Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhskii_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.38 Кб
Скачать

I Мен(-мін)дәрігермін I Біз(-міз)дәрігерміз

IiСен(сің)дәрігерсің iiСендер(-сіңдер)дәрігерсіңдер

Сіз(-сіз )дәрігерсіз Сіздер(-сіздер)дәрігерсіздр

IiiОл()дәрігер iiiОлар(-лер)дәрігерлер

3)”Қазақстан-егемен ел” Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.

         Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.

         16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың  асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.   

Билет 20

1)Тыныштандыратын қоспалар(седативные) 1 Кәдімгі құлмақ. Strobili Lupulus – құлмақтың бүрлері Humulus lupulus – кәдімгі құлмақ, хмель обыкновенный). Құлмақ препараттарының седативті әсері бар. Эфир майы валакардиннің құрамына кіреді, экстракты “Валоседан” препаратының құрамына кіреді. 2) Дәрілік мелисса. Herba Melissae – меллиса шөбі Дәрілік мелиссаны ежелгі гректер, римляндар, орта ғасырдағы европалықтар дәрілік өсімдік ретінде кеңінен қолданған.Дәрілік мелисса тұндфрма және түнба түрінде спазмолитикалық, ауруды басатын дәрі ретінде, жүрек дертінде демікпені басу үшін, жүрек маңындағы ауруды басу үшін қолданылады. Жүйке жүйесін тыныштандырып сергітеді, ас қорытуды қуаттандырады, тәбетті ащады.Мелисса препараттарын жүйке жүйесінің дерттерінде, мигреньде, ұйқысыздықта белгілейді.3) Бүнге киікоты Herba Ziziphorae bungeanae – бүнге киікотының шөбі. Бунге киікоты тұнба, экстракт түрінде жүрек-қантамыр дерттерінде қан қысымын төмендету үшін, атеросклерозда қолданылады. Қабынуға гастриттерде, жараларды емдеуде қолданылады.4) Rhizomata cum radicam Paeoniae – таушымылдық тамыр – сабақтары. Таушымылдық тұнбасы ас қорыту бездерінің секрециясының төмендеуімен сипатталатын гастриттерде, неврастениялық күйлерде, ұйқысыздықта қолданылады.

2) Етістіктің болымсыз түрі — іс-әрекеттің жүзеге аспауын білдіретін етістік фор¬масы. Болымсыз мағына етістік түбіріне (негізге) -ма/-ме, -ба/ бе, -па/-пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: жүрме, жүрмеген, жүрмесе, барғызбайтын, бармағалы, бармай. Болымсыздықараңыз мағына етістіктерге емес, жоқ сөздерінің тіркесуі арқылы да туады: барған емеспін, барғаным жоқараңыз

3) ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең iрi қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегi қала” атымен алғаш аталады. Кейiн Махмұт Қашқари Сайрам — ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 — 10 ғ-ларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елдi мекендерi орналасқан. Шарапқа — Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қ-ларының жұрты сай келедi. Тамтаж, Абараж — керуен сарайлары iспеттi. Арыстың төм. ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңiрi жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 — 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секiлдi атаулары да бар. Отырардан төменiрек Сырдария бойындағы Шауғар өңiрiнде сол аттас орт. болған. Шауғар қ. (соғды тiлiнен аударғанда “Қара тау”) Түркiстанның оңт.-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған. Оңт.-Батыс Жетiсуда қалалардың өркендеуiне, қолөнерi мен егiншiлiктiң және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулi әсерi болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығ. Түркiстанмен жалғастыратын Ұлы жiбек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қ-лары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлiм болды. Жазба деректерге қарағанда 7 — 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шiгiлбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды.

