Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.6 Кб
Скачать

Билет №1

1. Патша үкiметi отарлау саясатының күшеюi. ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағы алты облыстан тұрды. Сырдария мен Жетiсу облыстары Түркiстан генерал-губернаторлығының (орталығы Ташкент қ.), Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала генерал-губернаторлығының құрамына кiрдi. Iшкi (Бөкей) Ордасы Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау - Закаспий облысына қарады.

Бұл кезеңде Ресей империясындағы әлеуметтiк қайшылықтар асқынып, Қазақстандағы аграрлық отарлау саясаты барынша күшейдi. Орталық губерниялардан ұлттық шет аймақтарға орыс шаруаларын көшiру кеңiнен жүрг iзiлдi. Қазақстан аумағы - Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетiсу қоныстандыру аймағына бөлiндi. Қазақтардың «артық жерлерiн» анықтайтын қоныстандыру басқармалары құрылды.

Патша үк iметi қазақ халқының ең құнарлы жерiн, мал жайылымдықтарын озбырлықпен тартып алды. Халықтың ауыр жағдайымен санаспады. Сонымен қатар Қазақстан аумағында 15,6 млн гектар жердi алып жатқан казак әскерлерi орналасты. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн десятина, 1906-1912 жылдары 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн-нан астам десятина жер тартып алынды. Қазақстанның жер i Ресей империясының меншiгi деп жарияланды. Сонымен қатар өлке өмiрiнде жаңалықтар орын алып , капиталистiк қатынастар кеңiнен ене бастады. Қазақстанда негiзiнен кен өндiру мен өңдеушi кәсiпорындар салынды. Тау- кен өнеркәсiбi түст i металдар мен темiрдiң шикiзаттыққорына бай Орталық Қазақстан мен Алтайда дамыды.

Қарағанды мен Екiбастұзда көмiр кен орындары ашылды. Ембi- Жем аймағында мұнай шығарылды. ХХ ғасырдың басында өлке экономикасында ауыл шаруашылығы шикi заттарын өңдейтiн - былғары жасайтын, май шайқайтын, сабын қайнататын, жүн жуатын, тер i илейтiн т.б. кәсiпорындар басым болды.

Қазақ өлкесiне капиталистiк қатынастардың енуi, патша үкiметi отарлық езгiсiнiң күшеюi халықтың ұлттық сана-сезiмiнi ң өсуiне жеткiздi. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс әр түрлi топтан тұрды. Олардың негiзгi бөлiг iн Петербург пен Мәскеу, Қазан, Томск, Варшава т.б. қалалардағы жоғары оқу орындарын бiтiрiп келген ұлт зиялылары құрады. Ұлт зиялыларының саяси-идеялық көзқарастарын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетi айқын бiлдiрдi.

«Айқап» журналы Мұхамеджан Сералиннiң редакторлығымен 1911-1915 жылдары шығып тұрды. Журналды шығаруға Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, Б. Қаратаев, Б. Майлин, С. Сейфуллин және т.б. белсене қатысып , мақалалар жазды. Журнал беттер iнде жарияланған мақалаларда патша үкiметiнiң өлкеде жүргi зiп отырған отаршылдық саясаты әшкерелендi. Сонымен қатар қазақ даласында ағарту мен бiлiм беру iс iн, тауар- ақша қатынастарын дамыту, аграрлық мәселенi шешу проблемалары қарастырылды. «Айқап» журналы отырықшы

өмiр салтын қалыптастыру, аграрлық мәселеге зор мән бердi.

1913-1918 жылдары шығып тұрған «Қазақ» газетi либерал-демократиялық бағыттағы ұлт зиялыларының көзқарасын бi лдi рдi. Газет редакциясында ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерi Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов , М. Дулатов және басқалар қызмет еттi. Ұлт көшбасшылары патша үкiмет iнiң меншiгiне қаратып алған жерлердi қазақтарға қайтаруын талап еттi, жердi сатуға қарсы шықты. Ресейдегi демократизмнiң жалғыз көрiнiсi Мемлекеттiк Думаға қазақ даласынан сайланған депутаттар - Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұлов, А. Бiрiмжанов, Т. Нұрекенов, М. Тынышбаев, Б. Қаратаев, Т. Аллабергеновтер Дума мiнбесi н пайдаланып қалуға тырысты. Олар қазақ қоғамын эволюциялық жолмен дамытуды жақтады.

