- •Мазмұны
- •1.Сотта іс жүргізу
- •Құқықтық статистика
- •1.Сотта іс жүргізу
- •Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі
- •Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу
- •Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу тәртібі
- •1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалдануға дайындау
- •2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп алу
- •2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер жөніндегі шешімнің атқарылуы
- •2.4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу
- •5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі
- •3.Құқықтық статистика
- •Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні
5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 123-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу тәртібін реттейді.
Ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу мақсатында жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабы (бұдан әрі – депозиттік кітап) жүргізіледі. Депозиттік кітап нөмірленеді, тігіледі, жеке сот орындаушысының қолы қойылып, мөрімен куәландырылады. Депозиттік кітапта: ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні; атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі; төлем құжатының атауы мен нөмірі; борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері; түскен соманың мөлшері; төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн; төленген соманың мөлшері, егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі, алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); төленбеген соманың қалдығы көрсетіледі. Депозиттік кітапты ашу кезінде оған жеке сот орындаушысының сол күнгі банктегі ағымдағы шотында бар қалдық сома түгелдей енгізіледі. Кейіннен банктен үзінділердің келіп түсуіне қарай жазба жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысының ағымдағы шотынан соманы аудару туралы өтінішін алу кезінде, жеке сот орындаушысы ақшалай қаражатты аударуға арналған үш данада төлем шотын ресімдейді. Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі. Атқарушылық құжат бойынша тиесілі соманы аудару туралы өтініші де атқарушылық іс жүргізу материалдарына тігіледі.
3.Құқықтық статистика
Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні
Кез келген мемлекет үкіметі өз еліндегі елеулі қоғамдық құбылыстарды есепке алып, олардың нақты нәтижелерін біліп отыруға мүдделі. Себебі, қоғамның дамуы сондай құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты болады. Ондай қызметті іске асыру үшін мемлекет статистиканың көмегіне сүйенеді. Сонысына қарай статистика мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде қаралады және қоғамның сан салалы болуына байланысты сол салалар бойынша жеке-жеке жүргізіледі.
Қоғам назар аударуға тиісті салалардың бірі – бұл заңдармен қорғалатын қаты настардың жай-күйі болып табылады. Өйткені, мемлекет пен қоғам үшін аса қажетті болып саналатын әр түрлі қоғамдық қатынастарға кейбір адамдар тарапынан қарсы іс-әрекеттер жасалады. Түрлі құқық бұзу әрекеттеріне (қылмыстық, әкімшілік, аза- маттық) және олардың дең-гейлеріне қатысты жан-жақты сандық мәліметтер дайындаудың қажеттілігі осыдан туындайды. Құқықтық статистика - қоғамның жақсы жақтарының дамуымен қатар оның жағымсыз тұстарының да көрсеткіштерін береді, мемлекет осындай айқын мә-ліметтерге сүйене отырып, тиісті шаралар қолданады.
Статистика қазіргі кезде екі түрлі мағынада қолданылады: біріншіден, есеп жүргізу ретінде, екіншіден, ғылым ретінде. Осылардың екеуі де оның негізгі қызметі болып саналады. Есеп түрі және ғылым саласы ретінде ол қоғамдық өмірдің барлық саласын бақылауға алып, олардың көрсеткіштерін зерттейді.
Мемлекет пен қоғамды құ- райтын маңызды салалар ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік құрылымын білдіретін сан алуан қоғамдық қатынастардың жүйесі алынады. Сол жүйенің саласына жататын қоғамдық қатынастардың бір түрі – мемлекет қабылдаған арнайы нормативтік актілермен шешілетін құқықтық мағынадағы қарым-қатынастар болып табылады. Сондықтан құқықтық статистика да статистиканың көптеген салаларының бірі ретінде қызмет атқарады.