Билет 21

1)Қызу төмендететін дәрілер(жаропонижающие) Қызу басатын дәрілердің әсер ету механизмі рефлекстік жолмен жылудың жасалуын азайтып, бөлінуін көбейтуге байланысты. Үлкен мөлшерінде антипиретиктер жылу реттеуші орталықтын қызметін және де толығымен орталық нерв жүйесінің қызметін тежейді. Қызу басатын әсері мен қатар антипиретиктердің ауырсыну сезімін басатын да қасиеті бар, себебі антипиретиктер қоздырылған ауырсыну орталықты тежейді және шеткі рецепторлардың сезім талдығын төмендетеді. Антипиретиктер тек қана көтерілген дене қызуын басады. Парааминофенол туындылары /фенацетин и парацетамол/ жақсы қызу түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие болған, бірақ бұл улылығы жоғары қоспалар. Фенацетин- түссіз кристаллдар, иісі жоқ. Әсері 20-30 минуттен кейін басталады да 5-6 сағатқа дейін сақталады. Биотрансформация нәтижесінде фенацетин фенитидинге, кейін парааминофенолге алмасады. Парааминофенол өте улы қоспалардың бірі, бірақ бауырда бейтараптандырылады. Сондықтан, фенацетинді бауыры зақымдалған жануарларға қолдануға болмайды. Ұзақ мерзім пайдаланғанда фенацетин метгемоглобинемия, гемолиз жағдайларын тудырады, жүрек жұмысын әлсіздендіреді. Парацетамол- түсі ақ, суда еримейтін ұнтақ. Әсері фенацетинге ұқсас, бірақ одаң әлсіздеу болып келеді. Улылығы төмен. Пирозолон туындыларына анальгин, антипирин, амидопирин жатады. Бұл препараттардың орталық және перифериялық ауырсыну сезімін басатын қасиеті бар. Анальгин (Analginum) ауырсыну сезімін басатын әсерін орталық нерв жүйесінен тигізеді. Әсер ету мерзімі қысқаша-30 мин. Ұзақ қолданғанда қан түзілу процестеріне зиян тигізеді. Салицил қышқылы туындыларының қызу басатын, ревматизмге қарсы, микробтарға қарсы және ауырсыну сезімін төмендететін әсерлері бар. Салицилаттар қышқыл ортада көмір қышқылын байланыстырып бос салицил қышқылын бөліп шығарады. Салицил қышқылы антитоксикалық және бактериостатикалық әсерін білдіреді. Қызу басатын әсері жылу реттеуші орталықтың қызметін тежеп рефлекстік жолмен жылудын жасалуын азайтып, оның бөлінуін көбейтуге байланысты. Салицилаттардың қызу басатын әсері баяу дамиды, бірақ тұрақты болады, 6-14 сағатқа дейін сақталады. Бұл топқа жататын препараттар: салицил қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, натрий салицилаты.

2) Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыштолықтауыш және пысықтауыш мүшелерді дейміз. а)Анықтауыш[1]деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтынтұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

А)Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3]

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

B) Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретінтұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

3) Менің мамандығым фармацевт, демек - химикпін, ал сайып келгенде химия . Дәрігер болып адамдарды емдегім келеді және дәрігер болып ,яғни фармацевт мамандығы болып табылмаған,емделмеген ауруларды жазатын дәрілер ойлап тапқым келеді……………………

Билет 22

1) Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер . . Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Тубекулезге қарсы қолданылатын дәрілер-туберкулез қоздырғыштарына ерекше әсер ететін шипалы заттар.Бұл дәрілердің шипалы жағы туберкулез қоздырғышының адам ағзасында өсіп-өнуінің тоқтауына байланысты.Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер 2 топқа негізгі және көмекші болып бөліінеді.Бірінші топқа изониазид,гидразид,тубазид,фтивазид,метазид,салюзид,ларусан,антибиотиктер-стрептомицинсульфат,дигидро стрептомицин сульфат,пасолицин,паск,бепаск т.б. жатады. Екінші топтағы дәрілерге каналицин,фаоримицин,циклосерин,этнамид,протионамид,пиразинамид,этоксид,тибон препараттары жатады.Туберкулез микробактерияларына бірінші қатардағы дәрілер әсер етпегенде, екінші қатардағы дәрілерді қолданады. 1960 жылы жаңа рифампицин және этамбутол дәрілері шығарылды.Бұл дәрілер туберкулездің созылмалы түрінде,бірінші және екінші топтағы дәрілер әсер етпегенде, не жоғарыда аталған дәрілерді науқастың ағзасы қабылдамаған жағдайда қолданылады.Туберкуледі анықтау мен емдеу жұмыстарында оны ерте байқау, алдын алу процестері маңызды роль атқарады.Туберкулез ауруы қоғам,мемлекет,ұлт алдында аса үлкен міндет жүктеп отыр.

2) сын есім шырайлары. Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.

Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.

3)Қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орысхалқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапанмәсі , бөрікқамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.

Билет 23

1)Қара қарақат(черная смородина) Қара қарақаттың құрамында 85% су, 1% ақуыз, 8% көмірсулар, 3% өзек, органикалық қышқылдар, К, Е, В, В2, РР, С, А дәрумендері, каротин, калий, кальций, магний, фосфор және темір микроэлементтері бар. Сонымен қатар глюкоза мен фруктозаға бай. Қарақаттың жапырағында, бүршігінде, жидегінде аскорбин қышқылы өте мол. Диабетпен ауыратын адамдарға қара қарақаттың жаңа шыққан жапырақтарынан салат жасап немесе бұқтырып шай ішкен пайдалы. Қара қарақаттан жасалған қайнатпа суық тигенде дене қызуын басуға, бронхитті, жөтелді емдеуде пайдасы мол. Сонымен қатар адам ағзасын ауыр металдардан, токсиндер мен шлактардан тазартады. Қара қарақат жемісін табиғи қалпында жеген пайдалы. Кептірілген қара қарақаттан қайнатпа жасап, қыста тұмау кезінде ішеді. Медицинада жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Сонымен қатар қара қарақаттан тосап, сусын, шырын алады. Кондитерлік өнімдер жасағанда пайдаланады. Көкөністер мен саңырауқұлақтарды тұздағанда жағымды иіс пен дәм беру үшін қара қарақаттың жапырақтарын қосады.

