Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кім соттан өткендер Күнделікке жазылатын .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.9 Кб
Скачать

2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер жөніндегі шешімнің атқарылуы

      Алиментті сот арқылы өндіру алиментке құқық  пайда болған уақытқа байланысты болмауы мүмкін. Алайда, бұл алименттің алушыда оны талап етуге құқық  пайда болғанда төленеді деген сөз  емес. Бұл төлеушіні қиын жағдайға қалдырар еді: Бұл тіпті мүмкін емес – өйткені, төлеуші алимент туралы талаптың уақытында берілмегеніне  кінәлі емес. Осы себептерге байланысты алимент тек өндірушінің сотқа  шағымданған уақытынан, яғни, алдағы уақытқа ғана есептеледі.

     Екіншіден, басқа жағынан алып қарасақ, егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бiрақ алименттi төлеуге мiндеттi адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен  кезеңге алимент өндiрiп алынуы мүмкiн (НжОЗ 150-бап, 2-т.).

     Жалпы ережеге сәйкес, НжОЗ 158-б., 1-т., алименттi басқа қарсы талаптармен есептеуге  болмайды. Бұл норма алимент алушының мүддесін қорғау үшін бағытталған. Бірақ, бұл ереженің мұндай бағыты болашақта  төленетін алиментке қатысты  қолданылады. Алимент бойынша қарыздарға, сондай-ақ, өткен уақытқа төленетін  алименттерге («қарыз» ретінде қарастыруға  болатын ) есептелмеуі алушының мүддесіне  қайшы келеді және іс жүзіндегі мағынасынан  айырылған. Сондықтан, НжОЗ 158-бабы 1-т. қарсы талаптарға тосқауылды тек болашақтағы алименттерге жатқызу арқылы шектеулі түсіндіру керек. 

     Соынмен бірге, заң алиментке құқық берген жаңдайлар да сақталуы керек. Сонымен, сот арқылы кәмелеттік жасқа толмаған балаға алиментті талап ету, жалпы  ережеге сәйкес, бала 18 жасқа толып  кеткеннен кейін мәнін жоғалтады.

     Өкінішке  орай, сот шешімі тек заң күшінен  енгеннен кейін барып «толыққанды» болып есептеледі, қажетті процессуалдық  анықтауыштарға ие болады. Жалпы ережеге  сәйкес, сол кезден бастап қана алимент  төлеу жөніндегі шешім төлеуші  үшін құқықты міндет болып табылады. Бірақ сот тартыстары көптеген айларға, тіпті, жалдарға созылып кетуі мүмкін. Ал, алимент көбіне оны алушы үшін негізгі күнкөріс көзі болып табылады, оның процестің соңын күтуге шамасы болмайды. Бұл қайшылықты қалай шешуге болады? НжОЗ 152-бабы сотқа сот шешімі заңдық күшіне енгенше уақытша алимент  төлеу туралы қаулы шығаруға құқық  береді (бірақ, мұндай шешімнің формальды  түрде шығарылған соң). Оның үстіне, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға  қатысты алименттік талаптар бойынша  уақытша алимент тіпті сот  шешімі шыққанша, сонымен бірге, сотқа  арыз түскен кезден бастап төленуі  мүмкін.

     Алимент бойынша сот шешімін орындау  тәртібі сырттай қарағанда қарапайым. Алимент төлеуге мiндеттi адамның  жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi атқару парағының негiзiнде алимент  төлеуге мiндеттi адамның жалақысынан  және өзге де кiрiсiнен ай сайын алимент  ұстап қалады және оны үш күн мерзiмнен кешiктiрмей төлейді немесе аударады (НжОЗ 151-бап).  

     Алимент ұсталатын кірістерге барлық үстемелер  мен сыйақыларды қосқандағы негізгі  жұмысы бойынша еңбекақы (бірмезгілдегі  үстеме мен сыйақылардан басқа); сонымен  қатар; зейнетақылар, шәкіртақылар; жұмыссыздыққа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және уақытша жұмысқа жарамсыздыққа  байланысты жәрдемақылар, акцияжәне  басқа да құнды қағаздар бойынша  дивиденттер (кірістер); авторлық қаламақылар, фермерлік және басқа да кәсіпкерлік  қызметтен түскен және басқа да кірістер жатады.