Ресей империясының қол астында отарлық езгiде жаншылған халықтардың ХХ ғасырдың басындағы азаттық күресiнiң өрбу iне - түрiкшiлдiк, исламшылдық идеялары елеулi әсер еттi. Бұл идеялар түркi халықтары мен мұсылман жамағатын бi рлi кке, өзара байланыстарын нығайтуға шақырды. Түрiкшiлдiк идеясының көшбасында И. Гаспринский тұрды. Қазақтың бiрқатар зиялылары М. Шоқай, М. Тынышбаев т.б. бұл идеяны қолдады.

ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа тартылуы, оның өзiне ғана емес, ұлттық шеткерi аймақтарының езiлген халықтарына да ауыртпалық әкелдi.

2. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қабылдануы және маңызы. Кез келген мемлекет өз дамуының негiзгi бағыттарын алдын ала айқындап алуы керек. Нег iзгi басымдықтарға сәйкес құрылған жүйелi бағдарламасыз алға қарай дамудың қиынға түсерi анық. Сондықтан Қазақстан тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн-ақ кең ауқымды әлеуметтiк, саяси және экономикалық реформаларды жүргiзе бастады. Елдегi өтпелi кезеңнiң ауыртпалықтары азайып, кезеңдiк реформалардың күрделi даму мерзiмi аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. Елбасы алғаш рет 1996 жылы 8 қазанда Қазақстан халқына

«Елдегi жағдай және i шкi, сыртқы саясаттың 1997 жылға арналған негiзгi бағыттары туралы» атты Жолдау жасады. Бұл Жолдауда ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаев елiмiздiң тәуелсiздiк алғанынан бергi бес жыл уақыт аралығында жүзеге асырылған саяси-экономикалық

және әлеуметтiк мәселелер бойынша реформаларға жан-жақты тоқтала отырып, терең талдаулар жасады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды.

Президенттiң 1997 жылғы 1 қазандағы «Қазақстан- 2030: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы тәуелс iз елiмiз тарихындағы мемлекетiмiздiң жаңару бағытын айқындаған маңызды құжат болып табылады. Стратегиялық бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мәндi жетi негiзгi ұзақ мерзiмдi басымдық белгiленген-дi.

Стратегияның «Бiз бүгiн қай жердемiз», «Қазақстанның мұраты» деп аталатын тараулары қазақстандықтардың реформаға артып отырған мүдделерi мен үмiттерiн, көздейтiн мақсаттарын саралап көрсетуге арналды. Ал барлық қазақстандықтардың күш-ж iгерiн ортақ мақсатқа жұмылдыра алатын стратегия мен тактика қызметiне құжаттың үшiншi тарауы арналды.

Стратегияда ұлттық қауiпсiздiк бiрiншi орынға қойылды. Тәуелсiз мемлекетiмi здiң ұлттық қауiпсiзд iгi азаматтардың гүлденiп көркеюi мен жүргiзiп жатқан реформамыздың табысқа жетуiнiң басты кепiлi және негiзгi басымдық ретiнде көрсетiлдi. Оны қамтамасыз етудiң алғышарты - қоғамның ынтымағы мен iшкi саяси орнықтылығы.

Әлеуметтiк тұрғыдан iшкi орнықтылық пен тұрақтылықтың iргетасы орта тап екенi белгiлi. Стратегиялық бағдарламада орта тапты қалыптастыруға шешушi маңыз берiлдi.

Елбасы даму стратегиясын белгiлеуде келешек мүмкiндiктерiмiздiң қандай екен iн, оның қалай жүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенiм артты. Әуелi қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейiн, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Осы себептен де , «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы адам факторын дамытуды ең жоғарғы орынға қояды.

