
- •1)Дәрі-дәрмекті жарнамалау.
- •2)Дауысты дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.Қазақ тілінде 42 әріп бар.25дауыссыз 12 дауысты дыбыстар.
- •2)Септік жалғаулары
- •Сүт тағамдары
- •Ұн және дақылдардан жасалатын тағамдары
- •I Мен(-мін)дәрігермін I Біз(-міз)дәрігерміз
- •IiСен(сің)дәрігерсің iiСендер(-сіңдер)дәрігерсіңдер
- •IiiОл()дәрігер iiiОлар(-лер)дәрігерлер
2)Септік жалғаулары
|
Септік жал- ғауларының аты |
Сұраулары |
|
Жай септіктің сұраулары |
Септіктің жалғаулары |
||
1 |
Атау |
кім? не? |
Жалғау жоқ |
2 |
Ілік |
кімнің? ненің? |
-Нің ,-ның ,-дің ,-дың ,-тің ,-тың. |
3 |
Барыс |
кімге? неге? |
-Ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не,-а,-е. |
4 |
Табыс |
кімді? нені? |
-Ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні,-н. |
5 |
Жатыс |
кімде? неде? қайда? |
-Да,-де,-та,-те,-нда,-нде. |
6 |
Шығыс |
кімнен? неден? |
-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен. |
7 |
Көмектес |
кіммен? немен? |
-мен ,-менен,-бен ,-бенен,-пен,-пенен. |
3)Қазақстанның өнері мен мәдениеті Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қара тау үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 жылы Алматы облысындағы Есік қала маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғасырларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан байи түсті. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзенімен мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, Алтай,Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудыңжазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғасырлар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері олі жақсы зерттелдеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен,күй атымен аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжан қыз", "Боз іңген", "Сәулем-ай", "Кербез сылқым", "Қос алқа". Ескі билер қатарына "Алқа қотан", "Ұтыс би", "Киіз басу", т.б. жатады.
Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар", т.б. жатады.
Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.
Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәлем бергізу, жас келінге ақыл-нақыл айту өлеңі. Оны бір адам орындайды.
Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын, сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап айтатын әні.
Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.
Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні үлкен.
Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы аталғанғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады. Продолжение 16билет 3 вопрос
Билет 11
1)Қазақ халық медицинасы- халықтың шипалы заттар,дәрілік шөптер мен гигиеналық ұғым-салт туралы ғасырлар бойы жинаған білім жиынтығы. Халық медицинасында аурудың түріне байланысты әр түрлі ем түрлері қолданылған. Жалпы ауруларды емдеу үшін, дәрілік өсімдіктер кеңінен пайдаланылған. Мәселен шырғанақ майы күйік пен ісікті емдеуге, итмұрын қайнатпасын денені сергітуге, тобылғы майы саңырауқұлақтан болған тері ауруларын емдеу үшін қолданылған. Аяқ, қол ауруларын, қабыну үрдістерін халық шипалы балшықпен, минералды сумен емдеген. Сынықшылық, оташылық халық арасында кеңінен тараған. Көшпенді ел індеттен сақтана білген:шешекке қарсы егу, ауру адамды жеке қарау, індет шығысымен қоныс аудару әдетке айналған. Орталық Қазақстаннан табылған археологиялық мәліметтерге қарағанда емдеу мақсатвмен бас сүйекті тесу, аяқ қолды кесу тәсілдері ежелден(5ғ) белгілі болған. Халық медицинасы туралы деректер жинауда Ш.Уалихановтың еңбегін ерекше айтуға болады. Осы саладағы мәліметтерді зерттеп, қорыту ісімен өлкелік патология ғылыми зерттеу институтының медицина мен денсаулық сақтау тарихы бөлімі, Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау ісінің тарихы мұражайы шұғылданды.
2) Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады. Реттік Сан есім есептік сандарға -ыншы, -інші (бірінші, екінші), жинақтық Сан есім бірден жетіге дейінгі есептік Сан есімге -ау, -еу аффикстерінің (біреу, алтау).
3) Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.» - деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады. Сондықтан, мемлекеттік, яғни қазақ тілін оқу қажеттілі туып отыр.
Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады. Ал, жалпы Алтай тілдері семьясына түркі тілдерінен басқа тұңғыс-манчжур, монғол, фин-угро тілдері де кіреді. Сондай-ақ, кейбір болжамдар бойынша жапон және корей тілдері де Алтай тіл семьясына жатады екен. Түркі халықтары Солтүстік Мұзды мұхиттан бастап Жерорта теңізіне дейінгі дейінгі ұланғайыр аумақта тұрады. Біздің есебімізше 60-тан астам түркі халықтары бар. Түркі халықтарының мынадай мемлекеттерін атап өтуге болады: Түркия және бұрынғы Кеңес Одағы ыдырағанан кейін пайда болып өз тәуелсіздіктерін алған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Әзербайжан. Олардан басқа тәуелсіздігін ресми түрде Түркия ғана мойындаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасын атап өтуге болады. Ресей Федерациясының құрамындағы татарлардың, башқұрттардың, чуваштардың, сахалардың, алтайлықтардың, тувалықтардың, хақастардың, қарашайлар мен балқарлардың автономиялық республикалары бар. Қытайда ұйғырлар мен қазақтардың, сондай-ақ тағы басқа да түркі халықтарының өз автономиясы – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы бар. Шыңжаңда тұратын қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай өңірлерінде шоғырланған. Қытай қазақтарының тағы екі автономиялық округы Алтыншоқы мен Ақсайды да атап өту ләзім.
