Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.6 Кб
Скачать

3. Мәншүк Мәметова

Билет №23

1. Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы

Алаш қозғалысы. Қазақ халқы ұлт-азаттық күресiнiң асқар шыңы - ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Қозғалыс атауы есiмi аңызға айналған Алаша ханға байланысты аталды. «Қазақ» атауына балама саналатын «Алаш» сөзi тәуелсiз қазақ мемлекетiн құру туралы ел арманын бiлдiрдi. Бұл қозғалыстың бастауында оқыған қазақ зиялылары тұрды.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс пен 1917 жылы Ресейде басталған революция қазақ ұлттық зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметiн жандандыра түстi. Ұлттық қазақ партиясын құру жолындағы алғашқы қадамдар бiрiншi орыс революциясы кезеңiнде жасалды. 1905 жылдың соңында-ақ Орал қаласында қазақ ұлттық партиясын құру жөнiндегi шешiмдер қабылдауға тиiс болған Қазақстанның бес облысыныңөкiлдер i қатысқан «делегаттық съезд» шақырылды. Онда партия құру ниетi туралы айтылды. Ақпан революциясынан кейiн елдегi жағдай асқынып, саяси күштердiң бөлi ну үдерiсi тереңдей түстi. Осыны ескерген қазақ либерал-демократиялық қозғалысының басшылары жалпықазақтық съезд өткiзудi жылдамдату жөнiнде шешiм қабылдады.

«Алаш» партиясыныңқұрылуы. 1917 жылы шiлдеде Орынборда Бiрiншi жалпықазақ съезi шақырылды. Онда мемлекеттiк басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу -ағарту, сот, Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партиялар құру т. б. жөнiндегi мәселелер қарастырылды. Съездiң негiзгi шешiмi: «демократиялық, парламенттiк және Ресей Федеративтiк республикасының» құрамында болатын аумақтық-ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнiнде шешiм қабылданды.

«Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б. сияқты либерал-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларыныңөкiлдерi едi. Партия қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкiлдерi: М. Тынышбаев, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев т. б.

кiрдi. «Алаш» партиясы өз төңiрегiне қазақ халқыныңәр түрлi топтарының өкiлдерiн топтастырды.

«Алаш» басшылары мен бүкiл партия, негiзiнен, Қазан революциясын қолдаған жоқ.

Олар: «Қазақ халқын отарлық езгiден құтқару!» ұранымен бiрiктi. Ә. Бөкейханов өз отандастарына арнаған үндеуiнде Ресейдегi 1917 жылдың оқиғасын төңкерiс деп атады. Қазан революциясынан көп бұрын-ақ қазақ либерал-демократиялыққозғалысының басшылары Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және саяси дамуы жөнiндегi өздерiнiң бағдарламаларын кеңiнен насихаттады. «Алаш» партиясының мақсаты - ХVIII ғасырда жойылған қазақ халқының ұлттық мемлекетiн қайта қалпына келтiру болды. «Қазақ» газетiнде 1917 жылғы 21 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрдi .

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы. Бүкiл Орталық Азияда алға қойған мақсаты мен саяси мәнi және қамтыған мәселелерiнiң ауқымдылығы жөнiнде «Алаш» партиясына тең келер бiрде-бiр қозғалыс не саяси партия болған жоқ. Партияның бағдарлама жобасының бiрiншi тарауында елдi басқару нысаны мен құрылымы қарастырылды. Ресей демократиялық, федеративтiк республика болуы тиiс деп жарияланды. Демократияның мәнi өкiмет билiгiнiң халық қолында болуы деп түсiндiрiлдi. Жоба авторлары мемлекеттiң жоғары органдарын құрудың жолын ұсынды. «Үкiмет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесiмдi жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу», - деп атап көрсетiлдi.

«Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының авторлары демократиялық сайлау жүйес iн ұсынды. Депутаттар сайлауы жасырын дауыс беру жолымен жалпыға бiрдей тең, төте және құпия өткiзiлуге тиiс болды.