«Қазақстан-2030» стратегиясы ел азаматтарының кемел прагматизмге сүйенi п қана атқара алатын келелi мәселелердi айқындап көрсеттi . Елбасы жеке меншiктiң, шетелдiк инвестиция, ашық қоғамның, саяси плюрализмнiң, кәсiби үкiметтiң, қылмысқа жол бермеудiң өтк iр мәселелерiн батыл көтерiп қана қоймай, жемқорлыққа, экономикалық бойкүйездiкке қарсы белсендi күреске шақырды. « Қазақстан -2030» даму стратегиясы ұзақ мерзiмдi қамтыған, халықтың мүмкiндiктерi мен қаб iлетiн толық ескерген, басым бағыттары шынайылыққа негiзделген байыпты бағдарлама болып табылады. «Қазақстан -2030» стратегиясынан кейiнгi

Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.

3. БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937) - ұлт- азаттық және Алаш қозғалысының жетекшiсi, Алашорда үкiметiнiң төрағасы, аса көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi, ғалым, публицист, аудармашы. Санкт-Петербургтегi орман техникалық институтының экономика факультетiн бiтiрген . Оқуын аяқтаған соң Омбы орман шаруашылығы училищесiнде педагогикалық және ғылыми қызметпен айналысты . 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жөнiндег i материалдар дайындаған Ф. А. Щербиннiң экспедициясының құрамында жұмыс iстед i. Конституциялық-демократиялық партияның мүшесi, бiрiншi шақырылған Мемлекеттiк Думаның депутаты болды. Патша самодержавиесiнiң отаршыл саясатына қарсы қызметi үшiн бiрнеше рет түрмеде отырды. «Қазақ» газетi арқылы оқу-ағартушылық қызмет жүргiздi.

1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уақытша үкiметтiң комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екiншi бүкiлқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы - «Алашорда » жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкi метiнiң ұлттық автономияны сақтау жөнiндегi декларациялық уәдесiне байланысты басқа алашордашылармен бiрге белсендi саяси және мемлекетт iк қызметтен уақытша бас тартуға мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетiн құру едi. Өмiрiн i ң соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткiздi. 1937 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.

Ә. Бөкейханов Петербургте шыққан «Ресей. Бiздiң өлкенiң толық географиялық сипаты» («Россия. Полное географическое описание нашего края») атты жинақтың 18 -томында «Қырғыз (Қазақ) өлкесi халқының аумақ бойынша таралып қоныстануы, оның этнографиялық құрамы, тұрмысы мен мәдениетi» («Распределение населения Киргизского (Казахского) края по территории, его этнографический состав, быт и культура») тарауын жазған. «Дала ұлы» деген бүркеншiк атпен «Дума партиялары», «Дума мен қазақтар», «Август Бебель» т.б. мақалаларын жариялады.

Билет №2

1. Қазақ зиялыларының 1916 жылғы көтерiлiске көзқарасы. Бiрiншi дүниежүзiлiк

соғыс жылдарында қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысында өз саяси партияларын қалыптастырған үш ағым пайда болды. Бiрiншi ағымға өлкеде демократиялық бағыттағы прогресшiл реформалар жүргiзудi жақтаған патриоттық ниеттегi алдыңғы қатарлы зиялылардың елеулi бөлiгi енiп, «Қазақ» газетiнiң төңiрегiне топтасты. Бұл топ кейiнiрек «Алаш» партиясына айналды. Екiншi ағымды Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына кiретiн Қазақстанның оңтүстiк облыстарының зиялы өкiлдерi құрап, «Шура ислами» және «Шура-улема» ұйымдарына бiрiктi. Олар исламның ағартушылық идеяларын ұстанды. Алғашқы екеуiнен әлсiздеу болған үшiншi ағымды құраған «Үш жүз» тобы

революциялық оқиғалардың барысында қалыптасты.

Әр түрлi партиялар мен топтардың өкiлдерi 1916 жылғыкөтерiлiс кезiнде әр түрлi,

кейбiрi авантюристiк позиция да ұстанды. Жергiлiктi үстем тап өкiлдерi мен байлардың бiрқатары, шенеунiктер патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығын қолдап шықты. Қазақ зиялыларының батыл өкi лдерi (Бокин, Ниязбеков, Жүнiсов) патша жарлығын орындамауға, халықты қарулы көтерiлiске шақырды. «Айқап» журналының редакциясы қазақтарды қара жұмысқа алуға қарсылық бiлдiрдi. Қарсыласуға шақырғаны үшiн журнал жабылды. «Үш жүз» партиясы да отаршыл әкiмшiлiкке қарсы қарулы күреске үндедi.

