Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhskii_yaz.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677 Кб
Скачать
☆

2)Дауысты дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.Қазақ тілінде 42 әріп бар.25дауыссыз 12 дауысты дыбыстар.

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Тілдің қатысына қарай:

Жуан: а, о, ұ, ы, у.

Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.

Жақтың қатысына қарай:

Ашық: а, ә, о, ө, е, э.

Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.

Еріннің қатысына қарай:

Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.[2]

Ұяң:

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Үнді:

й, л, м, н, ң, р, у

Қатаң:

к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

3) Қазақстан халықтары Достастығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылғы Жарлығы бойынша – 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ретінде аталып өтуде. Бұл мейрам бүгінде қазақ жерін мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілінің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. «Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз.Қазақстан - ежелден береке-бірлігі жарасқан ел. Қазіргі таңда да тәуелсіз елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті мекен етеді. Олар Қазақстанның гүлденуі мен көркеюі үшін бір адамдай атсалысуда. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын өзге ұлт өкілдері де аз емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы осы мызғымас татулықтың, бірліктің тамаша белгісі болып табылады. Еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың сақталуында Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі де артып отыр. Қазақ халқының достыққа, татулыққа ұмтылған, қонақжайлылықты қалайтын елжіреген жүрегі халықтар достастығының тірегі екені даусыз. Сондай-ақ, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының жемісі – Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлттың, этностың бірлік жолындағы түсінігі. Әлемнің едәуір бөлігі көпұлтты мемлекеттер. Себебі, мына жаһандану заманында көпұлттылық көп мемлекетке көшетіні тағы бар. Десек те, мемлекет құраушы ұлт өз басымдығын барлық жағынан сақтауы тиіс, қалғандары бір шаңырақтың астында уықтай шаншылуы керек. Қазақстан халықтар ассамблеясы татулықты, бірлікті насихаттаудың бірден-бір жолы. Ассамблеяның өзіндік орны бар. Азаматтық қоғамда мұндай құрылымдардың болғаны жөн.

Билет 10

1)Дәрі-дәрмекті жазып беру және оларды жіберу ережелері. Рецепт-бұл дәрігердің дәріханаға дәріні қандай мөлшерде оны қалай қолдану керектігі туралы нұсқасы. Рецепт мынадай бөлімдерден тұрады. 1)Жазу басы(Inscriptio).Рецептің бұл бөлімінде емдеу мекемесінің штампы қойылады: күні,айы,жылы,аурудың аты-жөні,оның жасы,дәрігердің аты-жөні жазылады. 2)Дәрігердің провизорға үндеуі Recipe(ал) деген сөзбен жазылады. Рецепт бланкасында ол қысқаша Rp: деген әріптермен белгіленеді,оның соңына қос нүкте қойылады. 3)Дәрі-дәрмектерді белгілеу(Designatio materiarium).Рецептің осы бөлімінде дәрінің атын және оның мөлшерін көрсетіп жазады.Әр заттың атын жаңа жолға және бас әріптермен жазады.Дәрінің мөлшерін ондық санмен белгілейді.Құрғақ заттардың мөлшерін граммен,сұйық заттарды миллилитрмен,тамшымен(тамшынын мөлшерін рим цифрымен) белгілейді,оның алдынан guttas-gtts(тамшы)-деген сөз қысқартылған,мысалы,gtts V-бес тамшы. 4)Дәрі қалпын дайындау тәсілі туралы жазу және нұсқау(Sufsctriptio).Рецептің осы бөлімінде дәрігер дәрі қандай технологиялық операцияға түсетінін (араластыр,шайқа) оған қандай дәрі қалпын жасау(ұнтақ,май, т.б.)туралы көрсетеді. 5)Ауруға(немесе медицина қызметкеріне)дәріні пайдаланудың әдісі туралы жазу немесе сигнатура(Signatura).Рецептің бұл бөлімі Signa деген сөзімен басталады.Сигнатурада препараттың бір рет қолданылатын мөлшері немесе саны көрсетіледі.