Бағдарлама жобасының «Жергiлiктi бостандық» деп аталатын екiншi бөлiмiнде автономияның ұлттық қағида негiзiнде құрылатыны айтылды. Бұл бөлiмде ел мүддесi үшiн жұмыс iстейтiн адал да әдiл мемлекеттiк қызметкерлердi iрiктеп алу қағидасы ұсынылды. Земство басқармаларында, милицияда жұмыс iстеуге лайықты азаматтарды халықтың өзi таңдауы тиiс болды. Бұл – сол кезең және бүгiнде ешқашан құндылығы мен өзектiлiгiн жоғалтпайтын тұжырым саналады. Екiншi тарауда: «Алаш» партиясы әдiлдiкке жақ, нашарларға жолдас, жәбiрлерге жау болады», - деген қағида айтылды. Бұл үзiндi «Алаш» партиясын құрушы қайраткерлердiң жоғары адамгершiлiк мақсаттары мен парасат-пайымын нақты көрсетедi.

«Негiзгi хұқық» деп аталатын үшiншi тарауда «Россия республикасында дiнге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария

сөйлеуге, газет шығаруға, кi тап бастыртуға - ерк iншiлiк» делiнген. Бұл «Алаш» партиясының ең демократияшыл, iзгiлiктi идеялары ед i. Кеңес конституциясында жалпы демократиялық құқықтар мен бостандықтардың орнына таптық принцип негiз етi п алынғаны белгiлi. Еңбекшi таптың санатына жатқызылмаған азаматтардың барлығы құқықтары мен бостандықтарынан айырылған ед i. Осы тұрғыдан алғанда «Алаш» партиясы қайраткерлерiнiң тұжырымы дұрыс болып шықты. Бұл тұжырым тәуелсiз ел iмiздiң 1995 жылғы Конституциясымен үндес келедi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында:

«1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең.

2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне , ұлтына, тiл iне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», - делiнген.

« Алаш» бағдарламасы жобасының «Дiн iсi» атты төртiншi тарауында дiндi мемлекеттен бөлу идеясы қарастырылды.

«Билiк һәм сот» аталатын бесi ншi тарауда сот жүйесiнi ң негiзгi принципi анықталынды. Сот iсiн жүргiзу жергiлiктi халық тiлiнде , ал халқы аралас тұратын жерлерде сол жерде көпшiлiк болып табылатын тiлде жүргiзу қарастырылды. Сот әдiлд iгi мен сот алдында барлық адамдардың теңдiгi, билер мен судьялар шешiмiнiң мiндеттi түрде орындалу қажеттiгi атап көрсетiлдi. «Алаш» партиясы қайраткерлерi күрделi емес iстердi билер мен судьялардың, ал қатал жаза қолдануды қажет ететiн ауыр қылмысты iстердi присяжныйлар сотының қарауын ұсынды. Бұл идея бүгiнде тәуелсiз елiмiздiң сот билiгi жүйесiнде жүзеге асырылып отыр.

«Ел қорғау» деп аталатын алтыншы тарауда әскери қызметтi ұйымдастыру мәселелерi қарастырылды. Қазақтар әскери қызметтi атты милиция түрiнде атқаруы белгiлендi.

«Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының жетiншi тарауы «Салық» деп аталады. Жобада: «Салық әл-ауқат табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әдiл жолмен таратылу» қарастырылды. Бұл өте iзгiлiктi және демократияшыл тұжырым едi.

«Жұмысшылар» деп аталатын сегiзiншi тарауда Алаш қайраткерлерi жұмысшыларға большевиктердiң таптық ұстанымы негiзiнде емес, құқықтық қисын тұрғысында баға бердi. Жұмысшылардың құқықтары елдегi барлық әлеуметтiк топтармен теңестiрiлдi.

Бағдарламаның «Ғылым-бiлiм үйрету» деп аталатын тоғызыншы тарауында оқу-бiлiм iсiн барша жұрттың игiлiгiне айналдыру идеясы қарастырылды. «Оқу ордаларының есiгi кiмге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тiлiнде оқу; қазақ өз т iлiнде орта мектеп, университет ашу...», - деп атап көрсетiлдi. «Алаш» қайраткерлерi тұжырымы бүгiнгi өмiрiмiзде де өз құнын жойған жоқ.

«Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының оныншы тарауы «Жер мәселесi» деп аталады. Бағдарлама жобасында жердi сатуға тыйым салынды. Жердiң бүкiл байлығы: үлкен ормандар, өзендердiң мемлекетке тиесiлi екендiгi айтылды.

«Алаш» партиясының жетекшiлерi осы аталып өткен бағдарлама жобасын большевиктiк қырғын, террорлық әдiспен емес, эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздедi.

Алаш қозғалысының тарихи маңызы. Алаш (немесе Алашорда) қозғалысы Қазақстанда ХIХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезiндегi қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерiстердiң нәтижесiнде өмiрге келген едi. Қозғалыстың басты тiрегi жалпы ұлттық «Алаш» партиясы болды. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнектi өкiлдерi Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, М. Тынышбаев, М. Дулатов т.б. ондаған қайраткерлер бiрiншi жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсады. Қоғамдық-саяси өмiрге араласа бастағанда «Алаш» партиясы өзiнiң негiзгi мiндеттерiн екi

мақсатқа жету: 1) қазақ халқын отарлық езгiден азат ету; 2) қазаққоғамының дүниежүзiлiк мәдени қауымдастыққа енуiн қамтамасыз ету деп жариялады.

Кеңес билiгi орнап, саяси сахнадан кеткен соң Алаш қозғалысының қайраткерлерi 20-жылдары Қазақстанның мәдениетi, ғылымы мен халық шаруашылығының дамуына елеулi үлес қосты.

2 . И. Худенконың шаруашылықты басқарудағы жаңа әдiсi. 70-жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерi нiң бiрқатары шаруашылық жүргiзудiң қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттендi. Сондай адамдардың бiрi И. Н. Худенко едi. Еңбекшi-қазақ ауданындағы «Iле» совхозын, кейiн Алматы облысы Күртi ауданының «Ақши» совхозын басқарған ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын енгi зе бастады. Мысалы , ол сол кездiң өзiнде фермерлi к шаруашылықты дамытуға әрекеттендi, қағазбастылықты күрт азайтып, шаруаларға бiрқатар еркiнд iктер бердi. Совхоздағы жағдай анағұрлым жақсарып, еңбек өнiмдiлiг i артты, тәртiп нығая түстi. Мұндай бастама бұрынғыша шаруашылық жүргiзудi ң ескi әдiстерiмен бұйрық берiп, әмiр етуге үйренгендерге ұнауы мүмкiн емес едi. Совхозға б iрiнен соң бiрi республика Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен бастап партияның аудандық, облыстық комитеттерiнен әр түрлi комиссиялар жиi келе бастады.

И. Н. Худенконың тиiмдi әрi болашағы зор әдiсiнiң тамырына балта шабылды. Оған

қоса оның iсi сотқа берiлiп, сотталды. Түрмеге отырғызылған И. Н. Худенко сонда қайтыс болды. Тек бiрнеше жылдан соң, елде қайта құрулар басталған кезде И. Н. Худенко Қазақ КСР Жоғарғы Соты алқасының шешiмiмен ақталды.

1982 жылы қабылданған Азық-түлiк бағдарламасы және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң апатты керi кетуiн тоқтату жөнiндегi жаңа әрекеттер елеулi нәтижелер бермедi. Бағдарлама бұрынғыша шаруалардың түпкiлiктi мүдделерiн, ауыл еңбекшiлерiнiң экономикалық талаптарын есепке алмастан, басқарудың ескi рген жүйесiнiң аясында жасалды. Нәтижесiнде ауыл шаруашылығындағы ахуал бұрынғыдан бетер дағдарыстық сипатқа ие бола бастады. 80-жылдардың ортасында елде халықты азық-түлiк өнiмдерiмен шектеулi қамтамасыз ету енгiзiлдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]