Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhskii_yaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.38 Кб
Скачать

Сүт тағамдары

Айран I Қатық I Қойыртпақ I Шалап I Шұбат I Қымыз I Қортықтық (тасқортықтық) I Балқаймақ I Кілегей I Қаймақ I Құрт I Сары май I Сүзбе I Уыз I Іркіт I Ақ ірімшік I Қызыл ірімшік

Ұн және дақылдардан жасалатын тағамдары

Бауырсақ I Таба нан I Салма I Май шелпек І Қаттама Талқан I Бидай көже I Тары көже I Жент (қоспа) I Майсөк (майтары) I Бидай қуыру I Бөкпе 

Билет 15

1)Ұнтақтар(порошки)фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де, сырттай теріге себуге де болады. Ұнтақтардың 2 түрі бар: 1) қарапайым ұнтақ, бір ғана заттан; 2) күрделі ұнтақ, бірнеше заттан құралады. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың фармакологиялық белсенділігі жоғары, әрі таблеткалармен, пилюлямен (дәрінің домалақ түрі) салыстырғанда, дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда, тұрақтылығы жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек қолданылады. Ұнтақтар құрамына сұйық заттарды (тұндырмаларды, экстракттарды, эфир майларын) енгізгенде, генде, ұнтақтың негізгі қасиеті — себілгіштігі өзгермеуі керек. Егер ұнтақ құрамындағы улы немесе уытты заттар 0,05 г-нан кем болатын болса, олар тритурация деп аталады. Тритурацияны улы немесе уытты заттың 1:10 немесе 1:100 қатысындағы сүт қантының қоспасын қолданып дайындайды. Ұнтақтарды сұйық дәрілік қалыптармен салыстырғанда, фармакологиялық әсері баяу жүреді, кейбір ұнтақтар қоршаған ортада кристалдық суларын жоғалтады, ауадағы көміртегінің диоксидімен реакцияға түседі және ауадан ылғал тартады әрі бояғыштық қасиеттері болады және аллергиялық реакцияларды тудырады. Ұнтақтар дозаға бөлінбеген (шыны ыдысқа, пакетке, қорапшаға салынады) және дозаға бөлінген (қағаздан жасалған қаптарға салынады) болып ажыратылады.

2) СЕБЕП БАҒЫНЫҢҚЫ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Себеп бағыныңқылы сөйлем неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) -дықтан, -діктен қосымшасы үстелген есімшеден жасалады: Артиллерия дайындығы жеткілксіз болғандықтан, жаудың атыс қарулары жанды қимылдап, бет қаратпады. ә) есімше тұлғалы етістікке соң шылауы тіркесінен жасалады: Балуан аяңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады («Қазақ әдебиеті»). б) болымсыз етістіктің көсемше тұлғасынан болады: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.