Неғұрлым дәйектi позицияны «Қазақ» газетiнiң редакциясы ұстанды. М iржақып Дулатов 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлықты «қанқұйлы» деп жариялады. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов кез келген қарсылықтың орасан адам шығындарына әкеп соғатынын түсiнiп, 11 тамызда қазақ халқына үндеу жариялады . Онда тыл жұмыстарына адамдар жiберу майдан мұқтажына шақырылғандардың отбасы мен шаруашылықтарын толық күйзелу мен жазалаушылардың жойып жiберуiнен сақтайтыны айтылды.

Бiрқатар элита өкiлдерi далада өсiп келе жатқан толқулар мен Ресей империясы тұрақты әскерiнiң тарапынан болатын қырып-жоюға қатты алаңдады. Зиялылардың бiр бөлiгi - Әлихан Бөкейханов , Ахмет Байтұрсынов, Мi ржақып Дулатов, Сейiтқазым Қадырбаев, Мұхамедияр Тұнғаншин т. б. Торғай және Ырғыз уездерiнiң халқын қарулы көтерiлiске қатысудан бас тартуға шақырды. Олар патша самодержавиесiнiң даладағы толқуларды басуға қарулы отрядтарды мiндеттi түрде пайдаланатынын ашып көрсеттi. Жазалаушы экспедициялардың алғашқы құрбандықтары бәрiнен бұрын балалар мен әйелдер болып, шаруашылықтың күйрейтiнi, жергiлi ктi тұрғындарға ату мен қорқытып-үркiтудiң басқа түрлерiн аяусыз қолданатын әскери соттардың iске кiрiсетiнi ескертiлдi. Үндеуге қол қоюшылар халықтың қайғысы мен алаңдаушылығына ортақ екендi гiн жазды. Үндеудiң соңында зиялылар өкiлдерi көтерiлiсшiлердi патша жарлығына бағынуға шақырды. Бiрақ Торғай мен Ырғыз уездерiндегi көтерiлiсшiлер саны азаймады.

Осы кезде Бақытжан Қаратаев патша үкiметiне қара жұмысқа адам алуды тоқтату мен Қазақстаннан жазалаушы әскерлердi қайтару жөнiнде тiлек бiлдiрдi. Ол көтерiлi с басшыларын мерзi мiнен ерте, дайындықсыз әрекеттерi мен қазақтарды жеңiлiске ұшырататын, саяси хал-ахуалды түсiнбейтiн арандатушылар ретiнде сынады.

2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мәдениетi

Ғылым мен мәдениет - майданға. Ұлы Отан соғысындағы жеңiске Қазақстанның мәдени қызметкерлерi де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегi майдандағы кеңестiк әскерлердiң ерлiгiмен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты iстерiмен қатар Ұлы Отан соғысының ерлiк тарихына өзiндiк жарқын iз

қалдырды. Бұл кезеңдегi әдебиеттiң негiзгi тақырыбы - патриотизм, Отанды қорғауға арналады. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерiм», Ә. Тәжiбаевтың «Ленинград» өлеңдерi, З. Шашкин, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгiлi болды.

Бiрқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А. Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В. Чугунов соғыста ерлiкпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерiнен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кеттi. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгiсiн көрсетiп, оларды өздерiнiң шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д. Әбiлев, Ж. Саин, Қ. Әбдiқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж. Молдағалиев, Ә. Нұрпейiсов, С. Мәуленов, Б. Момышұлы әдебиетке жауынгерлiк рух, шығармашылық серпiн бердi. Кеңес халқының моральдық-саяси бiрлiгiн күшейту iсiне Ғ. Мүсiрепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов,

М. Әуезов, Т. Жароков сынды қазақ көркем проза шеберлерi аянбай еңбек еттi. Қазақстан өнер шеберлерiнiң бригадалары майданға аттанды. Осындай 11 бригада

майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерiнде, әскери

бөлiмшелерде , шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт бердi. Жалпы концерттiк ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық бiр iккен киностудия «Екi жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт менi» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңiске үмiттендiрген ғажайып кинолар түс iрдi. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерiнiң дамуына зор үлес қосқан Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеуден келген суретшiлер жұмыс iстедi.