Құқық салалары заңмен реттелетін және заң қыз-метінің нысаны ретінде танылатын іс-әрекеттерге немесе қоғамдық қатынастардың жүйелеріне қарай бөлінеді. Мемлекет қоғамдағы заңмен реттелетін әрекеттерді анық-тай отырып, оларды бақылауға алып, есебін жүргізеді. Сол есептің көрсеткіштеріне қарай мемлекет қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша бағ-дарламалар, жоспарлар да-йындайды. Құқықтық статис-тиканың мемлекеттік қызметтің бір түріне жататындығын осыдан көруге болады.
Елімізде құқықтық статистика қызметі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Бұл құжатта құқықтық статистика саласына қатысты барлық мәселелер ескерілген. Құқықтың түрлі салалары заңмен реттелетін қоғамдық қатынастардың сан алуан болуына және қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіп-тік дәрежесі мен сипаттарына байланысты өмір сүреді. Қамтитын құбылыстарына және құқық нормаларының қолдануын іске асыратын органдардың қызметіне қарай құқықтық статистиканың үш саласын атап айтуға болады. Олар: қылмыстық-құқық-тық, әкімшілік-құқықтық жә- не азаматтық-құқықтық статистикалар. Аталған құқықтық статистика салаларының әр-қайсысы кешенді сала болып табылады. Яғни, олар заңды бұзу әрекеттеріне байланысты туындайтын барлық құқықтық қатынастарды қамтиды. Сонымен қатар, жоғарыда кел- тірілген құқықтық статисти- ка салалары тек заңсыз әре-кеттерді ғана емес, құқық бұзушылықтың мемлекеттік органдарда тізбектеліп қарас-тырылуына байланысты өзге де құқық салаларын қамтиды.
Сонымен, құқықтық ста-тистиканың мәліметтері қо-ғамдағы заң тәртібін сақтау талабының іске асуын және құқық қорғау органдары қыз-метінің жетістіктері мен кемшіліктерін сандық көрсеткіштер түрінде ашып көрсетеді. Соған сәйкес, заң бұзушылықтың сандық мәліметтері арқылы мемлекет қылмыстық әре-кеттердің бағыты мен деңгей-лерін анықтай отырып, олармен күресу және алдын-алу туралы бағдарламалар, жоспарлар жасайды.
Құқықтық статистика қыл-мыстық әрекеттерді сандық жағынан бақылауға алумен ғана шектелмейтіндігі айтылды. Ол сонымен бірге құқық қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызмет-терін де қамтиды. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңында құқықтық ста-тистиканың осындай міндеттері де көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабын- да: «Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақ-стан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-із-дестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік жә- не орындаушылық іс жүргі-зудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады. Сондай-ақ, Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ, заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қу-ғындауды жүзеге асырады» - делінген. Жалпы, құқық қорғау саласында прокуратура органдарының қызме-ті ерекше орын алатынын осыдан-ақ аңғаруға болады. Ата заңның осындай талаптарын басшылыққа ала отырып, Республикамыздың барлық аймақтарындағы прокурорлар өз қызметтері туралы мемлекеттік есеп береді. Ол есепте заңды бұзу фактілері, оның ішін-де азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заң-ды мүдделерін қорғау, тергеу жүргізуші органдардың қылмыстық істі қозғау немесе қысқарту, сондай-ақ, тергеуді тоқтату, сезікті, айыпкер деп танылған адамдарды қамауға алу, сотта қылмыстық және азаматтық істерді қарауда сақталуы, сот үкімдері мен шешімдерінің заң талаптарына сәйкес келуі туралы, сондай-ақ, кәсіпорындар, ұй- ымдар және мекемелер қызметінде заңдылықтың бұзылмауын қорғауды білдіретін мәліметтер келтіріледі. Талдауға жататын мұндай мәліметтер сол ай-мақтардағы қылмыстардың немесе өзге де құқықтық мағынадағы әрекеттердің көрсеткіштерімен салысты- рыла қолданылуы керек. Ондай байланыс болмаған жағ- дайда талдау үстірт жүргізіл-ген болып шығады және ста-тистикалық мәлі-меттерге дұ-рыс баға берілмеуі мүмкін.