3) Қазақстан қалалары. Орал — Солтүстік-Батыс Қазақстандағы ескі қалалардың бірі. Оның негізі ХVІІ ғасырдың бас кезінде қаланды. Ол 1775 жылға дейін Жайыққалашығы деп аталып келді. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін Орал қаласы деп аталды. Қала халқының басым көпшілігін казактар құрады. Орал еркін казактардың астанасына және дәстүрлі әдет-ғұрыптардың басым сақталған орталығына айналды. Павлодар қаласы 1720 жылы Коряков бекінісінің атымен Керегежар деген жерде салына бастады. Ол Ертістің оң жағалауында орналасты.Қала Ертіс өзеніндегі пароход тоқтайтын маңызды айлақтардың бірі болды. Оның үстіне, ол Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы ірі сауда орталығы да еді. Онда мал өнімдері мен фабрик- зауыттар шығаратын өнім түрлері мол мөлшерде шоғырланды. Қаладағы аса бай көпестердің бірі дуанбасы әрі көпес А.И. Деров болды. Онын есімі өз замандастарының арасында ұмытылмай есте қалды. Семей қаласы да Ертістің оң жағалауына орналасты. Оның негізі 1718 жылы әскери бекініс ретінде қаланды. Бекіністің Семей атану себебі оған таяу жерде ежелгі жеті ғимараттың қиранды қалдығы бар еді. Бекініс 1782жылы Колыванский әскери аймағынын уездік қаласына айналды. 1797 жылы қала Тобыл губерниясыныңқарамағына өтті. 1822 жылы Омбы облысының округтық қаласына, 1854 жылдан бастап жаңа құрылған Семей облысының орталық қаласына, ал 1868 жылдан бастап Семей уезінің және Семей облысының орталығына айналды. Семей Қазақстандағы аса ірі қалалардың бірі саналды. Қала көшелеріне керосин шамдары жарық беріп тұрды. Қалада қоғамдықкітапхана ашылды. Өскемен қаласы Ертістің оң жақ бетінде оған Үлбі өзені келіп құятын жерде орналасқан. Қаланың негізі 1720 жылы бекініс ретінде қаланған. 1765жылы бекіністің жанынан айырбас сарайы ашылады. Онда көшпелі және отырықшы халықтар өзара тауар айырбасын жасайтын. Қазақтар өздерінің малын, мал өнімдерін және аң терілерін үй ішіне қажетті тауарларға, астыққа, кездеме маталар мен металл бұйымдарға айырбастады. 1804 жылы бекініс қала атанды. 1868 жылы Өскемен Семей облысындағы уездік қала мәртебесіне ие болды. 1900 жылы кала халқының саны 10 мың адамға жетті. Халықтың басым көпшілігін казактар мен мещандар құрады. Олар егіншілікпен, омарта шаруашылығымен және мал өсірумен айналысты. Петропавл қаласы 1752 жылы Есілдің бойындағы Қызылжар деген жерде Сібірдің оңтүстік шебін көшпелі халықтың шабуылынан қорғаумақсатымен салынды. Ол 1807 жылы қала мәртебесіне ие болды. Петропавл 1822 жылы Омбы облысының округтық қаласына айналды. Қала осы аймақтағы ірі сауда орталығы дәрежесіне жетті. Бұл жерден ЖетісуменОңтүстік Қазақстанмен және Орта Азиямен сауда-саттық жүзеге асырылды. Мұнда қазақ даласынан мал және мал өнімдері жеткізілді. Орта Азия қалаларынан мақта-мата және жібек кездемелер, кілемдер, кептірілгенжеміс-жидектер әкелінді. Ал Петропавлдан қазақ даласына және Орта Азияға металл бұйымдары, Ресейдің еуропалық бөлігінде тоқылған шұға кездемелері жіберілетін. Көкшетау қаласы 1824 жылы округтық приказдың орталығы ретінде салына бастады. Ол 1868 жылы Ақмола облысының уездік қаласына айналды. Қала халқын казактар, шаруалар, мещандар және шенеуніктер құрады. Сондай- ақ қазақтардан, татарлардан және Орта Азия халықтары өкілдерінен тұратын мұсылмандар да болды. 1897 жылғы халық санағы бойынша қалада 5 мың адам тұрды. Алматы  — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011). Алматының метро құрылысы 1988 ж. басталған еді. Алайда Кеңес Одағының ыдырауынан метро құрылысы тоқтатылып, тек тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 жылдан бастап метро құрылысына ақша бөле бастайды. 2011 ж. 1 желтоқсанда Алматы метросы салтанатты түрде ашылады. Бұл метрополитен техникалық жағынан ТМД елдері арасынан ең үздік болып саналады. Ұзындығы 8,56 км. құрайтын алғашқы бағыт 7 бекеттен тұрады. Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы метрополитен. Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапты. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстан­ның ҒА-ның және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Ан­кара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала түрғындарына арналып са­лынған ғимараттар бой көтерді.