Неке  заңнамасы алимент төлеудің кепілдік қатарын қарастырады. Оларға, жекелей  алғанда, жұмыс берушінің сот  орындаушы мен алимент алушыға  алимент төлеушінің жұмыс орнының  өзгергенін хабарлау міндеті жатады (НжОЗ 153-бап).

     НжОЗ 154-бабына сәйкес, алимент төлеуге  міндетті тұлғаның мүлкінен өндіру тиімді болып табылады. Алимент төлеу  туралы келiсiммен немесе сот шешiмiмен  белгiленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент  төлеуге мiндеттi адамның табысынан  және өзге де кiрiсiнен өндiрiп алынады, табысы және өзгеде кiрiсi жеткiлiксiз  болған жағдайда алимент сол алимент  төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы немесе банктiк емес қаржы  мекемелерiндегi ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда ол алимент төлеуге мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп алуға болатын кез келген мүлкiнен өндiрiлiп алынады (азаматтық-процессуалдық заңнамада белгіленген тәртіп бойынша).

     Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент  төлеуге мiндеттi адамның кiнәсiнен  берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам сол келiсiмде көзделген тәртiппен жауапты болатынына назар аударыңыз. Оның көлемі НжОЗ 157-бабында белгіленген, ол алимент алушыға кешiктiрген әр күнi үшiн төленбеген алимент сомасының  оннан бiр процентi мөлшерiнде  тұрақсыздық айыбын төлейдi. 

     Бұған қосатынымыз,  өткен уақытқа алимент өндіруден алимент бойынша берешекті айыру керек екенін ескертеміз.

Соңғысы алименттік міндеттемелер қаралғаннан  кейін, оның белгілі бір себептермен  дұрыс жүзеге аспағанынан кейін  жүргізіледі. Жалпы ережеге сәйкес, алимент төлеу жөнiндегi келiсiм  негiзiнде немесе атқару парағының  негiзiнде өткен кезең үшiн алимент  өндiрiп алу атқару парағы немесе нотариат куәландырған алимент төлеу  туралы келiсiм табыс етiлгеннен  бұрынғы үш жыл мерзiм шегiнде  жүргiзiледi (НжОЗ, 155-бап, 1-т.). Егер берешек төлеушінің өзінің кінәсінен пайда болса, оның өтемі берешектің барлық уақытына толық көлемде өндіріледі.

     Берешектің  көлемін сот шешімі бекіткен алимент  көлеміне байланысты сот орындаушы  тағайындайды. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін төленетін алимент  көлемін анықтау қиындық туғызады, өйткені, төлеуші-ата-ананың еңбекақысы немесе кірісінің үлесінен көрінеді (НжОЗ 125-бабына сәйкес).

     Берешек пайда болған уақытта бұл еңбекақы (кіріс) өзгеруі мүмкін екеніне назар  аударыңыз. Сондықтан, процедураны  жеңілдету үшін, НЖОЗ 155-бабы, 4-тармағында, егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс iстемеген болса  немесе оның табысы мен өзге де кiрiсiн  куәландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек сол  берешектi өндiрiп алу кезiндегi Қазақстан  Республикасындағы орташа жалақы мөлшерi негiзге алына отырып анықталады деген ереже қарастырылған.

     Егер  берешектi бұлайша анықтау тараптардың  бiрiнiң мүддесiне елеулi түрде нұқсан келтiрсе, онда мүддесiне нұқсан келтiрiлген тарап сотқа жүгiнуге құқылы, ол тараптардың  материалдық және отбасы жағдайын, басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, берешектi тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкiн.

     Сондай-ақ, сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттi төлеу: 1) бала кәмелетке толғаннан кейiн немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейiн толық әрекетке қабiлетiн алған жағдайларда; 2) асырап-бағу үшiн алимент өндiрiп алынған бала асырап алынғанда; 3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтiрiлген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда 4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегiне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда; 5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге мiндеттi адам қайтыс болғанда тоқтатылады.