абсолютті және қатысты шамалар
Көрсеткіштерді салыстыру келесі қатардағы жағдайларды,яғни абсолютті шаманың орнына орташа және қатысты шамаларды алғанда мүмкін болады. Әртүрлі шаруашылықтағы абсолютті көрсеткіштерді, мысалы өнім өндірісінің көлемі, негізгі құралдардың құны, кіріс сомасын олардың жер аумағының есебінсіз салыстыруға болмайды. Бірақ егер абсолютті көрсеткіштер орнына қатысты көрсеткіштерді алатын болсақ, мысалы, 100га ауылшаруашылық аумаққа өнім өндірісі, онда оларды салыстыруға болады.
Кейбір жағдайларда көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін түзету коэффициенттері қолданылады. Әсіресе көрсеткіштердің әдістемелік сәйкессіздігіне қатысты көңіл аудару керек. Ол салыстыру нәтижелерін бұрмалап қана қоймай, тіпті оның мағынасын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, қор қайтарылымы негізгі қордың барлық сомасымен, негізгі өндірістік қормен немесе олардың активті бөлігімен есептелінуі мүмкін. Сондықтан жоспардағы және ағымдағы жылдың есептілігіндегі көрсеткіштерді есептеу әдістерінің тепе-теңдігін тексермесек зерттелетін көрсеткіштердің өзгерісінің негізіне оларды есептеу тәсіліне өзгешеліктер енгізілетіндіктен өткен кезеңдер үшін динамиканың дұрыс емес бағасын беруі мүмкін. Дұрыс қорытындыны қамтамасыз ету үшінкөрсеткіштердің есептеу әдістерінің тепе-теңдігіне қол жеткізк керек.
Сонымен қатар көрсеткіштерді салыстыру кезінде олардың табиғи-климаттық шарттары бойынша салыстырмалылығын қаматамасыз ету керек. Әсіресе ол ауылшаруашылығы үшін өзекті болып табылады. Кәсіпорындардың әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарда орналасуы өнімнің шығарылуына, тұрақты және ауыпалы шығындардың деңгейіне, өнімнің еңбек сыйымдылығына үлкен әсерін тигізеді. Осы фактор бойынша көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін келісілген климаттық және территориялық ерекшеліктеріне кезекті әсер етуін жоюмен көрсеткіштердің өсу үлесін ерекшелейді.
Сонымен бірге салыстырмалы көрсеткіштер есептелінген обьектілердің санын мен шығыстардың құрамы бойынша біртекті емес болуын жібермеу керек. Мысалы, зауыттардың көрсеткіштері мен цехтардың көрсеткіштерін,жалпы және өткізілген өнімнің өзіндік құнын, кәсіпорынның таза және баланстық кірістерін салыстыруға болмайды.
Осылай, көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтірудің негізгі әдісі болып құндық, көлемдік, сапалы және құрылымды факторлардың ықпал етуін оларды бір базиске келтіру жолымен бейтараптандыру және де орташа және қатысты шамаларды, түзету коэффициенттерін және қайта есептеуді қолдану табылады.
Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.
Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:
Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.
Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.
Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым – қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.
Жоғарыда көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.
Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысын қарастыра отырып,оның сапалық мәнін жасау үшін көрсеткіштер бірімен – бірі өзара байланысады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштердің өзіне қорытынды беруін айтады.
Статистика қоғамдық құбылыстар барысында біртектес элементтерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтығын және олардың әрқайсысын сипаттайтын статистика тілінде белгі деп атайды.
Бегілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы ,өндірілген өнімнің түрлері немесе сорттары және т.б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (варияция) деп атайды. Мысалы, әр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.
Статистика еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан – жақты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