Соғыс жылдарында республика жоғары оқу орындарының саны артты. 1943 жылы Шет тiлдерi педагогикалық институты, Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жылы Алматыда Консерватория және Қыздар педагогикал ық институты ашылды. Бұл оқу орындарының ғылыми-педагогикалық кадрларын қоныс аударғандар, репрессияға ұшыраған ғалымдар және педагогтар құрады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы Кеңес Одағының мәдени-экономикалық орталықтарының бiрi саналды. Алматыда 15 жоғары оқу орындары мен техникумдар, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу институттары болды. Соғысқа дейiнгi 20 жоғары оқу орындарының қатарына 4 жаңа жоғары оқу орындары қосылып, онда оқитындардың саны 15 мыңға дейiн өстi.

Қазақ халқының музыкалық мәдениетi. Қазақ халқының музыкалық мәдениетiнде үлкен жетiстiктерге қол жеткiзiлдi.Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнерi дами түстi. 1942 жылы Е. Брусиловскийдiң «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л. Хамидидiң «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейiнгi жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелдi», А. Жұбанов пен Л. Хамидидiң «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Бiржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негiзгi партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттiк сыйлықтары тапсырылды.

Қазақ театры. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балетi қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетiне Г. Березова жетекшiлiк етiп, сахнада әлемге әйгiлi артистер өнер көрсеттi. 1942 жылы маусымда Г. Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты.

Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. Соғыс қарсаңында Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспiрiмдер театры ұйымдастырылды. Қазақ театры академиялық театрға айналды, бiрқатар актерлер республиканың халық және еңбек сiңiрген артистерi атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмiрзақов, К. Қармысов, Х. Бөкеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т.б. актерлiк өнер жолын бастады.

Қазақ әдебиетi. Соғыстан кейiнгi жылдар Қазақстан кеңестiк әдебиетiнiң гүлденген кезi болды. Д. Әбiлев, Ә. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсiрепов, С. Мұқанов, Ә. Шәрiпов, Ә. Әбiшев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетiнiң танымал шеберлерiне айналды. Әдеби жанр түрi көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелдi. Көркемөнер мен әдебиеттi жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргiнге ұшырап, таптық методологияға негiзделген әдебиет социалистiк құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистiк жасампаз өмiрiн, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледi.

Қазақ киносы. Соғысқа дейiнгi уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректi фильмi

«Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердiң алғашқы көркем фильмi «Амангелдi» түсiрiлдi. 1941

жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бiрiгiп көптеген фильмдер түсiрдi. Олардың қатарына «Екi жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдердi жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күш iмен «Абай әндерi» фильмiн жарыққа шығарды. Сол жылдары А. Н. Толстой, С. Маршак, жазушылар М. Зощенко және К. Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазiргi белгiлi кинорежиссер Н. Михалковтың әкесi С. Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгiлi актерлар Н. Черкасов, М. Жаров, Л. Орлова, М. Ладынина, Н. Крючков, Б. Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек еттi.

3. ГОЛОЩЕКИН Филипп Исаевич (Шая Ицкович, 1876-1941) - кеңестiң мемлекеттiк және партия қайраткерi. Мамандығы - тiс дәрiгерi. 1917 жылғы Қазан қарулы көтерiлiсiне дейiн Мәскеу, Петроград, Оралда партиялық қызметтер атқарды.

Қазан революциясынан кейiн бiрнеше облыстық комитеттiң хатшысы болып, бiрқатар

аймақтардағы Кеңес өкiметiн нығайту жолындағы күреске белсене қатысты.

Ф . И. Голощекин өлкелi к партия ұйымының басшылығына келген соң Қазақстандағы «Кiшi Қазан» атанған «жаңа революцияның» жүргiзiлуiне идеялық-саяси негiз болған «ауылды кеңестендiру» ұранымен ауылдағы тап күресiн шиеленiстiру бағытын таңдап алды. «Жаңа революцияның» нәтижесi нде бұл саясатқа наразы болған көптеген қабiлеттi басшылар ұлтшылдықпен айыпталып, ескi зиялылардың көзi ашық бөлiгi қуғынға ұшыратылды.