Билет 16

1)Гранулалар мен пасталар. Гранулалар (granula) – өлшемдері 0,2-0,3 мм болатын дөңгелек, цилиндр тәрізді немесе дұрыс емес пішінді, беткейі тегіс жылтыр боялған, ішкі қолданысқа арналған дәрілік форма. Гранулалар дәрілік және көмекші заттардан тұрады (қант, сүт қанты, крахмал, натрий гидрокарбонаты және т.б.) олардың көлемі, боялуы мен дәрілік заттардың құрамы бойынша біркелкі болуы қажет.

Ыдырау уақыты 15 минуттан аспауы тиіс. Бұрандалы қақпақтары бар шыны банкаларда немесе полиэтилен пакеттерінде шығарылады. Үй жағдайында қасықпен мөлшерленеді. Кейбірі, мысалы этазолнатрий қолданар алдында суда ерітеді.

Гранула түрінде уродан банкада, құрамында үлкен жолжелкен жапырағы және полисахарид қоспасынан тұратын плантаглюцид флаконда, асқорыту жолы бұзылғанда қолданылатын ораза ферменттік препарат банкада шығарылады.Пасталар (pastae) – 50% аспайтын ұнтақ тәрізді заттардан және 25% кем емес жақпа майдан тұратын қоспа, мөлшерленбеген дәрілік форма. Олар қарапайым жақпа майлармен салыстырғанда консистенсиясы тығыз, балқы-майды, дене температурасында жұмсарады, зақымдалған жерде ұзақ сақта-лады. Пасталар әртүрлі терілік ауруларда қабынуға қарсы, кептіруші ретінде қолданылады. Олармен теріні сыламайды, тек жағып қояды.

2) Есімдіктер - заттың атынсынынсанын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есімсын есімсан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы[1]Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

  1. жіктеу есімдіктер: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар 

  2. сілтеу есімдіктер: бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне 

  3. сұрау есімдіктер: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

  4. өздік есімдіктер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз

  5. белгісіздік есімдіктер: Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).

  6. болымсыздық есімдіктер: Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

  7. жалпылау есімдіктері: бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел

3) Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көнеден келе жатқан мәдени мұралардың бірі. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Қазақтың музыка аспаптарын МәскеуСанкт-ПетербургАлматыСемей қалаларындағы мұражайларынан да кездестіруге болады. Осы кезде байырғы аспаптардың түрлері 20-дан аса болғандығы анықталып отыр. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. Аспаптарды бес топқа бөлуге болады:

  1. үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар: сазсырнайқоссырнайқамыссырнаймүйізсырнайсыбызғыадырнаұран , керней;

  2. ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетігеншертер, екі және үш шекті домбыраларқылқобыз;

  3. жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап: шаңқобыз немесе шаңқауыз;

  4. ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар: даңғырадауылпазшыңдауылдабыл , кепшікшың;

  5. аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.

Билет 17

1)Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. А дәрумені (ретинол) – майлы дәрумен, антиоксидант, көзге және сүйекке, сонымен қатар тері мен шаш саулығы және иммундық жүйенің жұмысына қажет. А дәрумені тотығу-тотықсыздану процесіне қатысады, ақуыз синтезінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, зат алмасу процесіне қатынасады, тіс және сүйектің түзулуіне қажет. Жаңа жасушалардың пайда болуына ықпал жасайды және де қартаюдың алдын алады.Е дәрумені (токоферол) Е – маңызды антиоксидант болып табылатын дәрумен. Табиғатта биологиялық белсенділігі мен ағзадағы атқаратын қызметіне байланысты сегіз түрлі формада (изомер) кездеседі. Антиоксидант ретінде ағзаны уланудан сақтайды, мысалы сүт қышқылынан. Егер де Е дәрумені жетіспесе ағзаның шаршауы мен қаназдыққа соқтырады.Е дәрумені А дәруменінің ішекте және теріде тотығуының алдын алады. Е дәрумені жетіспеген жағдайда, А дәруменінің қажетті мөлшерін тұтына алмайсыз. Сол себепті А және Е дәрумендерін бірге тұтыну керек.В17 дәрумені (Лаетраль) Шабдалы сүйегінен алынады. В группасындағы сыра ашытқысының құрамында кездеспейтін дәремен болып табылады. Қатерлі ісіктен (рак) ем ретінде кең жарнамаланып жатқанына қарамастан АҚШ тағам өнімі және дәрі-дәрмек администрациясының шешімімен құрамындағы цианидтің кездесуінен улы болуы мүмкін деген қауіппен шеттетілген.Табиғи көздері: шабдалы, алма, шие сүйектері. В15 дәрумені (пангамат қышқылы) Дәрумендік қасиеті бар физиологиялық белсенді суда ерігіш қосылыс. Адам ағзасында пангамат қышқылының жетіспеушілігі зат алмасу процесін бұзатындығы дәлелденбегендіктен, оны біз дәрумен деп атай алмаймыз. Ең дұрысы дәрумен типтес қосылыс деп атаған жөн.