2)Сөздің тура мағынасы-сөздің бастапқы мағынасы.Сөздің ауыспалы мағынасы-сөз мағынасының ауысып бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы.Сөздің ауыспалы мағынасы 2-ші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.Мысалы:Тура мағына-терең көл,ашық терезе,өткір қайшы. Ауыспалы мағына-терең ой,ашық мінез,өткір көз.

3) 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. Тәуелсіздік күнінің құрметіне абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. Алыста, ата жұрттан жырақта жүрсе де Қазақстан үшін алаңдайтын, еліміздің болашағына біркісідей зор үмітпен қарайтын қандас бауырларымыз бұл күнді қалпақтарын аспанға лақтыра қуанып атап өтеді.

Билет 24

1)Бал оның емдік қасиеті. Емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген бал суық тигенде, жүрек, өкпе, бауыр, асқазан, бүйрек, ішек, жүйке ауруларына, аптап ыстықта қан қысымының көтерілуі сияқты дерттерге аса шипалы. Балды созылып, асқынып кеткен жарақатқа, терідегі сызат-жараларға жағуға болады. Соған орай, балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатынын білген артық емес.Суық тиіп, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке немесе лимон шырынына қосып аурудан айыққанша ішкен дұрыс. Бір стакан ыстық сүтке қосып, бір шәй қасық бал ішу керек. Бір лимон шырынына 100 грамм бал қосып, араластырып, сұйылған кезде пайдаланған жөн. Егер де жаз мезгілінде ауырып қалсаңыз, қайнаған жылы суға бір шәй қасық бал қосып, ішіңіз. Жөтелді басу үшін ыстық шәй-сумен қатар, күніне 3-4 шәй қасық балды жеу керек. Тамақ қызарып, тыныс жолдары бітелген кезде қайнаған суға 1 ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булаңыз.Жүрек ауруына шалдыққан жандар балды жеміс-жидектердің шырынына қосып ішсе, оның жағдайы жақсарып, жүрек соғысы түзеледі. Өт пен бауыр жолдары ауыратын жандар балды ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына, қызылшаға қосып пайдаланса, ауруынан айығады. Сондай-ақ, бал өт жолы мен бүйректе тас пен құмның жиналуынан сақтайды. Өкпе ауруына шалдыққан жандардың күнделікті 100-150 грамм бал пайдаланғаны жөн. Асқазан, ішек ауруына шалдыққан не қышқылы қалыпты нормада болмаған жандар балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі жақсарады. Асқазанында жарасы бар жандар тамақтың алдында 1,5-2 сағат бұрын және тамақтан кейін 3 сағат үзбей 1 шәй қасық бал жеп отырса, ауруы бәсеңдеп, жүрек айнуы және асқазанның қыжылдауы басылады. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне ықпал етеді. Ал кері жағдайда, яғни қышқылы көбірек болса, тамақ алдында балды тұрақты түрде пайдаланып отырса, асқазан қышқылын азайтады.Балық майымен араластырылған бал асқынған жарақатты тез жазады. Күйік шалған жерге күніне екі мәрте бал жағатын болса, тері тартылып, жазылады. Балды косметикалық мақсатта да пайдалануға болады. Сәбізді үккіштен өткізіп, оны балмен араластырып, бет-мойынға жағуға болады. 15-20 минуттан кейін жылы сумен шайып жіберсеңіз, теріңіздің нәрленіп, жұмсарғанын аңғарасыз. Жылдың кез келген мезгілінде күнделікті таңертең аш қарынға бір шәй қасық бал қосылған бір стакан қайнаған не минералды суды ішсе, адам ағзасы тазарып, қан айналым жүйесі жақсарады. Бал қан құрамындағы гемоглобинді көбейтіп, ағзадағы қанның азаюына жол бермейді.

2) Жаңа сөздер(Неологизм)- ғылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөздер.Мысалы: кеден-таможня, ұшақ-самолет ,жарнама-реклама, саябақ-парк.

3) Бауыржан Момышұлы(audio (?·тыңдау)) (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майорИ.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].

Билет 25

1)Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған.

2) Қимыл–сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың қалай орындалғынын білдіретін сабақтастың түрі.  Сұрақтары: қалай? Қайтіп? Не етіп? мысалы

3)Қазақ композиторлары. Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Мұса Байжанұлы (1835-1929) - композитор, ақын. Балалық шағында Мұса домбырада, қобызда, сырнайда, скрипкада ойнаған. Жаяу Мұсаның шығармашылығы халық музыкалық дәстүрімен тығыз байланыста дамыған. Жаяу Мұсаның көптеген өлеңдері автордың азаматтық поэзиясына сәйкес келеді.

Біржан Тұрлыбайұлы Қожағұлов (1834-1897) композитор, ақын. Домбыра құлағында ойнайтын, айрықша талантты Біржан кішкене кезінен-ақ халық арасында белгілі болады. Біржан шығармашылығының басты тақырыбы махаббат.

Брусиловский Евгений Григорьевич (1905-1982)- композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Дүйсекеев Кеңес - композитор. 1946 жылы Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]