1928 жылы астық дайындау барысында төтенше шаралар қабылданып, Ф. И. Голощекиннiң араласуымен миллиондаған шаруалар қуғынға ұшырады. Ол Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың белсендi жүргiзушiсi болды. Оның кезiнде аштық пен қиыншылықтан миллионнан аса шаруалар қаза тапты. Ф. И. Голощекин саясаттағы күштеу мен адамгершiлiкке қарсы әдiстердiң жақтаушысы болды. 1941 жылы атылды.

Билет №3

Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың бағыты мен зардаптары

Ұжымдастыру бағыты. Техникалық жағынан түбiрлi қайта жарақтандыру негiзiнде ауыл шаруашылығын қайта құруға бағыт алу 30-жылдардың қарсаңында қажеттiлiкке айналды. БК(б)П ХV съезi (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады.

Қазақстандағы ұжымдастыру төрт кезеңде жүзеге асырылуға тиiс болды:

1929 жылғы мамыр мен 1930 жылғы наурыз – жылдамдатылған ұжымдастыру науқаны;

1930 жылдың наурызы мен 1932 жылдың тамызы – ұжымдық шаруашылықтардың әр түрлi типтерiн тәжiрибеден өткiзу;

1932 жылдыңқыркүйегi мен 1934 жылдыңқарашасы – ТОЗ-дарды ұжымдастырудың жаңа толқыны ретiнде пайдалану;

1934 жылдың желтоқсаны мен 1938 жылдың желтоқсаны – ТОЗ шаруашылықтарын ауыл шаруашылық артельдерi - колхоз, совхоздар етiп қайта құру.

Ұжымдастыруды табысты жүргiзу мақсатында орталық үкiмет «жиырма бес мыңшылар» деп аталған 25 мың жұмысшыны жұмылдырды. Қазақстанға Мәскеу, Иваново -Вознесенск, Харьков, Ленинград қалаларынан «жиырма бес мыңшылар» ж iберiлдi. Ереже бойынша бұл қызметкерлер ұйымдастырылып жатқан колхоздардың төрағасы қызметiне ұсынылды.

1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П ОК «Ұжымдастырудың қарқыны мен колхоздық құрылысқа көмек көрсету шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулы ұжымдастыруды өте қысқа мерзiмде аяқтауды қарастырды. Сталиндiк «жоғарыдан жасалған революция» шаруаларға көрсетiлген бiрыңғай зорлық-зомбылық болды.

Республиканың шенеунiктiк-бюрократтық топтарына осы қысқа мерзiмнiң өзi қалай

болғанда да «секiрiп» өтуге болатын биiктiк ретiнде қабылданды. Бұл науқанды Голощекин бастаған жергiлiктi өкiмет орындары жылдамдата түстi.

Егер Қазақстанда 1928 жылы ұжымдастыруға барлық шаруашылықтардың 2% -ы қамтылса, 1930 жылдың 1 сәуi рiнде - 50,5%- ы, 1931 жылдың күз iне қарай - 65%-ға жуығы , 1934 жылы - 89,9% тартылды. Бұл науқан ерi ктiлi к қағидасы мен қарапайым заңдылықтың жаппай әрi өрескел бұзылуымен қатар жүрдi. Ұлт зиялылары С. Меңдешев, С. Қожанов, Х. Досмұхамедов т.б. жаппай ұжымдастыру науқанына қарсы шықты.

Күштеп отырықшыландыру саясаты. 1931 жылы тамызда Қазкрайком жергiлiктi

партия және кеңес ұйымдарына көшпелi, жартылай көшпелi қазақ шаруаларын жеделдетiп ұжымдастыру мен оларды отырықшы өмiр салтына көшiру жөнiнде нұсқау бердi. Мұндай ойластырылмаған тұжырым малшы қазақтардың малды жаппай союы мен көшiп кетуiне себеп болды. Мұның бәрi мал басының апатты түрде қысқаруы мен қазақ шаруалары тiршiлiгiнiң нашарлауына әкеп соқты. Қазақтардың шаруашылығына көшпел i мал өсiрушiлер мен жартылай көшпелiлердi күштеу әдiстерiмен жүргiзiлген отырықшыландыру саясаты қатты соққы болып тидi. Көшпелi және жартылай көшпелi шаруашылықтардың 1931 жылы – 77 508-i, 1932 жылы – 77 674-i, 1933 жылы – 242 208-i отырықшыландырылды.