2) Жанасу. Басыңқы сыңарының үстеумен(қашан?қайда?қалай?қайтіп?) немесе септеулік шылау(үшін сайын туралы сияқты шақты арқылы шейін қарай таман тарта соң бері кейін бетер қатар бірге қоса қабат) тіркескен сөздермен байланысы. Мысалы: Ол мектепті биыл бітірді деген сөйлемде биыл сөзі бітірді деген сөзге қатысты болып, оның тұрған орны арқылы байланысқан. Кейде Ол биыл мектепті бітірді немесе Биыл ол мектепті бітірді болып, араға сөз салып та байланыса береді.

3) Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады.[1]Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақ телевизиясы 1970-жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде «Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды. Ақ сүйек — ұлттық ойын.Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек.Ойынға қатынасушылар екі топңа бөлінеді. Әр топ өзіне бастық сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арңылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді.Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.

Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. Ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге үйретеді. Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.

Билет 18

1) Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:Айыр;Алоэ;Аралия;Арша;Асқабақ;Ақшайыр;Аюқұлақ;Бақалақ;Бәрпі;Валериана;Дәрмене;Дермене;Диоcкорея;Долана;Жалбыз;Жалбызтікен;Жалынгүл;Женьшень;Жерқонақ;Жолжелкен;Жөке;Жуа;Жусан;Жүгері;Итбүлдірген;Итжидек;Итжүзім;Итмұрын;Итошаған;Көкшегүл;Қаражоңышқа;Қалақай;Қаражидек;Қасқыржидек;Қырықбуын;Қырыққұлақ;Қыша;Лапыз;Ламинария;Левзея;

2) Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы:әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаныдеген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан буын

Жіңішке буын

Жуан буын

Жіңішке буын

1. I жақ

-ым

-ім

2. II жақ

-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі

3)Қазақ батырлары. Тайманұлы Исатай (1791-1838) Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің басшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған.  Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.

 Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.

 Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.  Бөгенбай батыр (1680-1778) - Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниге келіпті. Оның атасы – Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздардан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар, өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан отряд құрып, кейін елде «Қанжығалының қырық батыры» деп аталып кеткен. Райымбек Түкеұлы (1705-1785) – жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы. Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен.  Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз (1692-1770) – қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында туған. Азан шақырып қойылған есімі ? Ерасыл. Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан шыққан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожақұл батыр жау қолынан қаза тауып, артынан Есенаман, Есенбай, Ерасыл атты үш ұл қалған. Он алты жасында ағасы Есенбай жоңғар барымташылары қолынан қаза тапқан. Ағасы Есенбайдың кегін алу үшін іргелес Тоқта тауын жайлаған қалмақ күреніне жалғыз өзі аттанып, құныкер Өлжа жырғал ноянды қапысын тауып өлтірген. Міне сол күннен бастап қазақ жері қашан жаудан тазарғанша қылышын қынабына салмаған.

Билет 19

1)Алой. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.

2) Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Жекеше Көпше

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]