Билет 12
1) Таблеткалар (tabulettae) – арнайы массаларды құрастыра немесе көмекші заттарды қолдана отырып, медикаменттерді престеу жолымен алатын қатты мөлшерленген дәрілік форма. Таблеткалардың құрамдары: 1) тек дәрілік заттардан, егер олар жеңіл престелсе, ал дәрі дозасы таблетка құрастырылуы үшін жеткілікті; 2) егер дәрілік зат мөлшері өте аз болса, олар дәрілік және көмекші заттардан тұрады. Ол престеу және таблетка массасын ұлғайту үшін қажет.Таблеткаларды жабын қабықшамен қаптау оған әдемі түр береді, жағымсыз дәм мен иісті жасырып, дәрілік заттардан асқазан-ішек жолдарын тітіркенуден қорғайды. Жабын қабықшалар суда еритін және асқазан сөлінде 10-30 минут ішінде еритін болады. Таблеткаларды қораптау микробтар мен вирустардан, жарық әсерінен, атмосфералық ауа және т.б. қорғайды. Шыны флакондар, трубкалар, металл пленкалар, алюминий фольгалар және картонды конвалюталарға салып, қажетті жерге жібереді.
2) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? деген сұрақтарға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздер мен тіркестерден, негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болады. Мекен пысықтауыш, қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрактарға жауап беріп, мекен үстеулер мен барыс, жатыс, шығыс, септіктегі сөздер мен кейде оларға септеулік шылаулар тіркесінен болады.
3) Қазақстан қорықтары. Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКОжасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. ОғанТерсек (көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары менЖаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Қорғалжын қорығы[1] – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Үстірт қорығы[1] — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Маңғыстау облысыңдағы . Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысыныңРиддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. 'Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы '(lang-ru|Алако́льский госуда́рственный приро́дный запове́дник}}) , Тентек өзенісағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Қорықтың аумағы 7 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтыңсолтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақадамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер ерекше көз тартады.
Билет 13
1)Қызылмай- дәрілік шөптерден жасалады.Дәрілік шөптердің гүлінен, тамырынан.жемісінен май алынады.Қызылмайды бактерияға қарсы қолдануға болады.Қызылмай жарақаттарды тез жазуға көмектеседі.Оны тері ауруларында пайдалануға болады.Операциядан кейін жараны тез жазуға көмектеседі.Оның құрамында витаминдер өте көп.Косметикада витаминдерді пайдаланған дұрыс.Пайдаланар алдында шайқау керек.
2) Тұрлаулы мүшелер[1] - сөйлемге негіз болатын мүшелер. Тұрлаулы мүшелерге бастауыш(подлежащее) пен баяндауыш (Сказуемое)жатады. Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.мысалы Асель мектепте озат оқушы.
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесінатаймыз.
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтедідеген сұрауларға жауап береді.мысалы Жанар бүгін паркке кетті.
3) Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалымболып есептеле бастады.
Билет 14
1)Ұлттық медицина-халықтың шипалы заттар,дәрілік шөптер мен гигиеналық ұғым-салт туралы ғасырлар бойы жинаған білім жиынтығы. Халық медицинасында аурудың түріне байланысты әр түрлі ем түрлері қолданылған. Жалпы ауруларды емдеу үшін, дәрілік өсімдіктер кеңінен пайдаланылған. Мәселен шырғанақ майы күйік пен ісікті емдеуге, итмұрын қайнатпасын денені сергітуге, тобылғы майы саңырауқұлақтан болған тері ауруларын емдеу үшін қолданылған. Аяқ, қол ауруларын, қабыну үрдістерін халық шипалы балшықпен, минералды сумен емдеген. Сынықшылық, оташылық халық арасында кеңінен тараған. Көшпенді ел індеттен сақтана білген:шешекке қарсы егу, ауру адамды жеке қарау, індет шығысымен қоныс аудару әдетке айналған.
2) Етістіктің шақтары- сөлйеп тұрған сәтке байланысты орындалу мезгілі,уақыты көрінетін қимылдық көрсеткіш.Осы шақ(насоящее время)-сөйлеп тұрған сәттегі және дағдвлв орындалатын қимыл.Нақ осы шақ-сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатқан қимыл.(ып,іп,п)Например .оқып, жүріп ,келіп. Ауыспалы осы шақ-дағдылы қайталана орындалатын қимыл.(-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) айтамын, айтып тұрамын. Келер шақ(Будущее время)-сөйлеп тұрған сәттегі кейін орындалатын қимыл.Болжалдық келер шақ-орындалу уақыты айқын емес қимыл.(-ар ,-ер ,-р, -ма ,-ме +с) Например бар-ар-мын, айт-па-с-пын.Мақсатты келер шақ-мақсат қоя орындалтын қимыл.(-мақ ,-мек ,-бақ ,-бек ,-пақ ,-пек ,емес) Например бар-мақ-пын, айт-пақ емес
.3)Қазақтың ұлттық тағамдары. Ет тағамдарыҚазақша ет (Бесбармақ, Бешбармақ). Қазы. Қарта. Жал. Жая. Сорпа. Бас. Сүр. Жаубүйрек. Борша. Қарын бөртпе. Әсіп. Жөргем. Қимай. Шұжық. Шыртылдақ. Сірне. Ми палау. Құйрық-бауыр. Қуырдақ.Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2,төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын – Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп тұралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.