Отырықшыландыру барысында күштеп қуып әкелiнген ауылдардан мал өсiруге арналған елдi мекендер құрылды. Бұл бiр орынға жинастырылған малдың жемшөптiң жоқтығынан қырыла бастауына әкеп соқты. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 4,5 млн ғана мал қалды. Ұжымдастыру мен көшпелi халықты жерге отырықшыландыру белгiлi бiр дәрежеде өзара байланысты болды, сондықтан Сталин көшпелiлер экономикасын түпкiлiктi жоюды батыл талап еттi. 1938 жылы көшпелi және жартылай көшпелi қазақтардың отырықшылыққа көшуi негiзiнен аяқталды. Ұжымдастыру мен кулактарды тапсыздандыру қатал қуғын-сүргiн шараларымен қатар жүргiзiлдi. Қазақстан халқы жүргiзiлiп жатқан саясатқа қарсыласуға тырысып, толқулар мен қарулы көтерiлiстер жасады.

Ұжымдастырудың зардаптары. 1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрi заңсыз негiзде өткiзiлген ұжымдастыру - iс жүзiнде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргiзiлген қазақ халқына қарсы геноцид едi. Аман қалған 1,5 млн-дай қазақтар Ресейге,

Өзбекстан, Түрiкменстан, Қарақалпақстан, Монғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударды. Ағылшын-американ тарихшысы, сталинизм табиғатын терең зерттеушi Роберт Конквест «Қазақстандағы ұжымдастыру қазақтардың орасан зор адами трагедиясына айналғанын» жазды.

Ұжымдастыру науқаны қатал террор жағдайында, жергiлiктi жердiң ерекшелiктерi мен дәстүрлерi есепке алынбастан, алдын ала ойластырылған дайындықсыз, әкiмшiл-әмiршiл шаралармен жүргiзiлдi. Ұжымдастыру жөнiндегi iс-шаралар ауылдың дәстүрлi тұрмыс түрiн талқандауға бағытталды, тарихи қалыптасқан ұлттық көшпелi өмiрдiң негiздерi жойылды.

Қысқа мерзiм iшiнде жүргiзiлген күштеп ұжымдастыру шаруалардың жанталасқан қарсылығын тудыра отырып, ел мен кеңес қоғамының одан арғы дамуына мына тұрғыда елеулi зардаптар әкелдi: 1. Ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң деңгейi төмендеп, ЖЭС кезеңiмен

салыстырғанда тұрмыс жағдайлары нашарлады. 2. Азық- түлiк проблемасының ушығуымен 1932-1933 жылдарда жаппай аштық орын алды. 3. Ауыл шаруашылығынан қаржыны өнеркәсiпке аудару селоның техникалық жағынан артта қалуын күшейтт i және шаруашылық жүргiзудiң экстенсивтiк формаларынан интенсивтiк формаға өтуге мүмкiндiк бермедi. 4. Мемлекет азық-түлiк өндiрудi бақылаусыз билеу мүмкiндiгi н алып, iс жүзiнде азық -түлiк салғырты қалпына келтiрiлдi. 5. Шаруа меншi к иесi ретiнде өмiр сүруiн тоқтатып, жалдамалы ауыл шаруашылығы жұмысшысына айналды. 6. Экономикалық ынталанд ыру экономикадан тыс күштеумен алмастырылып, бұл колхоз мүлкiн ұрлау мен талан-таражға салуды көбейттi. Осының бәрi қоғамдағы наразылықты арттыра түстi . Қуатты насихат аппараты көңiл қуантар табыстар жөнiнде даурығып, барлық сәтсiздiктердiң кiнәс iн толып жатқан дұшпандар мен 20-жылдардың басында қызметi тоқтатылған оппозициялық партияларға жапты. Сталиндiк басшылық қатал қуғын-сүргiннiң арқасында ғана өкiмет билiгiн ұстап қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]