан тартып алынған астық, май, ет т.б. өнiмдер Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жiберiлдi.
1921 -1922 жылдардағы аштықтың салдарынан республиканың көшпелi және жартылай көшпелi аудандарындағы жағдай аса қиындап кеттi. Аштықтан тұтас ауылдар қырылып қалды , халықтың саны азайды. 700 мыңнан астам адам Қазақстаннан тысқары аймақтарға көшiп кеттi.
Тұрар Рысқұлов өзiнiң « Даладағы аштық» атты мақаласында бұл жылдары аштықтың әрбiр адамды қамтығанын, қазақтарға үнемi қырылып қалу қаупi төнгенiн атап көрсеттi. Осы кезеңде республика халқының басым бөлiгi аштыққа ұшырап, 1 млн-ға жуық адам аштықтан , суықтан , аурудан қаза тапты. Мемлекеттiң күш қолдану саясаты ел арасында наразылық тудырып, шаруалардың стихиялық көтерiлiстерiне әкеп соқты. «Коммунистерсiз, Кеңестер үшiн !», «Азық- түлi к салғырты жойылсын!», «Коммунистерсiз, большевиктер үшiн!» деген ұрандар көтерiлдi. Бұл ұрандар шаруалардың жердi басып алуын құптаған большевиктердi жақтауды, кеңестердi бүркенiп, бар билiктi өз қолдарына жинаған, артықөнiмдi тартып алған коммунистерге деген наразылықты бiлдiрдi. Үкiмет саясатына наразы шаруалар , мобилизацияланған шаруалардан құрылған әскери бөлiмдер жер-жерде бүлiктер шығара бастады.
1920 жылы жазға қарай Ақтөбе , Қостанай , Петропавл, Өскемен уездерiндегi, Жетiсу мен Ертiс жағалауларындағы хал-ахуал шиеленiсе түстi. Көтерiлiсшi лерге бiрқатар iрi станцияларды басып алудың сәтi түст i, бiрақ нашар ұйымдасқан және әлсiз қаруланған шаруаларды Қызыл Армия бөлiмдер i талқандады. Жер-жерде көп санды партизан отрядтары пайда болып, большевиктерге қарсы күрес жандана түстi. Толқулар кезiнде Кеңес өкi метiн жақтаушыларды өлтiру де орын алды. 1921 жылы ақпан-наурыз айларында толқулар Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Орал т.б. уездердi қамтыды. Толқулардың бәрiн өкiмет орындары қатал басып-жаныштады. Бұл iске тұрақты әскери бөлiмдер де тартылды.
Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу үшiн БОАК Декретiмен егiн шықпаған республиканың бiрқатар аудандарының тұрғындарын азық- түлiк салығынан босатты. В. И. Ленин 1921 жылы «Нақты ет салығы туралы» Декретке қол қойып, ол бойынша көшпел i және жартылай көшпелi қазақ шаруаларын ет салығынан босатты. Республикаға ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын және мал сатып алу үшiн 1922 жылы қомақты қаржы бөлiндi. Өлкеде балалар үйлерi мен балалар баспанасы ұйымдастырылып, ата -аналарынан айырылып, қамқорсыз қалған балалар РКФСР-ге балалар үйлерiне орналастырылды.
Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдай 1923 жылдың егiн жинау науқанына дейiн созылды. 1922 жылдың соңында мал басының саны 1916 жылғы мал басының үштен бiр бөлiгiн, ал егiн егiлген алқаптың көлемi 1913 жылғымен салыстырғанда 40% -ды ғана құрады. Қазақстанда қалыптасқан хал-ахуал бүкiл елд i қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы көрiнiсiн iң бiр бөлiгi едi. Барлық жердегi тәрiздi Қазақстанда да әдеттегi экономикалық қатынастарды қалпына келтiретiн шаруашылық саясатының жаңа қағидаларына көшудiң қажеттiгi жөнiнде әңгiме қозғала бастады. Азамат соғысы жағдайларында бiрден-бiр мүмкiн, әрi қажеттi болған «Әскери коммунизм» жүйесi уақытша сипат алды.
«Әскери коммунизм» саясатының салдарлары мынадай болды: большевиктер азық -түлiк салғыртынан өздерi бас тартқан жоқ, керiсiнше шаруалар өздерi нiң антикоммунистiк көтерiлiстерi арқылы өк iметтi бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр еттi. Өнеркәсiптi анархия жайлады, шаруашылық жүйесi дамудың ынталандыру тұтқаларынан айырылды, еңбек барысы соғыс мұқтажына барынша қауырт жұмылдырылды, еңбекшiлердiң өз еңбегiнiң нәтижелерiне сенiмсiздiк көзқарасы орнықты.
«Әскери коммунизм» саясаты бейб iт құрылысқа көшуге байланысты Кеңестер елiнiң алдында тұрған мiндеттерге жауап бере алмады, шаруалар мүдделерiмен қақтығысқа әкеп соқтырды.
